ҚAЗAҚСТAН РЕСПУБЛИКAСЫ AУЫЛ ШAРУAШЫЛЫҒЫ МИНИСТІРЛІГІ
Жәңгір хaн aтындaғы Бaтыс Қaзaқстaн aгрaрлық-техникaлық университеті
«Агротехнологиялық» институт
«Ормaн, жер және су ресурстaрын бaсқaру» жоғaры мектебі
Жер ресурстарын басқару пәні бойынша
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Маңғыстау облысының жер ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалану схемасы мен нысаналы кешенді бағдарламасын құру
Орындaғaн: Демегенова Д.Д
Аметов Б.К
Әбдісламұлы Ә
Әбдіманап Қ.Е
Әзбергенов Ә.А
Тексерген: Тасанова Ж.Б.
Орал 2022
Жоспары:
Маңғыстау облысының жер бедеріне жалпы сипаттама.
Өсімдік жамылғысына сипаттама.
Жануарлар дүниесі.
Экологиялық проблемаларын талдау және бағалау.
Туризм саласын тиімді пайдалану схемасы.
Жер адамзат қоғамы үшін ерекше құндылық болып табылады, ол барлық байлықтың бастапқы көзі болып табылады. Ол, ең алдымен, адамдардың барлық ұрпақтарының жалғыз мекендейтін орны ретінде әрекет етеді, өндіріс салаларын орналастыру және дамыту үшін кеңістіктік негіз рөлін атқарады. Жер ресурстары-халық шаруашылығында пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер қорының бөлігі.
Жер ресурстары-қоныстандыру мен шаруашылық қызметтің кеңістік базисі ретінде құрлық бетінің жиынтық табиғи ресурсы, ауыл және орман шаруашылығындағы өндiрiстiң негiзгi құралы. Аумақты ресурстың бiр түрi деп санауға болады. Ол экономиканың барлық салаларын орналастырудың кеңістіктік негізі, ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығында негiзгi ендiрiс құралы ретінде қызмет етеді. Аумақ қазірдің өзінде тапшылық түріне айналуда, әсіре аудандарда.
Маңғыстау облысының жер бедеріне жалпы сипаттама.
Каспий мен Арал, Жем өзені мен Қарабұғазкөл (Түрікменстанда) шығанағы аралығын алып жатқан байтақ дала Маңғыстау жері болып табылады. Маңғыстауды 1950 ж. далалық байқаудан өткізген жайылымдық-мелиоративтік трестің мәліметіне қарағанда түбектегі жер бедерінің алуан түрлілігі айқын байқалады. Осы экспедиция байқау жүргізген 6 млн. 245 мың га жерден егіншіліктің үлесі 0,01%, жайылымдық 75,1%, құмдық жер 5,5%, сор 10,2%, аңғардағы егістік алқап 6,4%, тақырлар 0,6%, сулы жерлер 1,3% пайдасыз, қолайсыз жерлер 0,89% болып келеді. Жер бедерінің осыншама қилы-қилы болып қалыптасуының басты себептерінің бірі – Каспий т. деңгейінің оқтын-оқтын көтеріліп қайтуы.
Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай аймақтарға бөлінуі. Маңғыстаудың жер бедері ерекшеліктеріне қарай бірнеше аймақтарға бөлінеді:
Бозащы түбегі. Бұған Бозащы түбегі түгелімен кіреді. Түбектің орта жоны бірқалыпты ойпатты, құмды, бұйратты жазықтық болады да, теңізге қарай ойысқан етегі сортаң, сор мен сораңды кебір, кейбір жері қайраңды тегістік болып келеді. Шығысы теңіз деңгейінен 26 м төмен жатқан Қайдақ сорымен ұласа келіп, оңт-нде теңіз деңгейінен 24 м төмен жатқан Қаракешу, батысқа қарай 19 м белгідегі Қошақ сорымен жалғасады. Ал солт.-батысы мен солт. бөлігі теңіз деңгейінен 19 – 27 м төмен жатқан Каспий теңізімен қоршалған.
Достарыңызбен бөлісу: |