Базальды қабат



бет17/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413
1лабБД (1), БП теплица (2), АБ дерматовенерология 4 курс ЖМ, І нұсқа алгебра
14.Беткей трихофития. Беткей трихофитиямен жиі мектеп жасындағы балалар ауырады, бірақ ауру кез-келген жаста кездесуі мүмкін. Шамамен беткей трихофитиямен ауыратын балалардың
40-50%-ы ауруын үлкен адамдардан жұқтырады. Бұл бұрыннан белгілі тек мектеп жасының ғана емес, “отбасылық ” инфекция. Беткей трихофитияның бастың шашты бөлігінде, теріде және тырнақта кездесетін түрлері болады. Бастың шашты бөлігінде кездесетін беткей трихофития кіші ошақты және ірі ошақты болуы мүмкін. Қысқа жасырын (инкубациялық) кезеңнен кейін (6-7 күн) қабыну белгілерінсіз бірден шеттері айқын емес, дұрыс емес пішінді, майда қабыршақпен жабылған ошақтар пайда болады. Ошақтың шет жағында кейде көпіршіктер, пустулалар мен қабыршақтар болуы мүмкін. Тері беткей трихофитиясы жиі бет, мойын, иық, дене терісінде жиі кездеседі, алайда кез-келген тері аймағында кездесуі мүмкін. Ошақтар жақсы жиектелген, бас терісінен аздап көтеріңкі, домалақ немесе сопақ пішінді, шеттерінде майда көпіршік пен қабыршақтар орналасқан кішкене дақты не түйінді валик болады .
15.Мерездің біріншілік кезеңі- Біріншілік мерез бозғылт трепонеманың енген жерінде біріншілік сифилома пайда болады (қатты шанкр). Қатты шанкрдан жақын жатқан ұлғайған лимфа тамырларына қарай регионарлы лимфаденит, кейде лимфангит дамиды. Қатты шанкр көлемі 1 см-ге дейін, кейде одан да үлкендеу болатын, тостағанша тәрізді және айқын шекаралы, дұрыс дөңгелек немесе сопақша пішінді жекелеген эрозия түрінде болады. Сирек жағдайда біріншілік сифиломаның атипті түрлеріне жататын шанкр-амигдалит, шанкр-панариций мен индуративті ісіну кездеседі.


16.Мерездегі иммунитет, (суперинфекция, реинфекция)
Мерездік инфекцияда стерильді емес (инфекциялық) иммунитет қалыптасады, ол трепонемалар ағзадан толық шыққанынша сақталады. Ауру имунитеттің гуморальдық және жасушалық факторлары төмен, трепонемостатикалық және трепонемоцидті заттары қан сарысуында төмен деңгейде болатын адамдарға жұғады. Инфекцияның дамуының алғашқы кезеңдерінде жасушалық иммуносупрессия, перифериялық қанда және лимфоидты мүшелердің Т-тәуелді зоналарында Т-лимфоциттер санының төмендеуі болатыны анықталған.Мерездің жасырын кезеңінде бозғылт трепонемалар лимфогенді жол арқылы тез таралады. Ағзаның біріншілік сифилома мен регионарлы склераденит түріндегі реакциясы кеш білінеді. Мерездің біріншілік кезеңінің соңы мен екіншілік кезеңінің басында трепонемалардың жаппай көбейіп, бүкіл ағзаға
таралуы (трепонемалық сепсис) болады. Аурудың жалпы белгілерінің пайда болуы осыған байланысты (қызба, әлсіздік, сүйек пен буындағы ауырсыну, полиаденит). Ағзаның иммунобиологиялық қорғаныш механизмдерінің белсенуі нәтижесінде трепонемалардың көп бөлігі қаза тауып, екіншілік мерездің жасырын кезеңі басталады.
Екінішілік кезеңде лимфоциттердің пролиферативті функциясын тежейтін факторлар белсенеді, нейтрофилдердің фагоцитарлы белсенділігі төмендеп, олардың фагосомаларды түзу қабілетін күшейтеді. Антиденелердің синтезі белсенеді, G, A және M сарысу иммуноглобулиндерінің концентрациясы жоғарылайды. Мерезбен ауырудың басында сарысулық IgG, IgM көбейсе, аурудың кеш кезеңінде IgG ғана қалады. Мерездің әсіресе біріншілік және екіншілік кезеңдерінде мерезге тән антиген- антидене реакциясы толқын тәрізді, кезеңмен өтеді.Қайта жұғу реинфекция деп аталады. Реинфекцияны анықтау үшін шанкрдың басқаша орналасуы осыған дейінгі жұққан кездегіден өзгеше болуы тиіс, онда бозғылт трепонемалардың болуы және регионарлы склерадениттің пайда болуы қажет. Реинфекцияны дәлелдеу үшін алғашқы жұғудың жеткілікті мөлшерде емделгендігі мен бірінші аурудан кейінгі серологиялық реакциялардың теріс болғаны анықталса жеткілікті. Реинфекцияны суперинфекциядан ажыратады, соңғысы толық емделмеген науқасқа мерездің қайта жұғуы дегенді білдіреді. Бұл кезде бар трепонемаларға тағы да бір бөлігі қосылады, сондықтан әр түрлі кезеңдерде суперинфекция әр қилы көрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет