Байланысты: А.А.Унгарбаева АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ
Сөзжасам Word-building Ағылшын тілінде сөзжасамның мынадай түрлері бар:
түбірлердің немесе сөздердің бірігуі арқылы;
конверсия;
аффиксация (префиксация және суффиксация);
Сөздердің құрылымын белгілеу үшін мынадай қысқартулар қолданылады:
А – adjective сын есім
Adv.- adverb үстеу
N - noun зат есім
Num.- numeral сан есім
P.I - Participle I есімше І
P.II - Participle II есімше ІІ
Prep.- preposition предлог
R - root түбір
V - verb етістік
1. Түбірлердің немесе сөздердің бірігуі Ағылшын тілінің сөздік қорын толықтырудың негізгі жолы болып табылады. Жаңа сөз екі немесе одан да көп сөздердің бірігуі арқылы жасалады:
а) күрделі зат есімдерден:
N + N coal – field көмір бассейні
A + N blackboard сынып тақтасы
Prep. + N inside ішкі бөлім