Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет32/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   159
Байланысты:
file-6694

шоңқиған...
Бекет начальникті таяқ туқылымен 
күситіп
бір жібергісі кеп 
тұрды...», «
қотанаяқ 
тракторист», 
бүпит 
(буфет), 
әрісдомкрат
(аристократ), 
төріс
(турист). Бұлар – әрине, стильдік мақсатпен 
қолданылған бейәдеби бірліктер.
Сөйтіп, көркем әдебиет үлгілері өзге стильдердің элемент-
терін де, диалектизмдер, архаизмдер, кәсіби сөздер, қарапайым 
сөздер, дөрекі сөздер, жаргондар, ауызекі сөйлеу тілінің бел-
гілері сияқты бейәдеби тұлға-бірліктерді де, архаизмдер, 
кәсіби сөздер сияқты сирек қолданыстағы элементтерді де ер-
кін жұмсай алады, өйткені көркем әдебиет тек коммуникатив-
тік емес, эстетикалық функцияны да қоса арқалайтындықтан, 
өзге стиль үлгілерінен оқшау тұрады. Осы ерекшеліктерінен 
болар, кейбір зерттеушілер көркем әдебиетті функционалдық 
стильдер қатарына қоспайтын-ды. Көркем әдебиет туын-
дыларында өз нормаларын қатаң сақтайтын тұйықтық жоқ, 
ол көп қырлы стиль болып келеді. Қайталап айтсақ, көркем 
әдебиеттің барлық жанрлары, әсіресе поэзия тілі поэтикалық 
(эстетикалық-көркемдік) сөз өрнегіне жиірек барады, ал 


72
поэтикалық амалдар тіл құралдарын барлық кеңістіктен, яғни 
барлық функционалдық стильдерден іздетеді. Өзге стильдердің 
элементтері де, әдеби нормадан тыс тұрған тілдік тұлғалар да 
көркем әдебиетте белгілі бір стильдік жүк арқалап тұрады, 
яғни олардың көркем шығармаларда орын алуының уәжі (мо-
тиві, себебі, дәлелі) болады. Сондықтан бұларда ауызекі сөйлеу 
тілінің де, кітаби жазба тілдің де белгілері тоғысады. Көркем 
туындылар тілінің бұл қасиеті, кейбір қазақ зерттеушілері 
атағандай, «кемістігі» емес ( «көркем әдебиетте әдеби норма-
дан тыс жөнді-жөнсіз ауытқулар көп ұшырайды, сондықтан 
басқа стильдер тіліне өнеге-үлгі бола бермейді» – М.Балақаев), 
ерекшелігі болып келеді.
Әр функционалдық стиль нормаларының әдеби тіл норма-
ларына қатысы, алатын орны, даму әлеуеті деген мәселелерге 
келгенде, бұл проблеманы өз алдына бөлек, кеңінен сөз ету 
(зерттеу) қажеттігі байқалады.
Көркем әдебиет стилінің нормаларын тануда алдымен бұл 
стиль үлгілерінің өзін көркем проза, поэзия, драматургия, 
көркем публицистика, шаршы топ алдындағы ауызша көркем 
сөз (мұны ауызекі сөйлеумен шатастырмау керек) деп бөліп-
бөліп қарап, әрқайсысына ең бір тән нормаларын сөз ету керек 
болады. Ал көркем прозаның өзін: 
тұрмыстық оқиғаларды баяндайтын әңгіме, новеллалар; 
тарихи шығармалар; 
кең планды эпопея, романдар; 
фантастикалық шығармалар; 
көркем публицистика; 
сатиралық туындылар; 
философиялық эсселер. 
деген сияқты тақырыптық, жанрлық түрлерге бөліп қарап, 
әрқайсысына тән тілдік-көркемдік нормаларды айқындау 
қажеттігін де баса айтамыз. Бұлардың стильдік белгілері 
мен тілдік-көркемдік нормалары көбінесе тоғысып жатады 
және ол нормалар бейнелілік, әсерлілік сипат бере жазылған 
өзге стильдер үлгілерінде, мысалы, көпшілікке арналған 
жартылай ғылыми-публицистикалық кітапшаларда, очерк-
терде, мақалаларда, баспасөз беттеріндегі пафостық үні бар 
информациялық материалдарда ішінара қолданылуы мүмкін. 


73
Бірақ бұл қолданыстар – көркем әдебиеттен басқа стиль 
үлгілерінің нормасы емес, яғни негізгі стильдік белгілері емес, 
стильаралық «ауыс-түйістер», «қолғабыстар» санатында таны-
лады.
Көркем шығармалардың әр түріне тән белгілер де барлы-
ғына ортақ норма болып есептелмейді. Мысалы, тарихи ро-
мандарда жиі қолданылатын көнерген сөздер, этнографиз-
мдер, морфологиялық көне тұлғалар, синтаксистік көне 
түзілімдер көркем шығармалардың өзге түрлерінің бәріне тән 
емес. Мысалы, Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» деген тари-
хи романының екі кітабында қолданған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет