44
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
Томас Хельм: Соңғы, мүмкін менің тарапымнан қорытынды сұрақ. Бізге
2 жыл бұрын Германиядан бір парламент мүшесі келді, ол дін және діни
сенім мәселелеріне тікелей жауап береді екен және ол өзі уағызшы, про-
тестант, біз онымен бірге барлық жерлерде, яғни православие шіркеуінде
де болдық, имаммен де кездестік. Барған жерлердің бәрінде дін туралы
мәселелер сөз болды. Ол әрдайым ең бірінші сұрақты өзі қойды, ол үшін
бұл барлық мәселені алдын ала анықтайтын сұрақ болды, қорытынды-
лай келгенде, мен де сізге осы сұрақты қояйын. Сұрақ мынадай – адам
дінін өзгерте ала ма? Дінді қалайша өзгертуге болады? Яғни, діни сенім
бостандығы, дін бостандығы тұрғысынан ол үшін әрдайым ең маңызды
әрі айқындаушы мәселе осы болды.
Достарыңызбен бөлісу: