Зат есім
The Noun
Заттың атын білдіріп, who? (кім?), what? (не?) деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады.
Мысалы: father (who?), word (what?).
Ағылшын тіліндегі зат есімдердің қазақ тілінен айырмашылығы – төмендегідей бірнеше қасиеттері бар:
Зат есімнің алдында әдетте көмекші сөздер – артикльдер (a, an, the) тұрады: I am a student. – Мен студентпін. Open the door, please. – Есікті ашыңызшы.
Көп зат есімдер септік жалғауын қабылдамайды және тек жанды зат есімдерде ғана 2 септік бар: атау (a boy, boys) және тәуелдік (boys’s, boys’). Мысалы: What is the boy’s name? – Баланың аты кім?
Жекеше түрдегі зат есімдер тәуелдік септікке 's жалғанады, ол да зат есімдердің көпше түрі сияқты оқылады:
Көпше түрде – (e)s жалғауына аяқталған зат есімдер тәуелдік септік ' апостроф жалғау арқылы жасалады: The boys’ hand were cold. – Баланың қолы суық болды.
Егер зат есім көпше түрде – (e)s жалғауына аяқталмаса, онда тәуелдік септікте ‘s жалғанады: The children’s toys were in the box. – Балалардың ойыншықтары жәшік ішінде болды.
Зат есімдер басқа зат есімдермен демеуліксіз анықтауыш ретінде қолданыла береді: You must wear your school uniform. - Сіздер мектеп формасын киіп жүрулеріңіз керек.
Зат есімдердің тәуелдік септігі көбінесе жанды заттармен –s жалғауы және апостроф арқылы жасалады.
Жекеше түрде: Ainur’s pencil – Айнұрдың қарындашы (қаламы).
Көпше түрде: the girls’ dresses – қыздардың көйлектері.
Тәуелдік қатынасты білдіретін of қосымшасы көбінесе жансыз заттармен қолданылады: a piece of chalk – бордың бір бөлігі.
Бекіту жаттығулары
Достарыңызбен бөлісу: |