БАҚ – тың атқаратын
қызметтері:
БАҚ – тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
БАҚ – тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
БАҚ – тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан – қоғамдық – гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Әрине ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.
БАҚ – тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез – құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ – тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке түлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар – отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды.
Қазақстанда қандай БАҚ түрлері бар
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми дерегіне сүйенсек, елде нақты тіркелген 5 189 БАҚ бар. Әрине мұның ішінде мерзімді басылым да, телеарналар мен радио, ақпарат агенттіктері және шетелдік ақпарат көздері толық қамтылған. Ал нақты тізбектер болсақ, онда 191 телеарна, 84 радио, 959 ақпарат агенттіктері мен желілік басылымдар, 279 шетелдік телеарналар және қалған 3676-сы мерзімді баспа басылымдары. Баспа басылымдарының өзін екіге бөліп жіктеуге болады. Яғни оның 2180-і газет болса, 1496-сы журналдар.
Тілдік бөлініс бойынша да бұл ресми тіркелген БАҚ-тың тізімі жарияланған. Яғни елімізде қазақ тілді медианың саны - 693. Орыс тілінде тіркелген 853 БАҚ бар. Ал үш тілде немесе аралас тілдердегі медиа - 1512 екен.
Бұдан бөлек еліміз көпұлтты мемлекет болған соң өзге этнос өкілдерінің де газет-журналдары, теле-радио хабарлары бар. Олардың саны - 11. Бұл бұқаралық ақпарат құралдары негізгі тілдерден (қазақ және орыс) басқа украин, поляк, неміс, корей, ұйғыр, түрік, дүнген және тағы басқа тілдерге аударылады. Сонымен қатар аталмыш этникалық БАҚ құралдары үкіметтен қаржылық қолдау алады.
Достарыңызбен бөлісу: |