Баяндама Тақырыбы; Әлеуметтендіру және идентификация Масс-медиа, технологиялар және қоғам Этнос және ұлт әлеуметтануы Дін, мәдениет және қоғам Орындаған: Аманжол Айнур Тексерген: Саутбаева Рима Султанбековна Алматы-2022 Жоспар
Жоспар;
Кіріспе:
1.Әлеуметтану мен идентификация
Негізгі бөлім:
2.Масс-медиа технологиялар және қоғам этнос,ұлт әлеуметтану
3.Дін және қоғам
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе бөлім Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады. Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. Жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды.