Баяндама Тақырыбы:Қоғам біріктірудегі және тұрғындарды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етудегі бақ рөлі Орындаған: Жезтай Ж. Б мат 1-22-111-10 Қостанай,2023 жыл Жоспар


Бұқаралық ақпарат құлдарының қоғамдағы орны мен ролі



бет3/4
Дата04.11.2023
өлшемі21,52 Kb.
#189378
1   2   3   4
Байланысты:
Документ (6)
әлеуметтік психология, 200 №3, ситуационные задачи, экзамен 2023-2024 уч.год, Ойын тех
Бұқаралық ақпарат құлдарының қоғамдағы орны мен ролі
Қазіргі Ақпарат ғасырында бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше.Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік қажеттіліктердің қатарынан бастау алады.Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық санаға әсер етіп, қоғамдық пікірді туғызады,қоғамның бір-бірімен байланысынқамтамасыз етеді. Кім ақпараттқа ие болса,сол кезкелген мәселенің шешімін табады.Ақпараттық кеңістікте Интернет ролінің өсуімен адамның және қоғамның құқықтары мен бостандықтарын зорлық жасау мен қатыгездікті насихаттайтын ақпараттан,оларға өтірік және жалған ақпаратты таңудан, болашақ ұрпақтың мақсатты бағытталған теріс дүниетанымын қалыптастырудан қорғау қажеттілігі туындайды. Ақпарат елдің тұрмысына, көңіл-күйіне, мінез-құлқына әсер етеді.
Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық санаға әсерін, қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлі, Қазақстандағы ақпарат нарығының қазіргі жай-күйіне талдау жасау өте маңызды мәселелер қатарына жатады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен әрбір қазақстандық өзін тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің толыққанды азаматы, өзінің және балаларының болашағына сенімді, қоғамдағы жағдайға ықпал ете алатын қоғамның белсенді мүшесі ретінде таниды.
Саяси идеологиялар мен ағымдағы конъюнктураның шекарасынан шығатын қазақстандық қоғамды жаңғыртудың іргелі құндылықтары бойынша халықтар бірлігін нығайту, кең қоғамдық консенсусты қолдау және дамыту Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының тікелей қатысуымен табысты шешілетін міндеттердің бірі болып табылады. Дәл осы баспасөз арқылы адамдардың қалыптасқан қауымдастығын сақтауға қатысты мәселелер бойынша келісім базасы дайындалады. Бұған Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары арқылы экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік идеяларын тарату, халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұру, халықтардың ұлттық-мәдени бірегейлігін сақтау, салауатты өмір салты мәселелері бойынша халықтың білім деңгейі мен хабардар болуын арттыру мысал бола алады. бұқаралық ақпарат құралдары республиканың халқын қоршаған әлемге бағыттайды, оны ақпараттандырып қана қоймай, сонымен бірге адамзаттың көркемдік және адамгершілік жетістіктеріне баулиды және сайып келгенде, демократиялық қоғамның, біртұтас қоғамның қалыптасуына ықпал етеді, бұл әр түрлі прогрессивті әлеуметтік топтар мен шығармашылық ойлайтын және әрекет ететін тұлғалардың шоғырлануы.

БАҚ туралы заңда бұқаралық ақпарат құралы - мерзімді баспасөз басылымы,радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі(интернет және басқалары) WEB-сайттардықоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудыңбасқа да нысаны делінген.


Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің,адам ойында шындықтың бейнеленуінің
барлық түрін қамтитын қоғамдық идеялар,теориялар, саяси, құқықтық адамгершілік,
эстетика, философия, діни көзқарастар,ғылыми білімдер. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді,әдеп-ғұрыптармен мінез-құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, ұлттар мен халықтардып психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. БАҚ бүкіл қоғамға әсер етеотырып, барлық жекелеген адамдарды бойына белгілі бір эмоциялар мен әрекеттерді қалыптастырады.БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастырады. Қоғамдық пікір - адамдардың белгілі бірмәселеге, әлеуметтік өмірдің әр түрлі құбылыстарына, әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға көзқарасын білдіретін қоғамдық сананың ерекше түрі. БАҚ қоғамдығы өзекті әрі маңызды мәселелерге шолу жасағанда қоғамдық пікірге сүйенеді. Бұдан қоғамдық пікірдің БАҚ-тың қызметін анықтайды деген қорытындыға келеміз. Ал қоғамдық пікір - қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің бұқара халыққа әсер етуінің нәтижесінде немесе әр түрлі дәстүрлер мен өмірлік тәжірибелер негізінде қалыптасады.
БАҚ-тың қоғамдық сананы қалыптастыруындағы орны мен роліне келетін болсақ, қайта құруға дейінгі БАҚ-тың негізгі қызметі коммунистік идеологияны: марксистік-лениндік
идеяларды, социалистік өмір салтын үгіттеу, жаңа адамдарды тәрбиелеу,Батыстық құндылықтарды сынға алуға бағытталды. Бұл ұстанымдар тек газетті,
эфирдегі публицистиканың мазмұны мен құрылымын, бағытын ғана емес, сондай-ақ
аудиториямен қарым-қатынас тәсілін де анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет