Роман Подопригора: Реттеу туралы айтқанда, діни бірлестіктерді екі
үлкен топқа бөлер едім. Біріншісі – ислам, екіншісі – қалғандары. Мен
кейде мұсылмандардың белсенділігін реттеу туралы жекелеген заңдар
қабылдау керек деп те айтамын, өйткені шынымен де біздің мемлекетіміз
исламға және әсіресе радикалды исламға қатысты қатты алаңдаушылық
білдіреді. Қазақстандағы діни бостандыққа қойылған кейбір шектеулердің
түп негізі, бастапқыда олардың рұқсат етілмеген ислам белсенділігін
басқаруға тырысуында жатыр. Алайда, кейіннен осы шектеулер басқа
ұйымдарға да қатысты қолданыла бастады. Сондықтан, іс-тәжірибе жөніне
келсек, ислам туралы айтқанда, мұсылмандардың жалғыз діни орталығы –
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының құрамындағы меке-
мелерден тыс жерлерде діни қызметті жүргізу мүмкін емес. Қазақстан-
дағы әрбір мешіт осы орталықтың қол астында болуы керек. Егер сіз мешіт
салсаңыз, Діни басқарманы құрметтеймін деп айта аласыз, алайда өзіңіз
дербес болғыңыз келеді, осы Діни басқарудың ықпалында болғыңыз
келмейді делік. Бірақ бұл жағдайда сіздің тіркеуден өту мүмкіндігіңіз
жоқ, өйткені мемлекеттік орган сіздің Діни басқарманың құрылымында
болуыңыз керек екенін түсіндіреді. Қазақстанда Солтүстік Қазақстан-
дағы Татар-башқұрт мешітімен байланысты өте қызықты мысал бар.
Мешіт – көптен бері жұмыс істеп тұрған қарапайым, тыныш ислам ұйымы.
2011 жылы қолданыстағы заң қабылданғаннан кейін олар қайта тірке-
луге барды. Оларға: «Сіздер дербес бола алмайсыз» деген. Ал олар: «Бірақ
біз ешқандай жаман нәрсе істеп жатқан жоқпыз. Біздің мешіт ондаған
жылдар бойы Қазақстанда жұмыс істеп келеді» деп жауап берген. Өз
кезегінде мемлекеттік орган: «Жоқ, Діни басқарманың мүшесі болыңыз»,
дейді. Түптеп келгенде, оларды тіркемеді, ал олар ғимараттан, жерінен
айырылды, бәрін де жоғалтты.
40
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
Достарыңызбен бөлісу: |