ӨМІР ЖЫРШЫСЫ Уақыттың жылжуын біреу жылдам, біреу баяу деп жатады. Растау, уақыт ешбір жанға білінбей өте береді. Уақыттың жылдамдығын, шегін білдіретін өлшем жоқ. Ал өзекті жанға өлшеулі өмір берілген. Уақыт жыл, жыл төрт мезгіл болып жылжиды алға. Адам - уақыт қонағы. Адам өмірінің де төрт мезгілі бар.
Мен бүгінгі әңгімеге арқау өткелі отырған Кәрекеңмен - белгілі қазақ жазушысы Кәрім Баялиевпен алғаш кездескенде ол өмірінің жазын жайлап, мен көктемін көктеп жүр едім. Жақсының өзінен бұрын сөзі жүреді. Кәрім Баялиев -жақсы, өзінен бұрын сөзі жеткен. Біз Қазақ ұлттық унивеситетінің студенті болып, әдебиеттің арғы-бергісін жалықпай оқып, үйреніп жүрген жылдары Кәрімнің «Жол үстінде» атты әңгімелер жинағы жарық көргенді. Сол кітап ішіндегі бір шағын әңгіме біздерді, болашақ жазушыларды, Қарауылбек Қазиевті, Ерғали Ахметовты, Өтеген Күмісбаевты керемет тәнті етіп еді. Кәрілік ғаріп еткен шал мен болып-толған баласы арасындағы әңгіме болатын бұл. Шал ескі дуалға қоған құстың қай құс екенін сұрайды баласынан, баласы айтады. Шал тағы сұрайды, баласы айтады. Шал тағы сұрайды, баласы тарс кетеді. Шал жер болып отырып қалады. Сөйтсек, баласы кішкентай кезінде дәл осы дуалға қонған дәл осындай құстың қай құс екенін әкесінен сұрайды екен. Баласы бір, екі, он, жүз, мың рет сұрасын, әке жалықпай жауап береді екен. Сөйткен баланың сыйқы мынау. «Кішкентай ғана қара тас, атан түйе көтере алмастың» өзі еді бұл әңгіме.
Мен өзін көрмей тұрып дүниеде осындай шебер жазушы барын біліп едім.
Кәрекең де мені кермей тұрып шығармам арқылы біліпті.
1965-ші жылдың күзінде тағдыр айдап Жамбылға келдім. Қосағым Жамбылдың қызы болды. Курстасым Жорабай Молдақұловтан басқа жан адамды танымайтын қала тұрағыма айналды. Қалтада диплом, ойда жігер, бойда қуат бар, жұмыс жоқ. Бану - жетім қыз, енем - жесір кемпір, мен жетілмеген, жігіт, бізді елер ешкім болмады.
Мен - университетте оқып жүргенде бір кітабым, әскерде қызмет етіп жүргенде екінші кітабым шыққан жас қаламгермін.
Жұмыс іздеп таба алмай, шаршап келсем, Жорабай: «Әлеке, бүгін сағат 5-те облыстық «Еңбек туы» газетінің жанындағы әдеби бірлестіктің отырысы өтеді. Соған кел» деген тілдей қағаз тастап кетіпті почта жәшігіне. Уақыт 5 болып қалған, екі өкпемді қолыма алып ұштым «Еңбек туына». Сонда мені асықтырған әдебиет деген жалғыз сөз еді. Сөйтсем мен тағдырыма асығыппын. Жамбылдық әдебиетшілер мені жылы қарсы алды. Әсіресе, Кәрім Баялиев сергектік танытты: - Түрген жақты жазғанға Алматы облысының баласы екен десем, - деген сөзі жүрегімді елжіретті. Кәрекең менің «Қос тентегімді» оқыған болып шықты. Жас жазушыны біреу шығармасы арқылы танудан асқан бақыт бар ма? Оның үстіне Кәрекең іш тартып, жағдайымды сұрады. Жұмыссыз жүргенімді біліп, облрадиокомитетте бір орын босайтынын, бастығына айтып, қызметке қабылдатуға әрекет ететінін айтты. Бәрі солай болды, мен облыс журналистері мен жазушыларының сапына қосылдым. Содан бері, міне, табаны күректей 32 жыл өтіпті. Содан бері Кәрекең аға, мен іні болып сыйластығымыздан айнымай өмір кешіп келеміз. Журналистік, жазушылық қызметте де қатар ұшып барамыз. Кәрім Баялиев - бар бақытын туған жерден, Тараз топырағынан тапқан адам. Кәрім - ауыл баласы. Билікөл жағасындағы кішкентай ауылда туған, Алматыда оқып заңгер мамандығын алған, содан бергі жердегі барша саналы өмірі туған жерінде өтіп келеді. Мамандығы бойынша біраз қызмет етіп барып журналист болған, қолына қалам алған. Сөйтіп Кәрекеңнің әдеби шығармашылықпен айналысқанына 50 жыл болыпты. Бұл жылдар ішінде ол өз замандастарының тұтас бір шоғырының образын жасап, он үш кітап шығарды. Кәрім Баялиев - әр сөзін орнымен сөйлейтін, әр іс-қимылын біліп жасайтын басалқалы адам. Жоғарыда аталған алғашқы жинағын жас жазушы тектен-тек «Жол үстінде» атамаған. Өмір - жол, адам - жолаушы. Мына жерде жол - әдебиет, жол үстіндегі - Кәрекеңнің езі. Недесекте, Кәрекең алғашқы кітабында меңзеген өмір жолы, әдебиет жолы үстінде ел қатарлы өмір сүріп, қолынан қаламы түспей жемісті еңбек етіп келеді. Кәрім жазған кітаптардың бастыларын атасақ, «Жол үстінде», «Адам ізі», «Дегелек келді, жаз болды», «Нөсер», «Жер тынысы», «Жасарған Жамбыл жерінде», «Ар жазасы», т.б. болып тізіледі. Ал, егер осы кітаптардың әрқайсысына екі-үштен хикаят, әлденеше әңгімелері енгенін есептесек, жазушының көп-көп көркем дүние туындатқанын аңғарар едік. Кәрекең бірнеше драмалық шығармалардың да авторы. Жамбыл, Шымкент, Қырғызстанның Ош облыстық драма театрларында оның тиісінше «Оралу», «Атаң келеді артыңда», «Қос дегелек» пьесалары қойылған. «Қайта сайлау» деп аталатын комедия да жазды.Кезінде мен Кәрекеңнің бұл кітаптарын жеке-жеке талдап пікір айтқанмын. Ендігі сөз басқаша. Өмір өзгерді, мұрат басқа болды. Кешегі қызыл империя кезінде асыл деп аспандатқанымыз жасық, жасық пен күстаналағанымыз асыл екен. Әдебиет - өмірмен өзектес өрбитін процесс. Адам - өз заманының перзенті. Заманына адал қызмет еткен перзент абыройлы. Ал, жазушы -заманының ақылды, ойлы перзенті. Ендеше заманына қызмет ету жазушы мұраты болмай қайтпек?... Қазір ғой кейбір көкезулердің: «Мен бәрін білдім, таза әдеби шығарма жаздым», - дейтіні. Ештеңе жоқ, бәрі коммунизм мұраттарына беріліп, соған қызмет етіп жазған. Тіптен, ұлы Әуезов те сөйткен, «Өскен өркенді» жазған. Осы тұрғыдан келгенде Кәрекең, сөз жоқ, көп іс тындырған. Республикамыздағы майталман радиожурналистердің бірі атанған Кәрім Баялиев қазақ радиосының біздің облыстағы меншікті тілшісі болған жылдар есімізде. Кәрім Баялиевтің бұл салада қайран боларлық қызмет атқарғанын ерекше атап өткен ләзім. Ол табаны күректей 28 жыл бойы Жамбыл өңірінің тыныс-тіршілігін ертелі-кеш республикалық, ара-тұра Одақтық эфир арқылы жария етіп тұрды. Қазақ журналистері арасында алғашқылардың бірі болып «КСРО-ның құрметті радисі» атағына ие болды. Ұмытылған жоқ, ертелі-кеш радио құлағын бұрасаңыз, әдеп Кәрекең сөйлеп жатар еді. Сонда өң бір келіскен хабарларды жария ететін. Мұның бәрін ол қалай табады, жауабы оңай, облыс өмірінің қан тамырын қолдан шығармай, ұстап отырады. Осындай сергектікті ол әдеби шығарма жазғанда да танытты. К.Баялиев шығармаларының аты да, заты да өмірмен үндес. Мысалға, «Адам ізі» хикаятын алайық. Жамбыл жерін түлеткен, жаңадан екі қала - Қаратау, Жаңатастың салынуына, Таразды толыстыруға, елімізде астық молшылығын жасауға игі ықпал еткен Қаратау фосфорит кенін игерушілер өмірі арқау болған бұл шығарма тақырыбының актуальділігімен ғана құнды емес, жазу шеберлігі, тіл шұрайлылығымен де ерекше. Кәрім Баялиев-өмір сырына терең үңілу замандастарымыз- дың күрделі ой-сезімдерін зерттеп, маңызды әлеуметтік, адамгершілік мәселелерін көтеру жөнінде жемісті еңбек етіп жүрген қаламгер. Мұның жарқын мысалын жазушының «Мейірім» атты кітабына енген шығармаларынан келтіруге болады. Кітаптағы «Тойбастар» хикаятының басты кейіпкерлері - Еркін мен оның жұбайы Несіп біздің замандастарымыз ретінде жақсы бейнеленген. Озық ойлы, ізденгіш құрылысшы жігіт Еркін тойлар мен сауық кештерін басқару талантымен жұрт көзіне түседі. «Белгілі тамада» атанған Еркіннің көзімен адамдардың бір-бірімен аралас-құраластағы тоғышарлық батыл айыпталады. Босдаңғазалық, ысырапшылық, байлықтала-стыру адамгершілікке сыйыса ма? Көңілді, мәдениетті Демалудың орнына өмірін арақпен улайтындардың кездесуі неліктен? Еркін мен Несіпті осы сауалдар толғандырады. Жазушы шығармасының бұдан көп бұрын жарық көргенін, онда көтерілген мәселелердің қазіргі күнде де өте өткір қойылып отырғанын ескерсек, Кәрекең шығармаларының өміршеңдігіне тәнті боласың. Салуаттылық жолындағы ізгі ойлардың осы шығармаға негіз болғандығы көп нәрсені аңғартады. Жазушы адамдардың жан, тән тазалығының кеміп бара жатқанына сол кезде-ақ қатты қынжылған. Қаламгер өмірден кеш ілгері алда жүру керек дейтін пікір үдесінен шығу деп осыны айтса болар. Біздің тағы бір байқағанымыз, өмірден көрген-білгені мол жазушы белгілі бір характерлерді сомдауда жанды материалдар-ды шебер пайдаланады. Жазушы - өз заманының жыршысы. Кәрекеңнің туындылары өмірдің өзінен ойып алғандай әсер береді. Өмірде орын алған көріністерді Кәрекең шыншыл суреттейді. Мысалға «Нөсер» повесінің басты геройларының бірі Паңбай Шыныбековті алайық. Оның мамандығы - агроном. Еңбегі жанған маман аудандық ауыл шаруашылығы өндірістік басқармасына бастық болады. Ол қалың қауыммен енді жиындарда ғана көрісіп, биік мінберден тіл қатады. Істің жайын ақпар, рапорт арқылы ғана біліп, сонымен бағалап шешумен тынады. «Басшылық деген мінбеде сейлей білу екен» - деп ой түйеді Паңбай. «Ол мінберге шығып алса, үні ашылып, жігерленіп жүре беретін болады» -дейді автор. Міне, бұл бәріміз қазір де қүтыла алмай отырған кәдімгі бюрократтық, даңғазалық көріністерінің езі емес пе? Жазушының мұны уақытылы кере білгені, бейнелей алғаны қандай жақсы! Ең болмаса, бір бюрократ кеміген шығар. Ешқандай уақытқа бағынбайтын, қай қоғамның, қай кезқарастың, қай идеологияның адамы болмасын, сүйіп оқитын таза әдеби шығармалар болады. Осындай, коммунизм мұраттарын емес, адамгершіілк атаулыны асқақтататын таза әдеби шығармалар Кәрекеңде де аз емес. Кәрекеңнің бізге өзінен бұрын жеткен Шал мен баласы туралы әңгімесі, «Жылы лебіз», «Дегелек келді, жаз болды» хикаяттары - оқығанды ойландыратын, ізгілікке бастайтын шығармалар. Кәрім Баялиев - үлкен очеркші қаламгер. Бұл ретте жазушының «Жер тынысы», «Жасарған Жамбыл жерінде» атты очерктер кітаптарының орны бөлек. Бұл екі кітапта замандастарымыздың автор жасаған бейнелерінің үлкен шоғыры бар. Олар журналист-жазушы шеберлігінің айшықты бедерін аңғартады.Жазушы соңғы кезде жаңа қырын байқатты. Бұрын өзі заң қызметінде істеген Кәрекең прокуратура тергеушілерінің өмірінен «Ар жазасы», «Бөтен бала» деген хикаяттар жазды. Бұл туындыларында автор біздің қоғамымыздағы адамгершілік мәселелері, кісіні қуаныш пен құрметке бөлейтін адал еңбек төңірегінде ой толғайды. Жазушы адамның рухани саулығы, бақытының бағасы сияқты тақырыптарды қозғайды, енжарлық пен тоғышарлықты шенейді, озбыр, дүниеқұмар, ұсақ мүдделі жандардың қуыс кеуделілігін шегелеп айтады. Біздіңше, жазушы тақырыбын тауып отыр. Жазушы шығармасы - оның болмысы. Заң қызметін білетін жазушы бізде некен саяқ. Осының өзі-ақ Кәрекең алдынан кең көкжиек ашқан. Бұл шығармалар туынды табиғатын танитындар тарапынан қазақ әдебиетіндегі детективтік жанрда жазылған көркемдік өресі биік дүниелер деп бағаланды. Юрист-жазушы «Қасапшы» деп аталатын хикаят та жазды. Кәрекең мұнда нақты қылмысты оқиғаларды тергеу барысында жұмбақ түйіндерді шеберлікпен шешетін заңгерлер мен өмірлік мұраттарды теріс ұғынған жандар арасындағы ақыл-ой тартысын шырқау биікке көтереді. Қазіргі нарықтық қатынастар заманында қылмыстың өсуі, адамдардың қатыгездігінің күшейуі себептеріне барлау жасалынады. Құқық қорғаушылар өмірін жақсы білетін жазушы олардың өмірі жайлы жазуды ерте бастағанда, әлбетте, көп тындыратын еді. Құқық қорғаушылар өмірі жөнінде үнемі ізденіс үстінде жүрген, өмірде болып жатқан құбылыстардың титтейін де елеусіз қалдырмаған қаламгер үш бірдей хикаяттың басты кейіпкері Әбен Ерімбетовті детектив жанрындағы жаңа төртінші хикаятына ауыстырып отыр. Әлем әдебиетіндегі Шерлок Холмс, комиссар Мэгре сынды қылмыс әлемінің білгірлері Ерімбетов бейнесі арқылы қазақ әдебиетінде де пайда болды-ау деп ойлаймын мен. Тек, өкініштісі, оларды оқып, бағалайтын адам аз. Керекең өз заманының адал, абыройлы азаматы, өсіп-өнген отбасы иесі болып емір кешіп келеді. Дипломды заңгер ретйнде еңбек етіп, облыстық әділет басқармасы бастығының орынбаса-ры деңгейіне дейін көтерілген. Өзінің ең әдемі, қажырлы жылдарын журналистикаға берген. Ал, жазушылықпен елу жыл айналы-сты. Абырой-атақтан да кенде емес, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
ЖАҚСЫ АҒА Белгілі өнер зерттеушісі, ұлағатты ұстаз, отбасы иесі. Кімдерге арналып айтылмаған бұл сөздер. Бұл сөздерге лайықадам бұрын да болған, қазір де арамызда жүр. Сөйте тұра бұл сөздер Яхаңа, Яхия Шынәсілұлына арналып айтылғанда ерекше реңк алып, шын мағынасына ие болады. Өмірде бетінен нұры таймайтын, иманымен, ибасымен ерекшеленіп тұратын адамдар болады. Біздің Яхаң - сондай адам. Яхаңды бұлай ететін ұлы күш жоғарыда біз атаған анықтауыштар. Алдымен ол - белгілі театр сыншысы, зерттеуші. Мұндай болу Яхаңның арманы еді. Сол арманға жету үшін Яхаңа өмірдің небір бұралаң жолдарынан өтугетура келді. Ал, өмір Яхаң құралпыларды еркелеткен жоқ. Осыдан дәл жетпіс бес жыл бұрын, яғни, 1920 жылы қыркүйек айында қазіргі Байзақ (Свердлов) ауданындағы Теспе ауылын-да дүниеге келген сәби Яхия бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпай жатып әкесінен айырылды. Жеті жетімекпен қалған шешесі оны Қостөбедегі балалар үйіне тапсырды. Бұл кәдімгі Қазақстанда «Кіші Октябрь» орнатушы Голощекиннің «құдіретімен» келген наубет жылдары еді. Жетім бала түгілі жетіскен баланың көбі жер жастанған сол қиямет-қайымнан аман қалғанына өзге тұрмақ өзі де таңданады бүгінде Яхаңның. Көрер күн өшпеген, татар дәм таусылмаған екен, жас өскін өмір өріне қарай өрлей берді. Об-лыс орталығындағы Жамбыл атындағы орта мектепті үздік бітірді. Он құрсақ көтеріп, замана зауалына соның алтауын берген анасы Сапаркүл медет күтіп, қолқалап үйлендіргенде Яхия 19-да, алған жары Райкүл 17-де еді. Әскери комиссариаттағылар сен жаңа үйленгенсің, жар қызығын көр, шешең байғұстың қолын ұзарт, жетім бауырларына пана бол дегенді білуші ме еді, оны әскерге шақырды, Яхияға анасына басу, жарына жалынарлық сөз айтуға тура келді. Ел қатарлы қызмет ету - міндет. Еркек кіндіктің еншісі - осы. Бәрі көнді, құдай ертерек қауышуға жазсын деген тілек-токтам болды. Сөйтсе ер жігітке етігімен су кешу, жарға сарғайып күту еншісі тиген екен. Жауынгер Яхия Шынәсілов Екінші дүниежүзілік соғыстың алапат майданында болып, өз замандастары көрген қиындықтың бәрінің дәмін татты, әлденеше рет жарақат алды, кеудесіне орден, медальдар тақты. Соғыс, әлбетте, жерді жүдетті, сонымен бірге оның от-жалынды күндері, небір ауыртпалықтары адамдарды керемет-тей шындықтырды да. Кешегі балаң жігіттер есейіп, атпал аза-мат болып оралды, сағыныш сарғайтқан келіншектердің ақ білегі қайта асылды жар мойнына. Шейіт болғанға амал қайсы, аман қалғандар жапа-тармағай өмір сүруге лап қойды. Кешегі жауынгердің жалаулаған көңілі жайбарақат тапты. Алда ұзақ өмір жатты. Зерек жігіт оқысам, білсем, мамандық алсам, сөйтіп барып еңбек етсем деген ойға кетті. Сөйтті де Ташкентке жол тартты, мақсаты - тарихшы мамандығын меңгеру еді, бірақ ол жаңа ашылып жатқан өнер институтының театр сыны факультетіне құжатын тапсырды. Институт қабырғасында өткен жылдарда Яхия әдебиет пен енерді мейлінше меңгерді. Институтты үздік бітірді, қазақ драматургиясы жайлы қорғаған диплом жұмысы ерекше бағаланды. Сол кезде бұл жайлы «Правда» газетінде хабар жарияланып, Я.Шынәсіловтің Ташкент театрөнері институтынан театр зерттеушісі мамандығын алып шығып отырған Қазақстанның тұңғыш өкілі екендігі атап жазылды. Ойы анық, жазу бояуы қанық жас маманға Москвадағы А.В.Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтының аспирантурасына жолдама берілді. Тапшылық кімді табандатпаған. Әкеден ерте айрылған, соғыстың от-жалынынан өткен, үйленген, үбірлі-шүбірлі бола бастаған Яхаңа қызметке араласудан басқа жол жоқ еді. Республикадағы мекен-саяқ мамандық иесін Министрлер кеңесі жанындағы өнер басқармасы, Қазақстан Ғылым академиясы қызметке шақырды. Бәріне рахмет айтуға тура келді. Жамбыл қаласында жаңа ашылып жатқан мәдени ағарту училищесінде эстетика және өнер саласының оқытушысы болып жұмыс істей бастады. Осы жерден енді біздің Яхаңды ұлағатты ұстаз ретінде әңгімелеуі басталуы тиіс еді. Оны сәл қоя тұрып, алғашқы әңгімемізді аяқтап алайық. Яхия Шынәсілұлы - театр енері, драматургия туралы түрлі газет-журналдарға 200-ден астам сын, зерттеу мақалалар жазған автор. Бұл айтар ауызға оңай, әйтпесе, көзмайын тауысып сан спектакль көріп, пьеса оқып, пікір түйіп, олар жөнінде ұғынықты да түсінікті тілмен төгілтіп жазу, соның бәрінде қара қылды қақ жарған әділдік таныту - қиынның қиыны. Мен осылардың бәрінде де Яхаң ешкімді пір де, кем де тұтпай шын сөзін айтты десем, ешқандай артық кетпеймін. Әдебиет пен өнердің бір пұшпағына үнемі қолымыз тиіп келе жатқандықтан жақсы білемін. Яхаң өзі көркемдік кеңесінің мүшесі болып жүрген театр спектакльдерін қабылдау, қойылатын пьесаларды оқу кезінде шешімді сөзін айтады. Өз басым Яхаңның пікірлерінің талас туғызғанын көрген емеспін. Яхаңның айтқанына автор да, қоюшы да, орындау-шы да тоқтайды. Неге? Аса білікті маман, терең білімдар адам шығарманың да, қойылымның да тамырын дәп басып, тағдырын тануда жаңылыс басып көрген емес. Жалпы бұл Яхаң - өмірден әділдіктің ақтуын ұстап өтетін, адал жолдан айнымайтын, өкінішке орай, қазір шанда бір кездесетін кісі. Қазақ драматургиясы мен театрына жетік, ал біздің облыстық драма театрын киім ілгішінен, сахнасына дейін бес саусағындай жетік білетін Яхия өзінің жақсы ағасы Қазақстанның халық әртісі Шәріпбай Сәкиевтуралы «Мәртебе» атты повесть-зерттеу жазып, 1993 жылы «Өнер» баспасынан жарқыратып тұрып шығарды. Егер Сіз бұл тамаша кітапты оқып шықсаңыз, тума талант Шәкеңнің бала шағынан бастап, өнегелі өнер өріне көтерілуіне дейінгі жо-лын түгел бағамдар едіңіз. Бұл кітап - сонымен бірге өнердің қара шаңырақтарының бірі - Жамбыл облыстық қазақ драма театрының қаз тұрған күнінен бүгінгі өріне дейінгі тарихының жылнамасы. Шәріпбайдай таланттың өмір сүргені, оның өнер құдіретін осыншама тебірене түсініп жазатын қалам иесінің болғаны қандай жақсы еді. Яхаң бүгінле жамбылдық қаламгерлер жазған драмалық шығармалар, олардың қойылымдары жайлы көлемді еңбек жазып жүр. Көңілдес, пікірлес адамдар ретінде бұл туындының алғашқы тарауларын оқығанымыз бар. Театрдың білгірі оны тереңнен тартып, әдемі өрнектеп жазып жүр екен. Кітап оқырман қолына ерте ме, кеш пе бір тиер. Нарық-парық деп жатпай, игі іс тындыруға бекініп, бұл адамның қолға алғанын аяқтап шығатынына біз кәміл сенеміз. Ол бастағанын жарты жолда қалдыратын адам емес. Яхия Шынөсілұлының қажыр-қайратын, білімін мейлінше мол жұмсаған қызметі - ұстаздық. Өмірінің отыздан астам жылын арнаған бұл салада Яхаң бар болмысымен жарқырай керінген. Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің оқу ісін меңгерді, болашақ енер қызметкерлеріне дәріс берді. Егер адамның еңбегі марапат қағаздарымен, сыйлықтармен өлшенеді десек, Яхаңа оның сан түрі берілді. Ең бастысы - Яхия Шынәсілұлы мәдени-ағарту училищесі ұстаздар қауьімының аса сыйлы адамы болды. Бұл құрметке ол бір кезде езінің қызметтесі Н.Самороков жазғанындай, ғұлама білімдарлығы мен іскерлігімен, ізеттілігімен, принципшілдігімен ие болған еді. Шынында, Яхаң - осы сипаттамалардың бәріне әбден лайық адам. Шет жағасын өзіміз де көргенбіз, ол ортада. Яхаң айтқан сөз алға озып, пікірлері шешімді нүкте қоюға ұласар еді. Мамандығының қыр-сырына қанық, ойы озық, білімі мол, ісін беріле атқаратын, адамгершілігіне қылпық түсірмейтін, мейлінше әділ, әріптестерінің жақсысына шын жүрегімен қуанып, жаманына жирене білетін адам неден қаймықсын, бәріне қатаң талап қоятын. Олосы қасиеттерімен тұлғаланатын. Ұстаздар да, шәкірттері де осы бір арлы адамның алдында ұятқа қалмасам дейтін ұлы қасиетке ұмтылатын. Қазір солардың барлығы дерлік Яхаңның талапшылдығы нәтижесінде алға талпынғандығын қуана әңгімелейді. - О-о, ол кісі - ғажап педагог - дегені бар бізге бірде Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, белгілі күйші-сазгер Әбдімомын Желдібаевтың. Сахнаның белгілі шеберлері Оразғали Әбділмановтың, Әлібек Әмзеевтің, Гүлбаршын Өскенбаеваның, Аманкелді Сембиннің, Алтынбек Қоразбаевтың, Ерсайын Тәпеновтың және басқалардың да ұстаздары туралы айтары тек осындай алғыс пен ізетке толы сөздер екеніне өз басым еш күмән келтірмеймін. Біз достас болған училищенің сол кездегі ұстаздары Садыхан Әубәкіров, Бағдат Шайкеновтер де Яхаңды әкесіндей сыйлайтын, аяғын ша-лыс басуға қаймығатын. Ұстаз өмірі шәкіртімен жалғасады. Яхаңның шәкірттері, оның өнер-білім деп төккен терін өтеді. Қазіргі әдебиет пен өнердің барлық саласында жемісті еңбек етіп жүрген сан-сан қызметкерлер тұлғаға айналған азаматтар кезінде тал ант қайнарын Яхаң ашқанын ұмытпайды, жақындағылары амандасып, алыстағылары хат жа-зып, хабарласып тұрады. Өмірдің сан тарау соқпағынан жол табуды сұрайтындары да бар. Ұстазға бұдан артық мерей болған ба! Яхаң - сүттей ұйыған үлкен отбасының иесі. Анасының айтқан тілін алып үйленген жары Райкүл екеуі алты бала тәрбиелеп өсіріп, олардан жиырмаға тарта немере сүйіп отыр. Солары кәдімгі адамға тән қуаныш, реніш әкеледі. Асқар әке, абыз ата бәріне жөн сілтеп, билеп-төстеп отырады. Адамға бұдан асқан бақыт болған ба? Біздің бүгінгі әңгімемізге арқау болған сексеннің сеңгіріндегі Яхия Шынәсілұлы әлітың,бауырында-балалары, аузында-тағылымы, қолында - қаламы, Яхаңды нұрландырып, қажырландырып, ша-быттандырып отырған үщ қайнар кез - міне, осылар. ӨРЕЛІ ӨНЕРШІ Қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл есімімен аталатын облы-сымыз таланттан кенде болып керген емес. Арғыны айтпағанда, кешегі Кенен, Бауыржан, бүгінгі Шерхан, Әкім, Күләш, Асанәлі, Тұңғышбай - қазақ әдебиетін, енерін бұларсыз кезге елестете ал-майтын тұлғалар. Талантты енерші қауымның бір топ өкілі қазір де ез туған жерінен табан аудармай еңбек етіп жүр,Солардың бірі - Қазақстанның мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, КСРО киноөнерінің үздігі, театр және кино режиссері, қаламгер Тұрар Дүйсебайұлы. Түрекең бүгін жетпіске толып отыр. Жетпіс - бұл біз жасап көрмеген жас, дегенде, байқаймыз ғой, жетпіске адам әжептәуір ентігіп жетеді. Ал, біздің Тұрекең жігіттей. Әлбетте, уақыт өз дегенін істемей қоймайды: бір кездегі тұтасқан қара шаш сиреген, гүлдеген, қайрат теуіп тұратын сом тұлға босаң тартқан. Сон-да мен жігіттей деп неге айтып отырмын, ол - Тұрекеңнің ерен еңбек қорлығын, шығармашылық құштарлығын мойындауым, бұл тұрғыда оның өзінен үлкеннен де, кішіден де еш кем соқпайтынын алға тартқаным. Мен Тұрекеңді соңғы жиырма жылдың бедерінде білемін. Жамбылда біз атжалын тартып мініп, қоғамдық-рухани өмірге белсене араласа бастаған тұста Тұрар Дүйсебайұлы Алматыда жүр екен. Сонда Жамбыл театрында мықты бір режиссер болғаны, оның бозым жігіт екені жайында өң бір әдемі әңгімелер айтылатын. Жүрек түкпірінде сол бір режиссерді көрсем-ау, таныссам-ау дейтін бір ынтазарлық оты маздайтын. Сөйтіп жүргенде Тұрекең өз театры-на директор болып келді. Содан бері біз ағалы-інілі адамдардай сыйласып келеміз. Жеке өмір дейсің бе, өнердегі өмір дейсің бе, аралас-құраласпыз. Тұрекең сол Жамбылға оралған алғашқы жылдары театрда балаларға арналған спектакль жоқ екенін айтып, сол олқылықтың орнын толтыру үшін маған пьеса жаз деп қолқа салды. Мен құп алып, «Шаншар атай» атты комедия жаздым. Комедиям Тұрекеңе ұнап, министерлікте қабылдату, репертуарға енгізу дейтін мехнаттың бәрін өзі көріп, өзі сахналады. Мен әдебиетті жақсы түсінетін, өнер десе алған бетінен қайтпайтын күрескер адамға кез болдым. Комедиямды өзіме де билетпей, жандырып, жарқыратып қойды. Көрермен керемет қуана қарсы алды, бүкілодақтық, республикалық, жергілікті баспасөз құралдары бірауыздан мақтай жөнелді. Шын мәніндегі өнертуындысы өмірге келгенін тамсана жазды. «Шаншар атай» балалар мен жастарға арналған сахналық қойылымдардың бүкілодақтық байқауында бас бәйгеге ие болды. Үлкен кеңес энциклопедиясының жылдық кітабына шықты. Менің драматург ретіндегі қадамым осылай басталып еді. Қазір осы бір ерен оқиғаны Тұрекең де, мен де аса разылықпен еске алып отырамыз. «Шаншар атайды» Тұрекеңнің сонша сәтті қоюында үлкен сыр жатыр. Тұрар да менің кейіпкерлерім тәрізді арманшыл, еңбекқор бала болған, Шаншар атай тәрізді ұлағатты қарияның алдынан қия өтпеген, солардыңөнегесімен өскен. Ақыл айтып, жөн сілтерәкесі, асты-үстіне түсіп аялаған шешесі болған. Тұрар ат жалын тартып мінгенде алдында өмірдің тарау-тарау жолы жатқан. Дүйсекең қария баласын інісі Нұрбайдыңжолына салғысы келіп, заң оқуына түс деген, отағасының айтқанына мақұл марқұм шешесі Күлжан мұны құп керген. Әке сөзін екі етуді білмейтін жас Алматыдағы заң оқу орнына түскен де тастап кеткен. Осы тұста Жамбыл театрының директоры болып істейтін немере ағасы Төленді: «Сенің тегі өнерге икемің бар. Ташкентте жаңадан ашылған театр өнері институтының режиссерлық факультетіне бар» - деп кеңес береді. Ағасы директор Тұрар театр спектакльдерінің бірін жібермей көретін. Алдар көсе, Қобыланды батыр тәрізді халықтың аяулы ұлдарының сахналық бейнелері албырт жасты бейтарап қалдырмайтын. Осылардай болсам-ау, осындай алып тұлғаларды өзім де жасап, халық кәдесіне жаратсам-ау дейтін бір арман қылаң беретін. Сол мүмкіндіктің туғаны ғой мынау. Өзі пір тұтатын Шәріпбай, Мұқаметқали, Жомарт, Саралармен өнерлес болады бұл оқып шықса. Балаң жігіт енді Ташкенттегі өнер институтынан бірақ шықты. Институттан режиссерлық мамандық алып, 1953 жылы Алматыдағы республикалық жасөспірімдер театрында Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы спектакльді қойып, дипломдық жұмысын үздік қорғаған Тұрекең содан бергі 45 жыл бойы қазақ театрында, кино өнерінде, әдебиетінде жемісті еңбек етіп келеді. Мәдениет министрлігі Тұрар Дүйсебайұл ын сол 1953 жылы Жам-был облыетық қазақ драма театрына бас режиссер етіп жіберді. Осы жерде айта кету керек, Тұрар біздің театрда тұңғыш, ал республикада қазақ жастары арасындағы төртінші дипломды режиссер болды. Жамбыл театрында істеген жылдары білімді де талапшыл режиссер көрермендерге көркемдік дәрежесі биік көптеген спектакльдер ұсынды. «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Ер Тарғын», «Аршын малалан», «Ақан сері - Ақтоты», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Иванов». Тұрар Дүйсебайұлы қойған бұл спектакльдер Жамбыл театрының тарихына алтын әріптермен жазылды. Тұрекең бұдан кейін бірер жыл Гурьев облыстық драма театрында бас режиссер болды. Мұнан соң ол «Қазақфильм» кино-студиясына қызметке шақырылып, сонда ұзақ жылдар жемісті еңбек етті. Қазақ кино өнерінің көшбасшысы Шәкен Айманов бұл салада білім алған қазақ кадрлары аз болғандықтан, театр мамандарын тартқан еді. Солардың бірі - осы Тұрекең. Шәкен мен Тұрар ағалы-інілі адамдардай сыйластыктан танбай, өнер өріне бірге өрлеген. Қазірде Тұрекең: «Менің ¥лы ұстазым - Шәкен Ай-манов, - деп отырады. Тұрар Дүйсебайұлы - кино өнеріндегі шағын жанр-құжатты фильмдер шығаруға маманданған режиссер. Құжатты фильм түсіру - көркем фильм түсіруден машақаты бір мысқал да кем емес ауыр тірлік. Ел өмірі, адам тағдыры құжатқа құрылған, шындықтан тұратын фильм жасау режиссердан мол білімдарлықты, жетік кәсіптік шеберлікті талап етеді. Тұрар Дүйсебайұлының «Мұхтар аға» атты құжатты фильмі жөнінде¥лы Әуезовтың тұлғалы шәкірті академик Зейнолла Қабдолов: «Тұрар, мына дүниең үшін саған филология ғылымының кандидаты атағын берсе, артықтық етпес», - деген екен. Тұрекеңнің «Бейімбет Майлин», «Сәкен Сей-фуллин», «Біздің Күләш», Алма Оразбаевыа жайлы «Дәуір үні» атты құжатты фильмдері халқымыздың аяулы ұл-қыздарының кесек тұлғаларын кемел сомдаған шығармалар болса, «Шұбартау Оттары», «Тракторшы қыздар», «Өнерде өскен өмір», «Туған мекенің», тағы басқа туындылары - өз заманына қызмет етудің үлгісі. Тұрекең - өзі туып өскен Жамбыл облысының киношежіресін жасау жолында көп тер төккен өнерші. Талас ауданындағы «Талас» кеңшары шопандарының, Меркі ауданындағы Киров атындағы ұжымшары қызылшашыларының жасампаз еңбегі Тұрар Дүйсебайұлы түсірген ленталар арқылы сол кезде республика, одақ еңбеккерлеріне үлгі ретінде ұсынылды. Жамбыл қаласы туралы түсірілген фильм Орталық телевизия экранына шықты. Бұларға облыстың атақты адамдары Б.Кейкиев, М.Әшіров, А.Костянкин, Т.Мүсірәлиев, Қ.Шотбақов туралы құжатты фильмдерді қоссақ, Тұрекеңнің қаншалықты игілікті іс атқарғанын аңғару қиындыққа түсе қоймас. Құжатты киношы Тұрар ағасы жөнінде қазақтың белгілі ақыны Жақсылық Сәтібеков былай дейді: «1963 жылы сол кездегі Оңтүстік өлкесінің орталығы Шымкент қаласында өлкелік ақындар айтысы өтті. Сол айтысты киноға түсіру ұйғарылып, Алматыдан режиссер Тұрар Дүйсебаев бастаған топ келді. Айтыстан кейін режис-сер өзіне қажет деген бір топ ақынды бір ай бойы әуре-сарсаңға салды. Ақыры «Айтыс» атты екі белімді фильм дүниеге келді. Өзімізді өзіміз, дос-жарандарымызды экраннан көргенде төбеміз көкке жете қуандық». Міне, Тұрар Дүйсебайұлы - осындай, өз өнерімен елге қуаныш сыйлаған өнерші, режиссер. «Қазақфильм» киностудиясында еңбек еткен жылдары Тұрекең құжатты фильмдер түсірумен ғана шектелмей, көркемсуретті ки-нофильмдер жасауға да белсене атсалысыпты. «Алыстағы тауда», «Менің атым Қожа», «Менің арманым», «Сенің достарың» атты көркемсуретті фильмдерге екінші режиссер болған. Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Меніңатым Қожа» повесі бойынша түсірілген фильмнің Бүкілодақтық, халықаралық фестивальдарда жеңімпаз атануында Тұрекеңнің де қолтаңбасы болғанына мақтансақ керек.Әдебиет пен өнер адамы еш уақыт екі қолын алдына салып қарап отыра алмайды. Ол -жасампаз. Ал, жасампаз өмір бойы іс үстінде болады. Әсте тынымы, тынышы жоқ өмір кешу жазылған пешенесіне бұл жұрттың. Соның айқын бір мысалы - Түрекең өмірі. Түрекең зейнеткерлікке шыққалы он жыл болды. Осы он жыл ішінде осы адам, режиссер, қаламгер атқарған істерді сара-лар болсақ, оның бүрын жасағаны көп пе, кейінгісі көп пе мәре-сәре күй кешер едік. Өйтіп бас қатырып қайтеміз, Тұрағаңның жасампаздығына, үнемі іс-әрекет үстінде жүретіндігіне дәлел ретінде оның соңғы жылдары «Тараз-Тұрарфильм» атты жекеменшік киностудия ашып, фильмдер шығара бастағанын айтсақ та жеткілікті болар. Тұрекең 1990 жылы «Мосфильмнің» тапсыруымен «Қырғызфильм» киностудиясының режиссері Бақыт Қарақұлов түсірген «Ат үстінде мығым бол» фильмінің сценарийін жазды. Енді жекеменшік студиядан сценарийін өзі жазып, өзі түсірген фильмдер шыға бастады. Бұл ретте оның республика, ТМД елдері экрандарын аралап кеткен. «Апиын», «Жыртқыштар» көркемсуретті фильмдерін айтқан ләзім. Тұрар Дүйсебайұлы жетпісіне дені сау, шығармашылық шабыты шалқар шағында келіп отыр. Дәл осы айтулы күн қарсаңында заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Ұлыммен кездесу» әңгімесі бойынша пьеса жазып, облыстық драма театрының сахнасына өзі қойды. Бес беттік әңгімені елу беттік пьесаға арқау ету - Тұрекеңнің қарымды қаламгер екенінің айқын көрінісі. Бұл Тұрар - кезінде Сәбит Мұқановтың бес жүз беттік «Ботакөз», «Мөлдір махаббат», Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романдарын да елу беттік пьесаға айналдырған драматург. Сонда Сәбең: «Ә, Тұрар, неткен пәлесің сен! Менің көлдей романымды қайтіп қана сыйғыздың кішкентай пьесаға? Дұрыс, бәрі дүрыс, сен кілтін тапқансың шығарманың», - деп таңғалыпты. Театр заңдылығын жақсы білетін режиссер Тұрар Дүйсебайұлы қазақ қаламгерлерінің бұлардан басқа да біраз туындыларын сахна тілінде сөйлеткен. Ал Шыңғыс Айтматовтың «Бетпе-бет» повесі бойынша жазылған пьесасы әлемнің 86 театрының сахна-сында қойылды, солардың бесеуін Т.Дүйсебайұлының өзі қойған. Тұрекеңнің бұл жанрдағы өз төлтумалары да жетерлік, проза да жазады. Астанада тұрып еңбек еткен, ой мен өнердің алыптармен аралас-құралас болып, аяулы күндер өткізген Тұрекең қазақ зиялылары жөнінде үлкен эсселер кітабын баспаға тапсырып отыр. Саңлақ режиссер, қарымды қаламгер, үлкен азамат Тұрар Дүйсебайұлы туған халқымыздың рухани қажеттілігін өтерлік толымды туындылар беріп қарсы алып отыр жетпісін. Ол - үлкен отбасының иесі. Құдай қосқан қосағы, отандасқандарына елу жыл толған Зиякүл екеуі бес баласын ұяға үшырып, қияға қондырып, олардан он бір немере сүйіп отыр. Өнерде дәйімі өрге жүзіп, өмірде әмісе оза бер, Тұр-аға! «КҮМІС ҚОҢЫРАУ» СЫҢҒЫРЫ Бұл күндері өзінің ойлы да мазмұнды өлендерімен жақсы танымал болып отырған талантты ақынымыз Қадыр Мырзалиев әу баста балалар әдебиетіне қалам тартқан болатын. Бұл салада жемісті, енімді еңбек ете білген ақын жас оқырмандарына 6-7 жылдың көлемінде 8-9 кітап беріп үлгерді. Кейін балалар өдебиетімен қош айтысып, үлкен арнаға түсті. Ол мұнда да жеміссіз болған жоқ. Соңғы он жыл поэзиясындағы Қадыр үнін қазір әрбір оқырман жақсы біледі. Қадыр балалар әдебиетімен біржола қош айтыспапты. Ба-лалар жазушысы болып туған Қадырдың жуырда ғана кітап сөрелерінен балаларға арналған бір дүниесі - «Күміс қоңырауы» орын алады. Қадыр поэзиясын сыйлайтын үлкен-кіші ол кітапты қызыға оқуда. Кітаптың алғы сезінде былай делінген: «Күміс қоңырау» - сұрыпталған, іріктелген, сегіз-тоғыз кітаптың жаңа одағы, творчестволық он-он бес жылдың мәуелі жемісі. Бұл -жалғыз бөбектерге, балаларға, мектеп оқушыларына ғана емес, тәрбиешілерге, мұғалімдерге, ата-аналарға да арналған еңбек». Міне, Қадыр Мырзалиевтің «Күміс қоңырауы» осындай кітап. Онан сіз балаларға арналған өрнекті елеңдерді, мысалдар мен жұмбақтарды, жаңылтпаштар мен ертегілерді құныға оқисыз. Олардың тақырыбы сан алуан. Отанды, туған жерді сүю, татулық-достықты құрметтеу, еңбекшіл, епті, шыныққан шымыр, тапқыр болу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену - бәр-бәрі бала үғымына жеңіл, ойнақы тілмен әдемі бейнеленген. Алғашқы өлеңдердің бірін оқып керейік. Жалбыр-жалбыр жүні ұзын Жабағыдай Жөңкіген бұлт көк жүзін Жабады ұдай. Тұрамыз, Өтеді деп Нұр селдетіп. Кетеді тек Құр желдетіп. Шөлдеткенде алтын күн Егістікті Жауа алмаған бұлтыңның Несі мықты!!! Бұл «Бұлт» деген өлең. Бұлтты өркім әртүрлі жырлап келеді. Қадыр осылай жырлаған. Әзі сотанақ, өзі қуақы, ақылды бала тақпақтатып соғып тұрған сияқты. Сөзді қастарлейтін балаға жатта демесең де тіліне орала кететін әуезді өлең бұл. Қадыр табиғатты осылай жырлайды. Бәрі бала ұғымына жеңіл, табиғат сол бала болмысымен астасып, кірігіп кетеді. Кітапта баланың алуан түрлі мінез-құлқын бейнелейтін жырлар өте көп. Оның біреуі баланың аңғалдығын, біреуі жалқаулығын, біреуі салақтығын, біреуі сотқарлығын айтады. Жақсы, ізгі қасиеттерді арқау ететін жырлар да кеп. Бала психологиясын жақсы білетін ақын осылардың қайсысын жырға қосса да: «Қарағым, әйбет бол. Нағыз жігіт болып ес», - деп баланың маңдайынан сыйпап тұратын сияқты. Ешқандай «өйт-бүйт» дерекілігі, тап беруі жоқ әдемі айту ол. Әр елең баланы езінше ойлауға жетелеп, ақынның айтпағын езінше дамытып барып, лайықты қорытынды түюге бастайды. Бір кенеп ап тамағын, Бастады ағай сабағын. Есебімді көрді де, Шыта қойды қабағын. Мынауың не? Қатаңа Қояйын ба екілік. Ол «екіні» бұл жолы Қойыңыз, сіз атама. Екі-ақ шумақ шағын елең бұл. Үңіліп қарасаңыз кішкентай ғана қаратас, атан түйе кетере алмастың өзі. Сабағын өзі жасай ал-майтын жалқау, үй-ішінің кемегіне сүйенетін әздек, өз мінін шын-дап мойындайтын тоңмойын бала бірден келеді көз алдыңызға. Ақын оны жамандаған да, жақсылаған да жоқ. Бірақ оның кім екені белгілі болды да қалды. Енді ол бала жайлы, «анау-ақ, мынау-ақ»деп жатудың түкке қажеті жоқ. Ал жас оқырмандар үшін осындай қысқа, тұжырымды жазудың қажет екені көптен белгілі жайт. Бірақ сол бақытқа көп ақын-жазушының қолы жете алмай жүр, Ал Қадыр болса оны жақсы меңгерген бақытты ақын. Төрт түлік мал, хайуанат туралы бұрынғы-соңғы ақынның көбі жазған әлі де жазып жүр. Солардың біразы мысал өлеңдер, біразы сол жан-жануарларды балалар ұғымына түсінікті етіп, лайықтап жырлау болып келеді. Қадырда мұның екеуі де бар. Кадырдың хайуанаттары сондай-ақ ертегіге герой да болып кетеді. Қадыр хайуанаттар туралы көп біледі екен. Сонысын әдемі жыр өтеді. Оның бәрі баланың ой-өрісін кеңейте түсуіне мол мүмкіндік Қай баланың тілге жүйрік, ойға ұшқыр болғысы келмейді!? Ал оны шынықтыратын жаңылтпаш пен жұмбақ екені мәлім. Ендеше Қадыр «Күміс қоңырауда» мұны да ескерген. Ақын баланың өз түсінігіне жақын етіп жазады, жаңылтпаш етіп сөз ойнатады. Ызақор бұғып жатыр, Ашуын тығып жатыр. Пиязды ақын осылай жұмбақтайды. Әдемі емес пе. Қадырдың жұмбақтарының бәрі осындай ұтқыр да ғажап. Баланың өздері ойлап тапқан жұмбақ дерсің. Осындағы «ызақор» деген сезді тек бала ғана айтпай ма. Ендеше жұмбакты баланың өзі ойлап тапқан демеске лажың қалмайды. «Күміс қоңыраудағы» жаңылтпаштар - бұрын қазақ поэзиясын-да көп кездестірмеген жаңылтпаштар. Ісіңе сен кеш кіріссең, Тындырмайсың ешбір іс сен. Көбейсін атұстар, Болмасын атыстар. Болса мол атыстар. Қалмайды атұстар. Біз бұл екі жаңылтпашты тегіннен-тегін мысалға алып отырған жоқпыз. Қадыр жаңылтпашты бұрынғыша «Ей,Тайқарбай, қойыңды көк шағылға жай Тайқарбай» деген сияқты шым-шытырық сез жарысыдеп қарамай, оны ойға бағындырып, құдіретті етеді екен. Оны осы екі жаңылтпаштан жақсы аңғаруға болады. «Күміс қоңырау» шыққалы бері республикалық газет беттерінде бір қауым рецензия жарияланып үлгерді. Бұл әрине кітаптың құндылығынан деп білетін жәйт. Шынында, қазақ балалары, жалпы қазақ оқырмандары өте бір ақылды кітапқа ие болды. Ол - «Күміс қоңырау». Ол өмірдің сан-салалы тармағында өз үні -«Күміс қоңырау» сылдырын қақты, қаға бермек. Талантты ақын Қадыр Мырзалиевке алдағы уақытта да жас қауымды осындай кұнды дүниелерімен қуанта беруін тілейміз. ӨМІР - ӨЗЕНДІ ӨРНЕКТЕГЕН Адам баласының мықтап бір ұстанар кредосын Абай айтып кеткен: «Ақырын жүріп, анық бас». Белгілі жазушы, марқұм Мейірхан Қуанышбаев - осы талаптан табылған адам еді. Біртоға, асып-тасуға жоқ, беті ақырын ағып, асты буырқанып жататын қуатты өзен іспетті болатын ол. Кеудемсоқтығы, қулығы жоқ, бірақ шаруасына пысық, бас-аяғы жинақы адам болып өмірден кетті Мекең. 1966 жылы «Жазушы» баспасынан Мейірхан Қуанышбаевтың «Жанар» атты повесі жарық көрді. Отыз бес жасында алғашқы кітабын оқырманға ұсынған жазушыны жас дей алмайсың, әрине. Шынында да, Мекең жас емес еді, журналистика саласында әбден ысылған, оқтын-оқтын мерзімді баспасөзде әңгімелері жарияланып жүрген қарымды қаламгер болтын. Әдебиет сүйер қауым «Жанарды» аса жылы қабылдады. Біз ол кезде қызметтес едік. Мекең облыстық газетте бөлім меңгерушісі, мен әдеби қызметкер болатынмын. Қалай сапарлас болып қалғанымыз есімде жоқ, әйтеуір екеуміз менің туған жерім - Шу ауданында бірге болғанымыз бар. Газеттің Шу ауданындағы сол кездегі меншікті тілшісі Бердібек Атаевтың үйінде қонақта отырғанбыз. Мен дастархан басындағыларға М.Қуанышбаевты «Жанар» повесінің авторы деп таныстырдым... Сол кездегі таңданысты көрсеңіз. Қазіргі классик күйші (мен мұны шын ниетіммен айтып отырмын) «Ерке сылқымның» авторы Әбдімомын Желдібаев та бар еді арамызда. Ойы сергек, тілге шешен Әбекең қатты таңданып келіп: - Мұндай кітапты күйші-домбырашы ғана жаза алады, - деді. Мекең мұны растап, домбырашы екенін айтты. Сөйтсек, Мейірхан шебер домбырашы, бірнеше күйдің авторы екен. Енді екі домбырашы кезек-кезек күй тартып, үй іші кішігірім кон-цертзалына айналып кетіп еді. Мейірхан Қуанышбаев - сол алғашқы повесімен-ақ әдебиет аталатын қасиетті ғимарат қақпасын жасқанбай қаққан қаламгер. Повестің негізгі идеясы - сол кездегі жастардың рухани әсемдігі, пәк сезімі, мөлдір махаббаты болатын. Повестің басты геройы - Жанар көзі ашық, көңілі сара қыз. Оләкеден жастай айрылған. Сөйтіп от басы, ошақ қасында күні өткен, ескі салттан арыла қоймаған шешенің тәрбиесінде өседі. Ұяң қыз шеше ықпалынан шыға алмай, көпшіліктен аулақтанып жүреді, білім алудан да күдерін үзе бастайды. Тіптен шешесі ұйғарған адамға қосылуға көнгендей де болды. Осындай мәре-сәре халде жүргенде ол Бақыт тартқан өзінің өмірімен өзектес «Жетім бала» күйін тыңдайды. Автор осы жерде күйдің құдіретіне Жанарды ғана емес, оқушысын да елітеді. Күй арқылы түсініскен екі жастың жүрегі бірге дүрсілдейді. Өз жерінен өнер адамы шыққан ел - бақытты. Ақын-жазушының қаламына ең әуелі сол өзі туып-өскен жер мен ел ілігеді. Бұл тұрғыдан келгенде Мейірхан Қуанышбаевты Аса өзені аймағы елінің өмірін жалықпай жазып келе жатқан жазушы да таныған ләзім. «Жанардан» кейін жарық көрген «Жалғыз жиде» повесі, біздіңше, өмірбаяндық туынды. Олай болса, кітап геройлары өмірде бар, туған жер табиғаты түнған күйінде қағазға түсірілген. «Жалғыз жидеге» Ұлы Отан соғысы кезінде Аса бойындағы шағын колхозда өткен өмірді өзек етеді автор. Кітаптың алғашқы бетінде-ақ сол кездің қайғылы көрінісі суреттеледі. Үйіне қарай колхоз бастығы бастаған бір топ ауыл адамдары келе жатқанын көріп «Дәрменнің келіншегі Ұлғаным тұла бойы мүз қарығандай селкілдеп, төсек тартып жатқан әжесінің қасына буыны құрып өрең жетеді». Отан басына қатер төнген сол қиын шақта алыстағы ауылда жас-кәрі демей түгел еңбекке жұмылған еді. «Жалғыз жиде» ге-ройлары да сондай - соғысқа кеткен боздақтардың, әкелер мен ағалардың орнын жоқтатпай жүргендер. Олар ішсе тамаққа, кисе киімге жарымайтын күй кешкендер. Ішіп отырған быламығы төгіліп қалғандығы кейіпкерлер халін автор былай бейнелейді: «Ұлғаным да, Еркебұлан да төгілген асқа тесіле қарап қалыпты. Екеуі де ауыр күрсінді». Оқырман да ауыр күрсінеді. Сол кездің ащы шындығы - бұл. Нарық экономикасы қыспағына алды деп байбалам салып жүргеніміз жәй бір пендешілік екен-ау дейсің. Кітап геройларының рухы биік, еңсесі көтеріңкі. Қырық бірдің келіншектері Ұлғаным, Күлпарша, жас жігіт Еркебұлан - өмірдің өзінен көшірілген жанды бейнелер. Олардың барлығы да есте қаларлық әрекет-тірлігімен ерекшеленген. Мейірхан Қуанышбаевтың келесі кітабы «Тайталас» повесінде де Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезіндегі ауылдың ауыр тұрмысы, адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамгершілік пен ар тазалығы, жақсы мен жаманның теке-тіресі суреттелген.Повестің соңғы бетін жапқаныңызда алуан түрлі тағдырлар тай-таласына жете үңіліп, олардың әрқайсысының жеке басындағы қайғы-мұңына, қуанышы мен шаттығына ортақтасасың. Повестің тілі көркем, ойы айқын. Мейірханды мұнда даңғайыр қаламгер ретінде танимыз. Повесть бір жағынан «Жалғыз жидені» толықтырады, екінші жағынан соның жалғасы іспетті. «Жалғыз жидедегі» геройлар өмір сахнасына қайта шығады. Повестің екінші бөлімінде елуінші жылдардың оқиғасы қамтылған. Аш-жалаңаш, ер-азамат майдан-да қыршынынан қиылып жатқан шерлі заманда да адамдардың бір-біріне деген сенімі, мейірбандығы жоғалмаған еді, ал есжиып, етек жиған бейбіт өмірде қастандықтың, зұлымдықтың тиылмай-тыны қалай? Егер сіз повесті оқысаңыз, тағдырлар тайталасымен бетпе-бет жолығып, бұл сұрақтың нақты жауабына қанығасыз. Мейірхан -Жамбыл ауданының су аяғындағы «Қызыл Октябрь» колхозындатуып өскен бала. Су тапшылығы, оның халық тұрмысын жақсартуға, әлеуметтік-рухани өсуге тигізер зияны, біздіңше, Мейірханды сол бала кезден көп-көп ойға қалдырған. Содан болар оның шығармаларының денінде өмір өзегі - су проблемасы қабырғасы қайыса отырып суреттеледі. Бүл ретте оньің «Жолайрық» атты кітабының атына ие болып тұрған повесі өте сәтті шыққан дер едім. Жалпы, бұл кітабында М.Қуанышбаев кәдімгі майталман прозашы үрдісін танытады. Байыпты баяндау, адам сезімінің иірімдері, табиғат суреттері шебердің қолынан шыққандығын аңғартады. Ең бастысы - адамдар характерлері «Өркенді» колхо-зына су беруге тиісті Құмтүйін тоспасының жобасынан бастап салынуына дейінгі аралыктағы алуан оқиғаларға оралып ашылады. Кітапта күні кеше ғана өмірде орын алған әкімшіл-әміршіл жүйенің тісін ақситқан жырынды өкілдері де, оларға қарсылық білдірген өркенді өскіндер де жеткілікті. Шолақ белсендіден колхоз бастығы дәрежесіне жетіп алып, енді содан айырылмаудың айласын ойла-удан басқаны білмейтін Құрман, оның өз таяғын соғуға бейім ұлы Қияс елдің көсегесін көгертіп, көрпе-жастығын ұзартуды ойламайды. Оған керісінше, мұраб, дала академигі атанған Нұрбек, оның ұлы Жұмаш - ел қамын жейтін ерлер. Осы екі әулет арасындағы тартыс ескі мен жаңаның, махаббат пен зұлымдықтың, жақсы мен жаманның, ақ пен қараның күресі дәрежесіне көтеріледі. Автор өзі тартқан алтын арқау - тоспа құрылысы төңірегіне түрлі деңгейдегі - қарапайым, лауазымды адамдарды топтастырады да, оларды бар болмысымен жарқырата көрсетеді, қоғамды ілгері апарар игіліктерді, кейін тартар кесепаттарды геройлардың іс-әрекеті, мінез-құлқына бөлеп ашады. Әлбетте, мынандай шағын мақалада бәрін қамтып айта алмайсың, әйтпесе «Жолайырық» - кең толғап
әңгімелейтін туынды. Мейірхан Қуанышбаевтың «Гүл нәз» хикаясы - оның азаматтық, жазушылық, суреткерлік қарымын анық аңғартатын шығарма. Қазақты «Мың өліп, мың тірілген» дегенде оның ұзақ тарихи жолында Шығыстағы көршісі жоңғарлардың сансыз шапшыншылығынан көрген қорлығы алдымен көзге елестейді. Біздің ата-бабаларымыз халықтың тәуелсіздігі үшін небір қидаласқан соғысты бастан өткеріп, аттарымыз ауыздығымен су ішкен. Сөйтіп жаны жомарт қазақ елін, алып қазақ даласын сақтап қалған. Біздің ұлтымыздың үлы рухын бейнелейтін тарихи шығармалар шоғыры қазір біраз болып қалды. Солардың ішіндегі бірегейінің бірі осы «Гүлнәз» хикаясы дер едім. Қошауыт тайшысы Ядамсурэннің қанды жорықтарының бірінде мерт болған қазақ мергені Саранжаптың жары Алқаның құрсағында кеткен Гүлнәз қыз кейін бойжеткен соң ұлтын сүюдің ерен үлгісін көрсетеді. Реңіне қызығып Алқаны әйелдікке алған Ядамсурэн жалғыз «қызы» Гүлнәз - Геренгерольдты өлгенше жақсы көреді. Адам қанын судай шашудан ләззат алатын баскесер қызын өз жолын қусын деп қанды жорыққа алып шығады. Аюандық шеңгеліне бүріліп қан құсқан адамдарды көргендегі қыз жанның шырқырағанын көрсеңіз! Ауру анасының бауырына тығылып еңірегенде екі мұңлықтың етегі жасқа толады. Ана бар сырын ақтарып, қызы мен зындандағы қазақ батыры Ақберен екеуінің қашып құтылуына жол нұсқайды. Ақберен мен Гүлнәз қосылып, үлкен қол жиып, елді жоңғар шапқыншылығынан қорғау қамына кіріседі. Алты бақан ала ауыз біздің халқымыз, оның Қарпы іспетті қара ниет байы Ақберен мен Гүлнәздың бұл тірлігін көре алмай, Жолбарыс ханға жамандап, бастарына қатер бұлтын төндіреді. Олар жалғыз ұлдары Толешті кепілдікке тастап кетіп барып Ядамсурэнді тірідей қолға түсіріп, хан алдына алып, келеді. Өкініштісі, Гүлнәзға оқ тиіп, әлсіреп келіп «Төлеш! Құлыным!..» деген тәрізді төрт-бес сөзге ғана тілі үйіріліп барып, көз жұмады. Бұл - хикаяның ұзын ырғасы. Оны оқыған адам сол бір жаугершілік замандағы қазақ ауылдарының да, қонтайшы қосындары мен сарайларының да тіршілік-тынысынан мол хабардар болады. Ең бастысы хикая - өз елін, жерін жаудан қорғауға жанын пида етуге әзір аталарымыз бен аналарымыздың биік рухы алдын-да тағзым етіп, тәуетерлік шығарма деңгейіне көтерілген. Хикая бас алмай оқырлықтай қызық, артық-ауыс ештеңе жоқ, кіл бір мөлдіреген сырлы сурет, автордың айтарына бағынған оқиға. Автор қаламына іліккен жайдың бәрі оның түпкі мақсатына қызмет етеді. Кезінде Мейірхан Әулиеата жерінен шыққан большевик-тер шоғырындағы жарық жұлдыздардың бірі - Қарымбай Қошмәмбетов жөнінде «Кек қылышы» атты повесть жазған болатын. Кейін «Қазақстан» баспасынан оның «Дала перзенті» атты деректі романы жарық көрді. Бұл екеуі - бір дүние. Жазушының бір жазғанына қайта оралып, оның тақырыбын байытып, кейіпкерлерінің бейнесін сомдап, жетілдіре түсуі - әдебиет та-рихында көп кездесетін қүбылыс. Мейірхан да сөйткен. Жазушы өмірбаяндық деректерге ерекше жауапты қарап, архив мәліметтері мен естеліктерді шебер пайдалана отырып, шыншыл дүние жазған. Әулиеата большевиктік тобы мүшелерінің кезеулі мылтық, жалаң қылыштан тайсалмай жүріп атқарғаң істері нанымды көрініс алған. Өлкемізде Кеңес өкіметі орнағанымен де, ішкі, сыртқы жау әрекеті тиылмағаны, қайта өршелене түскені тарихтан мәлім. Осындай сын шақтарда Әулиеата гарнизоны біріккен қосынның жетекшісі Қарымбай Қошмамбетовтың әскер басылық танытып, жеке өнегесі ерекше жарқырап көрінеді. Үш жылдай төтенше комиссия сапында ысқырған оқпен күнбе-күн дерлік кездесіп жүрген Қарымбай әрі аштықтпен де, сауатсыздықпен де күрескен. Романда жиырмасыншы-отызыншы жылдар шындығы айшықты кестеленген. Коллективтендіру кезінде жіберілген кемшіліктер, Голощекиннің халық мүддесінен аулақ әпербақан саясатының салдары да ашық айшықталған. Өлке тарихының от-жалынды бөлігіне, жиырмасыншы-отызыншы жылдардың шытырман оқиғаларына кейіпкерін араластыра отырып көркем суреттеуі, сөз жоқ, жазушының еңбекқорлығының, халық жүріп өткен жолды зерделей алатындығының айқын көрінісі. Мекең үлкен журналист болатын. Облыстық «Еңбек туы»(қазіргі «Ақжол») газеті редакторының орынбасары болды, облысәдебиетшілерінің жүмысына басшылық жасады. Қорыта айтқанда, Мейірхан Қуанышбаев жақсы азамат, шебер жазушы-журналист болып, мәнді өмір сүрді. «КӨКТӨБЕДЕП КЕЗДЕСУ» ЖАМБЫЛ САХНАСЫНДА Лениндік және мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, қырғыздың халықжазушысы Шыңғыс Айтматов пен белгілі қазақ драматургы Қалтай Мұхамеджановтың драмалық шығармалары біздің облыстық театрының сахнасынан дәйім орын алып, көрермендер игілігіне айналып келеді. Абай атындағы қазақ драма театрының коллективі тамырын тереңнен тартатын өздерінің осы бір тамаша дәстүрін тағы да жалғастырып отыр. Олар жуырда осы екі қаламгердің «Көктөбедегі кездесу» деп аталатын екі бөлімді психологиялық драмасын театр сахнасына шығарды. «Көктөбедегі кездесу» - дүниені дүрілдете келген туынды. Алғаш орыс тілінде жазылғандықтан ба, авторлар қалауының со-лай болғандығынан ба, әйтеуір әу дегенде Отанымыздың астанасы Москваның талғампаз өнер сүйермендерінің игілігіне айналып, көркемөнердің аса білгір салиқалы сарапшыларының аузына ілікті, солардың жоғары бағасына ие болды. Сөйтіп осыдан екі жылға жуық уақыт бұрын Москваның «Современник» театрында қойылған бұл шығарма өресін кеңге тартып, әлемнің атышулы таңдаулы сахналарынан орын ала бастады. Бұл драма біздің замандасымыз деп аталатын бүгінгі адамдардың, соның ішінде әсіресе, мынау қазіргі бақытты өмір үшін сан алуан сынға түскен аға ұрпақтың барша болмысын, асқаралы арын, замана алдындағы парызын, жауапкершілігін ке-реметтей шыншыл бейнелейтін кесек туынды. Драманың әу бастағы аты «Восхождение на Фудзияму». Ал қазақшасы - «Көктөбедегі кездесу». Фудзияма - Жапониядағы заңғар биік тау. Фудзияма - будда дінінің әрбір өкілі өмір бақи армандап өтетін, басына шыға қалған күнде құдайға жақын келіп тұрып, бар сырын ақтаратын, барлық күнәкер тірлігінен баз кешіп, кешірім сұрап жалбарынатын тау. Спектакльдегі Көктөбеге мына жұрт мүлде бұл ниетпен шыққан жоқ, оларды ойын-сауық қуып келді. Барлығы - Көктөбе баурайындағы совхоздың агрономы Досберген Мұстафаевтың (артист Ж.Шүленбаев) қонағы. Қаршадайынан бірге өсіп, кешегі сұрапыл соғыста қанқұйлы жауға қарсы тұруға жастарына жетпей өздері сұранып аттанған, соның бар ауыртпалығын мойымай көтеріп, туған жерге аман оралған, қазір өмірдің алуан түрлі саласында қызмет атқарып жүрген төрт дос көңілді демалыс құруға қызу әзірленіп жатады. Алатау баурайында, маужыраған табиғат құшағында думанды отырысқа бет бұрған бұл төртеудің өмірге көзқарас топшылауы сан қилы. Шатыр құрып жатқан жігіттердің алғаш аузын ашқан жеңіл қақтығысы, қалжыңдасатын сөздерінің өзі-ақ олардың тірлік деңгейін бірден айқын аңғартады. Мәмбеттің турашыл, маңғазсынуды сүймейтіндігі, Өсіпбайдың мансапқұмар, атқарған ісінен «тындырдымы» көп даңғазалылығы, Досбергеннің орынсыз оңды-солды бораған пәлсапаны сүймейтін, шаруаға бейім, істің адамы екендігі, Исабектің өз басына шаң жуытпай ақталуға әзір, өзінің қандай да болмасын қылығын жасы-рып, бүркемелеуге келгенде айлакерлігі бірден белең алады. Енді сахнаға бұлардың әйелдері шығады. Олар да түрлі мінездің адамдары. Думанды ортаға ақырында мына төрт жігітті оқытқан, бұлардың балалық бал дәуренін, соғысқа аттанған алғашқы азаматтық қадамын жақсы білетін аяулы ұстаз Айша апай келеді. Төрт құбыласы түгелденіп, көңілдері тасып, арақ-шарап ұрттап, ептеп қызып алған топ енді желігеді. Фудзияма, дін, құдай, ар, адамдық туралы әңгіме желі тарта бастайды. Бәрі Көктөбені Фудзиямаға балап, өздерінің бар құпиясын қалтқысыз алға жайып салмақ болады, Міне, осы тұста Айша апай (Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі А.Ружева) мына төрт жігіттің досы Сабырды еске алады. «Сен-дерге қарап отырып, есіме Сабыр түседі. Өзі бір ерекше жалын атьіп тұрған жан еді...» - дейді. Осы сәттен бастап сахнаға сол Сабыр тағдыры шығады. Сабыр - талантты ақын. Ол майдандық газеттің редакторы болып жүргенде қойын дәптеріне жазып жүрген, көп қайнауы өлі де іште жатқан, пісіп жетілмеген «Дабыл үні өшкенде» деген поэмасының кесірінен өмірден біраз көз жазып қалады. Оның мұндай поэма жазғандығын штабқа хабарлап, ушықтырған біреу бар. Тағдыр Са-бырды қазір таланттан, ақындықтан айырып, азғындатып, ішкіш етіп жіберген. Көктөбе басындағы жұрт Сабыр тағдырының осы-лай басқа арнаға ауысып кетуіне себепші болған қанды қол опасыз жанды аласұра іздей бастайды. Ол мына тертеудің біреуі. Реппродуктордан Сабырдың «Мәңгі талас, мәңгі дау» атты елеңі оқылады. Мәңгі талас, мәңгі дау - Қайткенде адам қалады адам болып? Қан сасыған соғыста да сол сұрау - Қайткенде адам қалады адам болып? Ұрандаған жорықта да сол сұрау - Қайткенде адам қалады адам болып? Тура ажал кеп, қорыққанда да сол сұрау - Қайткенде адам қалады адам болып? Жаудан қашып, жасығанда сол сұрау - Қайткенде адам қалады адам болып? Жауды жеңіп, тасығанда сол сұрау - Қайткенде адам қалады адам болып? Кім бізді осы дау-таласқа қалдырған, Қашан болсын шыға келер алдыңнан. Айтыңдаршы, Қайткенде адам қалады адам болып? Сұмдық құдіретгі өлең құйқа тамырыңды шымырлатады. Бұл өлең- шығарма лейтмотиві. Адам болып қалу! Күллі адам атаулының биікке асқақтата көтеретін туы, мәңгі таласып, мәңгі талпынып өтетін арайлы алтын аймағы, міне, осы. Жап-жас кезінде дәл осындай ғажайып ой айтқан адамның қайғылы тағдыры жаныңды жегідей жейді. Сол адамдықты аттап, жат қылыққа барған жан қолымен істегенді мойнымен көтеруге жарамайтын, «Сабырға опасыздық жасаған мен едім» деуге батылы жетпейтін қорқақ болып шығады. Бұлардың біреуі әйтеуір айласын асырып, ұстатпай бара жатқаны аян. Ол кім? Бұл сұрақ өз шешімін Көктебе басындағылардың барлығының өмірдегі бүгінгі ересін алдымызға жайып салып барып табады. Спектакльдің екінші бөлігінде бұлардың төбе басынан ермек етіп атқылаған тасынан етекте кетіп бара жатқан әйел қаза табады. Милиционердің «Істің анық-қанығына жеткенше төбе басындағылар ешқайда кетіп қалмасын» деген сәлемін орман жұмысшысы (артист А.Омарбеков) айтып келген сәтте төбеден жай түскендей болады. Өсіпбай мен Исабек (артистер Ә.Әбдіманов пен Б.Қапжаппаров) түрлі сылтау тауып жылыстап жөнеп береді. Гүлжан мен Алмагүл (артистер Г.Әскенбаева және Ш.Ақжолова) де кетеді. Төбе басында Мәмбет, Анар (артист Р.Мағпирова), Досберген қалады. Спектакльді көріп отырып, Сабырға жасалған опасыздық үшін Өсіпбай мен Исабекке күдік артуға болатын еді, бірақ шешімді ойға келе алмайтынсың. Енді анық сезінесің. Қанша қиын болғанымен, адам болып қалатын адамдарды көресің. Көресің де ой арқалайсың. Аса талантты жазушы мен дарынды драматургтың бүгінгі адамдардың өмір тынысын соншама образды, соншама шынайы, шебер бергеніне қайран қаласың. Бұл шығармада совет адамына тән асыл қасиеттің бәрі бар. Олардың әр қимылы мен сөзіне сүйсіне қол соғасың. Мұнда ізгілікке ұмтылған жанға қас, аяққа оралғы болар оңбағандықпен де бетпе-бет келесің. Оларға зығырданың қайнап, лағнет айтасың. Іс мұнымен де бітпейді, адамды арналы ойлар оқтын-оқтын тереңіне тарта береді. Бүгінгі жасампаз еміргө жаңа еткір кезбен жіті, сергек үңілесің. Бағанадан бері актерлардың орындаушылық деңгейі туралы сөз қозғамай жатуымызда бір себеп бар. Шығарма қимылға емес,ойға құрылған. Мұнда, біздіңше, терең мағына арқаламайтын, ұтқыр ой айтпайтын кейіпкер кемде-кем. Сондықтан артистер ал-дына сөз құдіретіне мейлінше көңіл бөлу міндеті қойылған. Ар-тистер ойынын да осы тұрғыдан бағалауды жөн көрдік. Осылай дер болсақ, артистердің барлығының да өз рольдерін жете түсініп ойнағандығын бірден аңғарамыз. Сонда да болса Гүлжан ролін атқарған Г.Өскенбаеваның, Мәмбет бейнесіндегі Қ.Сатқанбаевтың ойындары өмірге тіптен жақын, жанды болып шыққан. Ақымақтың ортасына түскен дананың дірмәні қашпақ. Дана өзімен ой жарыстырар ортада ғана ерен жарқылдап шабыттанбақ. Сол тәрізді әрбір артист те өзімен бетпе-бет келетін адам иық тірестірер мықты болғандағана айшықты ойынымен ашыла түспек. Сондықтан мен бұл шығарманың сәтті болуына артистердің бірі қалмай аянбай мол еңбек сіңіргендер едім. Іс бар жерде, кеміс болады. Мұнда да солай. Бұл жөніндегі кейбір пікірімізді Айша апай ролінен бастайық. Айша апай -өмірде көпті көрген, замана ағымының алдыңғы сапында болып еңбек етіп, соған лайықты құрметке бөленген абзал ана. Бұл рольде театрдың белді артистерінің бірі Алтын Ружева ойнайды. Бұл актрисаның осы театр сахнасында жасаған алуан түрлі сәтті бейнелерін біз жақсы білеміз. Мына Айша апай образын солардың ішіне апарып араластырып жіберсек, еш дараланбай, көптің бірі болып қалатындай екен. Алтын бұл жолы ана образы-на ауадай қажет мол мейір, толғақты толғау беріп ойнай алмады. Айша апайдың жазды күн шілдедегі киімі оны оқыған басалқалы анадан гөрі үстіне жаздық, күздік киімді елеп-екшеп жатпай оңды-солды қабаттап іле беретін кейбіреулерге көбірек ұқсатады. Енді Мәмбет ролін жақсы шығарды деген К.Сатқанбаевтың ойыны туралы бірер сөз. Жамбыл көрермендеріне кейінгі кездері жүздесіп жүрген бұл артистің үнінде, кейіпкер күйзелісін беруінде ұтқыр сәттер көп-ақ. Алайда, оның жаны қиналған сәтте қайта-қайта маңдайын басып, жер тесіп, шашын жалбыратып отырып қала беретіні біздің ұлттық характерімізге сай келе қояр ма екен? Исабек рөліндегі жас артист Б.Қапжаппаров көрермендер көңіліне жылы ұялады. Бұл жігіт жай қимылды, кекесіні басым, кемсітуі дайын сатиралық кейіпкерлерге бейім артист екен. Исабек жаман да болса жазушы. Оның жанында Б.Қапжаппаров аша алмаған иірімдер әлі көп-ақ. Өнердің адамы басалқалылау болуы керек. Басқа артистеріміздің де кей тұстарда дікіңдеп, кіжініп, орын-сыз сөйлейтіні, немесе сөздің соңын жұтып қоятыны, тым сыз-дана бас шұлғуы көңілге қонбайды. Бірақ бұлардың ешқайсысы да драманың адам санасына арқалатар ар-абырой жүгін түк те жеңілдетіп тұрған жоқ. Сауатты, ойлы көрерменмен бетпе-бет келген сайын айшықты сипат алып, ысыла түсетін кемшіліктер. «Көктөбедегі кездесу» сөйтіп республикамызда тұңғыш рет әрі сәтті болып біздің облысымыз театрының сахнасына шықты. Екінің бірі еркін бара бермейтін бұл күрделі туындыны Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, театрдың бас режиссері Ма-ман Байсеркенов қойған. Оның бұған көп еңбек сіңіргені көрініп-ақ тұр. Иә, сонымен Жамбыл сахнасында «Көктөбедегі кездесу» жүріп жатыр. Бүгінгі замандасыңмен, оның барша болмысымен, өзіңнің адамдық арыңмен, бетпе-бет кездескің, абайламай жүріп бойыңа біте бастаған пендешілдігіңнен айырылғың келсе, соны көруге кел, ойлы көрермен. СӨЙЛЕНБЕГЕН СӨЗ Жақсылық Сәтібековтің өлеңдерінде, прозалық шығармаларын да ең көп оқыған адам, сірә, мен болармын. Жақаңның жетпіс жылдық тойына ерте қам жасағандардың да бірі мен шығармын. Сондағым - ақынның «Айырөткел» таңдамалы жырлар жинағын тағы бір оқып шықтым. Тағы бір дейтінім - бұл кітаптың редакторы менмін. Кітап оқу дейтін ғажап қасиет қожырап кеткен қазіргі тұста көз жазуға болмайтын кітаптар бар болса, соның біреуі - осы «Айырөткел». Адам өлеңді еліп бара жатқан сезімдерін тірілту үшін оқыса керек. Өмірде сондай елең кітаптар бар болса, соның біреуі - осы «Айырөткел». Жақаңды мен аға тұтам. Дегенде, Жақаңмен менің жас айырмашылығым анау айтқан алшақ емес, белгілі құрдастыққа балайтын бестен де аз, өз ай-тысында үш, құжат бойынша екі-ақ жас. Өміріміз ұқсас, Жақаң көргенді көріп, сезінгенін сезініп келемін. Содан да оның жырлары маған етене жақын, ерекше түсінікті. Ақынның елу, алпыс жылдық мерейтойларында негізгі баяндаманы мен жасаған едім, міне, енді жетпіске толғанында кішкентай лебіз білдіру де бұйырмай, денсаулықтың кесірінен тойына қатыса да алмай отырмын. Сол себепті сейленбеген сөзімді қысқа ғана түйіп айтуға тура келіп тұр. Жақа, сіз аса білімдар азамат, ғажап ақынсыз. Сіз әдебиет сүйер қауым тарапынан әлдеқашан лайықты бағаңызды алған талантсыз, бірақ ол тым-тым аз. Шындығында, Сіз - қазақтың мандай алды ақынысыз. Мұны, әлі-ақ, білмей, білсе де сізге қимай жүргендердің бәрі-ақ айқайлап айтатын болады. Жақсы жыр жырақта қалмайды. Сіздікі өте жақсы жырлар. Сіз аса дарынды ақынсыз, аға! АЗАМАТ, АҚЫН Бүгінде ойлап отырсам, біздің курста оқитындардың өлең жазбайтындары жоқ болатын. Тегі бәрі өлең арқалап келген. Солардың көбі бір-бір өлеңімен есте қалыпты. Тұрар Молдабаевтың курстасымыз Нарбай Ыбыраевты өлеңмен былай әжуалағаны бар: Жігіт пе десем, ұстамды, Шешіп тастап штанды, Көтеріп жатыр штагы, Мойнына тері үш тамды. Есенбай Дүйсенбаевтың ғашық қызы Тыныштыққа арнаған «Сенің көзің» деген өлеңі бәрімізді таңдантқан. Сенің кезің әдеміден әдемі, Мөлдірейді сұлулықтың әлемі,-деп бастап, жылап отырып оқыр еді Есенбай бұл ұзақөлеңін. Жорабай Молдақұлов тырнақалды өлеңін туған жеріне, оның өзіне ыстық өзені Таласқа арнады. Қойнауы бақша құлпырған, Өлкемнің құты - Таласым. Жатырсың жалғап бір туған Қырғыз бен қазақ арасын,-деп түйіндеді Жорабай өлеңін. Мен курстастарымның ішінен үш жігіттің өл еңдерінен үзінділ ерді неге келтіріп отырмын? Өйткені бұлардың үшеуі де ақын болды. Өлеңді ең көп жазып, бір де кітап шығармаған Тұрар да, қазіргі қазақ әдебиетіндегі көрнекті ақындардың бірі Есенбай да, аз жаз-са да саз жазатын Жорабай да ақын. Әке-шешесі ерте о дүниелік болған Жорабай Молдақұлв университетке өмірдің біраз мектебінен өтіп келіпті. Кәсіптік-техникалық училищені бітіріп, теміржолда еңбек еткен, коммунистік партияның мүшесі, бір сөзбен айтқанда; заман талабына сай жігіт. Жорабай біздің топтың старостасы болды, озат оқыды. Оның тірлігінің барлығы орнықты, бірге оқыған қыз-жігіттер арасында беделді болатын. 1963 жылы университетті бітіріп, екеуміз жолдамамен Қызылорда облысының Арал қаласына бардық. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып, ұстаздық жолымызды бастадық. Мені көп ұзамай Кеңес әскері қатарына шақырып әкетті де, Жора-бай Аралда қалып қойды. Жоғары білімді коммунист жігіт аудандық партия комитетіне жұмысқа шақырылыпты. Ол кезде жолдамамен барған жерде екі жыл істемей, ешкімге диплом берілмейтін. Жөкең ол екі жылдық мерзімді өтеп, Аралдың Бағдагүл аруына үйленіп, дипломын алып туған қаласына, Жамбылына оралды. Мен де екі жыл әскер қатарында болып, тағдыр айдап Жамбылға келдім. Достық құшағымыз қайта айқасып, өмір деп аталатын алып кемеде бірге жүзіп келеміз. Жорабай Молдақұловтың ең жақсы жылдары Жамбыл ауда-нында өтті. Аудан алғаш қайта ашылған 1966 жылдан аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі болды. Біраз уақыт аудандық оқу бөлімін басқарды. Одан кейін бірыңғай педагогтік жұмыспен айналысты, бірнеше мектептің директоры, аудандық оқу бөлімінің аға инспекторы қызметін атқарды. Жокең қай жерде қызмет атқармасын, лайықты бедел мен құрметке ие болды. Мен онымен тікелей қызметтес болмасам да көріп, біліп жүрдім, ол - нағыз ұстаз, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің озық қызметкері. Мен білетін Жорабай еш уақыт асып-тасуды білмейтін біртоға, бір сөзді азамат. Меніңше, Жокеңнің жақсылығын, мейірім-шапағатын көрген адамдар өте көп. Аудан мұғалімдері оны ұстазы тұтады. Жөкең өзі ерекше сүйетін әдебиеттің ерен білгірі. Әңгімелескен сәттерімізде оның хрестоматиялық шығармалар ғана емес, бүгінгі күнгі қаламгерлер туындыларын да көп оқып, саралап отыраты-нын аңғаратынмын. Сонымен бірге ол сол оқығанынан тоқығанын баспасез бетінде жариялап отырады. Жокеңнің ақындығы туралы ерекше айтсақ болады. Сөзімнің басында мен оны «Аз жазса да саз жазатын» -дедім. Жокеңе бұдан басқа сөз тауып айту қиын. Сонау студенттік жылдардың өзінде курстағы жігіттердің алды болып, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Балдырған» журналында өлеңдері жарияланып тұрған жігіт том-том кітап шығарса керек, екі-ақ кітабы жарық керді. Жокеңнің жазғандары менің жұмыс үстелімде жатады, оқтын-оқтын парақтап қоямын, шығармаларының бәрі маған өзіндей ыстық. Табиғат суреттері, махаббат лирикалары, арнаулары, поэмасы - бәр-бәрі тебірентеді мені.
Кербұлақтың торы тобылғысының арасында өскен мені Жокеңнің «Тобылғысы» қалай толқытпасын.
Тасасында шың, құздың,
Құлпырасың сонша сен.
Иілсе де ұл-қызым,
Сынбас сендей болса екен!
- деп жырлаған ақынды табиғатты, оның тау-тасын, шөп-бұтасын «Керемет біледі екен-ау!» демеске әддің қайсы.
Жорабай, заты, табиғат лирикасын жақсы жазады. Ақын табиғат сұлулығын құры қызықтамайды, өз сезімімен астастырып, әдемі ой айтады. Бұл сөзіміздің дәлеліне оның кез келген өлеңін келтіруге болады. Әрине, оны газет мақаласы көтермейді, сонда да «Күз» өлеңін оқып көрелік.
Бозғылт бұлт іркес-тіркес шұбатылған,
Бір тізбек ерді оған қыратымнан.
Алыстан үн келеді тыраулаған,
Талдың басын күзгі ызғар қыраулаған.
Содан кейін тырнаның талады үні, Дала -тыныш, бұл, бәлкім, даналығы, Қарсы алдым мен тағы да ойлы күзді, Алыс қалды ойсыз шақ бала күнгі.
Жорабайдың махаббат жырлары да әдемі-ақ, жүрек лүпілі бар. Өмірдің өзінен ойып өрнектелген өлеңдер оқыған адамды бей-жай қалдырмайды.
Екеуміздің сөзіміз жараса ма.
Рас па Ләйлі-Мәжнүн бары Асада?
Ел құлағын көтеріп не қылайын,
Әміріне жүректің бағынайын.
Жеңіл-желпі сөз емес, бұл - шындығым,
Сырласуға көңілім құлшынды мың.
Дүрсілдеумен жүрегім қажыды әбден,
Құр сүйреумен сезімнің қыл шылбырын.
Жокең осылай қысқа да нұсқа етіп, шымыр ой айтып аяқтайды өлеңдерін. Мұнысы - үйренерлік үрдіе, ұлттық нақыш.
Осыдан бірер жыл бұрын Алматыда кездескенімізде Есен-бай ақынның Жокең жайлы сұрап, «Арнау өлең жазып жүр ме? Жорабайдың арнау өлеңдері әйбат», - дегені бар. . Үйге келген соң Есенбайдың «сол сөзінің түбіне бір барып қайтайын» деп Жокеңнің «Тектұрмас түлегі» кітабын қолыма алып, арнауларын бас алмай оқып шықтым. Есенбай дүрыс ай-гыпты, Жокеңнің арнаулары бас-аяғы жұп-жұмыр, ғибраты мол шығармалар екеніне тағы бір рет көз жеткіздім. Оқырмандар да ой түйсін деген ниетпен Жокеңнің «Менің әжем» деген арнау өлеңін түгел келтіруді жөн көрдік. Өзі баптап келтірген есесін де, Қаймақ қатқан қою шай-кесесінде Әжем көрші кемпірмен ауыз ашып, Сәресі ішіп, сырласты кеше осы үйде. Әлдекімге сөз арнап, ұдайына: «Қүлшылықта етпейді қүдайына», «Ел қатарлы ораза түтпайды» - дер «Сол кәпірді неге тез жұтпайды жер!» Бұл сөз маған тіпті де дарымайды, Ыстық нанға жағып жеп сары майды, Таңдайына кейде әжем құрт сап қояр, Мейірленіп бал шайын ұрттап қояр. ...Болған сол бір әңгіме сәресіде, Оразада түскенді тағы есіме. Әне бір жылдары Жамбыл ауданының орталығы Аса ақын-жазушылар ауылы болғаны мәлім. Осы Жорабай Молдақұлов белгілі қазақ ақыны Совет Әлімқұлов, арынды ақын, қаламы жүрдек прозашы Базар Қилыбай, қарымды қаламгер Жорабек Мәмбетәлиев, Болат Жаппаров Асаны дүрілдетіп жататын. Базар Таразға қоныс аударып, Жорабай құрдасына өлеңмен хат жазуға кірісті. Жорабай да қарап қалмады, өлеңмен жауап қатты. Сол тұста «Егемен Қазақстанда» жарияланып жататын Шерхан Мұртаза мен Камал Смайыловтың хаттары тәріздендіріп мен Базекең мен Жокеңнің өлең-хаттарын «Ақ жолда» жария-ладым. Екі ақын өз хал-қадерінше ауыл, аудан, ел жайын сұрақ-жауап етіп жырға қосты. Бұл өлеңдерде сол кездегі өмірдің ащы шындығы бар еді. Халі нашар, күйі жоқ, Отбасылар бар әлі, Баспанасы, үйі жоқ Жоқтықтан жан жаралы. Оқымайтын бала да, Табылады ауылдан. Ой түссе бұл салаға Күйіп жаның ауырған. Күні кеше Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығына арналған салтанатта сөйлеген сөзін тыңдап, оқып отырып, көңілімізді шексіз қуаныш кернеді. Өмір оң жағына өзгерді, өлең де өзгерді енді. Көрген-білгені мол, білім жеткілікті Жокең эпикалық жанрға да қалам тербей алатынын байқатқан. Оның «Достық» атты ұзақ жыры, «Тектұрмас түлегі» поэмасы - бұл айтқанымыздың жарқын дәлелі. Ең бастысы, оларда оқырманды қызықтыратын адам тағдыры бар. Жақсы оқиға тапқан ақын әдемі жырлай да алған. Бас-аяғы жұп-жұмыр, шымыр шумақтар өрнектеген. Қорыта айтар сөз мынау: Жокең - ақындықтан азаматтықты жоғары қойған адам. Мен білемін, ол қызметін, бала оқытып, тәрбиелеуді өте жақсы атқарған. Мұғалім өз баласынан гөрі елдің баласына көбірек жұмсайды білім-білігін. Жорабай мен жары ұстаз Бағдагүл де сөйтті, сонымен бірге үш перзенті Жақсылық, Жанар, Жансерікті инабатты, мейірімді, жақсы менен жаманды ажырата алатын етіп өсірді. Үшеуі де жоғары білім алып, абыройлы қызмет атқарып жүр. Жорабай мен Бағдагүлге ендігі қалғаны - немерелерінің қызьіғын көру. Жокең болса, мұның үстіне көзіне көзілдірігін киіп, қолына қаламын алып, алдына ақ қағазды жайып тастап ойға шомады. Сондағы мақсаты - сөз теру, өлең жазу, із қалдыру. Шығармашыл адам - осы жарғақ құлағы жастыққа тимейді. Өлең - өзен өз толқынына түскен талантты жағаға теппейді, айдын көлге апарады. Менің досым Жорабай Молдақұловты да сөйткей. АР-АҒА Соңғы кездері қазақта бір жақсы үрдіс қалыптасты. Ол аса сыйлы, беделді адамның есімінің алғашқы буынына «аға» сөзін қрсып айту. Мысалы, Сер-аға, Шер-аға. Бұл екеуінің алғашқысы - Серке Қожамқұлов, соңғысы - Шерхан Мұртаза. Екеуі де қалың қазақтың арыстары, Біз бұларға Ар-ағаны қосып айтып жүрміз. Ол - Арғынбай Бекбосын. Ар-аға да қазақтың нар жүгін көтеріп жүрген атпал азаматы. Ар-ағаң бір кітабына маған «Қанаттас, қаламдас іні-досқа» деп автограф жазып берген еді. Бұл - шын көңілден шыққан шынайы сөз. Мен еткен ғасырдың жетпісінші жылынан бері Ар-ағаңмен бір арман, бір тілекпен өмірдің сан тарау жолдарынан бірге етіп, қиыр-қияларында бірге ұшып келе жатырмын. Журналистік қызметте, яғни, «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде бір кезде мен оған бастық, кейін ол маған бастық бол-ды. Екі жағдайда да екеуміз керемет сыйластықпен еңбек еттік. Газеттің ауыр жұмысын екеуміз де қопарып тастайтынбыз. Екеуміз де бұл жұмыстың ұшығына шықтық - бас редактор болдық. «Ақ жол» Ар-ағаның кезінде республикадағы таңдаулы басылымдар қатарына қосылды. Мен оны сол қалпында ұстауға тарыстым. Мен білетін Арғынбай Бекбосын - феномен, яғни ерекше жаралған, ерен қабілетті адам. Арғынбайдың феномені - бір оқиғаны санасына құйса, ол өшпестей болып қатып қалатын, яғни ерекше зерек, алғыр адам. Оқу бар да, оқығанды кеңілге тоқу бар. Ар-ағаң мұның екеуіне дежетік. Оқыған мен тоқығанды ұстану, жүзеге асыру екінің бірінің қолынан келе бермейді, әрине. Ал, Ар-ағаң бұған кәнігі ұста. Ар-ағаңмен жұрт бас қосқан жерде әңгіме өрби қалса, оның езі құралпылардан ойы озық, еңсесі биік екені бірден аңғарылады. Ел мен жердің еткені мен бүгіні, келешегі жөніндегі ой толғамдары кісінің кеңілін кеңітіп, өмірге құштарлығын арттырады, түрлі ойға бөлеп, мерейін өсіреді. Ар-ағаң - қызметтің, халыққа қызмет етудің абыройлы жолы-нан еткен азамат. Он жыл «Ақ жолды» басқарды, Республика Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Мұның екеуінде де айтулы істер атқарды. Ар-ағаң-соншама қауырт жұмыс атқара жүріп, қолына ақындық, жазушылық қаламын ұстауды ұмытпаған талант. Басқасын былай қойғанда, Омар һайямды аударып, соның жолына түсіп кеткені таңданарлық құбылыс болды. Міне, енді екі мыңнан астам рубаятың басын қайырып тастап отыр. Толстой, Пушкин, Лермонтов, Мольерді аударуы да үлгі аларлық іс. Өзі жазған пьесалары республика, облыс театрларының репертуарынан түспей келеді. Ар-ағаң - ардың адамы. Ар ұялар іс қылып кермеген кісі. Ар-аға, әмісе Осы биігіңнен керіне бер! Ар-ағаң - көпті көрген кесем, сейлеп кетсе шешен қария; Біз Ар-ағаңа тек денсаулық, ұзақ ғұмыр тілесек керек. Баскасын Құдай берген талантының арқасында өзі жасайды.