Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет90/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   159
Байланысты:
file-6694

газет, облыс, сот, сома, пойыз, нөмір, жеребе, минөт, килә, 
рөл, зауыт, тауар.
Бұл сөздердің қайталап келуімен қоса есеп-
тегенде, «қазақыланған» кірме сөздердің барлығы – 34 екен. 
Демек, 862 «орыс» сөзінің қалған 828-і орысша тұлғасында жа-
зылыпты. Сол кезде шығып тұрған «Халық кеңесі», «Алматы 
ақшамы» газеттерінен де жинаған фактілер де осы шамадағы 
арасалмақты көрсетті. Әр сөздің қайталанғанын есептемей
жеке-жеке бір сөз деп санағанымызда, бұл үш газеттің бес 
нөмірінде барлығы 521 сөз орыс тілінен алынып орысша 
тұлғада, олардың тек 14-і ғана «қазақы» тұлғада жазылыпты. 
Сірә, қазіргі кездегі фактілердің де осыдан көп айырмасы жоқ 
болар. Мұның сыры, себебі неде?
Шеттен кіретін сөздердің қабылдаушы тілдің фонетикалық 
заңдылықтарына бағындырылып, «сындырылып» қолданылуы 
– көптеген тілдерге ортақ құбылыс. Мысалы, орыс тілінің 
өзіндегі мыңдаған кірме сөздер «орысшаланып» алынған және 
түптілдегіден өзгеше, орысша жазылады. Бұл – тіл-тілдің ішкі 
заңдылығы. Осы заңдылықтың бұзылған фактілері де бар екен, 
бұған қазақ тілі және орыс графикасын қабылдаған біраз түркі 
тілдері мысал бола алады.
Қазақ тіліне орыс тілінен сөз ауысу процесі ертеректен 
басталғаны мәлім. Бодандықтың, сауда-саттықтың, қазақ 
жеріне орыс шаруаларын, әскери адамдарын қоныстандырудың 
нәтижесінде қазақтың сөйлеу тіліне бірқатар тұрмыс-салттық 
сөздер мен әкімшілікке қатысты атаулар кіре бастады. Олар 
ауызекі тіл арқылы енді, сондықтан 
шәй, самауыр, бәтес, сәтен, 
шыт, пәуеске, құнт
(қазақша 
қамшы
сөзі барына қарамастан, 
орыстың 
кнут 
сөзін қабылдаудың да дәлелі бар шығар: салт 
атты адамның қолындағы қамшы мен арбаға, шанаға жегілген 
малды айдайтын қамшылардың айырмасын көрсеткісі келді 
ме екен), 
пәкөс
(бұрын шөп шауып, жинап алуды көп білмеген 
қазаққа орыстың шабылған шөпті 
покос 
деп атайтыны ұнап 
кеткен болар), 
кір
(сауда-саттықпен көп айналыспаған қазекем 
қолына безбеннің 
гиря
деп аталатын бөлігін білмегендіктен, 
орыстан қазақшалап 
кір
деп «жымқыра» қойған ғой), бертін 
келе XIX ғасырда орыс империясының ел билеу, сот, әкімшілік, 


187
оқу, ағарту, мәдениет жүйесіне қатысты 
ояз, жандарал, бо-
лыс, сот, содия, ыстатия, закон, газет, кінеге, үшкөл, зауыт 
сияқты сөздері де қазақы түрде еніп, қалыптасты. Бұлар қазіргі 
қазақ тілінің орфографиялық та, орфоэпиялық та нормасын-
да сол қалыптасқан тұлғаларын сақтап жазылады, айтылады. 
Емленің бұл ережесіне қазір ешкім таласпайды.
Талас туғызып отырған – осы топтан бірнеше ондаған есе 
көп болып келетін «орыс» сөздері туралы. Олардың бірен-
сараны болмаса, басымы – интернационалдық сөздер, олардың 
да дені – латын, грек тілдерінен дүние жүзіне ертеден тараған 
ғылыми терминдер, кейінгі кезеңдерде, әсіресе XX ғасырдың 
II жартысында күрт дамыған техника, космология, космо-
навтика, аэронавтика, биология салалары әкелген ағылшын
неміс, франуз, орыс тілдерінен (
спутник, совет 
сияқты бес-
он сөз) пайда болған терминдік атаулар. «Осыларды қазақ тілі 
қалай игеріп, қалайша жазып, қалайша дыбыстауы тиіс?» де-
ген сауалдың көтерілуі – заңды. Өйткені соңғы аталған топ 
бүгінде орыс тіліндегі қалпынша жазылып, тіпті орысша ай-
тылып (дыбысталып) келеді. Және бұл тәртіп – соңғы бес-он 
жылдың жемісі емес, алпыс жылдан бері қолданылып келе 
жатқан тәжірибе. Оның объективті себебі бар. Бұл себепті 
қазақ тілінің ішкі құрылымдық даму заңдылығынан іздемей, 
сыртқы экстралингвистикалық факторлардан іздеу керек. Ол 
факторлардың бірі – орыс (кириллица) жазуына көшуіміз бол-
са, екіншісі – орыс тілін «екінші ана тіліміз» деп қоса меңгеру 
қажеттігін мойындатқан саясат, империялық саясаттың тепкіні.
Орыс тілін жақсы білу талап етілген соң, оны тез, дұрыс 
меңгеруді жеңілдететін жолдың бірі – осы тілден алынған 
сөздердің тұлғасын бұзбай айту, бұзбай жазу болып келді. 
Өмір мен саясат осыған мойынсұндырды. Үшінші фактор 
және бар. Интернационалдық терминдер қазақ жазба тіліне 
30-жылдардың өзінде-ақ молынан енебастаған-ды. 1929 жылы 
да саясаттың тепкінімен араб әліпбиіне негізделген қазақтың 
тұңғыш ұлттық жазуы – Байтұрсынов жазуын тәрк етіп, 
латынға көшкенде қабылданған емле ережелеріміз бойынша 
«бөгде тілдік» сөздерді қазақша естілуінше, айтылуынша жазу 
тәртібі ұсынылды. Осы кітаптың өзінде бірнеше жерде айтып 
көрсеткеніміздей, 1929-1940 жылдарда латынша жазу кезінде 


188
орыс тілінен келген сөздердің әрқайсысы бірнеше вариантта 
жазылды. Проф. Құдайберген Жұбанов көрсеткендей, бір ғана 
коммунист
деген сөз 16 түрлі болып жазылып жүріпті.
Орыстардың өздері қолданып отырған графикадан өзге 
жазу түрлерін пайдаланған кезде, әрине, ол сөздерді дәл орыс 
тіліндегідей етіп бұлжытпай жазу мүмкін емес. Әсіресе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет