макробиотип – топырақтағы ірі насекомдар (жауын құрттары және т.б.);
мегабиотип – топырақта тіршілік ететін сүт қоректілер, мысалы, көртышқандар, жертесерлер жөне т.б.
Топырақтың қасиеті, құрамы топырақтағы организмдердің тіршілік етуіне де әсер етеді. Топырақтың әртүрлі қасиеттеріне – қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығына байланысты өсімдіктер де әртүрлі экологиялық топтарға бөлінеді. Мысалы, қышқыл топырақтарда (рН 6,7-тен төмен) ацидофильді түрлер (сфагналық батпақ өсімдіктері), нейтрофильді түрлер (рН 6,7-7,0 мәдени өсімдіктер), базофильді түрлер (рН 7,0-ден жоғары, ақ акация) өседі.
Қолданбалы биология және топырақтану негіздері топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттерін және географиялық таралу заңдылықтарын, түзілуін, табиғаттағы орнын, тиімді пайдалану және жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.
Қолданбалы биология және топырақтану негіздері ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды табиғаттанушы ғалымы В.В. Докучаевтің (1846-1903) есімімен тығыз байланысты. В.В. Докучаев 1876 ж арнайы қара топырақ жөнінде комиссия құрды. 1883ж В.В. Докучаев топырақтану жөніндегі әлемге әйгілі “Орыстың қара топырағы” деген ғылыми еңбегін шығарды. Одан кейінгі жылдары В.В. Докучаевтің шәкірттері Н. М. Сибирцев, К.Д. Глинка топырақ зерттеу жұмыстарын жемісті жалғастырды. “Қолданбалы биология және топырақтану негіздері” ғылымының Қазақстанда дамуына Ө. Оспанұлының есімімен тығыз байланысты. В. В. Докучаевтің анықтамасы бойынша топырақтың пайда болуына, дамуына, өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар : ауа –райы, топырақты түзуші жыныстар, төменгі сатылы өсімдіктер және жоғарғы сатылы өсімдіктер мен тірі жәндіктер, жер бедері және аймақтың геологиялық жақсы. Топырақтың негізгі қасиеті – құнарлылығы, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланады. Өсімдіктер құнарлы топырақ қабатынан тамыр жүйесі арқылы қоректік заттарды алып, бойына сіңіріп, жапырақтарына түскен күн сәулесімен ауадағы көмір қышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нәтижесінде денесіне өте мол органикалық және минералдық зататрды жинап, едәуір энергия шоғырландырады. Осы энергиялар, яғни органикалық және органоминералдық қосылыстар бүкіл жан – жануарлар, адамзат тіршілігі үшін өмір өзегі болып табылады. Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық және кіші биологиялық айналымы өтеді. Суда еритін, сөйтіп өсімдіктерге қорек болатын минералдық заттар физикалық және химиялық айналымға түседі. Ал осы қопсыған, ұнтақталған жыныстарға тірі организмдер қоныстаған уақыттан бастап тірі организмдерге қоректі заттар өсімдіктер мен микроорганизмдердің таңдамалы сіңірулерінің нәтижесінде үлкен геологиялық айналымнан кіші биологиялық айналымға көшеді. Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл заттардың қоры жылдан жылға көбейе береді. Сонымен қоректік заттарға кедей тау жынысы, тірі организмдер мекендегеннен кейін қоректік минералдық және органикалық азотты заттарға байды, яғни құнарсыз тау жынысының орнына құнарлы топырақ пайда болады.
Топырақты топырақтану ғылымы зерттейді. Мұның ғылыми негізін салған В.В. Докучаев болды, ал П.А. Костычев, С.С. Неустроев, К.Д. Глинка, В.И. Вернадский сияқты белгілі ғалымдар оны одан әрі қарай дамытты. Қазақстанда 1945ж Қазақ ССР ғылыми академиясының Топырақтану инстетуты құрылды, ол Қазақстан топырағының кіші және орта масштабты картасын жасады. Сонымен қатар инстетут жер суландыру, топырақты әртүрлі жерлерде тиімді пайдалану әдістерін анықтау бағытында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл салада А.И. Бессонов, А.В. Мухля, В.М. Боровский, Ө. Оспанов, Ш.М. Шолтырев, Т.Т. Тазабеков тағы басқа ғалымдар жемісті еңбек етуде.
Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түі алу қажеттілігінен тарихи жер кадастрі туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды.
Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрін жүргізу қажеттілігі туындайды.
«Кадастр» сөзі латынның «саріtastrum» деген сөзін шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр де салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т.б. кадастрлері деп бөлінді. Сонымен жақты түсінікте жер кадастрі — жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте — жерге салық салу үшін туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әректтер жүйесі. Кадастрлердің басқа түрлерінен жер кадастрі өзінің объектісімен (жер — өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді. Жер кадастрі әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерекшеліктері келесідей:
Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ол қай болмасын өндіріс процесінің болуына шартты. Бірақ оның ролі қоғам өндірісінің әр түрлі қорында бірдей емес. Өңдеуші өнеркәсіпте және құрылыста ол кеңістік іс орны /еңбек жасалатын орын/ ретінде көрінеді. Қазып шығаратын өнеркәсіпте, оның үстіне ол ерекше қойма ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығында жер тек өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес, ол еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып табылады.
Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ештеңемен ауыстырыла алмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырыла алады.
Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.
Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлылығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше — жақсарады, сөйтіп, оның құнарлығы жоғарылайды.
Жердің айрықша ерекшелігі — ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайдалану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері өсіріледі.
Жердің осындай ерекшеліктері жер кадастрінің мазмұнын, оны жүргізу әдістерін және тәсілдерін алдын ала есептейді. Жалпы түрде жер кадастріне келесі әрекеттер тән:
Жерлерді есепке алу;
Жерлерді баяндау;
Жерлерді бағалау.
Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері, құрамы және сапасы анықталады. Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс-тарихи және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады.
Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы және пайдалылығы анықталады.
Кадастрдің осы аталған әр әрекет — өзінше бір қатар техникалық тәсілдерден тұрады. Ал олар барлығы бірге жердің санына, сапасына, негізгі қасиеттеріне, нышандарына ең толық сипаттама береді және шаруалау, салық салу объектісі ретінде салыстырмалы құндылығын көрсетеді. Кадастрді жүргізуде әр әрекеттің маңызы туралы сұрақ әр кезеңде және әр елде түрлі қойылған. Бір жағдайда кадастрде ең басты жерлерді есепке алуға, басқа жағдайда — жерлерді жаратылыс-тарихи немесе экономикалық баяндауға, ал үшінші жағдайда — жерлерді бағалауға немесе әрекеттерді қалай болса да үйлестіруге бөлінген. Барлық жағдайларда жер кадастрының құрамдық бөліктері болып, жерлерді сөзсіз есепке алу және бағалау жататын. Міндетті түрде жерлердің кеңістік жайлары ескеріледі. Сондықтан әр елдің әр уақыт жүргізілген жер кадастрлері бір-бірінен мазмұны және жүргізу техникасы, ұйымдастырылуы бойынша кәдімгідей айырылады. Кадастрдің барлық әрекеттері бірден және белгілі бір уақытта пайда болып, жүргізілген емес. Қоғамның ең ертедегі даму сатыларында жерлер тек қана есепке алынса, көптен кейін оларды бағалау басталды.
Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана бастағаннан /егіншілік пайда болғанда/ туындады. Егіншіліктің және мал шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты /жыртылатын жер, жайылым/, яғни алқаптардың түрлері бойынша, есепке алуды талап етті.
Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдарды табу тәсілдерінің әрі қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда болуы және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді.
Құлдық мемлекет шаруаларға көп салық салып, түрлі міндеттіліктерді орындауға мәжбүр етті. Жердің көп ауданы мемлекет иелігінде болды. Сондықтан құлдық құрылыста жерлер және иеленген жерлер есепке алынып, қайта саналды, жоспарлар құрастырылды, жерлердің және алқаптардың аудандары туралы мәліметтер көрсетілетін арнайы құжаттар құрылды. Құлдық қоғамның тиісті даму сатысында жерлерді сапа бойынша есепке алу басталды. Жерлердің сапасын салыстырмалы бағалау қажеттілігі пайда болды. Сонымен, жерге жеке меншіктік пайда болуымен жерге салық салу үшін жерлерді есепке алу мәліметтердің қажеттілігі туындады.
Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол аркылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.
Қоғамның даму кезеңдері басында негізінен жер көлемдері туралы мәліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық күйі бойынша есепке алу қажеттілік пайда болды. Содан соң алқаптарды топырақ және құнарлығы бойынша сипаттай бастады. Жер кадастрі мәліметтерін тек мәтіндік құжаттарда ғана белгілей бастады. Топырақтардың сапасына қарай олар топтарға /кластарға/ бөлінді. Оған тарихтың көне ескерткіштері куә. Олар кәзіргі дәуірге дейін жүздеген жылдар бұрын жер және топырақтарда сапасы бойынша топтастыру туралы мәліметтерден тұратын жер кадастрінің болғандығын куәләндіред
Достарыңызбен бөлісу: |