Мәдениет (латын cuIturе өңдеу, егу деген сөзден шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым қатынасы нәтижесінде қалыптасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениет — тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелі талдау әдісі қолданылады.
.
2) мәдениет жүйе ретінде, яғни, оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді. Адам ісәрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады. 1) мәдениет қоғамның оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады. Бұл әдісті екі тұрғыда қолдануға боладЫ Жалпы мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады: 2)Рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады. 1)Материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта құру процесімен байланысты; Сократ Спенсер, Блинский, Чернышевский сияқты ойшылдар Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы мәдениет философиясын қамтиды. Қазіргі кезеңдегі материалдық және материалдық емес өндіріс орындары еңбекке қабілетті, технологиялық мәдениетті игерген адамдарды қажет етеді. Осыған орай, соңғы кездері педагогикалық құжаттардағы «технологиялық мәдениет», «еңбек мәдениеті» ұғымдарының мәнін көпшіліктің дұрыс түсінуі қажетті шарт болып табылады. Мәдениет ұғымы бастапқыда жерді өндеу тәсілін білдірді. Мәдениеттің осы тар мағынасы Еуропаның қоғамдық санасында XVII—XVIII ғасырларда кең мағынада қолданыла бастады. Бұл өте маңызды болды, өйткені сол тұстан бастап мәдениет еуропалықтардың өзіндік санасының басты ұғымына айналды. Мәдениеттің орнықты түсіндірмесі ағартушылық дәуірге сай келеді. Осы кезде мәдениет табиғатқа қарама-қарсы ұғымда түсіндірілді. Бұл екі түрлі сипатта көрінді: табиғат — жетілдіруден алыс тұрған, бастапқы қалып, ал мәдениет — осы кемелденуге жетудің жолы, құралы немесе, керісінше, табиғат — үйлесімдіктің идеалы, ал мәдениет — қолдан жасалған бір түзілім болғандықтан бұзушылықты, әр түрлі кемістікті, т.б. өзіне жинақтаған. Осымен байланысты Руссо мен Вольтер арасында талас туғаны мәлім. Руссо мәдениет адамды бұзады, адамның жетілуі тек табиғаттан беріледі, ал одан әрі мәдениеттің араласуы жетілуді баяулатады, адамды езеді, бұрмалайды, қатынастарды әлсіретеді, ең бастысы, оларға екі жүзділік енгізеді дейді. Вольтер, керісінше, адамзат тарихының жабайы күйден басталатынын, адамды адам еткен тек мәдениет екенін дәлелдеп бакты. Мәдениетке деген бұл екі көзқарас қоғамның әлеуметтану нұсқасын жасауда белгілі дәрежеде ықпал етті. Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық. Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған жөн. Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам ұғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар. Назарларыңызға рахмет