Ана тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер



бет1/6
Дата04.04.2022
өлшемі80,78 Kb.
#137912
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ана тілі сабақтарында


Ана тілі пәнін оқытудағы
тиімді әдіс-тәсілдер
Мастер класс тақырыбы:
Ана тілі пәнін оқыту барысында тілдің қыр - сырын, табиғатын таныта отырып ертеңгі өмірден орын таба алатын, өзіне сенімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу.
Мақсаты:
Қазіргі таңда өз ана тілінде таза сөйлеу - әрбір адамның ұлттық мақтанышы, жан азығы. Өз тілін, өз ата – бабасын, өз топырағын менсінбеген ұрпақтан жақсы азамат шығады деп айтуға болмайды. Сондықтан мемлекетіміздің даму барысында ана тілінде таза, мәдениетті, дұрыс сөйлейтін ұландарды тәрбиелеудің ролі орасан зор. Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрапақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді. Бала – балғын тал, ересек адам- бағбан. Бұл - әр халықты ғасырдан-ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан баланың ана тіліне деген сүйіспеншелеген тәрбиелеп, бала жанын небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты.
Кіріспе
Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән. Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектепте оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлінеді. Бастауыш мектепте оқытылатын әр пәннің оқушы тілін дамытуға қосар үлесі болғанмен, бұл үлкен міндетті жүзеге асыруда «Ана тілі» пәнінің атқаратын қызметі зор. Пәннің негізгі мақсатының өзі – оқушының сөздік қорын дамыту. Және сөздік қормен қоса оқушының тіл мәдениеті нормаларын меңгеруіне түрткі болады. Оқушылардың таза, жатық, түсінікті сөйлеуін қалыптастыру – осы пәннің міндеттерінің бастысы. Осы орайда белгілі ғалым Н. Уәлиев: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - дейді. Жалпы, ана тілі сабағы арқылы жазу мен сөйлеу мәдениетінің алғышарты қаланады.
Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе – сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілін меңгертуде жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім сабақтың түріне қарай әр түрлі әдістерді тиімді қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет