Өндірістік БАЗ-дарды көбінесе олардың судағы диссоциациясы бойынша жіктейді. Мұндай көрсеткіш бойынша БАЗ-дардың негізгі бес тобын ажыратады.1.Аниондық БАЗ-дар.Аниондық БАЗ-дар суда диссоциацияланып, бетті-активтік анион түзеді.Жылына 6 млн. тоннаға жуық аниондық БАЗ-дар өндіріледі, бұл БАЗ-дардың барлық көлемінің 60% құрайды. Аниондық БАЗ-дардың ненегізгі ерекшелігі - оларды өндірудің қарапайымдылығы мен арзандығы. Аниондық БАЗ-дар көптеген жуғыш заттардың құрамына кіреді.