Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


ш/ч (шатақ – чатақ),  к/ш



Pdf көрінісі
бет27/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   159
Байланысты:
file-6694
9 апта талдау тапсырмасы
ш/ч
(шатақ – чатақ), 
к/ш
(әпке – әпше),
б/п
(бәле – 
пәле, балуан – палуан, бұт – пұт) 
дыбыс алмасулары жергілік-
ті ерекшеліктерде орын алатыны белгілі. Тілдің өзге тарамда-


64
рымен салыстырғанда, сөз сазындағы нормалылық әлдеқайда 
ауыр, кеш қалыптасып орнығады. Бұл заңдылық тіл-тілдің қай-
қайсысына да тән.
Бұл күнде орфоэпиялық нормалары кодификацияланып, 
ережелері айқын түзіліп, көптеген құралдары (орфоэпиялық 
сөздіктер, анықтағыштар, оқулықтар, нұсқаулар, әдістемелік 
құралдыр т.т.) жарық көріп жатқан орыс қоғамының өзінде ор-
фоэпия мәселесі тым кешеуілдеп қолға алынғанын ғалымдары 
айтады. Атақшы сөздікші Д.Н.Ушаков 1928 жылы: «Мектеп-
терімізде сөзді дұрыс айту (орфоэпия) теориясы деген әлі 
жоқ, мұғалімдердің көбі орфоэпия терминін білмейді», – деп 
қынжылған болатын. Жалпы орфоэпиялық нормалар ұлттық 
әдеби тіл едәуір дамыған кезенде мықтап қолға алынады.
Әсіресе әдеби тілдің әлеуметтік қызмет өрісінің бірі – шар-
шы топ алдында сөйлеу бел алған кезде, оның ішінде теледидар 
мен радио, театр мен жалпы сахна өнерінің түрлері қарқынды 
жұмыс істей бастаған тұстарда сөйлеу актісінде сөздерді 
қиюластырып, үндестіріп, сазды етіп айтылуына үлкен мән 
беріледі. Орфоэпиялық нормалардың да дені тілдің дыбыстық 
зандарына негізделеді, содан көп шықпауға ұмтылады. Бұл жер-
де нормалылықтың бір шарты – «көпшіліктің солай қолдануы» 
дегеннің рөлі айрықша. Дегенмен өзге салаларға қарағанда, 
жалпы тілдік нормалардан ауытқушылық орфоэпияда көбірек 
кездеседі және оның объективтік те, субъективтік те себеп-
тері бар. Ол ауытқушылықтар туралы және оларды туғызып 
отырған факторлар жөнінде сөз сазына арналған тарауда нақты 
фактілермен кеңірек айтылады.
Норма деп танудың үшінші шарты – оның әлеуметтік қолдау 
табуы, яғни қалың жұртшылықтың белгілі бір сөздің, тіркестің, 
грамматикалық тұлғаның, жаңадан жасалған не өзге тілдер-
ден енген сөздердің осы мағынада қолданысы, осы тұлғада 
айтылуы дұрыс сөздердің сөйлеу үстінде осылайша дыбыс-
талуы жөн деп мақұлдауы. Әрине, бұл – тілдік норманың 
«көпшілік дауыспен» шешілуі емес. Сол тілде сөйлейтін қалың 
жұртшылықтың «дұрыс» деген бағасы дүниеге референдум-
мен келмейді, бұл бағаны бергізетін – белгілі бір норманың 
тіл табиғатына сәйкес келетіндігі, әрдайым қолданыста 


65
болатындығы, яғни нормалылықтың алдыңғы екі шарты соңғы 
үшінші шартқа алып келеді, өйткені адамдарда тілдегі түзулікті, 
дұрыстықты сезетін қасиет болады, ол дұрыстықты теория 
жүзінде талдап-танымай-ақ, «Неліктен осы қолданыс дұрыс?» 
дегеннің дәлелін іздеп жатпай-ақ, адамның интуициясы – «пат-
ша көңілі» сезіп отырады. Дегенмен бірсыпыра заңдылықтарды, 
әсіресе лексикалық, оның ішінде терминологиялық, сондай-
ақ орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды кодификация 
арқылы тұрақтандырып, көпшіліктің қолдауын қамтамасыз 
етуге тура келеді.
«Көпшіліктің қолдауы» дегеннің өзі біршама шартты: нор-
ма ауысу кезеңінде жаңа тұлға-тәсілдерді, сөздерді, тіркес-
терді көпшілік бірден қабылдай қоймайтыны жиі кездеседі. 
Көпшіліктің ішінде жеке қаламгерлер, ғалымдар, оқу-ағарту 
ісіндегілердің бірқатар топтары жаңа нормаларды (дәлірек 
айтсақ, жаңа сөздер мен тәсілдерді) қабылдамайды, жатырқай 
қарайды, тіпті сынап жатады. Мысалы, парсының -
и
жұрнағы 
арқылы сын есім жасау нормасы тілімізде ХХ ғасырдың 50-
60-жылдарынан бастап жанданды деуге болады. әуелде бұл 
араб, парсы тілдерінен енген сөздерге жалғанса 
(тарихи, сая-
си, адами, дүнияуи, мәдени),
кейін келе 
сыни, қоғами 
дегендей 
қазақы сөздерге де жалғана бастады. Мұхтар Әуезов, Ғабит 
Мүсірепов сияқты ірі жазушылар көпке дейін бұл норманы 
қабылдамай өтті. Публицистикалық стильде қолданылуға 
бейім бұл тәсіл-норманы екі жазушының екеуі де өздерінің 
очерк, мақалаларында мақұл көрмей, 
тарихтық, саясаттық, 
адамгершілік, адамдық
деген варианттарын қолданды. 50-
60-жылдарда пайда болған 
оқырман, көрермен
сөздеріне де 
біраз қаламгерлер көпке дейін тосырқай қарады. Әрине, бұл 
– жұрнақ арқылы жаңа сөз жасау тәсілін жатсыну емес (ол 
– тілдің о бастан «бойына біткен», қалың жұртшылық ешбір 
ойланбастан қабылдайтын табиғи нормасы), не жұрнақтың 
өзін (шет тілдік -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет