Ана тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер



бет2/6
Дата04.04.2022
өлшемі80,78 Kb.
#137912
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ана тілі сабақтарында
1наурыз алғыс, 3тоқсан дүниетану ТЖ1, тест жаңасы
Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс - әрекеті, тәсілі.
Ал технология дегеніміз – көптеген әдістердің жиынтығы. Алға қойған мақсатқа жету үшін мұғалім қай әдісті қашан және қалай қолдану керектігін алдын ала жоспарлап отыруы керек. 
Сабақта қолданылатын әдістер
Әдістің негізін құрайтын қағидалар:
1. Оқушының сөйлеу бағытын анықтау.
2. Адамның жеке басының ерекшелігін ескеру.
3. Орта жағдайын ескеру.
4. Сөйлеу дағдысын жаңарту.
Әдістің түрлері: 
сұрақ-жауап әдісі
оқушының логикалық қабілетін арттыру
баяндау (дәріс)
ойын элементтері
топтық, ұжымдық
деңгейлеп оқыту
ой қозғау
ой қорыту
іскерлік ойындар
танымдық ойындар арқылы оқушының белсенділігін арттыру
оқушының шығармашылық қабілетін арттыру т.б.
Бастауыш сынып оқушыларының іс-əрекетін ұйымдастыру оқыту процесінде төмендегі дидактикалық принциптерді басшылыққа алып, жүзеге асырылады.
Оқытудың ғылымилығы принципі маңызды болып есептелінеді, себебі ол ғылым мазмұны мен оқу пəнінің байланыс заңдылықтарына сүйенеді. Бұл принцип оқу пəні мазмұнының ғылыми таным, пайда болу, өзгеру жəне даму моделіне сəйкес жəне ғылыми фактілермен, ұғымдармен, заңдармен, теориялық дəлелденгенін талап етеді.
Мұның барлығы логикалық ойлау қабілетін дамытады, танымдық ғылыми принциптеріне сүйенеді. Ғылымилық принципті іске асыру оқу пəнінің (тіл) қазіргі жағдайлардағы, болашақтағы орны жайлы ғылыми түсініктерді қалыптастырады, шығармашылық іс-əрекеттің көрінуіне ықпал етеді.
Жанрлық жəне авторлық принциптерді пайдалану əр түрлі жанрда жазатын бір автордың бірнеше шығармасын бір уақытта қарастыру, мысалы, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, М.Əуезовтардың көркемдік сюжеттік əңгімелері, өлеңдері, ертегілері. Түрлі авторлардың бір жанрда жазған шығармалары салыстырмалы түрде қарастырылады.
Көркемдік-эстетикалық принцип 1–4 сыныптар оқулығы мен хрестоматиясына енген шығармаларды оқу мақсатында таңдап алуға негіз болды. Ол ғасырдағы қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин, Ж.Жабаев, А.Құнанбаев, қазақ əдебиетінің классиктері І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, О.Сүлейменовтардың шығармалары.
Халық ауыз əдебиеті оқушылар алдына қоршаған дүниенің байлығын жəне адамдардың қарым- қатынасын ашады, эстетикалық сезімдерін ұштайды, болмысқа деген өзіндік көзқарасын қалыптастырады. Балалардың көңілі, олардың алдына тек қарапайым танымдық мəтіндер емес, қоршаған дүние жəне адамдар қарым-қатынас байлықтарын ашатын, үйлесімділік сезімдерін болмысқа деген өзіндік қарым-қатынасын қалыптастыратын сөз өнері шығармалары екендігіне аударылады. Бұл принцип өнердің барлық басқа түрлерінің арасындағы байланыстың белсенді тұрақтылығын қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет