Тақырып Қазіргі заман адамын эстетикалық тәрбиелеу мәселелері Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру



Дата16.12.2021
өлшемі15,7 Kb.
#101703
Байланысты:
30 11 2020 Қазіргі заман адамын эстетикалық тәрбиелеу мәселелері
СРО, СРОП, анлг эссе

Тақырып Қазіргі заман адамын эстетикалық тәрбиелеу мәселелері

  1. Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру;


.Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру – жеке тұлғаның айналадағы сұлулық пен өнерді толық және дұрыс қабылдау қабілетін дамыту процесі. Ол көркем бейнелер, көзқарастар мен сенім, сезім және талғам жүйелерін дамытуды көздейді. Оқушылардың бойындағы сұлулық, нәзіктік сезімдерін жетілдіріп, ұсқынсыздық пен төмен деңгейдегі талғамдардан жоғары тұруын қалыптастыру және өнер туралы өзінің білімін үнемі байытып отыруды іске асыру.
  1. Эстетикалық тәрбиенің мәселелері;


Бала өмірінің эстетикасы.Адам бойындағы сұлулық сезімі оның еңбек әрекетінен көрініп тұрады, өйткені ол әрекет арқылы өзін және айналасын өзгеріске түсіреді. Адамның сұлулыққа деген қатынасы еңбек барысында пайда болады. Еңбек барысындағы қимыл-әрекеті мен рухани қызметінен адамға пайдалы, қажетіне жарайтын әсем дүние жасалады, яғни еңбек арқылы жеке тұлғаның эстетикалық талғамының негізі қалыптасад
  1. Эстетикалық тәрбиенің міндеттері.


Адамдардық эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет