Байланысты: А.А.Унгарбаева АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ
Белгісіздік артиклі The Indefinite article Егер зат есім дауыссыз дыбыстан басталса, онда а артиклі, ал дауыстыдан басталса, онда an артиклі қолданылады: a cat, an apple.
a/ an қолданылады: 1. a/an деген one – бір деген сан есімнен шыққан, сондықтан ол кейде 1 деген мағынада: I want a ticket – Маған бір билет керек; 2. Егер зат есім дараланбай, жинақталған, топталған зат есімді көрсетсе: A cat is a domestic animal. – Мысық – үй хайуанаты. (Яғни, бұл біз білетін біздің үйдегі мысық емес, жалпы мысықтар тобы туралы айтып тұр);
3. Егер айтылатын зат есім туралы сіздің толық мағлұматыңыз болмаса: A student is looking for you. (A артиклі студентті бізге белгісіз, әйтеуір бір студент екенін көрсетіп тұр);
4. Жекеше түрде ‘’to be’’, ‘’to have’’ көмекші етістіктерінен кейін: He is a famous surgeon. I have a sister. 5. ‘’There is’’ конструкциясынан кейін: There is a table in the room. 6. Мәтінде бірінші рет айтылса: I see a dog. The dog is hungry. 7. Абстрактілі зат есім + анықтауыш боп келсе: a quiet life. 8. Саналмайтын зат есімдердің анықталмаған үлесінде: a cup of tea. 9. Зат есімдер such, quite, rather сөздерімен келсе: He is such a young boy. 10. So, as, too, now сөздерімен сын есімдерден кейін: too important a question 11. A few, a little, a lot of тіркестерімен: a lot of books.