Эмоция әлеміне саяхат атты балаларға арналған тренинг. Өткізілген күні



Дата21.06.2023
өлшемі41,5 Kb.
#179049
Байланысты:
1549802887 (1)


Эмоция әлеміне саяхат атты балаларға арналған тренинг.
Өткізілген күні : 01.10.2018ж.


Өткізілген топ : «Балдәурен»


Мақсаты : Тәрбиеленушілердің зейінін тұрақтандырып,қабылдау,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыта отырып,эмоциялық көңіл-күйді белсендіру.


Міндеті : Логикалық ойлауды дамыту ,жылдамдыққа үйрету.
Қажетті материалдар : түрлі жемістер,жүрекше.


1. Жылулық шеңбері.
Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,бір-біріне жүрекше ұсынып «Сені көргеніме қуаныштымын» деп жылы сөз айтқызу.
2. «Сиқырлы саусақтар» ойыны.
«Таңқалу»- екі қолдың бас бармағын көтеру.
«Мен өзім»-бас бармақпен өзін көрсету.
«Сәлемдесу»-қолды жоғары көтеріп бұлғау
«Қорқыту»-сұқ саусақпен кезену
«Жеңіс»-екі қолды жоғары көтеріп айқастыру.
Нұсқау:Берілген жест түрлерін қимылмен көрсету,есте сақтау.Психолог ретпен айтқан уақытта жаңылыспай орындай білу.
3. «Эмоция» ойыны
Топ жарты шеңбер болып отырады.Психолог психологиялық жұмбақ жасырады,яғни жұмбақты бет әлпет қимылы арқылы жасырады.Ал балалар оны табулары қажет.
4. «Аралас салат »ойыны.
Қатысушылар дөңгеленіп отырады,оларды топқа бөлеміз:банан,алма,өрік.Психолог банан дегенде банандар жылдам өзара орындарын ауыстырады,салат дегенде барлығы орын ауыстырулары қажет.
Педагог – психолог Ж.Д.Рамазанова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет