Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет153/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   159
Байланысты:
file-6694
9 апта талдау тапсырмасы
ғашық 
вариантын 
алса 
сор-лы ға- шық
болып 4 буын болып кетер еді де 11 буын-
ды тармақтың өлең өлшемі дұрыс шықпас еді. Ал өзге сәттерде 
Абай «
ғашықтың
тілі – тілсіз тіл» немесе «сен шошыдың 
ғашығыңнан»
деп 
ғашық 
вариантын жұмсайды. Міне, бұл 
тәрізді бір сөздің белгілі бір мақсатпен әдейі қолданылған екі 
вариантының екеуі де әдеби нормаға жататындықтан, олардың 
айтылуы да екі түрлі (яғни қалай берілсе, сол түрінде) болуы 
керек.
§31
. Бір сөздің екі түрлі дыбысталып айтылатындарының 
ішінде жергілікті ерекшеліктеріне (диалектизмдерге) қатысты-
ларын жоғарғы көрсетілген вариантты сөздермен шатастырмау 
керек. Яғни көптеген сөздердің әр жерде әр түрлі дыбыстық 
өзгерісі болғанмен, әдеби тілдегі түрінше айту – орфоэпиялық 
норма болады. Мысалы: 
маңдай
– 
маңлай, шаңырақ – 
шаңғырақ, киіз
– 
кигіз, ие – еге (үйдің иесі), шатақ – чатақ, 
сияқты – сиықты, аула – әулі, жоңышқа – жоңырышқа, 
қабырға
– 
қабыртқа, жоқ – джоқ, масқара – машқара, бес 
тиын
– 
беш тиын, ас пісті – ас пысты, мысық – мышық, ба-
лалар
– 
баладар 
сияқты параллель сөздердің алдыңғы сыңар-
лары әдеби норма да екіншілері – жергілікті (диалектілік) ва-
рианттары. Бұлардың айтылуында әдеби нормадағы тұлғасын 
ұстау қажет. Олай дейтін себебіміз – кейде автордың не 
кітап, журнал шығарушылардың салақтығынан я болмаса 
білместігінен кейбір сөздердің әдеби варианты емес, жергілікті 
қолданыстағы тұлғасы жазылып кетеді. Мұндайда сөзді 
түзетіп оқыған (айтқан) абзал. Ал пьесаларда немесе фелье-
тон, сықақ әңгімелерде автор сөздің жергілікті не қарапайым 
сөйлеу тіліндегі варианттарын әдейі берсе, оларды, әрине, сол 
берілген тұлғасында айту (оқу) керек екендігі белгілі.


284
§32.
Қазақ тілінде одағай сөздер де дыбыстық, тұлғалық 
варианттары бар сөздер тобына жатады. Бірақ бұлардың 
барлығында қалай берілсе (жазылса), солай айтуға (оқуға) бо-
лады. Мысалы: 
япырау
– 
япырмау
– 
ойпырмау
– 
ойпырмай
– 
ойпырым; ойбой
– 
ойбай, ах – аһ – еһ – ех, аһ-аһ – еһ-еһ, аха-қа 
– еһе-һе, уа -уау -уай, па – паһ, бәлі – пәләй, әй – ей, астапырал-
ла – астағыпыралла
т.б.
Жалпы одағай дегендер – дыбысталуы жағынан өте құбыл-
малы тұлғалар. Сондықтан жазушы өзінің қалауынша бір 
одағайды бірнеше түрлі құбылтып, қатарлап, дыбыстарын со-
зып бере береді. Мысалы: 
Ә-ә,
солай де! 
Ой-қой,
дүние-ай! 
Бәрекелді-і,
жігіт-ақ екен! 
Паһ-паһ-паһ,
мына 
сұлудың кербезін-
ай!
Осы сөйлемдерді: 
Е,
солай-де! 
Ой,
дүние-ай! 
Бәрекелді,
жігіт-ақ екен! 
Паһ,
мына сұлудың кербезін-ай! деп те беруі 
мүмкін.
Одағайлар адамның түрлі сезім дүниесін білдіретін иша-
раттар болғандықтан, актер немесе фельетон оқушы пьесалар-
дағы, сықақ- фельетондардағы одағайларды өзгертіп, бірінің 
орнына екіншісін айтпағанмен, образдың ыңғайына қарай, ды-
быстарын созып немесе келте қайырып, бір одағайды екі-үш 
рет кайталап немесе бір-ақ рет айтып дегендей, құбылтуына 
болады. Мысалы, пьесадағы снтуацияға қарай: 
жә,
болды! 
түрінде де, 
жә-жә-жә,
болды! түрінде де айтылуы мүмкін. 
Алғашқысында өктем бұйырып, тұжыртып тастау реңкі болса, 
одағайды екі-үш қайталап айтуда сәл өзгеше реңк пайда бола-
ды.
§33.
Кейбір етістіктердің толық және ықшам варианттары, 
сондай-ақ олардың қосымшалы, шылаулы қолданыстарының 
да түрлері жарыса келе береді. Олар сол қолданылған түрінде, 
ықшам да, толық та айтылады. Мысалы, 
келіп қалды, болып 
отыр
деген тұлғалар 
кеп қалды, боп отыр 
түрінде келуі мүмкін.
Сондай-ақ 
барамын, келемін, айтамын
деген тұлғалар 
барам, келем, айтам
түрінде айтыла береді. 
Барғаннан соң, 
келгеннен соң
деген тұлғалар қысқарып
барған соң, келген 
соң
түрінде, тіпті одан ары ықшамдалып, 
барғасын, келгесін
түрінде де айтылуы жиі ұшырайды. Немесе 
барғанмын, 
келгенмін
дегендерді ақын, жазушы не драматург 
барғамын, 
келгемін
тұлғасында қолдануы да әбден ықтимал. 
Едім, едің
деген етістік тұлғалары 
ем, ең
түрінде, 
бармаймын, алмай-


285
мын 
деген тұлғалар 
барман, алман
түрінде ықшамдалып келе 
береді. Ықшам тұлғалар әсіресе поэзияда көбірек ұшырасады. 
Мұндайда тұлғаларды қалай берілсе (ықшам не толық), солай 
айту керек. 
Кеп, барам, барғасын, барғамын
деп жазылғанды 
келіп, 
барамын, барғаннан соң, барғанмын
деп айтуға (оқуға) 
болмайды немесе керісінше, толық түрінде беріліп тұрса, оны 
қысқартып айтуға болмайды.
Осы ережеге байланысты сөздерді тауып, мына үзінді 
шумақтарды дұрыс оқып (айтып) көріңдер.
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын,
Түбін ойлап уайым жеп айтқамын.
Ақылдылар арланып, ұялған соң,
Ойланып, түзеле ме деп айтқамын.
(Абай)
Сен үшін әлі босқа жанам, күйем,
Көңіліңе қайырым салсын мейірімді ием,
Өзің біл танам десең уағдадан,
Өмірімше ұмытпаймын, мен шын сүйем.
(Бернияз Күлеев)
Сенің алма бағыңа
Шыбық шаншып кетіп ем.
Алдағы өмір бағына
Соны белгі етіп ем.
Келдім қайтып майданнан,
Таптым іздеп сені алғаш.
Сол шыбықтан жайқалған
Өсіпті бір алма ағаш.
Тұр жайқалып бағыңда,
Қызығамын, тамсанам.
Өзің де бұл шағыңда
Кем емессің дәл сонан.
Неткен жақсы жер еді
Жас шыбығым жайқалған!
Бір сөз айтқым келеді,
Тіл жетпейді, айта алман.
(Қасым Аманжолов)
Ей, халайық, барым ең сен,
Зарыңа зар қосып ем.
Жатың емес, досың ем мен,


286
Дос бейілін тосып ем!
Бауырым жара, сөзім нала,
Дертпен келем мен бүгін.
Аямас жау мені айнала
Салды салмақ сұмдығын!
Алдыңа кеп жар саламын,
Тап жауымды жабылып.
Өш аламын, өш аламын
Қанды кекті жамылып!
(Мұхтар Әуезов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет