Баяндама томас Хельм Баяндама Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы



Pdf көрінісі
бет22/48
Дата07.02.2022
өлшемі14,74 Mb.
#97667
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
KAZ Fin

Томас Хельм: Бұл қашан болып еді?
Роман Подопригора: Олар 2012–2013 жылдары қайта тіркеуден өтті.
Томас Хельм: Ә, демек, одан бері көп уақыт өтпепті ғой.
Роман Подопригора: Осыдан кейін олар жаңа тіркеуден өтуге тырысты, 
бірақ қолынан келмеді.
Томас Хельм: Иә, бұл анық мысал екен.
Роман Подопригора: Бұл ешқандай қауіп төндірмейтін ұйымның мем-
лекеттік тіркеуден өте алмағанына мысал болатын жалғыз жағдай емес. 
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы іс жүзінде мемлекеттік 
аппараттың бір бөлігі сияқты. Заң аясында, ол, әрине, мемлекеттен бөлек 
тәуелсіз ұйым, бірақ іс жүзінде мемлекеттік басқарудың құрамына кіреді. Осы 
ұйымның жетекшілерінің бірі Діни басқармаға қызметке тағайындалғанға 
дейін оны Президент Әкімшілігіне шақырғанын және бұл әкімшілік оның 
тағайындалуына келісім бергенін жасырмады. Содан кейін ол қызметінен 
кетуге дайындалып жатқанда қайтадан Президент әкімшілігіне шақыры-
лып, тағы да жоғары лауазымды тұлғалар онымен лауазымынан кету себе-
птері туралы сөйлесіпті. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тарда да жазылған еді. 
Исламға қатысты көп нәрсе араласып кеткен: діни, діни емес мәселелер. 
Білесіз бе, былтыр және оның алдыңғы жылы қызық оқиғалар болған, яғни 
діндар адам мешітке келіп құдайға құлшылық ету аяқталған кезде дауыстап 
«Әумин» деген. Полиция шақырылып, діни іс-шараларды өткізу ережелерін 
бұзғаны үшін оған хаттама толтырады. Неге? Өйткені, біздің ресми түрде 
мойындалған ислам діні ағымында қатты дауыстап «Әумин» деп айтуға 
болмайды. Егер сіз оны қатты айтсаңыз, онда сіз басқа ағымға жатасыз.
Томас Хельм: Рас па? Бірақ, бұл жай ғана «Солай болсын» деген тұжы-
рымды білдіреді ғой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет