Базальды қабат



бет9/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413
1лабБД (1), БП теплица (2), АБ дерматовенерология 4 курс ЖМ, І нұсқа алгебра
8.Шанкрдың атипті түрі.Біріншілік сифиломаның атипті формалары қатты шанкрдың ауыз бұрышында, қызыл иекте, ауыспалы қатпарларда, тілде, бадамша бездерінде орналасуында кездеседі. Ауыз бұрышы мен ауыспалы қатпарларда қатты шанкр сызат түрінде болады, бірақ шанкр бар қатпарды тартқанда оның сопақша пішінді екені анықталады. Қатты шанкр ауыз бұрышында орналасқан жағдайда ауыз сызатына ұқсас келеді, бірақ олардың негізінде тығыздалу болмайды. Тілде қатты шанкр көбіне жалғыз шығады, көбіне ортаңғы үштен бір бөлігінде орналасады. Эрозивті және жаралы формаларынан бөлек, қатпарлы тілі бар адамдарда қатты шанкр қатпарлар бойында орналасқан жағдайда саңылаулы түрін көруге болады. Қатты шанкр тілдің арқасында орналасқан жағдайда оның негізінде инфильтраттың көптігінен ол қоршаған тіндерден биік жатады, оның бетінде етті-қызыл эрозия болады. Шанкрдың айналасында қабыну көріністерінің болмауы мен оның ауру белгісін шақырмауы назар аудартады. Қызыл иек аймағындағы қатты шанкр ашық-қызыл түсті тегіс эрозия болып келеді, ол жартылай ай тәрізді болып екі тісті қоршап жатады. Қызыл иектің қатты шанкрының жаралық формасы банальді жаралануға ұқсас және онда біріншілік сифиломаның бірен-саран белгілері болады. Диагностиканы жақасты аймағында бубонды анықтау көмектеседі
9.Тері физиологиясы
Терінің физиологиялықфункциялары 
Қорғаныштық: 
механикалық – қысымға, созылуға, соғылуға және т.б. қарсы тұру
күн сәулесінің зақымдау әсерінен қорғау;
терінің электрлік токқа қарсы тұруы;
химиялық және инфекциялық агентердің енуіне қарсы әсері; 
• Рецепторлық  орталық нерв жүйесіне (ОНЖ) беріліп, сезімге айналатын қоршаған ортаның әсерін қабылдайтын кең рецеторлық аймақпен қамтамасыз етіледі. 
• Терморегуляциялық – жылу өндіру мен жылу беру арасындағы балансты сақтайды. 
• Секроторлық функциясын, эндокриндік және нерв жүйесімен реттелетін тер және май бездері қамтамасыз етеді.
• Экскеторлы секроторлы функциясымен байланысты; дерма тері қосымшалары арқылы іске асады. 
• Заттек алмасу алмасудың улы өнімдерін ұстап қалады. Терінің құрамындағы ферменттер ақуыз, майлардың, көмірсулардың катаболизмін іске асырады.
• Тыныстық – тері арқылы 20 % оттегі қанға түсіп, көмірқышқыл газы шығарылады.
• Эндокриндік – тері, метаболиттері стреоидтарға ұқсас әсер ететін холекальциферол (витамин D2) гормонын түзеді. 
• Иммундық – теріде барлық түрлі иммунокомпетентті және фагоцитарлы жасушалардың қасиеті бар, барлық белгілі лимфокиндер және цитокиндер түзеді. Тері шеткі, бірақ өте маңызды иммундық мүше болып келеді, ал эпидермис тимустың функциялық және морфологиялық аналогы болыа келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет