Герундий The Gerund Герундий – бір уақытта болып жатқан процесті көрсететін етістіктің бір формасы. Оған етістіктің қасиеті және зат есімнің қасиеті тән. Етістіктің түбіріне – ing жалғануы арқылы жасалады.
Мысалы: to read – reading. We like sleeping. – Біз ұйықтағанды жақсы көреміз. Герундий арқылы көрсетілетін іс-әрекет адам немесе затқа ара қатынасын білдіреді. Қазақ және орыс тілдерінде герундий жоқ. Мағынасы жағынан оған оглаголенные зат есімдер сәйкес келеді, мысалы, оқу (чтение), күту (ожидание) және т.б.
I go in for swimming - Мен жүзумен айналысамын. Go on doing your exercises - Жаттығу жасауды жалғастырыңыз. Ол сөйлемде зат есім және етістік қызметін атқарады. Бұл екі қасиеттерді герундий жиі атқарады. Етістік сияқты герундий де үстеумен анықталып, өзінен кейін тура толықтауышты қажет етеді:
Thank you forhelpingus with our work. - Біздің жұмысымызға көмектескеніңіз үшін сізге рахмет.
Ал зат есім сияқты демеуліктермен қолданылып, тәуелсіздік есімдіктермен немесе зат есімнің тәуелсіз формасымен анықталады.
I am fond of reading travel books. - Мен саяхат туралы кітаптарды оқығанды жақсы көремін.
The Indefinite forms – негізгі етістіктегі іс-әрекетпен қатар болып жатқан іс-әрекетті білдіреді. Мысалы: We think of going there in the summer. - Біз онда жазда баруды ойластырып отырмыз. He likes being invited by his friends. - Ол достары шақырғанды ұнатады.