Байланысты: А.А.Унгарбаева АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ
I типтегі шартты бағыныңқы сөйлемдер I типтегі шартты бағыныңқы сөйлемдер, яғни нақты шартты сөйлемдер осы кезеңге немесе болашаққа қатысты орындаларлық жағдайды көрсетеді. Басыңқы сөйлемнің баяндауышы келер шақта, ал бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы осы шақта қолданылады. Екеуі де қазақ тіліне келер шақпен аударылады.
Шартты сөйлемдерде if және unless жалғауларында айырмашылық бар:
If we hurry we’ll get there on time. - Егер біз асықсақ, біз онда өз уақытында боламыз.
Unless we hurry we’ll be late. - Егер біз асықпасақ, онда біз кешігеміз.