Баяндама тақырыбы. Топырақты тиімді пайдалану,бағалау,есепке алу және қорғау ОрындағанЖайкхан Сабина тобы. Тп20-2К Қабылдаған. Дүйсенова С. С. Шымкент 2021 Топырақ – тіршілік ортасы
БАЯНДАМА Тақырыбы.Топырақты тиімді пайдалану,бағалау,есепке алу және қорғау
ОрындағанЖайкхан Сабина тобы.ТП20-2К Қабылдаған.Дүйсенова С.С.
Шымкент 2021
Топырақ – тіршілік ортасы Топырақ – литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады.
Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мұның құрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы, қарашірік). Бұл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды В қабаты жатыр. Оның астында аналық (топырақ түзуші) жыныс қабаты – С қабаты орналасқан.
Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардың ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған.
Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп аталады. Қоңыржай аймақтағы орман топырағының 1 шаршы метрінде 1000 жуық жануарлар түрін, нематодтар мен қарапайымдылардың 10 млн-аса, аяқ құйрықтар мен топырақ кенелерінің 100 мың-нан аса түрлерін табуға болады.
Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының классификациялары бар.
Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш экологиялық топқа бөлінеді: