Баяндама Тақырыбы; Әлеуметтендіру және идентификация Масс-медиа, технологиялар және қоғам Этнос және ұлт әлеуметтануы Дін, мәдениет және қоғам Орындаған: Аманжол Айнур Тексерген: Саутбаева Рима Султанбековна Алматы-2022 Жоспар



бет6/6
Дата24.03.2022
өлшемі24,31 Kb.
#136666
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Аманжол Айнур социалогия 509-3

Қорытындылай келе;
Қорытындыласам, Әлеуметтану пәні қоғамды зерттейді.Әр пәннің объектілері,категориялары болады.Сонымен қатар,қызметтері мен заңдары бар.Ең алғаш Огюст Конт әлеуметтану ғылымын зерттейді. Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекеттері біз үшін Платонның «Республикасы» мен «Заңдарында» және Аристотельдің «Саясатында» сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды.Менің ойымша, қоғамның пікірін қалыптастыру, ақпаратпен қамтамасыз ету, ағарту, хабар беру және экономикалық үлес қосу сияқты қызметтер ақпарат құралдарының қызметі бола тұра, мәселелері де жоқ емес. Яғни, біліктілікті арттыру, жұмыспен қамту, экономикалық және құқықтық, т.с.с мәселерді қолға алу қажет деп ойлаймын. Себебі, бүгін де қазақ халқының ұлттық идеясына қатысты өзекті мәселелер күн тәртібінен түспей отыр. «Ұлттық идея: талқылауға ұсыныстар» деп аталатын академик Ә. Нысанбаев бастаған бір топ ғалымның пікірлері баспасөз бетімен қатар, ғылыми басылымдарда да жалғасын тапты. БАҚ – бұл мемлекеттік идеология құралы. Осыны ескере отыра, бұл жерде жоғарыда атап өткендей ұлттық идея төңірегінде болашаққа қадам баса, бірнеше идеялар мен үлгілер ұсынылды. Тағы да айта кетерім, ақпараттық технологиялар экономикаға көптеген жаңашылдықтар әкеледі. Ақпараттық технологиялар арқылы бизнесті жүргізу жеңілдей түседі. Олар халықаралық келіссөздердегі шығын көлемін азайтады деп ойлаймын. Олардың көмегімен жаһандық көлемде тұтас нарық қалыптасып, тұтынушылар қоғамы құрылады. Жаһандану – адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Оның айтылуы мен аталуы жаңаша болып көрінгенімен, оның түп тамыры ежелгі тарих қойнауында да жатыр. Қазіргі медиа-мәдениетті де жаһандану үрдісіне қоссам қателеспеспін. Бірақ, осы тұста бір сұрақ тууы мүмкін, ол – жаһандану заманында біз еліміз бен тілімізді сақтай аламыз ба? – деген сауал. Шынында, бүгінде Батыстың мәдениеті ықпалды болып тұрғаны рас. Осы орайда біз ол мәдениеттен нені алуымыз, нені алмауымыз қажет екенін ескеруіміз жөн. Мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі – дүниетанымнан, екіншісі – ғылыми- техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Әрине, біз бұл жерден Батыстың ғылыми-техникалық дамуынан келіп шыққан мәдениетін алуымызға болады. Ал бұл ғасырда әр қазақ жасы мультимедияның құлағында озық ойнап, оның қыр-сырын білуі тиіс деп ойлаймын. Себебі, мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.
Түйіндей келе айтқанда, жалпы алдағы уақыттағы еліміздегі баспасөздің болашағы зор. Тілдерді дамытуда БАҚ-тың атқаратын рөлі өте маңызды. Соған орай, қазақ елінің азаматы мемлекеттік тілдің қадірін түсіне білген жөн. Себебі, «Тілдің болашағы – ұлттың болашағы».
Қайбір дін болмасын қоғам мен адам өмірінде алар орны ерекше. Дін адам мен адамды, қоғамды біріктіруші күш десек қателеспейміз. Ғасырлар бойы әртүрлі этностар мен конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бір-бірін мәдени тұрғыдан толықтыра отырып, Қазақстан халқының мәдениеті және дәстүрлі рухани құндылықтарын қалыптастырды. Еліміздің Конституциясына сәйкес тілі мен дінге көзқарасына қарамастан барлық азаматтардың заң алдында тең құқықтарына және әрбір азаматтың жеке наным-сеніміне құрметпен қарауға негізделген мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың зайырлы моделі жасалды.
Елімізде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, адамзаттық құндылықтардың жалпы ұлттық бірлігін нығайтуда діннің маңызды рөл атқаратынын, түрлі діндер мен конфессиялардың бірге өмір сүре алатынын және дін өкілдері арасында өзара түсіністік пен сыйластық негізінде үйлесімді дами алатынын әлемге үлгі етіп келеді.Егер дін қоғамда өзінің функциясын дұрыс атқарса, онда ол елде тыныштық, бейбітшілік орнайды. Алайда, қазіргі таңда елімізде түрлі теріс бағыттағы діни ағымдар баршылық. Бұлардың негізгі мақсаты халықтың ынтымағын бұзу. Діни шиеленіс қоғам үшін қауіп төндіретін, азаматтардың денсаулығына, психикалық және әлеуметтік жағдайына нұқсан келтіретін, өздерінің діни қалауы мен көзқарасын мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына және дәстүрлі рухани құндылықтарға қарсы қоятын, Қазақстан үшін жат құндылықтарды таратушы деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларға тән.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Алматы 2012 редакциясын басқарған Джагфаров Н.Р.
ҚҰРАСТЫРУШЫ: Д.С. Орынбекова. Әлеуметтану. Барлық мамандықтардың барлық бөлімінде оқитын студенттерге арналған дәрістер жинағы
2.Икенов А.И. Әлеуметтану негіздері, Алматы, Мнацаканян М.О. Интегрализм и нацианальная общность, Москва, Смағұлова К., Этностық топтар: олар кімдер?, Ақиқат Забирова А.Т «Этносоциология», Астана, Әбен Е., Ұлттық идея: мұң мен мұқтаждық,Саясат – 2009

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет