Базальды қабат


Мерездің инкубациялық кезеңі



бет8/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413
1лабБД (1), БП теплица (2), АБ дерматовенерология 4 курс ЖМ, І нұсқа алгебра
7.Мерездің инкубациялық кезеңі
Мерез (syphilis) – бозғылт трепонемамен шақырылатын, созылмалы жұқпалы ауру. Жұғу жолы негізінен жыныстық, бірақ трансплацентарлы (туа біткен мерез), тұрмыстық қатынас кезінде (тұрмыстық мерез) және қан құйғанда (гемотрансфузиялық жол) жұғуы мүмкін. 
Инкубациялық кезең – аурудың жұққан кезінен бастап алғашқы клиникалық белгілердің – қатты шаңкрдің (біріншілік сифилома) байқалғанына дейінгі мерзім. Инкубациялық кезеңнің орташа ұзақтығын ұзақ уақыт 3 апта деп санаған. Дегенмен кейбір ғалымдар аурулар кезінде (ОРВИ, баспа, пневмония, гонорея және т.б.) салыстырмалы аз дозады антибиотиктерді қолданғанда, оның 1,5–2 айға дейін ұзаруы мүмкін екенің айтады. Демек, жедел гонореямен ауыратын науқастар аурудың көзі анықталмаған жағдайда оларға ұзақ уақытқа диспансерлік бақылау мүмкін болмағандықтан, мерезге қарсы емді бастау қажет. 
Сирек туберкулезбен, алкоголизммен әлсіреген адамдарда инкубациялық кезең (15-18 күн) қысқарады.
Биполярлы шанкрлар (тері мен кілегейлерде бір уақытта бірнеше шанкрлардың пайда болуы) инкубациялық кезеңді қысқартады. Ағзаға түскен бозғылт трепонемалардың саны да инкубациялық кезеңнің ұзақтығына әсер етсе керек. 
Инкубациялык, кезен немесе қоздырғыштың денеге енуінен клиникалық белгілердің көріне бастауына дейінгі аралық орта есеппен 21—24 күнге тең. Бұл кезеңнің 10—11 күнге дейін қысқаруы немесе 60—75, кейде тіпті 92 күнге дейін созылуы мүмкін, бірақ сирек кездеседі. Кездейсоқ басқа ауруды емдеу үшін пенициллин немесе антибиотиктерді қолданғанда инкубациялық кезенді үзартып алуға болады. В. А. Рахмановтың тәжірибесінде кездескен мына екі жагдайды дәлел ретінде келтіруге болады: мерездің инкубациялық кезеңінде екі адамға созға карсы 200 000 бірліктен пенициллин еккен, олардың біреуінде инкубациялық кезең 107 күнге, екіншісінде — 54 күнге созылғаи. Инкубациялық кезенде клиникалық белгілердің бірі болмағанымен, бозғылт трепонемалар алғаш өзі денеге енген жерден бірте-бірте алыстап, көбейіп, жайыла бастайды. Мысалы, мерез жүккан коянның трепонемалар енген жеріне жақын лимфа бездерінен 24—48 car. өткенде қоздырғыштарды табуға болады. Нейссердің айтуынша маймылдардыц қаны мерезді жүқтырғаннан 5 күннен кейін, ал ішкі дене мүшелері 11 күннен кейін-ақ жүқпалы болады екен. Адам организмінде де трепонемалар осылай тез тарайтын болуы керек. Бүған мынадай жанама дәлел келтіруге болады: кездейсоқ жыныстық қатьшаста болтанная кейін аурудың алдын алу шаралары алташқы 2—6 сағ. ішінде жасалса тана оц нәтиже береді. Бозғылт трепонемалар негізінен лимфа тамырларымен тарайды және осы лимфада барынша көбейеді. Қанмен салыстырғанда лимфада оттегі аз, ал бозғылт трепонема факультативті анаэроб (оттегінің әсерінен біразы өліп қалады), сондықтан денеге жайылу үпгін лимфа тамырларьга таңдап алады. Клиникалық және эксперименттік мәліметтерге қарағанда бозғылт трепонемалар лимфа беэдеріиде үзағырақ сақталып, көпке дейін арнаулы емдеуге де төтеп беретін көрінеді.^Адамға жүққаннан кейін бірінші күндері-ақ бозғылт трепонема лимфа тамырлары ғана емес, аз мөлшерде қан тамырларьша да еніп, бойға тарай бастайды. Инкубация кезеңіңде дё қанның жүқпалы болуы анықталған. Бірақ инкубация кезінде дене мүшелеріне енген бозғылт трепонемалар оларДа айтарлықтай патологиялық өзгерістер тудырмайды. Инкубация кезінде жәие мерездің' бірінші кезеңінде трепонемалар тек антигендік қасиетін байқатып, сонымен организмнің осы жүқпалы ауруға деген қарсыласу қабілетін өзгертуге септігін тигізеді, бүл процесс барабара күшейе түседі. Аурудың бірінпгі күндерінен бастап бозғылт трепонемалЗһды жүйке жүйесінің жан-жағындағы лимфа кеңістіктерінен де табуға болады, сондықтан олар жүйке талшықтарының бойымен тарап, орталық жүйке жүйесін де закымдауы ықтимал. Сонымен, инкубация кезеңініи соқына, бірінші к е з е ң н і ң б а с ы н а т а м а н б о з ғ ы л т т р е п о н е - 226 малар алгаш енген жердей соншалықты алыстап, бүкіл денеге жайылып кеткенімен клиникалық, серологиялық белгілер әлі білінбейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет