Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет97/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   159
Байланысты:
file-6694

Белгілі бір тілде сөйлеу үстінде сөздерді дұрыс дыбыстау заң- 
дылықтарын айқындап, оларды қалың жұртшылыққа, әсіресе 
жастарға үйретуде оқу орындарымен қатар, радио мен теледи- 
дардың және сахна өнерінің, сондай-ақ баласын ана тілінде тәрбие- 
лейтін әрбір ата-ана мен отбасындағы өзге де ересектердің рөлі 
өте зор. Қазақ тілінде сөз қағидаларын жақсы білу мұғалімдер мен
лекторларға, дикторлар мен актерлерге өте-мөте қажет. Бұл 
құрал осы қажеттікті өтеу тұрғысында сөздерді қазақша дұрыс 
дыбыстау заңдылықтарын түсіндіреді. Сонымен қатар мұнда
сөз сазының көркем әдебиет пен өнердегі маңызы, қазақша сөзді 
дұрыс айту нормаларының қазіргі қолданыстағы жай-күйі ғылыми 
негізде әрі тәжірибелік мақсатта кеңінен сөз болады. 
Бұл еңбек мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының 
студенттеріне, сахна қайраткерлері мен радио, теледидар диктор- 
ларына және ана тілінің сөйлеу мәдениетіне көңіл аударатын 
қалың көпшілікке арналады.
СӨЗ САЗЫ
Сөзді дұрыс айту нормалары


204
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ АУЫЗША ТҮРІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ӨРІСІ
Бұл күнде қазақ тілі білім мен ғылымның, әдебиет пен 
мәдениеттің, әлеуметтік-саяси өмір мен өндірістік-шаруа-
шылық тірліктің, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің барлық сала-
сына қызмет ететін жоғары сатыда дамыған әдеби тілге айна-
лып отыр. Ол – мемлекеттік дәреже (статус) алған ұлттық тіл. 
Ұлттық әдеби тіл болғандықтан, қазіргі қазақ тілі – қоғамның 
барлық мүшелеріне бірдей және Қазақстан жерінің бүкіл 
аймағында біркелкі қолданылатын, сондай-ақ қазақ жерінен 
тыс өлкелерді мекендеген қазақтар үшін де дағдылы тіл, яғни 
баршаға ортақ жазу, сөйлеу тәжірибесі бар тіл.
Мемлекеттік тіл дәрежесі қазақ әдеби тілінің бүгінгі қоғамға 
қызмет ету өрісін кеңейте түсті: бұл күнде қазақ тілі – ең ал-
дымен, оқу-ағарту, тәрбие құралы,одан соң сан салада дамып, 
жоғары деңгейге көтерілген ұлттық көркем әдебиеттің тілі, 
мазмұны мен мақсаты түрлене түскен баспасөздің тілі, енді 
өрістей түскен ғылым тілі, республика қолданатын заңдар мен 
ресми іс қағаздары тілі, театрлар мен радионың тілі, кино мен 
теледидардың тілі.
Сонымен қатар, әрине, қазіргі қазақ тілі – бүгінгі адамдар-
дың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде өзара ұғынысатын ауыз-
ша сөйлеу тілі мен ауызекі сөйлесу тілі. Қысқасы, қазақ тілі 
– бұл күнде республикамыздағы 7-8 миллионға жуық, ал жал-
пы дүниежүзіндегі 10 миллионнан асатын қазақ халқының ана 
тілі.
Әдетте ұлттық әдеби тілдер қоғамға жазба және ауызша 
түрде қызмет етеді. Жазба әдеби тіл жазба әдебиеттің өмір 
сүруі мен дамуына, оның түрлері мен өрісіне байланысты 
болғандықтан, ол көркем сөз (көркем әдебиет) пен баспасөзде, 
ғылым сөзі мен оқу-тәрбие сөзінде, ресми құжаттар мен кеңсе-
іс қағаздары тілінде көрініс табады. Қазіргі күнде бұлардың 
кеңінен өріс ала бастауы жазба тілдің әр саладағы (стильдегі) 
заңдылықтарын орнықтырып, оның әлеуметтік қызмет ету 
пәрменін күшейтіп отыр. Бұдан біз жазба әдеби тілдің қоғам 
өміріндегі рөлі мен маңызы зор екенін аңғарамыз.
Ал әдеби тілдің ауызша түрдегі қызметі бүгінгі қазақ 
қоғамының тіршілік-тынысы үшін бұдан еш кем емес деп 


205
тану керек. Өйткені мұның да қолданылар өрісі кеңейе ба-
стады. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болуы 
әр алуан жиын, жиналыс, мәслихаттардың қазақ тілінде 
жүргізілуіне жол ашты; саясат, ғылым, өнер, шаруашылық т.б. 
тақырыптарына арналған лекция-әңгімелердің қазақ тілінде 
кеңірек өткізілуін күн тәртібіне қойды; балабақшаларда қазақ 
бүлдіршіндерін ана тілінде тәрбиелеуді қолға алуға мүмкіндік 
берді; қазақ мектептерінің көбейіп, оларда оқу-тәрбие 
жұмыстарын ана тілінде жүргізуге, жоғары оқу орындарының
барлық факультеттерінде дерлік (әзірге тіпті түгел болмай, 
көпшілігінде-ақ болсын) қазақ бөлімдері ашылып, оларда 
білім-ғылымның көптеген салаларынан қазақ тілінде лекция-
лар оқылып, сабақ жүргізілуіне кеңінен жол ашты; радио мен 
теледидардан қазақ тілінде берілетін хабарлар сағаты көбейіп, 
бұл каналдар бойынша қазақша сөйлейтіндердің жиірек 
көріне бастауын, ұлттық сахна өнерінің түр-түрінің даму-
ын қамтамасыз етті. Осылардың баршасы қазақ тілінің ауыз-
ша түрін, яғни ауызша қолданылуын, айтылмақ ойды ауызша 
түрде білдіру тәжірибесін жандандырды.
Бұлардың ішінде радио, теледидар, театр, киноның орын-
дары айрықша, өйткені бұлар ең кемі жүздеген, әйтпесе мың-
даған, кейде тіпті жүз мыңдаған адамдарды қамтиды. Сахнадан 
айтылатын сөзді бір спектакльдің өзінде жүздеген адам естиді, 
бір концертте айтылған ән мен көркем сөзді де жүздеген, кей-
де мыңдаған адам тыңдайды. Ал радио мен теледидардан 
және қазақша дыбысталған кинодан ауызша айтылған сөзді 
мыңдаған, жүз мыңдаған адамдар есітіп, тамашалайды. Демек, 
жазба тіл сияқты, ауызша тілдің де қоғамдағы орны зор екенін 
өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Мемлекеттік ұлттық тілдің баршаға ортақтығы осы тілді 
қолдануда белгілі бір зандылықтардың, яғни нормалардың бо-
луын талап етеді. Тілдік нормалар оның барлық қаттауында: 
сөздік саласында (лексикасында), грамматикасында, дыбыстар 
жүйесінде, стильдік-көркемдік тәсілдерінде болуы – шарт. 
Норма сондай-ақ тілдің қолданылу түрлерінде де, яғни жазба 
және ауызша түрде қызмет ету барысында да орын алуы қажет. 
Сондықтан ана тіліміздің жазба түрімен қатар, ауызша түріне 
қойылатын талаптардың да күшейе түсуі – заңды.


206
Демек, қазақ әдеби тілінің барша заңдылықтарын, оның 
ішінде ауызша сөйлеу, әсіресе шаршы топ алдында сөз айту
нормаларын бұзбай, дұрыс пайдалануда, тек пайдалану ғана
емес, ол нормаларды көпшілікке үйретіп, таратуда, орнық-
тырып, бекітуде балабақша тәрбиешілерінен бастап, мектеп 
мұғалімдерінің, институт, университет оқытушыларымен 
қатар, қазақ сахна қайраткерлерінің, радио, теледидар дик-
торлары мен хабар жүргізушілерінің, әншілер мен эстрада 
шеберлерінің міндеттері мен қызметтері орасан зор екенін 
айту керек. Әрине, ана тілін игеру, оны дұрыс жұмсай білу от-
басынан, баланың ата-анасы мен айналасындағы үлкендерден 
басталуы керек екендігі – даусыз ақиқат.
Тәрбиешілер мен мұғалімдер – жасөспірімдерді тек тәр-
биелеп, білім берушілер ғана емес, сонымен қатар тіл үйре-
тушілер, тілдің байлығы мен әсемдігін бала бойына сіңіру-
шілер. Ал актерлар мен әншілер – халыққа тек өнер көрсетіп, 
эстетикалық ләззат берушілер ғана емес, сонымен қатар ана 
тілінің құдіретін танытушылар. Дикторлар мен комментатор-
лар – радио мен теледидардан тек әр алуан хабар берушілер 
ғана емес, сонымен қатар сөзді дұрыс айта білуді, дұрыс ды-
быстай білуді үйрететін ұстаздар болуға тиіс. Демек, бұл 
топтардың әрқайсысының төл қызметтерімен қатар, тілге 
қатысты міндеттерінің де әлеуметтік мәні бар екенін жеке-же-
ке баса айту қажет.
Бұл жұмыстағы негізгі тақырып қазақ сөзін дұрыс айту 
заңдылықтары жайында болғандықтан, аталған топтардың 
жалпы тілге қатысты оны үйрету, сөздік байлығын молықтыру, 
грамматикалық тұлға-тәсілдерді дұрыс қолдана білуге бау-
лу, ана тіліміздің көркемдік-бейнелеуіш құралдарын игерту 
сияқты мәселелерін емес, тек қана қазақша сөйлегенде (не 
дауыстап оқығанда) сөздерді табиғи түрде дұрыс дыбыстай 
білуге қатысты жайттарға ғана назар аударамыз.
Ең алдымен, баланың тілі үй ішінде, отбасында шығады, 
демек, баланы ана тіліне баулуда, оның ішінде сөздерді дұрыс 
дыбыстай білуге үйрететін тұңғыш ұстазы – ата-анасы және 
үй ішіндегі өзге де үлкендер екені мәлім. Сөйлеу үстінде 
сөздерді бір-бірімен жымдастыра, үйлестіре айта білуге, қазақ 
тілінің өзіне тән дыбыс заңдылықтарын сақтап сөйлеуге ба-


207
улуда балаға ертегі, әңгімелер айтудың мәні зор. Үлкендер 
ертегі, әңгімелерді баппен мәнерлеп, яғни үндестік заңдарын 
сақтап, сөздерді қиюластырып айтуға мейлінше көңіл қоюлары 
қажет. Сірә, өсіп келе жатқан баланың таным-білімдік талабы 
мен психологиясына әңгіме, ертегілердің мазмұны ғана емес, 
оның тіліндегі үннің құлаққа жағымды, музыкалылығы да 
қатты әсер ететін сияқты. Баланың өлең сөзге кұштарлығының 
сыры осында жатады. Үн (дыбыс) гармониясы – адамның 
жан дүниесі қажет ететін заңдылықтардың бірі. Сондықтан 
жас балаға тек прозамен ұсынылған әңгіме, ертегілерді емес, 
өздеріне арналған өлеңдерді оқып беруге ұмтылу керек. Ол 
өлеңдерді балалар жатқа айтқанда, сөздерін дұрыс дыбыстау-
ына назар аударып, қате тұстарын түзетіп отыруды қазақ ата-
аналары мен өзге үлкендері де дағдыға айналдырса. Шынына 
келсек, отбасылық тәрбиенің осы түрі бізде айтарлықтай емес 
екенін мектеп табалдырығын жаңа аттаған балалардың сөйлеу 
тәжірибесінен аңғарамыз. Сірә, үй ішінде баланың сөзді қалай 
айтуына зер салып, түзетіп отыру машығы бізде жоққа тән.
Айталық, бала өзінің құрбысын «қалқан құлақ» деп мазақ-
тағанда, әр сөздің жеке-жеке күйіндегіше екінші сөзді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет