Баяндама Тақырыбы:Қасиетті Құран Кәрімдегі математика ғылымы



бет1/10
Дата08.02.2022
өлшемі42,19 Kb.
#122662
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
баяндама

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті



Баяндама

Тақырыбы:Қасиетті Құран Кәрімдегі математика ғылымы.


Факультеті: Жаратылыстану
Тобы: ЖМА-811
Дайындаған: Исмаилова Сайда
Жетекшісі: Кошанова Майра

Түркістан-2021ж


Қасиетті Құран Кәрімдегі математика ғылымы.
Құранның ғылыми ғажайыптарын зерттей келе қасиетті Құранның әріптері мен сөздерінің арасында өзара байланыстар бар екендігі туралы айтылады. Мысалы, қарама-қарсы мағынаны білдіретін бірнеше жұп сөздер, себеп-салдарлық байланыстағы сөздер тепе-теңдігі, өзара ұқсастық байланыстағы сөздердің тепе-теңдігі туралы ашып айтылған.Әбжаттық әліпби туралы да көптеген мағлұматтар келтірілген. Құранда көптеген жайттар 19 санымен байланысты екендігі туралы да баяндалған. Декард координат жүйесіндегі ғажайыптар, дұрыс көпбұрыштың қасиеттері, осьтік және центрлік симметриялар туралы да назардан тыс қалмаған.
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Зерттеу бөлімі

  1. Құранның ғылыми таңғажайыптары

  2. Әбжат туралы

  3. 19 саны құранның арқауы

  4. Құран құпиялары Декард координат жүйесінде

ІІІ. Қорытынды
І. Кіріспе бөлімі
Құранның математикалық құпиялары
Тіл білімі мен математика егіз ғылым. Олардың мағыналық бейнелері бір-бірінен ажыратылмайтын нәрсе. Ғылымның қасиетін білу, бұлардың шетсіз де шексіз екендігін түсінудің өзі зор білім, ұлы мәртебе. Ал ғылым үйрену туралы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Бір күн бойы білім үйрену үш ай ораза тұтқаннан абзалырақ» деген екен өзінің хадисінде.
Бүкіл 18000 ғаламды тәңірім шеберлікпен 6 күнде жаратқан. Біз құранның ғылыми жағын түсінуге тырысуымыз қажет және оған жеңіл қарамауымыз керек.
Құранда ең көп рет 2697 рет кездесетін «Аллаһ» деген сөз екен. Одан соң көп кездесетін «ғылым» сөзі 811 рет қайталанады. Ендеше ғылымды насихаттаушы кітап «Құран» десек еш қателеспейміз.
Ғылым-білімнің қайнар көзі, бастауы, кітаптардың анасы – Қасиетті Құран кәрім адам баласын шындыққа, көркем мінез-құлық қалыптастыруға, ғаламдағы әдеміліктерге назар аудартып, мұсылманның жан дүниесін иман шаттығымен тебірентеді. Құранның ең маңызды берекесінің бірі адамның көкірек көзін ашу, әлемдегі сұлулық-әдеміліктермен сезіндіру.
Жаратушы тарапынан күллі адамзатқа және өзінен кейінгі замана атаулыға жіберілген ұқсасы жоқ қасиетті кітап — Құран кәрім туралы не білеміз?
Дүние жүзіне кең таралған діннің бірі — ислам. Ислам дінінің қасиетті кітабы араб тілінде, басқа діни кітаптарға мүлде ұқсамайтын жүйеде жазылған Құран. Құран Алланың ақиқат сөзі, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға Жебірейіл періште арқылы (610-632ж.ж.) жіберілген уахи.
«Құран» – араб тілінде «көп оқылатын кітап» деген мағынаны білдіреді. Құран – адамзаттың тән азығы мен жан азығы, осы дүниелік ғұмыры мен ақыреттік мәңгі өмірі. Құран – адам баласының жеке басы мен отбасы, экономика һәм басқару жүйесі үшін де жеткілікті. Құран – дүрбелеңі мен шырғалаңы мол материалды дүниеде кездесер түрлі бөгеттерден алып шығар сара жол. «Құран» кәрімді алғаш рет кітап етіп бастырған Осман Халифа.Тұңғыш рет қазақшаға аударып, баспадан шығарған Ақыт қажы Үлімжіұлы. Толық аударып, Сауд Арабиясында, Түркияда бастырған Халифа Алтай қажы.
Құранда 114 сүре, 6666 аят бар, аяттар саны әртүрлі айтылады. Бір деректе 6226, ал енді бірінде 6236, 6238 т.с.с. Құрандағы сөздер 77439, басқа дерек бойынша 77934 сөз. Әріптер саны 323621, кейде 3254753.
Құрансыз өмірдің бос екендігін әрбір мұсылман терең түсінуі керек. Бұрын өткен ата-бабаларымыз заманында отбасындағы ұрыс-керіс, әке мен бала арасындағы талас-тартыс өте аз ұшырасқан, себебі олар Құран жолымен өмір сүрген. Құранды үйреніп, бала-шағаларына үйретіп отырған. Сондықтан отбасында береке, жақсылық, бір-біріне деген ізет, құрмет сақталған.
Қасиетті кітаптарды дұрыс талдау, түсіндіру ғылымның дамуын жеделдетеді. Құранды бір жақты түсіну немесе оның мәнін дұрыс түсінбеу, оны тек тағат-ғибадат, Құдайға құлшылық етуге ғана қажетті шығарма деп білу ғылымның дамуына бөгет жасайды. Астрономия, философия, медицина, т.б. ғылымдарының дамуына тірек болып, түрткі жасайтын мәселелердің Құранда жиі кездесетіндігі ақиқат. Құран аяттарында қазіргі ғылыми деректердің бар екендігі күмән тудырмайды. «Сөйтіп, Құран –тек мазмұны жөнінен ғана емес, сонымен бірге шығу тегі мен оны түсіндірудің тарихы да үлкен әрі күрделі шығарма. Құранның ескі бөлігіне қатысты уақыттан бері 14 ғасыр дерлік уақыт өтсе де, оның көзқарастары, дүниетанымдары біздің дәуіріміздің көптеген адамдары үшін бәрібір емес, оған барлық жағынан бірдей емес пікірлер мен принциптер ұстанатын әр түрлі елдер халықтардың өкілдері жүгініп отырады.
Құран мен хадистерді негізге алып араб ғалымдары ашқан алғашқы тарихи шығармаларын VІІ ғасырдың басында жазған. Европада ғылыми зерттеумен айналысқан ғалымдар инквизиция кезінде отқа өртелді, бұл кезде мұсылман ғалымдары Құранды негізге алып көптеген ғылымда жаңалықтар ашты. Мәселен ең алғаш қағаз өңдейтін фабриканы 794жылы Ибн Фазл ашқан, бұл өндіріс Византияда 1100, Англияда 1309 жылы пайда болды. Алгебраның негізін салушы Хорезми (780-850) «Әл-Джабр вал-Мунабиле»
Кітабын жазды. «әл-Джабр» сөзін батыс ғалымдары «Алгебра» атауынан осылай аталып кетті. Француз профессоры Э.Ф.Гаутье: «Европа мәдениеті алгебра бойынша ғана емес, математиканың өзге де бөлімдерін мұсылман ғалымдарының жетістіктері арқылы байыту мүмкіндігін иеленіп отыр; шындығында, бүгінгі таңдағы батыстың математикалық ғылымы бұл ислам математикасын жалғастыруымыз ғана» дейді. «Абдул Вафа (930-998) тригонометрия тангенс, котангенс ұғымдарын енгізді. Ньютон ашты деп айтылып жүрген заңдылықты… Ньютоннан бұрын, дифференциалды есептеуді Сабит бин Гурра (901 жылы қайтыс болған) ойлап тапты. Ең алғаш геометриялық алгебраны Декарт емес, Сабит бин Гурра енгізді. Шпенглердің «1880-1936) пікірінше функция ұғымы математикаға ең алғаш Европада енген және бұл туралы ешбір өзге мәдениетте бұған дейін кездеспеген. Алайда осы салада кең ауқымды зерттеулер жүргізген Мұхаммед Игбал, бұл пікірге тойтарыс беріп, функция туралы ойды европалықтардан сан ғасырлар бұрын Бируни ашқандығын (астроном, математик, географ, геолог, философ, тарихшы, дәрігер, ақын, этнограф) дәлелдеген болатын. Бируни «Табиғаттың он сегіз сыры» атты еңбегінде заттардың жерге тартылу заңын итальян ғалымы Галилейден (1564-1642), ал бүкіл әлемдік тартылыс заңын ағылшын ғалымы Ньютоннан (1643-1727) алты-жеті ғасыр бұрын тапты.
Мұсылман – «таза адам» деген сөз. Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Тазалық – иманның жартысы» дейді және дәрет алудың артықшылықтары мен рухани пайдаларын жеткізген. Мысалы, спортпен айналысатын адамдарда істеген әрекеттері жылдам болғандықтан, жүректерін тез шаршатады және жатығуларынан кейін шаршап қалады. Намазда болса әрекеттер баяу. Бұл әрекеттер жүректі шаршатпайды және күннің түрлі уақыттарында болғандықтан, әрқашан қалыпты ұстайды. Күнде басын жерге 80 рет қоятын адамның миы күніне 80 рет қанмен шайылады, яғни қан айналу процесі болады. Көзі ішінің қан қысымында арту болмайды. Намаз оқитындар бүйрек үсті бездерінің және бүйректердің де жақсы жұмыс істейтіні белгілі.
Алла – ақиқат, оны тану керек. Абай айтқандай, «Алла адамзатты өз махаббатымен жаратқан. Олай болса, Алланы жанымыздан да қатты сүюге біз парыздармыз. Алланы сүю арқылы біз оған қарызымызды өтемекпіз» дейді. / Ғ.Ақытұлы. «Құран Кәрімдегі ғылыми негіздер» кітабынан./
ІІ. Зерттеу бөлімі
Құранның ғылыми таңғажайыптары
 
Құран аяттарында кездесетін кейбір ғылыми деректерді келтірейік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет