Баяндама Тақырыбы; Әлеуметтендіру және идентификация Масс-медиа, технологиялар және қоғам Этнос және ұлт әлеуметтануы Дін, мәдениет және қоғам Орындаған: Аманжол Айнур Тексерген: Саутбаева Рима Султанбековна Алматы-2022 Жоспар



бет2/6
Дата24.03.2022
өлшемі24,31 Kb.
#136666
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Аманжол Айнур социалогия 509-3

Идентификация
1. Басқа адамға ұқсас болу. Осы үрдіс суперэго (Жоғарғы мен) болуына итермелейді;
2. Индивидтің өзін басқа адаммен, топпен, идеалмен эмоционалды және т.б. теңестіруі үрдісін және нәтижесін бейнелейтін категория.
«Идентификация» – жеке және саяси күрделі мәселелерді қамтиды. Бұлар саяси-әлеуметтік, психологиялық және философиялық аспектілерге орай өзгеріп отырады. «Кімсің?» деген сауалға бірнеше түрлі жауап қатуға болады. Алайда олардың ешқайсысын да дәл осы жауап ең дұрысы дей алмаймыз, себебі олардың әрқайсысы ерекше тұжырымдалған, тіпті кейбірі аса даулы мәселелерді көрсететін жауап болып шықпақ.
Дегенмен, «сәйкестік» және ID идентификациясы туралы айта бастағанда көпшілігіміз «идентификация» терминін қолдап шыға келеміз. Бүгінгі таңда ID-дің бірнеше түрі бар: ламинатталған таңдаулы карточкадан бастап, микропроцессор орнатылған карточкаларға дейін кездеседі. Одан бөлек, ауқымды биометрикалық мәліметтер қорын енгізген нөмірден бастап, блокчейн жазбаларына дейін ұшырасады. ID қандай түрде кездессе де, идентификацияға қатысты даулы мәселелердің түйіні әлі де шешілген жоқ. Идентификация төңірегіндегі даулы талас-тартысқа ұласқан мәселелерді есепке алмағанда, бұл сала, негізінен, технократтық және әдістемелік бағытқа бет бұрған. Иә, «сәйкестікпен» тікелей байланысты өте күрделі мәселелерді де ұмыт қалдыруға болмайды. Кейбір жағдайларда идентификация мәселелері ID арқылы байқалып қалады.ID-ге қатысты мәселелер негізгі тақырыптың бірі. Ол мәселелер азаматтық және жеке ұстанымға, идентификацияға тікелей байланысты. Адамдар өзінің әлденеге не болмаса әлдекімге сәйкес екенін қалай дәлелдейді? Мұндай «сәйкестіктер» өзгеруі мүмкін бе? Осы сауалдарға қатысты ID ұсынған жауаптар біздің қоғамның негізін құрап, ондағы иерархияны нақты көрсетіп береді. Бір мысал келтірейік. Кімнің аты-жөні «дұрыс» немесе «елдің бәрінде кездеседі»? Не болмаса кімнің аты-жөні «қарапайым» не болмаса жыныстық тұрғыдан сәйкес есім екенін қандай жолдармен байқауға болады? Бұл сауалдардың барлығы да қоғамның саяси ықпалын анықтайды. Маргинал жағдайда қалған жекеленген топтарды қатарынан шығарып тастайтын, бөлектейтін қауіп осындай сауалдардың дұрыс не бұрыс жауабына байланысты туындайды.
Мұның барлығы да ID-дің өзгерген сипаты негізінде пайда болған. ID үлкен жетістіктерге жету үшін немесе үлкен қызметтерді пайдалану үшін керек. Осылайша «сәйкестік» мәселесі күннен-күнге аса қажет әрі маңызды бола түспек. Дүниежүзінде идентификация мен «сәйкестік» қалай қызмет атқаратыны жайлы ойланып көрелік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет