Ана тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер


Нəтижелі шығармашылық принципі



бет5/6
Дата04.04.2022
өлшемі80,78 Kb.
#137912
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ана тілі сабақтарында
1наурыз алғыс, 3тоқсан дүниетану ТЖ1, тест жаңасы
Нəтижелі шығармашылық принципі. Білімді меңгерту оқушылардың шығармашылық əрекетін дамытуға бағытталады. Сабақта алған кез келген білім мұғалім ұйымдастыратын жəне бағыттайтын балалар шығармашылығы тұрғысынан қарастырылады. Мұғалім білімді меңгерту процесінде баланың эвристикалық қабілеттерін дамыта отырып, оқу іс-əрекетін, оқушының қызығушылығы мен бейімділігін дамыту, ойлан-тап, ойдан шығар, орында, қиялда, құрастыр, дайында жəне т.б. сияқты жаңа нəтижелер жасауға бағыттайды.
Даралап оқыту дегеніміз — оқу материалын саралау қиындығы жəне көлемі əр түрлі деңгейдегі тапсырмалар жүйесін жасау, оқу топтарындағы оқу үрдісін ұйымдастыру іс-шараларының жүйесін жасау, əр оқушының жеке бас ерекшелігін ескеру, яғни «ішкі саралау» жəне «даралау» ұғымдарының мəні өте жақын, бір деуге болады. Мұғалімнің міндеті — оқыту процесінде əрбір оқушы ішкі мүмкіншіліктерін пайдалана алу үшін жағдай туғызу. Бұл практикалық міндетті шешу саралап жəне даралап оқытумен тығыз байланысты.
Ана тілінде даралап оқыту маңызды принциптердің бірі ретінде қарастырылады. Əр оқушының жеке тұлғалық қайталанбайтын ерекшеліктерін жүйелі түрде ескеруді қажет етеді. Даралап оқыту — белсенді ұйымдастырушы, дамытушы принцип, баланың өзіндік шығармашылығын тез түрде дамытады.
Сонымен, ана тілін меңгеру жаңа технологияларды
енгізуді, оқушы мен мұғалімнің арасындағы дұрыс білімдік қарым-қатынасты қажет етеді.
Енді осы оқулықтағы білім мазмұнын оқушыға
меңгертетін басты тұлға мұғалім десек, оның еңбегі
жөнінде Мағжан Жұмабаев: «Баланы тəрбие қылу — тұрмыс майданында ақылмен, əдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын əділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мəселелерді тез шеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланы мұндай адам қыла алу үшін тəрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуі керек», — деген.
Жаhандану кезеңінде халықаралық бəсекелестіктің күшеюі қазіргі таңда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға жаңаша тұрғыда қарауды қажет етіп отыр. Бұл мəселе Елбасының Еуразия ұлттық университеті студенттері мен бүкілқазақстандық жастарға арналған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы» атты дəрісінде жаhандану дəуіріндегі бəсекелестіктің басты көрсеткіштері ретінде білім беру деңгейі мен адами капиталдың дамуы жайында айтқан қағидасынан туындап отыр. Мұның өзі болашақ мұғалім мамандарын 12 жылдық орта білім беруге көшуді ескере отырып, дайындау мəселесінде кезек күттірмейтін талаптар қоюмен ұштасып отыр. Бүгінгі студенттерді 12 жылдық орта білім беруге көшудегі оқу-тəрбие үрдісінің қалай ұйымдастыруға болатын, оның 11 жылдық орта білімнен айырмашылығы қандай деген мəселені жете талдап түсіндіру керектігі оқу орындарының оқытушыларына жүктеледі. Жалпы орта білімде 12 жылдыққа көшуге байланысты үздіксіз білім беру жүйесінде бұл мəселе өз орнын алуда. Осы мəселені шешу жоғары оқу орындарында білім беруді кредиттік жүйеге көшумен байланыстыра қарастырып отыр. Соған сəйкес соңғы жылдары жоғары кəсіптік білім стандарттары қайта қаралып, тəжірибеге енгізілуде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет