Мотивациялық қозғаушылық.
Шаттық шеңбері:
Біздің тапта балалар,
Тату-тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан,
Тек жақсылық ойлайды.
Кіріспе әңгіме.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар, сендерге қыс мезгілі несімен ұнайды?
Қыс айларын атап беріндерші?
Жұмбақ жасыру.
Аппақ бірақ сүт емес,
Аппақ бірақ бор емес.
Аспаннан ол түседі,
Даланы ақпен жабады.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
Аяғы жоқ,
Қолы жоқ,
Тістеп алады.
Ұйымдастырушылық ізденістік.
Жақында қандай мереке болады?
Жаңа жыл мерекесі несімен ұнайды?
Жаңа жыл мерекесі қыс мезгілінде тойланады. Жаңа жылда жасыл шыршаны безендіріп, ойыншықтармен сәндейміз.
Бүгін біз ақын Сағи Жиенбаевтың «Жаңа жыл келді» атты өлеңімен танысамыз.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Өлең де әзір, ән де әзір,
Кел, жана жыл, біздерге,
Келжаңа жыл, жаңа жыл!
Сөздік жұмыс.
Жылыстап – ақырындап, жақындап келе жатыр дегенді, әзір – дайын деген мағынаны білдіреді.
Билингвальді компонент:
Қыс-зима Жаңа жыл – новый год Шырша – елка
Сергіту сәті:
Қар борайды оң жақтан,
Қар борайды сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Сұрақ-жауап:
Жаңа жылда балалар не істейді?
Жаңа жылда қонаққа кім келеді?
Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Дидактикалық ойын.
«Кім жылдам?»
Ойын шарты: екі үлкен шырша қойылады. Балалар екі топқа бөлініп, шыршаны ойыншықтармен безендіреді.
Қай топ тез безендірсе, сол топ жеңімпаз атанады.
Рефлексиялық түзетушілік.
Жұмбақ:
Жасыл ине киімім,
Жайнаймын таң биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің.
Сендерге жаңа жыл мерекесі несімен ұнайды?
Аяз атадан қандай жақсы сыйлық күтесің?
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Қыс мезгілі.
Күн суытады, қар жауады, мұз қатады, боран соғады.
Әртүрлі ойындар ойнаймыз.
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Шешуі: Қар.
Шешуі: Қырау.
Шешуі: Аяз.
-жаңа жыл мерекесі
-аяз ата сыйлықтар береді, шыршаны айналып ән айтамыз.
-балалар өз ойларын әңгімелеп береді.
Балалар өлеңді қайталап жаттайды.
Сөздің мағынасын қайталау.
Қайталау.
Балалар қимылмен көрсетеді.
«Жаңа жыл келді»деп аталады.
Шыршаны айналып өлең айтады.
Аяз ата келеді.
Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
Балалар шыршаны ойыншықтармен безендіріп ойнайды.
Шешуі: Шырша
Балалардың жауаптары.
|