Байланысты: А.А.Унгарбаева АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ
III типтегі шартты бағыныңқы сөйлемдер III типтегі шартты бағыныңқы сөйлемдер өткен кезеңге қатысты орындалуы мүмкін емес жағдайды көрсетеді. Бұнда бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы аяқталған өткен шақта (Past Perfect), ал басыңқы сөйлемде баяндауыш алдында should, would (could, might) және перфекті инфинитив қолданылады. Бұндай сөйлемдерді қазақ тіліне аударғанда екінші типтегі сөйлемдерге ұқсас аударылады.