Қоғамның дамуы адам өміріндегі әртүрлі өзгерістердің орын алуына әкеліп соқтырады. Заман ағымына байланысты дүниеге келіп жатқан әртүрлі жаңа технологиялық құралдардың да адам өмірінен алар орны маңызды. Осы құбылыстар тіл білімі саласына да өз әсерін тигізбей кетпейтіні анық. Қазақ тіл білімінде бүгінгі таңда жан-жақты қарастырылып жатқан, бүгінгі күнгі зерттеу объектісіне айналған үнем заңына да осы жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өз үлесін қосуда.
Жаңа ақпараттық құралдар ұялы телефон, интернет желілері арқылы хат алмасу барысында көптеген сөздер үнемдеу құбылысына ұшырап, сөздің белгілі бір көрінісі ғана бейнеленіп жатады.
Осы құбылыстардың орын алуында басты себепкерлердің бірі Mail.ru интернет желісі және соның ықпалымен пайда болған ұялы телефонға арнайы жасалған Магент (мобильді агент) жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |