Баяндама. Тақырыбы: Құндылықтарға бағытталған физикалық білім


Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту



бет3/4
Дата13.11.2022
өлшемі32,74 Kb.
#157940
1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама2

2. Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту
Мақсаты: Жас ұрпақтың санасы мен көзқарасында ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оларды заманауи жаһандық даму ағынымен келетін өзгерістердің бәріне ашық болуына дайындау.
3. Білімнің салтанат құруы
Мақсаты: Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу, жаңашылдыққа жақын, үздіксіз білім алуға құштар, саналы әрі сапалы тұлға қалыптастыру.
4. Бәсекеге қабілеттілік
Мақсаты: Жаңа дәуір ұрпағын 21 ғасырға лайықты қабілеттерге, сандық сауаттылыққа, шет тілдерін үйренуге, мәдени ашықтыққа бағыттау.
5. Еңбекқорлық
Мақсаты: Тұлғаның бойында ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерін сіңіруге, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық беру, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалануға ықпал ету.
6. Функционалдық сауаттылық
Мақсаты: Білім алушының алған білімін практикалық жағдайларда және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау.

Бағдарламаны ұйымдастырудың принциптері
Құндылықтарға негізделген білім беруді ұйымдастырудың келесі принциптері, бағдарламаны жүзеге асыру барысында сақталуы міндетті болып табылатын бастапқы және маңызды ережелер болып саналады:

  • ізгілік принципі – білім алушының еркін даму құқығының, ішкі адамгершілік дүниесінің неғұрлым толық дамуын мойындау;

  • құндылықты бағдар принципі – білім алушылар мен мұғалімнің адамгершілік тәрбиесіне бағытталған құндылықтандыру;

  • шынайылық принципі – білім алушы адамгершілік әрекеттің субъектісі ретінде шынайы өмірде мәдениетке жетуінің жолын өздігінен таңдайды;

  • рефлексивті бағдары принципі – мұғалім білім алушылардың ойын, сезімдерін және іс-әрекеттерін дұрыс түсінуге және мақсатты түрде реттеуге ұмтылады;

  • cубъектілік принципі – педагог білім алушы қабілетінің дамуына, басқа адамдармен және алуан түрлілігін қоса алғандағы әлеммен байланысындағы өзінің «Менін» түсінуіне, өз әрекеттерін ұғынуына, өзінің және басқа адамдардың тағдыры үшін де олардың себеп-салдарын алдын-ала болжауына, өзін білімнің, сонымен қатар өз таңдауының субъектісі ретінде бағалауына барынша көмектеседі;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет