Алматы облысы,Қаратал ауданы,Үштөбе қаласы
Мыржикова Ажар Төлепбековна, орыс тілді сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Алғашқы қазақ газет-журналдары
Сабақтың мақсаты: Алғашқы қазақ газет-журналдары туралы мәліметтермен танысады.
Күтілетін нәтиже:
- алғашқы қазақ газет-журналдарын атай алады;
- басылымның шығу тарихын біледі;
-алғашқы және қазіргі басылымдардың ерекшеліктерін ажырата алады;
-етістіктің райларын біледі;
-лексикалық тақырыпты өмірмен байланыстыра біледі;
-газет-журналдардың маңыздылығын бағалайды.
Сабақтың көрнекілігі : мерзімдік басылымдар көрмесі, слайдтар,қиықшалар
Сабақтың түрі :бекіту сабағы
Сабақтың технологиясы : «Сыни тұрғыдан ойлау және жазу бойынша дамыта оқыту», «Диалогтік оқыту», «Оқытуды бағалау мен оқу үшін бағалау»
Сабақтың барысы :
I.1. Ұйымдастыру кезеңі.
-Амандасу,өзіме көмекшілерді сайлап аламын,содан кейін олар өздеріне топ мүшелерін таңдайды.
- «Өзін-өзі бағалау парағы» әр оқушыға беріледі.
- «Болжау» стратегиясы бойынша «себепті» толтырады.Сұрақ «Сендер бүгін сабаққа не істейміз деп ойлайсыңдар?»
II.Ой қозғау.
1. «Жасырынған сөзді тап» стратегиясы.Мақсат:
Қығашал аққаз тезаг налжуррыда
- Оқушылар сабақтың мақсатын өздері белгілейді. «Сендер бүгінгі сабаққа қандай мақсат қояр едіңдер?»
-Мұғалім өзі де толықтырып,сабақтың мақсатын айтады.Оқушылар дәптерлеріне күнді,сынып жұмысын,тақырыпты жазып қояды.Бүгінгі сабақтың эпиграфы ретінде А.Байтұрсыновтың сөздерін алғым келіп отыр.
Ахмет Байтұрсынов айтқан төрт қағида бар.Біріншісі,газет-халықтың көзі, құлағы, тілі; екінші,газет-жұртқа қызмет ететін нәрсе; үшінші, газет-халыққа білім таратушы;төртінші,газет-халықтың жақтаушысы.
2.Үй жұмысын тексеру мақсатында сөздік жұмысы бойынша «Полиглот» ойынын өткіземін.Мақсат:сөздік жұмысын қайталау.
Қиықша таратылады.
Орысша қазақша ағылшынша
источник информации
периодическое издание
средства массовой инфоррмации (СМИ)
статья
рубрика
сообщения, сведение
издательство
корреспондент
местный
пресса
3. «Миға шабуыл» стратегиясы
-Баспасөз дегенді қалай түсінесің?
-Баспасөздің неше түрі бар?
-Мерзімдік басылымдар қалай аталады?
-Оларға не жатады?
-Мерзімсіз басылымдарға нелер жатады?
- Газет-журналдардан не білеміз?
- Газет-журналда не туралы басылады?
- Біздің республикамызда газет-журналдар қандай тілдерде басылып шығады?
-Қазақ тілінде шығатын газет-журналдарды білесің бе?
- Ұнатып оқитын газет-журналдарың бар ма?
III.Мағынаны ажырату.
1.Мәтінмен жұмыс.116-бет.Алғашқы қазақ газет-журналдар.
Мақсат:алдын ала үйден танысып келген мәтін бойынша жұмысты ұйымдастыру.
1-тапсырма: мәтіннің бойынша әр топқа арнайы сұрақтар беріледі,сол сұрақтың жауабын мәтіннен іздеп табу керек.
1-топ
1.Алғашқы газет-журналдарды атаңдаршы.
2. Алғашқы газет-журналдарды қай жылдан бастап шыға бастады?
2-топ.
1.Алғашқы қазақ газет-журналдар немен айналысқан?
2.Газет беттерінде кімдердің мақалалары жарияланды?
3-топ
1.Алғашқы қазақ баспагері әрі редакторы кім болды?
2.Алғашқы газет-журналдар қай қалаларда басылып шыға бастады?
2-тапсырма.Мәтіннен етістіктерді теріп жазу,олардың қай райда тұрғанын анықтау.
3-тапсырма.Әр топ мәтіннің бөліктері бойынша сұрақтар қояды. «Иә», «Жоқ»
4-тапсырма.Мәтіннен алынған сөздерге синонимдік қатарын жалғастыру.
2.5-тапсырма. Іскерлік ойын «Басылым құпиясы»
Алғашқы басылымдар
|
10
|
20
|
30
|
«Айқап» журналы
|
10
|
20
|
30
|
«Түркістан уәлаяты газеті»
|
10
|
20
|
30
|
«Алғашқы басылымдар» тақырыбының сұрақтары:
10- «Газет» сөзі қай тілден енген?
20- Алғашқы басылымдар қай ғасырда пайда болған?
30-Алғашқы қазақ басылымдарының ерекшеліктері?
«Айқап» тақырыбының сұрақтары:
10-«Айқап» журналы қай жылы жарық көрді?
20- «Айқапта» кімдер жұмыс істеді?
30- «Айқап» журналында қандай мәселелер қозғалған?
«Түркістан уәлаяты газеті» тақырыбының сұрақтары:
10- «Түркістан уәлаяты газеті» қай тілдерде шығарылған?
20- Ол қай қаланың баспасөз органы болған?
30-Газет беттерінде кімнің мақалалары жарияланған?
IV.Қорытынды. ВЕНН диаграммасын өткізу.
Алғашқы қазақ басылымдар Қазіргі таңдағы басылымдар
V.Рефлексия. «Кубизм» стратегиясы.
-Сұрақтарға жауап беріңдер
1.Отбасың қандай мерзімділік басылымға жазылады?
2.Өзің тұратын өңірде қандай жергілікті басылым шығады? Оқып тұрасың ба?
3.Сенің сүйікті газет-журналдарың қандай?
4.Сен мектепте газет шығарып көрдің бе? Пән апталығына шығарылған газет туралы айту керек.
5.Газет-журналда істейтін адамды кім деп атайды?
6.Түйін. Қазіргі жастарға газет –журнал оқу керек пе?
Қазіргі таңда газет-журналдар оқу керек пе?
Газет-журналдардың пайдасы неде?
Интернет,электронды оқулықтар,ұялы телефондар газет-журналдарды алмастыра ала ма?
Осындай қорытындыға неге келдің?
Бағалау парағы бойынша балалар сөйлейді.
10 «Б» сынып оқушысы ________________________ өзін-өзі бағалау парағы
Сұрақтарға жауап беру
|
Грамматикалық тапсырма
|
Мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қою,жауап
«Иә,жоқ»
|
Синонимдік қатар құрастыру
|
Іскерлік ойын
|
|
Іскерлік
ойын
|
Барлық
балы
|
бағасы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау критерийлері:
Сұрақтарға жауап беру- әр сұрақ бір балдан
Грамматикалық тапсырма-әр етістік бір балл
Мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қою,жауап «иә,жоқ»-әр жауап бір балл
Синонимдік қатар құрастыру- әр қатар бір балл
«Басылым құпиясы» іскерлік ойын-әр жауап 2 балдан
VI.Кері байланыс. «Бес саусақ»әдісі.
-Бүгінгі сабақ бойынша не білдім? Не білгім келеді?
VII.Үйге тапсырма:117-беттегі,4-тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |