Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


Абай шығармаларының тілі. - Алматы, 1968.  - 172-177-б



Pdf көрінісі
бет31/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   159
Байланысты:
file-6694

 
Абай шығармаларының тілі. - Алматы, 1968.
 - 172-177-б.; 
Сыздықова Р.
Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы, 1984.


70
де, публицистикада жиі қолданылатыны – осы стильдерге тән 
белгілер. Бірақ бұларды өзге стильдерде қолданылмайды деуге 
болмайды, өзге, әсіресе көркем әдебиетте, оның поэзия жан-
рында көрсетілген қыстырма сөздердің орын алуы сирек кез-
деседі, ол – бұған белгі емес. 
Немесе заң-сот материалдарында, ресми құжаттар тілінде 
сөздер негізінен номинатив (тура) мағынасында жұмсалады, 
бұл үлгілерде сөздердің сипаттаушы, суреттеуші, көріктеуші 
қатарлары қолданылмауға тиіс. Мысалы, ресми хабарлар-
да, құжаттарда 
Президент
деген сөз 
Елбасы
деген суретте-
ме сыңарымен ауыстырылмайды. Соңғы вариант көтеріңкі 
(пафостық) тонмен жазылған газет-журналдар тілінде, яғни 
публицистикада, көркем әдебиетте, оның ішінде поэзияда 
қолданыла береді.
Ғылыми стильде ғылыми терминдердің мол қолданыла-
тындығы, сөйлемдердің анық, түсінікті болуы – ғылыми жаз-
балардың стильдік белгілері болса, мұнда да жалпы тілдік ортақ 
нормалармен қатар, осы функционалдық стильдің әрі белгісі, 
әрі нормалары болып келетін тілдік элементтер аз емес.
Әрине, тілдік нормалардың функционалдық стильдерге 
қарай азды-көпті айырмашылықтарын атағанда, көркем әдебиет 
стилін өзгелерінен бөлек алуға тура келеді. Жалпы тілдік бей-
тарап (нейтрал) нормаларға жатпайтын бірқатар лексикалық 
және грамматикалық тұлға-бірліктер көркем әдебиетте жұмсала 
беретін, яғни нормативтік элементтер бола алады. Айталық, 
қарапайым сөздер, диалектизмдер, дөрекі сөздер, жаргондар 
жалпы әдеби тілдің лексикалық нормасынан тыс тұрады, олар 
ресми публицистика, ғылым, кеңсе-іс қағаздары үлгілерінде 
қолданыла қалса, бұл – нормадан уәжсіз (жөнсіз) ауытқу 
болмақ. Ал көркем проза мен драмалық шығармаларда бұлар 
көбінесе кейіпкерлер тілінде, тіпті шығарманың жанрлық си-
патына қарай автордың өз баяндауында да қолданылуы норма 
болып табылады.
Кейіпкердің қай өлке тұрғыны екенін көрсету үшін неме-
се оның мәдениеттілік, сауаттылық дәрежесін, мінез-құлқын 
(дөрекі, тәрбиесіз, жөнсіз қасиеттерін) аузынан шыққан сөзі 
арқылы бейнесін күшейте түсу үшін жазушы жалпы лексикалық 
әдеби норма шенберінен шығып кетеді, бірақ олардың 


71
қолданысы көркем әдебиет стилі үшін уәжді (дәлелді, орынды) 
болып тұрады. Бұған көптеген мысал келтіруге болады, мұны 
тіпті кез келген сауатты оқырман көркем шығарманы оқып 
отырғанда өздері де көре алады. Мысалы, Қалихан Ысқақовтың 
«Ақсу – жер жаннаты» деген романының тіліне зер салсақ, 
үлкен бір юмормен жазылған дүние сияқты. Мұнда «маусымдық 
кәсіп қуған калымщиктерден басқа барлық жібі түзу де, жібі 
қисық та, қысқасы, «тайганың ақ жапалағындай шақырайып 
тас керең отырған кесір шалына» дейін кейіпкерлерінің тілі 
қыршанқы болып келеді. Автор олардың аузына 
әкри, ләухи, 
шорту
сияқты одағай іспеттес ауызекі элементтерден бастап, 
бет-мордасы
(
бет-әлпеті
дегеннің орнына), 
түйекөтен 
(по-
мидор), 
қотқа жүрмейді
(«қағазсыз қара басыныз бұл күнде 
қотқа жүрмейді»), ассалау
(«ұрының кәсібі тілге зар емес, 
ассалауы 
не, атанның басы не») деген тәрізді әдеби нормадан 
тыс тұрған элементтерді салады. Қарапайым сөз, тұрпайы сөз, 
макаронизмдер деп аталатын тұлғасын мейлінше өзгертіп, ке-
кесінмен, мысқылмен қолданылған өзге тілдік сөздер мен сөз 
орамдары кейіпкерлерінің диалогтерінде де, автордың өз ба-
яндауында да орын алған: «Бекет осымен біржола 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет