Баяндама тақырыбы


Маңғыстаудағы құрғақшылық; Қазақстанда суару әдісі қолданылуы мүмкін



бет7/8
Дата21.12.2022
өлшемі2,28 Mb.
#163511
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Маңғыстау облысы
9.3А Көрсетілген сипаттары бар элементті іздеу Сабақ жоспары- 2 сабақ
Маңғыстаудағы құрғақшылық; Қазақстанда суару әдісі қолданылуы мүмкін
Маңғыстау өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында қуаңшылықпен күрес мәселесі талқыланып, жасанды жолмен жаңбыр жаудыру технологиясы ұсынылды. Бизнесмендер бұл бастаманы қолдап отыр. Технология апробациядан өтсе, өңірде бес құрылғы қондырып, барлық жеріне жаңбыр жаудыруға болады. Қуаңшылықтан қиындық көрген шаруалардың мәселесін шешіп, қырылып жатқан жануарлар құтқарылады.
«Қазір Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында құрғақшылық болып жатқаны өздеріңізге белгілі. (...) Малдың көлемі, жерге экоцид, өсімдіктің өспеуі, мал жайылымының тарылуы сияқты көптеген мәселе туындап жатыр. Біз проблемадан шығу үшін елге қажет әдістерді іздеп, климаттық технологиядың бар екенін біліп, мамандарды Маңғыстауға шақырдық. Қазір қолдан жаңбыр жаудырудан басқа жолын көріп отырған жоқпыз», – деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Еділ Жаңбыршин.


Жасанды жаңбыр жаудыру технологиясы қалай іске асады?



Табиғи жаңбыр жауатын кезде атмосфера қандай болса, біздің технология дәл сондай жағдайды немесе ортаны жасанды жолмен жасайды. Ол теріс иондар ағымын атмосфераға жіберіп, ылғал мөлшерін көбейту арқылы жүзеге асады. Оған ешқандай химиялық қоспа қолданылмайды. Табиғи жаңбырдан ешқандай айырмашылығы жоқ.
Clear Sky Manager кешені бес қондырғыдан тұрады. Олар аспанға бағытталып, көзге көрінбейтін иондар жіберіп отырады. Солай Жерден 200 метрден жоғары қашықта бу күйіндегі ылғалды жинайды.
Біздің мақсатымыз - Маңғыстау облысындағы біржылдық жауын-шашын мөлшерін көтеру. Кейінгі жылдары онда 150-160 миллиметрден артық жаңбыр жаумаған. Ол өте аз. Соны кем дегенде 210-220 мм-ге көбейтуіміз керек. Ең көп мөлшердегі жауын 2016 жылы 300 мм-ге дейін жауған. Сол кезде жер көгеріп, өсімдіктер гүлдеген.
Қазір жасанды жаңбыр жаудырудың түрлі жолы бар. Иондау процесін дрон арқылы істейтіндер да бар. Кейбірі дронмен химиялық элементтер, цемент шашу арқылы істейді. Ал біздің құрылығы тек стационарда жұмыс істейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет