Базальды қабат



бет22/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

Диагностика. Микроспорияның барлық түрлерінде бастың шашты бөлігі және тегіс терінің зақымдалуы микологиялық микроскопияның нәтижесі, сонымен қатар Вуд лампасының сәулелерінде флюоресценция қолдану негізгі клиникалық белгілері болып табылады.
Емі. Микроскопиямен ауыратын науқастардың ең тиімді емі болып фунгистатикалық антибиотик гризеофульвин қала береді. Оны ішуге 22 мг/(кг*тәул) күніне 3 рет шай қасық өсімдік майымен саңырауқұлақ анализінің 1-ші теріс мәніне дейін, содан кейін сол дозада 2 апта бойына күнара және 2 апта бойна аптасына 2 рет есебінен тағайындалады.
2–3 жасқа дейінгі балалар емінде гризеофульвин таблеткаларын 1 мл құрамында препараттың 0,015 г бар суспензияға алмастырады.
Ішке антибиотик қабылдаумен бірге сыртқы ем жүргізіледі: бастағы шашты аптасына 1 рет қырып тастайды. Кремдер мен жақпамайлар (кетоконазол, бифоназол, клотримазол, оксиконазол, немесе ошақтарға 10% күкіртті – 3% салицил жақпамай немесе 2% йодты-спиртті тұнбасын алмастырып жағады) қолданылады. Ем әдетте 4–6 аптаға созылады.
Бастың шашты бөлігінің беткей трихофитиясының созылмалы формасында 10 күндік аралықпен 2–3 рет эпидермистің мүйізгекті қабатын ажыратады.
Инфильтративті-іріңді формасының емінде қабынуға қарсы заттарды ылғалдандыру түрінде бастайды (калий перманганаты ерітіндісін 1:6000, риванол 1:1000, фурацилин 1:5000 тәулігіне 2–
3 рет, 1–2 күн аралағында), содан кейін емін антимикотикті кремдер мен жақпамайлармен жалғастырады.


23. Атипиялық және қатты шанкрдің асқынуы.
Қатты шанкрдың асқынуына баланит, балапостит, фимоз, парафимоз, гангренизация мен фагеденизмді жатқызады. Баланит пен баланопостит қатты шанкрдың жиі кездесетін асқынуларына жатады. Олар бактериальді немесе трихомонадалы инфекцияның қосылуынан дамиды. Мұндай жағдайда шанкр айналасында ісіну, айқын эритема, эпителий мацерациясы пайда болады, ал шанкрдың беткейіндегі бөлініс серозды-іріндіге айналады. Соңғысы бозғылт трепонеманы табуды, демек диагностиканы қиындатады. Қабынулы көріністі алып тастау үшін натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен (1-2 күн) дымқыл дәке басады және бұл әдіс көбіне қайта зерттеген кезде дұрыс диагнозды табуға көмектеседі.
Баланопостит еркек жыныс мүшесінің тарылуына әкелуі мүмкін, сондықтан оның басын ашуға мүмкіншілік болмайды. Бұл жағдайды фимоз деп атайды (140- сурет). Фимозда еркек жыныс мүшесінің ісінуінен, ол ісінген, қызарған, ауырсынулы болады. Тәждік жүлге немесе пенистің ішкі жапырақшасында орналасқан қатты шанкр, бөліністі бозғылт трепонемаға зерттеуге мүмкіндік бермейді. Фимозда жыныс мүшесінің басын зорлап ашу басқа парафимоз (қылғынып қалу) деп аталатын асқынуға әкеледі, бұл кезде ісінген және инфильтрацияланған препуциальді сақина жыныс мүшесінің басын қысып қалады. Қан мен лимфа тамырларын осылай механикалық бұзу ісінуді ұлғайтады. Егер уақытында шара қолданылмаса жыныс мүшесінің басы немесе бүкіл жыныс мүшесі тіндерінің өлу процессі болады. Парафимоздың бастапқы кедерінде жыныс мүшесінің ісінген бөлігінен серозды сұйықтықты шығару қажет (бұл үшін жіңішкерген теріні бірнеше рет стерильді инемен теседі) және басын «орнына салуға» тырысу керек. Әсері болмаса жыныс мүшесінің басын тіледі.
Қатты шанкрдың өте ауыр және анағұрлым сирек асқынуына гангренизация мен фагеденизм жатады. Ол әлсіреген науқастар мен маскүнемдерде фузоспириллезді инфекцияның қосарлануы нәтижесінде дамиды. Шанкрдың бетінде лас-қара немесе қара қабыршақ дамиды (гангренизация), ол біріншілік сифиломаның шекарасынан асып жайылады (фагеденизм). Қабыршақтың астында жайылған жара болады, ал процесстің өзі дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас ауыруы және басқа да жалпы көріністермен өтеді. Гангренозды жара жазылғаннан соң дөрекі тыртық қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет