Баяндама Тақырыбы; Әлеуметтендіру және идентификация Масс-медиа, технологиялар және қоғам Этнос және ұлт әлеуметтануы Дін, мәдениет және қоғам Орындаған: Аманжол Айнур Тексерген: Саутбаева Рима Султанбековна Алматы-2022 Жоспар



бет3/6
Дата24.03.2022
өлшемі24,31 Kb.
#136666
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Аманжол Айнур социалогия 509-3

Негізгі бөлім
Масс-медиа және бұқаралық коммуникация саласының қолданыс аясы күн өткен сайын қанатын жайып, дамып келеді. Бүгінгі таңда кез келген салада оның араласпайтын не қолданылмайтын саласы жоқ.
БАҚ дегеніміз, яғни бұқаралық ақпарат құралдары – бұл арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Жалпы билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы рөлі болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жібереді. Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор», - дегендей, баспасөзді төртінші билік деп те атауға болады.
Бүгінде БАҚ ағартушылық, насихаттық пен ұйымдастырушылық жұмыстарын атқарып келеді. БАҚ-тың атқаратын қызметі біркелкі емес, әркелкі. Оның ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамға аса маңызды оқиғалар мен процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Ал БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізді. Осыған орай, «Масс-медианың қоғамға қандай әсері тиеді?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Дегенмен, масс-медиа халыққа ең қол жетімді құрал. Сондықтан да, біріншіден, оның мемлекеттік тілді дамытудағы рөлі өте жоғары. Екіншіден, халықтың ақпарат алу жән оны талдау мүмкіндігі молайды. Сонымен қатар, БАҚ-тың қоғамға тигізетін әсерін зерттеген америкалық зерттеуші Г. Лассуэльді атап өту артық болмас деп ойлаймын. Ол өз кезегінде, қоғамдағы коммуникацияның моделін 5 негізді ала отырып, ұсынған:
Коммуникатор (ақпаратты жеткізуші)
Информация (ақпарат)
Канал (ақпарат жеткізілетін жол)
Реципиент (ақпаратты қабылдаушы)
Эффект (ақпарат қабылданғаннан кейінгі әсері)
Этнос белгілі бір сыртқы түр-келбеттің ортақ белгілері, сондай-ақ біршама қалыпты мәдениеті және тіл белгілері бар, мінез-құлық, қоғам жане басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы. Этностың сипатын, қатынасын көрсететін және басқа этностардан ажырататын белгілері: тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа беріетін мәдениет компононттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құрады. Этностың белгісі-мәдени құндылық. Этнос дегеніміз бір мемілекет территориясында өмір сүретін адамдардың тұрақты өзара әрекеті. Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл,өнер, әдет-ғұрып, мәдениет, т. Б.білігі жатады.Олар жиынтығында белгілі этникалықмәдениетті құрады. Әдетте этнос территориялық және экономикалық бірлік нагізінде құрылады. Қазіргі ұлттар-дамыған капитализмнің жемісі. Ал тайпа, халық, этностар қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.
Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ-ұлттық топтасу. Ұлт дегенімізтерритория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігінен көріетін психикалық кейіп бірлігі және экономикалық өмір бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы. Халықтық этнос құлиеленуші және феодалдық қоғамдарға тән қауымдастық еді. Оның негізгі белгілері территория, тіл және психикалық кейіп бірлігі болды, бірақ корольдік, князьдық, хандық-сұлтандық сияқты толып жатқан ұсақ феодалдық қауымдастықтардың арасында тұрақты экономикалық қарым-қатынас, бірлік болмады, сондықтан бытыраңқы шаруашылық негізінде ұлттық қауымдастық қалыптаса алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет