Ал қоғам –жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Діннің ең үлкен күші – халықты ұйымдастыру қабілеті. Пайғамбарымыз (с.а.у.) көшіп жүрген арабтарды ислам діні арқылы ұйымдастырды. Соның арқасында ислам өркениеті пайда болған екен. ХХ-шы ғасырда дінсіз қоғам құруға тырысқан мемлекеттердің қандай халге душар болғанын, тарих беттерінен оқып жүрміз. Мысалы, Кеңестер одағын айтуға болады. Оның соңынан келген Қытай мемлекеті бір кезде дінге әдет-ғұрыптарға қатты тыйым салып, кейін 1980-ші жылдан бастап олардың өздері дінге еркіндік беруге мәжбүр болды. Ешқашан да дін мен қоғамды бір бірінен ажыратуға болмайды.