Базальды қабат



бет35/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

38.Рубромикоз.ҚЫЗЫЛ ТРИХОФИТОННАН ПАЙДА БОЛАТЫН ТЕРІ МИКОЗЫ.Бұл өте жиі кездесетін саңырауқұлақтық инфекция.Тегіс терінің руброфитиясы, бет терісін қоса, терінің барлық аймағында орналасуы мүмкін. Шап-сан қыртыстары, құйрықтар, балтырлар жиі зақымдалады. Қоздырғышы – Trichophyton rubrum саңырауқұлағы.Аурудың клиникалық көрінісі әртүрлі және оның эритроматозды-сквамозды (беткейлі), фолликулярлы-түйінді (терең), эксудативті түрі және эритродермия типті зақымдалуларға бөледі.Рубромикоздың эритроматозды-сквамозды ошақтары тері жамылғысының кез келген аймақтарында орналасуы мүмкін, айқын қышумен білінеді және атопиялық дерматитке, парапсориазға, дөңгелек тәрізді гранулемаға, экземаның кейбір түрлеріне, қабыршақты теміреткіге ұқсас.Процесстің ағымы созылмалы, жылдың жылы мезгілінде өршиді. Диагностикасында

шешуші роль қабыршақтармен буда шаштардың микроскопиясы маңызды (соңғысы, клиникалықөзгермегенмен, құрамында саңырауқұлақ элементтері болуы мүмкін) орын алады.Рубромикоздың фолликулярлы-түйінді (терең) формасы жиі балтыр, бөксе және иық аймағын зақымдайды.Бұл формасы бет терісінде орналасқанда эритематозды және туберкулезді жегіменажырату диагностикасын жүргізуге тура келеді.Ошақтардың беткейі сарғыш-қылғылт немесе күңгірт түсті, олар инфильтрацияланған болып келеді, қабыршақтанады. Жиектері дөңес, үстінде ұсақ папулалар мен қабыршақтар орналасатын үзікті иереленген (фестондық) білік (валик) бар.Диагностикасы.Рубромикоз диагнозы микроскопиялық зерттеу және культуральды анализ көмегімен қойылады.Руброфитияны эпидермофития, трихофития, кандидоз, микробты экзема, псориаз, аяқ басы және тырнақ эпидермофитиясымен, интертригинозды кандидоз және дисгидротикалық экземамен екшеу диагнозын жүргізеді.Емі. Тері микозының емі сыртқа қолданатын дәрілермен жүргізеді. Сквамозды формасында кремдер немесе жақпамайлар қолданылады: кетоконазол, клотримазол, нафтифин, тербинафин, эконазол немесе салицил-күкіртті (3 немесе 10%).


39.Мерезді диагностикалаудағы серологиялық реакцияларың маңыздылығы.Маңызды зерттеулерге серологиялық реакциялар (біріншілік серопозитивті кезеңде) мен науқастың ойынша жұқтыруы мүмкін жыныстық байланысты зерттеу кіреді.Серологиялық реакциялар мерездің кезеңдерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бірінші кезеңді серонегативті және серопозитивті, екіншілікті – жаңа, жасырын немесе қайталамалы, үшіншілікті – белсенді және жасырын деп бөледі.Индуративті ісіну түріндегі атипті қатты шанкрдың диагностикасына регионарлы лимфаденит, анамнез, жыныстық партнерді зерттеу мәліметтері мен трепонемаға қан серологиялық анализінің оң болуы (біріншілік кезеңнің екінші бөлігінде) көмектеседі.Серологиялық реакциялар қолданылатын антигенге байланысты трепонемалы және трепонемалы емес деп екіге бөлінеді. Трепонемалы емес тесттер антидене-реагиндерін анықтауға негізделген. Бұл реакцияларда антиген ретінде кардиолипинді антиген, жануарлар тектес жоғары деңгейде тазартылған липоидты компоненттерден тұратын қоспа: 0,03% кардиолипин; 0,27% лецитин, 10% холинохлорид ерітіндісіндегі 0,9% холестерин. Трепонемалы емес тесттерге кардиолипинді антигендерімен комплемент байланыстыру реакциясы, кардиолипинді антигендерімен микропреципитация реакциясы, плазмадағы реагиндерді тез анықтау реакциясы, реакция VDRL және т.б. қолданылады.
Трепонемалы емес тесттерде бозғылт трепонеманың клеткалық қабырғасының кардиолипинді компоненттеріне қарсы бағытталған антидене реагиндерін анықтайды.
Реагинді антиденелер қан сарысуында немесе қан плазмасында тек қана сифилисте болып қоймайды, сонымен қатар дәнекер тіндер ауруларында (коллагеноздар), паренхиматозды органдардағы қабыну және деструктивті процесстерде (гепатиттер, бүйрек аурулары, онкологиялық процесстер), физиологиялық (менустрация, жүктілік) және патологиялық (тиреотоксикоз) жағдайларда болуы мүмкін.
Трепонемалық тесттер культуральды трепонемаға немесе патогенді бозғылт трепонемаға қатысты антигендерді қамтиды: трепонемалы антигенмен комплемент (РСКтреп) байланыстыру реакциясы, РИФабс-те бейарнамалы антиденелер сорбциялау үшін, бозғылт трепонемаларды иммобилизациялау реакциясы және барлық тікелей емес иммунофлюоресценцияның модификацияланған реакциялары.
Бозғылт трепонеманың рекомбинантты генді инженерлі жолмен алынған антигенін пассивті гемагглютинация реакциясында (ПГАР), полистиролды планшеттің ұясының

түбінде сорып жинақтау үшін (сорбция жасау үшін) иммуноферментті анализде (иммуноблоттингте) немесе иммунохроматографиялық анализде (қарапайым тез тесттер) қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет