Базарбаева Айгерім СӨЖ Үнемдеу құбылысы – тілдің дамуында шешуші қызмет атқаратын лингвистикалық заңдардың бірі


ғана бейнелеп қоймай бет-әлпеті, қимыл-қозғалысы арқылы да білдіріп жатады



бет6/10
Дата03.05.2020
өлшемі40,04 Kb.
#65640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Базарбаева Айгерім СӨЖ

ғана бейнелеп қоймай бет-әлпеті, қимыл-қозғалысы арқылы да білдіріп жатады. Осының ішіндегі бет – әлпет қозғалысы біршама күрделі әрі маңызды екені баршамызға анық. Өйткені сіз біреудің бетіне бір қарап-ақ оның көңіл-күйін аңғара аласыз. «Көз көңілдің айнасы» деп жатамыз. Бүгінде осындай қимылқозғалысты сөзбен емес, белгілі бір суретті бейнелер (смайликтер) арқылы көрсетеді.

Смайлик (ағл.smile) эмоцияны білдіретін идеограмма. Ең алғашқы смайликтің авторы – дизайнер Харви Белл. Ол кезде Американың сақтандыру компанияларында күрделі кезең болып, екі компанияның біріктірілуінен қиындықтар туындап жатады. Сол қиындықтардың кесірінен компанияның іскерлік қабілеттеріне нұқсан келтіре бастады. Компания басшылары көтеріңкі көңілді жарнамалайтын акция өткізуді жоспарлайды. Оның символын салу суретші Харви Беллге тапсырылады. Ол 1963 жылы он минут ішінде көңілді кейіпті сипаттайтын бейнені жасап шығарады. Осы бейнелі суреттің негізінде жұмыскерлердің төсбелгісі тағайындалады. Ал ол суретке «смайлик» деген ат берілді. Ең алғашқы смайлик осылайша өмірге келді. Өзінің осы туындысы жайында Харви Белл былай дейді: «Бүгінгі күнге дейін адамзат және өнер тарихында жан-жақты тарала отырып, бақыт, қуаныш, рақат сыйлайтын туынды болмаған. Қарапайым болса да, баршаға түсінікті».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет