Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет36/159
Дата20.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#181811
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   159
Байланысты:
file-6694

 
Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі дублеттер жөнінде //Тіл мәдениеті 
және баспасөз. - Алматы, 1968. - 28-б.
9
Ұйықбаев И.
 
Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы. - Алматы, 1976. 
- 14-б.
10
Бизақов С.
 
Тілдік норма және варианттылық. - Алматы: Ғылым, 1997. -16-19-б.


84
«қай қолданыс қазірде «әдеби» болып танылады, қайсысы та-
нылмайды?» деген мәселе тұрса, мұның бір ұшы вариант, дуб-
леттерді тануға, іріктеуге барып тіреледі.
Кейбір зерттеушілер тіпті варианттылық құбылысы болма-
са, нормалану процесін сөз етуге тура келмес еді деген сияқты 
пікірлерді де айтады. Мұның жөні де бар, өйткені норма де-
геніміз – таңдау, ал тандау үшін ең кемінде екі варианттан 
тұратын дүние (сөз, тұлға, дыбыс, тіркес, сөйлем түрі т.т.) болу 
керек. Таңдау тілдің қолданыс үстінде болады. Сондықтан қай 
жерде, функционалдық стиль үлгілерінің қайсысында, қай 
кезеңде, айталық, дәл бүгінгі тілімізде болатын таңдаудың ере-
кше мәні бар. өйткені тіл дамуының бір кезеңінде норма емес 
элемент келесі кезеңінде норма ретінде танылуы мүмкін және 
керісінше.
Әдеби норманы анықтауда әлеуметтік талғам, яғни қоғам-
ның сол қолданысты дұрыс деп санауы негізгі рөл атқара-
тындығы жоғарыда айтылды. Мысалы, 
сұраным, қойылым, 
оқылым, салым, салымшы
сияқты сөздер бұрын тым жасан-
ды тұлғалар ретінде әдеби тілде қолданылмаған болса, бұл 
күнде олар – тіпті терминдік мағынаға ие болған сөздер. Сол 
сияқты функционалдық стильдердің бірінде нормадан тыс 
деп танылатын элементтер екіншісінде нормаға сай түсетін 
бірліктер (сөздер, құрылымдар, эстетикалық құралдар) болып 
саналуы әбден ықтимал (бұлар жөнінде кейінгі тарауларда 
толығырақ айтылады).
Жоғарыда айтылғандай, тіл мәдениетіне қатысты мәселелер-
ді сөз еткенде, зерттеушілердің де, қалың жұртшылықтың да 
көбірек назар аударатыны – жарыспа бірліктер (сөздер, тұлғалар, 
орфограммалар т.т.). Фонетикалық-орфографиялық норма-
лары, сондай-ақ жеке сөздер мен грамматикалық амалдарды 
жұмсауы көп сәттерде бір ізге түсіп, тұрақталу процесін басы-
нан өткізіп жатқан қазіргі жазба әдеби тіліміздің мәдениетіне 
нұқсан келтіріп отырған құбылыстың ең үлкені – кейбір сөздер 
мен тұлғалардың әртүрлі вариантта жарыса қолданылып келе 
жатқандығы. Бұл жерде вариант атаулының бәрі әдеби нормаға 
нұқсан келтіреді деген тұжырымнан мүлде аулақ болу керек. 
Олардың дені тіл қолданысының белгілі сәттерінде өз орны 
бар, жұмсалу әлеуеті күшті элементтер болып келеді. Енді 
варианттардың түрлерін жеке-жеке көрсетелік.


85


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет