Баяндама тақырыбы



бет6/8
Дата21.12.2022
өлшемі2,28 Mb.
#163511
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Маңғыстау облысы

«Қошқар-Ата» улы көлі
Бұл проблеманы кешенді шешу мақсатында «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалпына келтірудің техникалық-экономикалық негіздемесі және бірінші кезеңінің жұмыс жобасының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Нәтижесінде, «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасын қалпына келтірудің І кезеңінің жұмыс жобасын іске асыру үшін, республикалық бюджеттен төрт күнтізбелік жылға 17 518,159 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 2017 жылдың II жартыжылдығына – 3 738,786 млн. теңге; 2018 жылы – 5 168,147 млн. теңге; 2019 жылы – 5 426,304 млн. теңге; 2020 жылы – 3 184,922 млн. теңге қаржыландыру жөнінде ұсыныс өтінім берілген. Сонымен қатар Мұнайлы аудандық сотының шешіміне сәйкес, «Қошқар-Ата» қалдық қоймасында орналасқан иесіз қауіпті қалдықтар республикалық меншікке берілді. Жасанды көлдің сұйық фазасын тұрақтандыру мақсатында Ақтау қаласындағы кәріздік тазарту имаратынан (КОС-1) жыл сайын тазаланған 8,4 млн. м3 су құйылады. Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылының санитарлық-гигиеналық, экологиялық жағдайын және микроклиматтын тұрақтандыру үшін «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының оңтүстік бөлігінде жалпы аумағы 8,2 га тәжірибелік жасыл қорғаныш аймағы құрылып жатыр. Сондай-ақ, осыған ұқсас ұзындығы 3 км жасыл қорғаныш аймағын құру жоспарлануда.

Эколог мамандар өңірде «экологиялық ахуалды ойдағыдай деп айтуға ауыз бармайтындығын» айтады. Айтуларынша, атмосфералық ауадан алынған бір­қатар сынамаларда ауада азот қышқылы­ның концентрациясы анықталса, 3 рет фенол мен метан көлемі шамадан жоғары болған. Топырақ сынамасында оның мұнай өнімдерімен, ауыр металдармен бүлінген фактісі кезіксе, суға жүргізілген сынамалардың біреулерінен мұнай өнімдерінің жоғары көрсеткіші, марганец, темір, никель, мырыш байқалған. Су дегенде, Каспий теңізі көз алдыңа келе қалады. «Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несі бар?» демекші, теңіз қауіпсіз болса, итбалықтар қырылып, «суицид» жасап несі бар?! Осы орайда, елі­мізде жалғыз теңіз – Каспийді түбегейлі зерттейтін бірде-бір ғылыми-зерттеу институтының жоқтығы жан ауыртады. Ал көрші Ресейде басқа суларын қоспағанда, бір ғана Каспийдің флорасы мен фаунасын, кемелердің қозғалысын, тағы басқа да теңізге қатысты барлық жағдайды зерттеп қадағалаумен 6 бірдей ғылыми-зерттеу институты айналысып келеді...


17 қап, 11 екі жүз литрлік бөшке мұ­най сіңген майлақы топырақ, 130 тон­на және 500 тонна балластық мұнай сіңген су астының қиыршық тасты топырағы секілді мұнай қалдықтарын тиеген ресейлік «Аракс» кемесінің Маңғыстауға келіп ұзақ уақыт аялдауы көпшілікті алаңдатты. Кеме тұрған жерден судан алынған сынама қалыпты болып танылғанмен, кемеден алынған сынама метанның қалыпты деңгейден көптігін байқатқан. Өңір басшысы Е.Тоғжановтың күн ысыған сайын жарылу қаупі жоғарылаған кемедегі мұнай қалдықтарын залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге дереу шешім қабылдауы тұрғындарды қуантып тастады.

Экология – өмір, экология – болашақ. Оны қорғау, келеңсіз жағдайлардың алдын алу – өмір мен болашаққа жасал­ған қамқорлық. Сондықтан, экология, қоршаған орта мәселесіне немқұрайлы қарамау қашанда негізгі міндет, басым бағыт болуы тиіс.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет