Баяндама Тақырыбы:Қасиетті Құран Кәрімдегі математика ғылымы


АБЖД, ҺУЗ, ХТИ, КЛМН, СҒФС, ҚРШТ, СХЗ, ДЗҒ



бет8/10
Дата08.02.2022
өлшемі42,19 Kb.
#122662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
баяндама
баяндама, баяндама
АБЖД, ҺУЗ, ХТИ, КЛМН, СҒФС, ҚРШТ, СХЗ, ДЗҒ (бұл жердегі ескеретін жағдай сол, араб тіліндегі дыбыстардың кейбірінің қазақ тілінде болмауына байланысты таңбалар кириллицамен қайталанған сияқты, бірақ олар басқа дыбыстар. Мысалы С әрпі үшеу, үш түрлі дыбысталады). Әрбір араб әрпі белгілі бір санды білдіреді. А-1, Б-2, Ж-3…т.с.с.мыңға дейінгі сандар қамтылған. Мұны әбжаттық әліпби дейді. Және әрбір араб сөздері де бір санға эквивалентті болады.Әбжат екі түрлі болып бөлінеді. Үлкен әбжат және кіші әбжат. Бұдан басқа да реттік сандар осы әріптермен беріледі. Мысалы, К-12, Л-13, М-14 т.с.с. Үлкен әбжатта бірліктер, ондықтар, жүздіктер және мың болса, кіші әбжатта барлық 28 әріп 1-ден 10-ға дейінгі сандарды ғана қамтиды. Сонда 18 әріптің екі түрлі сан мәні болады. Дүние-ғалам ғажап құбылыс, артық еш нәрсе жоқ. Әр нәрсе тек өзіне ғана тән пішінмен үйлесімді. Бос орын жоқ. Дүние – құрылыс. Адам сол дүниеге өлшеніп жасалған. Әр нәрсенің тек өзіне ғана тән өлшемі болады. Айтылуы, жазылуы және математикалық белгісін бірге алғандағы да құрылыс болады. Жебірейіл періште бірде Адам ғаляихиссаламға заттардың атын үйретіп:
-Тағат-ғибадатың қалай?-деп сұрапты.
-Тағат-ғибадатымнан жаңылғаным жоқ,-деп жауап беріпті Адам ата.
-Ал әбжатты түсіндің бе?
-Аса көп шұғылданғаным жоқ,-дегенде Жебірейіл:
-Саған Алладан сәлем. Егер әбжат есебін (математиканы) білмесең, тағат-ғибадатың қабыл болмайды,-депті. Сөйтіп әр заттың атын үйреткенде оның айтылуы, жазылуы және сандық мәнін қоса білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет