Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі



бет1/3
Дата21.07.2017
өлшемі4,13 Mb.
#21758
  1   2   3


Әлдихан Қалдыбаев
Көңіл көмбесі

Әдеби мақалалар, эсселер

«Сенім» Тараз-2009



ББК 83.3 (5 Қаз)

Қ 25

Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі.

Тараз, Сенім, 2009. - 272 бет.



ІSВN 9965-548-71-4
Жазушы-драматург Әлдихан Қалдыбаевтың бұл кітабына өзінің әріптестері, өнер адамдары жайындағы ойлары, қаламдастарының өзі жайлы жазғандары іріктеліп енгізілген.

Көргені көп, түйгені мол қаламгер айтарын жазуға шебер-ақ. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей болып жазылған, тәлімі мол әдеби мақалалар мен зерттеулерден үлкеннің де, кішінің де үйренері көп.

УДК 82.09 ББК 83.3 (5 Қаз)

Қ 4603020000



00 (05) - 09

ISBN 9965-548-71-4



© Қалдыбаев.Ә., 2009
Бірінші бөлім

Өз қоржынымнан















КӨҢІЛІМІЗДІҢ КӨГІНДЕСІҢ, ЖАМБЫЛ АТА!

Жамбыл - ақындықтың шыңына шыққан шайыр, жыр алыбы. Жәкең жырлары бір жарым ғасыр тыңдаушысын да, оқушысын да тамсандырып, таңдандырып келеді, әлі де солай бола береді.

Жамбыл - қанша оқысаң да тауыса алмайтын қазына, азаймайтын ақыл, өшпейтін өнеге-өсиет. Ол - халқымыздың аса бай ауыз әдебиетінің үлкен арналы дариясы.

Жамбыл - халқымыздың ұлы перзенті.

Адам ұлылыққа халқына қалтқысыз қызмет көрсетуі арқылы жетеді.

Ақиық ақын мұны жақсы білген, білген де былай деген:

- Менің тамырларым - туған халқым, менің бұтақтарым - жырларым, менің жапырақтарым - ұл-қыздарым. Мен - бар болғаны жүз жылдық терекпін, қартайғанда тапқан жарқын күнімді, халқымның бақытын, ұл-қыздарымның бақытын жырлаймын.

Жамбыл өлеңмен ерте жолдас болған. Он жасында «Шағым» деген өлең шығарып, келешекте от ауызды, орақтілді ақын болатынын аңғартқан.

Оқымаймын молдадан,

Не оқытпақ ол маған?

Бала келсе сабаққа,

Жем дәметкен дорбадан.

Ақ сәлдесін төңкеріп,

Көзін жұмып теңселіп,

Күн ұзынға боздаған.

«Дін - апиын» делінген коммунистік идеология тұсында жер-көкке сыйғызбай мақталған, бүкіл молда атаулыны аямай сынаған делінген бұл өлең, әлбетте, бала Жамбылдың белгілі бір молдаға көзқарасы еді.

Құлынында көкірегінен осындай өлең өрген балаға атақты Сүйінбай ақын былай деп батасын береді: «Балам, өлеңің жүректің түкпірінен жарып шығатын болсын. Жырларың жекелеген адамдарға ғана емес, бүкіл халыққа жағатын болсын. Сенің өлеңдерің адамдарға ақиқат пен әділдікті айтатын болсын. Жырларың ел ішіне кең жайылып, ауыздан-ауызға таралып жүрсін. Сенің өлеңдерің өзіңнің айналаңда болып жатқан оқиғалар жөнінде болсын. Басқалардың әбден жауыр қылып, таптап кеткен жеңіл жолын іздеуші болма».

Жамбыл - ұлы ұстазының осы өсиетінің үдесінен шыққан ақын. Бата дарыған, болашағына арналып айтылған осы асқақ, аяулы ойды өмір бойы ұстанып өткен адам ол.

Айырылдым арманымнан, қайран Бұрым,

Айдай ең толықсыған шапақ нұрың.

Алдандым, аяғымды шалыс бастым,

Білмедім жан ашымас аға сырын.

Бір-ақ ауыз өлең. Осында өмірдің ащы шындығы жатыр, ғашықтардың зары бар, ру намысын жыртып, жас жүректі қан жылатқан би ағайын бар.

Өзі ақын, өзі айдай сүлу қыз Бұрымды Жамбыл алып қашады.

Сарыбай би екі ел татулығын желеу етіп, Жамбылдың махаббатын аяққа басады.

Мен Жәкеңнің екі шағын өлеңін оқырмандар есіне неге салып отырмын? Мұндағы айтпағым - ақын өлеңдеріне өмір шындығы өзек болған. Жамбылдың бір де бір өлеңі «жоқ, барды, ертегіні термек үшін» жазылмаған. Бұл - Жамбыл шығармашылығының ең басты, ерекше қасиеті.

Жамбыл - алдына қара салмаған айтыскер ақын, ғұлама шежірелі жыршы.

Жамбылдың көркемдік палитрасы өте бай,

Ол өлеңнің жыр түрін жетік меңгерген, оны жаңа, Жамбыл белесіне көтерген. Оның жырлары көлемді, халықтың дана сөздеріне, мақалдары мен мәтелдеріне мейлінше бай.

«Көрұғлы», «Манастың» бір тарауы, «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» дастандарын жырлаған. Соңғы екеуін Сүйінбай да жырлаған. Бірақ екеуінікі екі түрлі. Бұл - бір тақырыпты бірнеше ақын жырлай беретін шығыстық үлгі көрінісі.

Жәкеңнің ел тарихының елеулі оқиғаларын кең қамтитын ұзақ жырлары өте көп.

Жыр - қазақтың батырлық эпосына тән өлеңдік үлгі. Өлеңнің бұл түрін Жәкең жақсы меңгерген, әркез ұстанған. ¥лы ақын төгіп жырлағанда ұйқас түйдек-түйдегімен ағылған, ой маржандары келісім тауып төгілген. Қазақтың кәдімгі он бір буынды қара өлеңін де қаға беріс қалдырмаған. Дәл осы өлең түрінде әр сөзді орны-мен қолданған, шеберліктің үлгісін көрсеткен.

Жамбылды жаттау керек. Абайдың «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» дегенін Жамбыл да мұрат тұтқан дерсің. Тілімізді қазіргі мүшкіл халінен құтқаруға Жамбыл жырларының қосар үлесі -өлшеусіз.Ұлы Жамбыл - ұлы Махамбет пен ұлы Абай тәрізді өлеңмен бірге ән, күй де щығарған, кәдімгі қазақ мақтан тұтатын «сегіз қырлы, бір сырлы», «Жігітке аздық ететін жеті өнерге» жетік талант

Жамбылды оқу керек. Алып ақынның мол әдеби мұрасын игеріп, көркемдік тәсілдерін меңгеріп, тілінің байлығына қанығу керек. Түйіп айтқанда, Жамбылды тану керек.

Шашасына шаң жуытпаған ақиық ақынды тану - ұлтының, оның өлеңін, өнерін тану.

Жамбылды қазақ қана емес, бүкіл әлем таныған, білген. Қызыл империя тұсының өзінде Жамбыл Қазақстанның баламасы ретінде жер-жаһанға мәшһүр болған.

Бұл ретте қазақ халқының, әдебиетінің досы, белгілі орыс жазушысы Леонид Соболевтің мына бір сөзін келтірген жөн болар.

- Жамбыл түсінде де өлең шығаратын болуы керек, бұл ғажап екен! Мен үш күнде Жамбыл университетінен өттім, Жамбыл «тайниктерінің» көзін аштым. Жамбыл өнері - импровизация өнері, өзі сол өнердің, поэзияның данасы екен, бұл расында жаны тірі, бізге керініп тұрған Гомер екен, мұны көрген кісіде арман жоқ.

Жамбылмен үш күн бірге болғанда Л.Соболев осындай ой түйеді. Ал, біз Жамбылмен өмір бақи біргеміз. Жамбыл - біздің абыз ақсақалымыз, ұлы тауымыз,

Жамбылтану - ешуақыт үзілмейтін, халқымызбен бірге жасайтын ілім, өнеге.

Бұл өркенді істі өрге бастыруда «Жамбыл» журналының көп іс тындыруы керектігі айтпаса да түсінікті. Журналдың шығармашыл ұжымына бұл тұрғыда Тараздың жоғары, орта оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, мұғалімдері көп көмек бергені жөн болар еді. Мен соңғы кездері өткізілген ғылыми-теориялық конференцияларда оқылған ғалымдардың сөздерінің кітаптық нұсқаларына редактор болып, облыстағы ғылыми күштің жеткілікті әрі әлеуетті екендігіне әбден көз жеткіздім. Бірақ, өкініштісі, олардың бір де біреуі Жамбыл жөнінде жұмған аузын ашпапты. Бұл - үлкен олқылық. Конференциялар тақырыптары басқа дерсіздер, иә, солайы солай, алайда оларда әдебиеттің бұрынғы, кейінгі, қазіргі өкілдерінің шығармашылық қырларына талдау жасалынған, ал, Жамбыл ауызға алынбаған.

Жамбылдың өзі, оның айналысы, ақындық мектебі, ізін қуған шәкірттері - толып жатқан тақырып. Осылардың бәрін ғалымдардан артық кім ашып көрсетпек.

ӘН МЕН ЖЫРДЫҢ КЕНІ

Ақын, жыршы, композитор, әнші Кенен Әзірбаевтың өмірі мен творчествосы - аса сирек құбылыс. Бір басына осыншама өнер қонған және сол өнердің әр саласында ересен мол із қалдырған адам - кешегі сахараның ұлы дарындары Біржанның, Ақанның, Мұхиттың, Балуан Шолақтың, Әсеттің - шын мұрагері, әмбебап өнерпаздардың бірегей өкілі.

Кенен - талай алқа топта жыр төккен жүйрік ақын, бұлбұл көмей әншілігімен елді тамсандырған айрықша талант иесі. Ұзақ өмірінің арқауы болған өнер жолына ол ерте түсті.

Жасымнан-ақ қиялшыл, ойшыл болдым,



Қарамай ат-тоныма тойшыл болдым, - дейді ақын.

Тағы бір өлеңдерінде айтылатынындай, ол он жасынан қолына домбыра алып, суырып салып өлең айтқан, ән салған.

Кененнің әкесі Әзірбай ән салып, домбыра тартса, шешесі Ұлдар әншілігімен жақсы танылған адам болған. Ол шешесінен ерте, жеті жасқа келгенде жетім қалады.

Жас өмірін жалшылықта, жоқшылықта, жетімдікпен өткізсе де, өнерінің арқасында Кенен ел қатарына ерте қосылады. Ақындықты ардақ тұтатын, әншілікті айрықша бағалайтын халық сұңғақ бойлы, ер мұрынды, қырғи тілді, бұлбұл үнді Кененге төрінен орын берген, жас балапанды бүркіттей баулып, балақ жүнін түлетіп, алтын ұясынан ұшырған.

Атақты «Бозторғай» әнін шығарғанда Кенен он бір жаста екен. Ал «Ри, қойым» одан да бұрын шыққан. Осыншама жас дарынның өзі сияқты жалшы бала өмірін соншама шыншылдықпен, соншама тапқырлықпен, өлендік кестелік жүйемен, жүрек шымырлатар әсем әуенмен ғажап жеткізіп бере білгені - біздің ғана емес, әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында да сирек кездесетін құбылыс. Ол - туа біткен талант, феномен. Бала Кененнің тырнақалды туындылары сол кездің өзінде-ақ сырлас, мұңдас, тағдырлас жалшы-малшылардың арасына тез тарап, қалың қауымның сүйікті әніне айналады.

Ақынның қызық та аянышты тарихы бар, тапқырлығымен, өткірлігімен, шыншылдығымен ерекшеленетін шығармасының бірі - «Көкшолақ» әні. Жал-құйрығын сүзілтіп жорға мініп, қалың нөкерімен сән түзеп бара жатқан бай қызы, Көкшолағын тепеңдетіп жанаса беріп шырқай жөнелген қойшы бала-жігіт - сол кездің ащы шындығын бейнелейтін керемет сурет емес пе! Бай қызынан сескенбай, өрлеп сөйлеуі Кененнің өнер құдіретін ерте түсінуі болса, өсіп тұрған көңіліне демеу бола алмаған шабан көкшолаққ арнаған сөздері ақынның өз тағдырына, өзі тәрізділердің тағдырына айтылған ащы әзілі, кедейлікке кегі еді. Әрі күлкі, әрі драма. Бұл айтыс, ән-өлеңнің ішкі мазмұны, сыртқы формасы кінәартсыз қабысып, үлкен-дарынды танытып еді. Осыдан кейін-ақ Кененнің ақындығы мен әншілігіне жұрт тәнті болып, ол жиын-тойдың қызығы, алқалы топтың базарына айнала бастайды.

Кенен 1900 жылы қырғыздың атақты манабы Шабданның асына барады:

Бұл асқа қатар жатқан бауырлас, ауылы аралас екі халықтың небір топ жарған жыршылары, ақындары жиналады. Олардың арасында Жамбыл, Тоқтағұл, Қалмырза, Арқабай, Төкпе сынды үлкен ақындар болады.

Әнші, жыршы, күйшілердің осы думанды жарысында Кенен сыйлықпен қоса Жамбылдың ақ батасын алады. Ал Жәкеңнің өзі бас бәйгеге ие болады. Міне, осы оқиғадан кейін Кенен бай малын бағуды біржола тастап, ақындық, әншілік, сазгерлік жолға түседі.

Ақ патшаның 1916 жылғы жарлығы Жетісу өңіріне келіп жеткенде Кенен өз алдына отау тіккен, қазақ, қырғызға қатар танылған талант болатын. Ауылнай мен болыстар он тоғыз бен отыз бірдің арасындағыларды хаттай бастағанда, «Қара жұмысқа адам бермейміз» - деп халық бұқарасы көтерілді. Жетісу жерінде болған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын Бекболат Әшекеев пен Әли Нұрғожаевтың бастағаны тарихтан жақсы мәлім. Сол жасаққа үгітші-ақын болып Қордайдың қос ақыны Кенен Әзірбаев пен Есдәулет Қандеков қосылады. Кенекең үгітші ғана емес, Әли батырдың сенімді серігі болған адам.

Кенен Әзірбаев бұл тұста патшаның жазалаушы отрядтарымен болған талай қанды қақтығыстарға қатысады, қолға түсіп, құтылып та жүрді. Кейін Әли батыр бастаған көтеріліс жеңіліс тапқанда Кенекең қатты күйзеледі. Туысқан қырғыз еліндегі достарын паналайды. Осы бір қасіретті оқиғаларды реалистік тұрғыда бейнелейтін «Әли батыр» поэмасын жазды. Әйгілі «Ой, бұлбұл», «Он алтыншы жыл» атты ән-жырларын шығарды.

Совет өкіметі орнағаннан кейін жерлестері оны ауылдық Советтің төрағасы етіп сайлайды. Бұл жылдары Кенен ақын «Қосшылар одағын» ұйымдастырушылардың алдыңғы қатарында жүрді. Туған халқына ән мен жырдан шашу шашқан ел қазақ ауылдарын советтендіру жұмысына белсене араласты.

1921 жылы Кенен Әзірбаев Қордай болыстық революциялық комитетінің төрағасы болып тағайындалады. Ревком бола жүріп және одан кейінгі жылдары ол Қазақстанның белгілі басшылары Ораз Жандосов, Жұбаныш Бөрібаев, тағы басқаларымен жиі кездесіп тұрады. Кенен Әзірбаев сол жылдары ауылды советтендіру жүмыстарын ойдағыдай білгірлікпен жүргізумен қатар, халықтың бірден-бір сенімді үгітші ақыны болады. Бұл кездерде оның «Он сегізінші жыл», «Октябрь», «Шырқа, даусым», «Шаңқ етпе», «Батырақтар әні», «Соқ-соқ байларды» тәрізді белгілі өлеңдері жарық көреді.

Кенен Әзірбаев ел өміріндегі әрбір оқиғаға сергек үн қосьіп отырды. 1928 жылы арнаулы тапсырмамен Шу өңірін аралап жүргенде ақынның отбасы үлкен қайғыға душар болады. Базар, Назар деген үйелмелі-сүйелмелі екі бірдей баласы қапияда ше-шектен қайтыс болады. Егде тартып, ел ағасы болған ақын бұл қасіреттен белі бүгіліп, қайғырып, көпке дейін үйінен шықпай қалады. Атақты «Базар-Назар» әні осы кезеңде дүниеге келеді. Қатты қапа болып жүрген Кененге қырғыз-қазақ ақындары, қалың халық егіліп көңіл айтады, қайғысының жеңілдеуіне ықпал етеді.

1936 жылы ол республикалық ақындар слетіне қатысады. Кененнің слет кезінде шығарған жаңа жырлары республиканың творчестволық өмірінде жаңа серпін туғызды. Және бұл өлеңдер қазақ әдебиетінің алтын қазынасына үлкен үлес болып қосылды. Кенен сол 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен алғашқы он күндігіне барады.

Ұлы Отан соғысы жылдары Кенен Әзірбаевтың патриоттық әндері мен өлеңдері ел ішіне Жамбылдың отты жырларымен бірге тарап жатты. Ақын бастаған мәдени-үгіт бригадасы колхоз, совхоздарды тынымсыз аралап, өзінің отты жырларымен ауыл еңбеккерлерін қанаттандырып отырды.

1943 жылы Жетісуда жасақталған үгіт бригадасының құрамына енген Кенен Әзірбаев фашистермен арпалысып жатқан совет жауынгерлеріне барып, сәлем-сауқат тапсырды. Концерт қойып, ән шырқады, күй шертіп, жыр тасқынын нөсерлетті. Совет солдаттарының жеңістерін, қаһармандығын мадақтады. Жауды тезірек жеңіп қайтуға үндеді. Ал, ұлы Жеңіс күні Кенен Әзірбаев Москваға шақырылды. Қызыл алаңдағьі Жеңіс құрметіне берілген қызылды-жасылды салют астында тұрып, әуелете ән шырқады. Жеңіс жырын бар даусымен жырлаған ақын үні кейін бейбітшілік тақырыбына ұласты. «Бейбітшілік - асыл сез», «Нұрлы жаз», «Сенеді өз күшіне совет халқы», «Бейбітшілк ұраны» деген ән-жырлар шығарды. Бейбіт өмірдің жаршысы, жыршысы болды.

Кенен творчествосының сан қырлы сыры мен сыйпатын айтқанда оның асқан айтыс ақыны болғанын ерекше атап етуіміз керек. Айтыс - табан астында ойдан өлең өрбітетін өрен жүйріктердің ғана үлесі. Кенекең мұндай өнерге жетік болған. Шәлипамен, Ләтипамен, Кенжеқожамен, Әбдіғали Сартиевтер-мен айтыстары бұл айтқанымыздың анық дәлелі. Оның үстіне Кенекең сәлемдесу, қақтығысу түрінде де біраз мұра қалдырған.

Кенен атамыздыңт ворчествосының өнімді бір саласы-дастандары. Ол оқиғалы-сюжетті дастандар шығарып, оларды өзі әсем мақаммен жатқа айтатын болған. Халыққа кең тараған «Шөпке барғанда», «Құдыяр», «Қырғызбай», «Әли батыр» дастандары бар.

Ұстазы Жамбыл сияқты Кенен де күлдіргі, көңілді аңыз, әңгімені майын тамызып, қисынын келтіріп айтады екен. Ол, әсіресе, Жетісу өңірінің сал-серілерінің күлдіргі, қуақы, әзіл-әңгімелерін көп білетін шежіре кісі болған. Сонымен қатар Кенен жырларын, оның орындаушылық қабілетін ой елегінен өткізіп, қарайтын болсақ, онда жыршы-жыраулықтың да нышаны байқалмай қоймайды. Кенен атамыз өзінен бұрынғы және өз замандастарының өлең-жырларын жатқа айта білетін жырау да, Сүйінбай, Сарбас, Шөже, Шашубай өлең-толғауларын, қырғыз ақындары Қалмырза, Оспанқұл, Әлімқұл жырларын өз әуен-мақамымен орындап беретін тамаша жыршы да еді. Кенекең 1960 жылы Москвада өткен халықаралық этнографиялық конгреске Лениндік және СССР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовпен бірге барып қатысып, тама-ша өнерімен конгреске қатысушылардың таңдайын қақтырған. Ұлы Мұхаңның: «Кенеке, мен Сізді әнші ғана деуші едім, осыған дейін анық танымаған екенмін. Сіз күміс-көмей әншілігіңіздің үстіне әрі ғұлама жырау, әрі әбжіл шешен, байтақ шежіре екенсіз. Халқымыздың аяулы өнерін шет жұртқа жеткізген талантыңызға дән ризамын» - деген сөзі сол сапардан кейін айтылғанын еске алу - біз үшін бүгінде зор мақтаныш.

Кенен Әзірбаев ақындық өнерде, жырда ұстазға кенде болған кісі емес. «Жетісу ақьіндарының алтын діңгегі» атанған Сүйінбай мектебі, сол мектептің шашасына шаң жұқпайтын дүлдүл жүйрігі Жамбыл Жабаев Кенекеңнің ет жақын бауыры, кемеңгер ұстазы болды. Көрші қырғыз елінің төкпе жыраулары мен таңды-таңға қосқан манасшылар Кенен өнеріне қосымша қыр, соны сипат қосты. Ал енді Кененнің сазгер, әнші, күйші болып қалыптасуы өз алдына үлкен әңгіме. Анасының әлди әуенімен ән өнердің әліппесімен жүздескен, халықтан, табиғаттан осынау мөлдір бұлақтардан жалғызсыраған көңілдің емін тауып, алғашқы әндерін шығарған Кенен ат жалын тартып мініп, елмен араласа бастаған шағында Арқаның ақ иығы Балуан Шолақтың Жетісуға келуі оның творчествосына үлкен әсер етті. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай сияқты Арқаның ардақты ардагерлерінің әндеріЖетісуға осы Балуан Шолақ арқылы жеткен. Бұл жөнінде ұлттық әдебиетіміздің мақтанышы Сәбит Мұқанов өзінің «Балуан Шолақ» атты повесінде кең суреттеген. Сол жолы Кенен және басқа да Жетісу ақындары Балуанның қасында бір жаздай болады. Құйма құлақ жас Кенен Балуан Шолақтың оншақты әнін үйреніп алады. «Ыңғай көк», «Діңкілдек», «Сегіз келін», «Қос барабан», «Қос пер-не», «Сұрша қыз», «Құлан кісінес», «Жайқоңыр», «Кенжеқоңыр», «Ғалия» әндері Кененнің орындауымен бүкіл Жетісу өңіріне, одан кейін қырғыз еліне кеңінен жайылады. Міне, мұның барлығы жас Кененнің сазгерлік, әншілік жолындағы алғашқы баспалдақтар, тағылымы мол мектеп болғаны сөзсіз.

Кененнің сазгерлік творчествосы сан қырлылығымен ерекшеленеді. Жиырмасыншы жылдардың аяғы мен отызыншы жылдардың бас кезінде сазгерлер, музыка мамандары Кенен әндерін ден қоя зерттеп, нотаға түсіре бастайды.

Кенекең барлық шығарған ән-күйлерін өзі тамаша орындаған. Өнердің санымен емес, сапамен өлшенетіні - белгілі шындық. Кенен Әзірбаевтың творчествосы санына сапасы сай болған. Тозу білмес, тотықпас туындылары Кенекеңді қазақ халық поэзиясының, сазгерлік, әншілік өнерінің ең көрнекті өкілдерінің бірі ретінде бүкіл елімізге, одан тыс жерлерге де мәлім етті.

Жылдар жылжып, тарих керуені алға тартқан сайын өзінің үлкен ақыны, композиторы, әншісіне деген халықтың құрметі арта бермек. Мұндай ілтипаттан Кенекеңнің ешуақыт кенде болмай-тынына біз анық сенеміз. Өйткені өзі айтқандай, ол - «халықтың бұлбұлы», ән мен жырдың кені.

БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ

Қазақ жазушыларының ішіндегі балаларға арнап жазған, әрі ең нәрлі жазған жазушы Бердібек Соқпақбаев десек, артық айтпаймыз. Бердібектің бұл қасиетін мойындаушы тек біз емес, академик жазушымыз Сәбит Мұқанов Б.Соқпақбаевқа ашық хатында былай дейді:

«Құрметті Бердібек!

Мен сені қалам ұстаған күніңнен білем. Сен, сөз жоқ, қазақ прозасында соңғы оншақты жыл ішінде көрінгендерінің ең таланттыларының бірісің. Әдебиет майданында сенің ерекше бір еңбегің - қазақ тілінде балалар әдебиетін жасауға белсене ат салысып келе жатуың».

Бұған қандай сөз қоспақпыз. Тек бас изеу ғана керек. Бердібек - әдебиеттің әр саласында қаламы жүрдек, сауатты, мәдениетті, талантты жазушы. Әдебиетімізге алғаш өлеңмен араласқан Бердібек - ірілі-ұсақты оннан аса кітаптың авторы. Б.Соқпақбаев көптеген әңгіме, очерк, пьеса, бірнеше повесть жазды. Мұның ішінде біз тек балаларға арналған шығармаларын ғана сөз етеміз.

Бердібек Соқпақбаев творчестволық жолын өлеңмен бастаған. Бұл еңбегінің жемісі - 1950 жылы жарық көрген «Бұлақ» деген өлеңдер жинағы. «Бұлақ» жинағына қырыққа таяу өлең енген. Соның дені балаларға арналған.

Кіп-кішкентай кітапты оқып шыққанымызда аңғарғанымыз - Бердібек сол алғашқы жинағымен-ақ балалар тілін, балалар психологиясын тамаша білетіндігін айқын көрсетеді. Өлеңдерінің бәрі сорғалап тұрған поэзия деуден аулақпыз. Әйткенмен, «Шынықсын денеміз», «Шалғынбай», «Сауысқан» сияқты өлеңдері күні бүгінге деиін балалардың аузынан түспей жатталып келеді. Ол неліктен? Өйткені Бердібек не жазса да нағыз балаларға түсінікті ойнақы тілмен жазады. Бас-аяғы екі-ақ ауыз «Сауысқанды» оқып шығайық:

Ала қанат сауысқан, Қутыңдаған сауысқан. Құлақ түріп жалтаңдап Тыңтыңдаған сауысқан.

Екі қарап, бір шоқып,

Секеңдеген сауысқан.

Құс ішінде қусың-ау

Жауыр көрсе жабысқан.

Мейлі бала, мейлі үлкен жаттап әуре болатын емес. Өзі жатталып тұр. Сауысқан дәл алдында секеңдеп жүргендей сезіледі. Тұрған бойы динамика.

Бердібек өлеңдерінің көбін сюжетке құрып жазыпты. Бұлар болашақ прозаиктің сюжетті шығармаларға жасаған алғашқы қадамдары іспетті. Сюжетті өлеңдері: «Мұқаш», «Жағал ешкі», «Ақылды бала», «Оқиға», «Жүзгіш Жолдыбек», «Мұғалім», «Москваға саяхат».

Бұлардың әрқайсысының-ақ кезінде балаларға тәрбиелік мәні болғаны мәлім. Бірақ пәлендей өміршең өлеңдер емес. Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын жазушы мұны өздігінен сезген де, осы тәуір-ау дегендерін жеке әңгіме яки повестеріне эпизод қылып жіберген. Сөзіміз жалаң болмас үшін «Жүзгіш Жолдыбектің» «Балалық шаққа саяхат» повесінде жеке эпизод екенін, «Мұғалімнің» «Жекпе жек» повесінде ұшырайтындығын, «Москваға саяхаттың» «Бақыт жолы» деген әңгіме боп қайта жазылғанын айтсақ та жетіп жатыр.

Бір ескеретініміз Б.Соқпақбаев бұл аталған өлеңдерін сол бойында қара сөзге түсіріп қана қоймаған, кейбірінің идеясын ғана алған, ал кейбірін ысылған қолмен илеп тұрып жұтындырып жіберген.

Аталған өлеңдер нағыз шешімін таппаған. Өмірде болған оқиғаларды айна-қатесіз көшірген де қойған. Бәрі дағы жеріне жетпеген. Ол заңды да болса керек. Өйткені жас жазушы жаңа бастағанда тек өмір фактілеріне жүгінетін сияқты. Мұны жас жазушылар кеңесінде М. Горький де айтқан болатын, «Өмір фактілерін көп жинау керек» деген. Ал соны қорыту жағының жетіспеуі, әрине, тәжірибесіздіктен. Қуанарымыз сол - Бердібек өмір фактілерін аяққа баспай қайта оралып тамаша шығармалар өте білді.

Балаларға нағыз қажетті сатиралық өлеңдер де аз да болса бар. Олары сәтсіз де емес. «Әлемге аты әйгілі» Шалғынбай бала талай Шалғынбайларды қып-қызыл етіп беттерін дуылдатқан өлең. «Шалғынбайды» жаттап алып, керексіз жерге атын жазған балаларды әжуалаушы ек.

Бүгінгі санасы, ой-өрісі, қиялы - романтикасы өскен балаларға бұл өлеңдер төменде қалған шығар. Жазушының бір кезде жүріп өткен жолы ғой. Сол тұрғыдан ғана сөз еттік.
* * *

«Хат» бас-аяғы екі параққа толмайтын шағын әңгіме. Осы титтей әңгімеде әдемі жарастықты шындық бар. Жоғарғы сынып оқушыларының бір сәт жылт еткен махаббат сезімі бар. Бұл сезім Шолпанды өжеттендіріп жібереді. «Не жазғанын білем» деп қутындаған Әріпбайға былай дейді:

Білсең, біле бер!

Осы үш сөз әңгіме түйіні. Қандай тамаша аяқталған. Осы үш сөзде алғашқы махаббатты мойындаушылық қуанышы асқақ айтылып түр.

«Жолда» жинағына енген «Нағашы», «Бекең», «Аналар мен балалар» әңгімелерінің үшеуі дағы төрт аяғын тең басқан шығармалар. Ал «Бекең» әңгімесін қазақ балалар әдебиетіндегі ерекше туынды деу керекБекең - еңбек адамы. Орденді қарт коммунист. Зейнетке шығудан ат тонын ала қашады. Бекеңді ірге тасын өзі қалап етене боп араласып кеткен сүйікті заводынан дәрігерлік комиссия еріксіз тайдырып отыр. Бекең үйге бір-ақ күнде қартайып келді. Бекеңнің сондағы күйіп-пісіп, әбігер боп жүргені - зейнетке шығарған дәрігерлік комиссия. Бұған разы болған кемпіріне:

- Мен жұмысты аштан өлермін деп істеп жүр ғой деймісің?


Жоқ, елде, байлық іздеп жүрмін бе?

- Сонда жөні сенің қасыңда қазан күзетіп қарап отыру екен ғой,


-деп жатып кейиді.

Бекең қояр да қоймай жүріп цехтың құрылыс материалына күзетші болады. Сүйікті цехын көріп, жаңалығын біліп кетуге келіп, Бекең үлкен қуаныш үстінен шығады. Осы қуанышын айтқанда кемпірі сыйлық дәметіп қуанып қалады, (Сірә, Бекең талай рет сыйлық алып дәндеткен болуы керек).

Үзінді келтірейік:



- Жақсы болған екен, - деп жайнаңдап кетті Күлсім, - немене, бәйгі, бірдеңе алдың ба?

- Әй, кемпір-ай, сенің көкейіңді «алдың ба» теседі де тұрады.


Ештеңе де алған жоқпын. Әлгі бір Николай деген шәкіртім жөнінде өзіңе айта беруші едім ғой. Сол темір кесудің жаңа бір әдісін ойлап тауыпты... Енді, кемпір, әлем еңбек үнемделіп, енім пәлен есе артпай ма. Ал сен мұны түсінбейсің, өмірден артта қалып барасың дейтінім де осындайдан ғой...

Бекең - үлкен гуманист, патриот, рптамист. Өмір ағымынан қара үзгісі келмейді. Біздің елімізде еңбек - қуаныш, бақыт. Міне, осыны паш етеді жазушы.

Үлкен герой-шығарманың идеялық, интеллектуалдық өзегі. Ол оқушыға жазушының идеясын поэтикалық ойға бөлеп жеткізуші. Сол үлкен геройдың өзі ете сүйкімді, мінезі қызық болғаны жөн. Балалардың Алдаркөсе, Қожанасырды сүйетінінің өзі осында емес пе. Бізде мұндай шығармалар жоқтың қасы. «Бекең» әңгімесін ерекше атап отыруымыздың сыры осы.

«Бекең» сиякты шығармалар көбейе түссе шіркін!

Мектеп жасына дейінгі және төменгі класс оқушылары үшін Бердібек алғаш қалам ұстаған күннен жазған. «Жол», «Саша», «Колхоздан келген қонақ», «Шал мен бала», «Жасырынбақ», «Компас» әңгімелерін сәбилерге ертеде тарту еткен. Бәрі де өмірден ойып алып жазылған, дөңгеленіп тұрған шығармалар. Сәбидің тәтті қылықтарына ойнақы қан жүгіртіп тамаша әңгіме еткен.

Бірақ, осыларда бір ақау бар. Ол - оқиға қуушылық. Балаларға қызықты қылып әңгімелеп беруге келсек, Бердібек қазақ балалар әдебиетінде алдына жан салмайды. Сол ойнақы тілімен балдырғанның кішкентай қылықтарын әңгіме дәрежесіне жеткізіп жібереді.

Бердібек Соқпақбаев кейінгі кезде «Балдырған» журналында қызмет істеді. Бұл жылдары жазушы балақайларға бірнеше қызықты шығарма тарту етті. «Балапан торғай», «Ағаштар неге ашуланды?», «Жексен», «Жалғыздық» әңгімелері, «Аяжан» повесі - осы жылдар жемісі. «Аяжанды» повестерін талдағанда сөз етеміз. Әңгімелерінің алғашқы екеуі балаларды табиғат байлығын сүюге, жасыл бақтың досы болуға шақырады. Сол идеясына романтикалық ғажайып сюжет құрған.

«Жексен» мен «Жалғыздықтың» айтары - біреу. Ол «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас». Жоғарыда өзіміз айтқан ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Дараланған геройсымақтарды түрлі әдістермен бармағын тістетіп өкіндіреді.

Бердібек негізінде шебер әңгімеші. Әңгімелері созылып жатып алмайды. Бас-аяғы жұп-жумыр, уақиғаны шашыратпай, бір идеяның төңірегіне жымдастырып жібереді. Әңгімелерінің қай-қайсысы да үлкен жүрек әмірімен жазылғандығы сезіледі.
* * *

Жазушылық жолын өлеңмен бастағанмен Бердібек қазақ балалар әдебиетінің проза жанрына үлкен үлес қосты. Бұл саладағы сүбелі шығармалары - повестері. Жалпы, Бердібек - өндіріп жазатын жазушы еді. Бақандай-бақандай бес повестің авторы.

Жазушының «Менің атым Қожа» повесі тек қазақ балаларының ғана емес, бірнеше одақтас республикалар балаларының сүйікті шығармасына айналғаны бәрімізге аян. Повесть оншақты тілге аударылды. Бердібекті повесть жазудың асқан шебері деуге болады. Алғашқы повесі «Он алты жасар чемпион» жазылғаннан кейін он жыл ішінде бес повесть жазуы жәйдан-жәй емес.

«Жекпе-жек». Осы алғашқы повесін жалықпайтын жазушы түгелдей толықтырып қайта жазды.

«Жекпе-жек» спорт тақырыбына арналған шығарма. Повестің бас кейіпкері Мұрат Батырбаев - бокстан халықаралық студенттер жарысында дүниежүзінің чемпионы атағын алған қарапайым қазақ баласы. Міне, осы Мұраттың өсу жолын, оған ұстаздық етуші бапкер украиндық Денисенконың қажырлы еңбегін, спорттан ныспы, тоғышар Тоқмолда директордың қиямпурыс қылықтарын жан-жақты баяндайды.

Мұрат әуелі өткінші жаңбырға төзбей ауырып қалған нәзік,

16
қатпа бала. Спорт Мұратты болаттан берік етіп шыңдап, қайта жасаған. Повестің соңында дүниежүзі чемпионы. Мұраттың есу жолын көрсетуге Бердібек әдемі бір өлшем тапқан. Ол - білек күшке мыкты, едірең Садық.

Директордың баласы айбынды Садық әркез жасытпақ болып Мұратқа тиісіп жүреді. Бойында жігер оты бар, қоңаштауға төзбейтін Мұрат алғаш боксты осы Садықтың көп қорлығынан құтылу үшін үйренеді. Ата-ананың аясында ілмиіп нәзік өскен Мұратты алғаш бокс секциясына алмай қояды Мұрат бойындағы қайтпас жігерге, спортқа құштарлыққа ешнәрсе тосқауыл бола алмады.

Мұратты мұратына жеткізген Николай Трофимович Денисенко. Н.Т.Денисенко - бойында барын шәкіртіне сіңіретін абзал ұстаз. Спортты жанындай сүйетін спортшы. Соны шәкірттеріне егеді.

Спорт десе, аза бойы қаза болатын Тоқмолда образын Бердібек тамаша шығарған. Балалар әдебиетінде үлкен адамдарды сүттен ақ, судан таза ғып керсетушілік ауру бар. Керісінше, олай болмауы керек. Олардың жағымсыз бейнесін керсетудің де түк оғаштығы жоқ. Бала күнделікті өмірде үлкендермен қарым-қатынас жасайды. Олай болса, үлкеннің жақсы-жаман екенін білмей тұра ма? Түк мүмкін емес.

Ауылдық жерде Тоқмолда сияқты спортты сабақ деп бағаламайтын бастықтар, жасыратыны жоқ, әлі де бар. Бердібек бұл ретте батыл жазған. Онысы өте жарасымды. Жалтақтық жасамай, тура жазу керек. Алдаған екенсің, балалар қолын бір-ақ сілтейді де, ондай кітапты қайтып қолына алмайды. Бердібек өмірлік қызықты жағдайлармен геройларын «тірілтіп» жібереді.

Бердібек - балалармен қызықты юмормен сейлесе алатын бақытты жазушы. Қазақ жазушыларының юморы күштілерінің ең алдыңғыларының бірі. Балаларға арналған шығарма юморсыз болуы тұзсыз аспен тең. А.М.Горкийдің: «Нам нужна и веселая забавная книжка, развивающая в ребенке чувства юмора» деуі тегін емес.

Осы кітапты оқытып, қызықты етіп тұрған Тоқмолда образы. Бердібек Тоқмолданың тоғышар, надан, пасықтығын мейлінше айқын суреттеген. Жазушы алғашқы таныстықта Тоқмолданы жайып салмайды. Тоқмолданың Тоқмолдалығы іс-әрекеті арқылы біртіндеп ашылып отырады. Дәңкеуде, дүмше Тоқмолда Николай Трофимовичпен тартыста бейшаралық халге түседі. Тоқмолданың қуыс кеуделігі оқушының езуін жиғызбайды. Сондай да адамзат болады екен, турниктің не екенін білмейді-ау. Ол ол ма Францияны картадан іздеген түрін қараңдар:

- Сонда мұның Трансиясы қайсы? деп сұрады Ұлжан шешей.

- Трансия емес, Прансия деңіз - Тоқмолда орнынан түрегеліп картаның қасына келді. Саусағын имите шошайтып «Прансияны» іздеді. Солтүстік Американы шарлап, одан Оңтүстік Америкаға түсіп, Прансия деген жазуды одан да таба алмай дал боп тұр еді,
Роза кіріп келді.


- Роза, әлгі Прансия қайда еді? Көрсетіп жіберші?

- Бұл Американың картасы ғой. Мұнда Франция қайдан болады? - деді Роза.

- Е, Американың картасында Прансия болмай ма екен?

- Франция ол Европада ғой.

Ыңғайсызданып қалған Тоқмолда қолын бір-ақ сілтеді.

  • Мен осы карта дегеніңе шорқақпын.

Соқпақбаев осы бір эпизод арқылы сорлы Тоқмолданың тек карта емес, барша дүниеден шорқақтығын тауып көрсеткен. Тоқмолда - кекшіл, аяушылығы жоқ қаныпезер.

Балалардың өздерінше ұйымдастырған бокс секциясын тал түсте қойға шапқан қасқырдай ойран қылады. Алаңғасар Айнабеков екеуінің балалар романтикасын аяққа таптаған жүгенсіз әрекетіне ішің қайнайды. Сондай да айуандық болады екен!

Бір-екі эпизод арқылы-ақ жазушы бөспе, алаңғасар Байқұлақ Айнабеков образын тым әсерлі, жанды көрсеткен. Байқұлақ- Денисенкодан кейінгі физкультура пәнінің оқытушысы. Сабақты әскерде жүргенде естіген, есінде еміс-еміс қалған командалармен жүргізеді. Оқып отырып адамның ішегі қатады. Бұл - тегі Тоқмолдадан да өткен аусар. Сабаздың сабақ берген түрі соғысты ойыншыққа айналдырып, жоқ өтірікті бөсу. Қала берді команда беру, онысы мынадай боп келеді.

- Но дба станобис! Направу! Прямі шәгім арш! Рас-тва! Рас-тва! Куру-ғом! Рас-тва! Тағы да куру-ғом! Бигом арш! (107 бет).

- Лажис! Короткий перебежка би-род! По пластунский би-род! Көтерме басыңды! Би-род! Бирод! Атаку! Ур-р-а! (109 бет). Дәл осылай болмағанмен, физкультура сабағын осылай қор ету әлі де бар. Осындайды құрту керек деген идеяны автор қызықты
оқиғамен бүркемелеп қалай әдемі айтқан.


Тоқмолданың оң көзі, қалай илесе де көнімпаз Сәйбек қарттың образы да екі-үш эпизодта көрінгенімен, тамаша жанды шыққан. Сәйбек Тоқаңның ақылшысы, сырласары. Сәке деп дандайсытқанға өзінше шаруақор боп пысықсып жүреді. Сәйбектің өз сөзімен айтқанда:

- Директор ысказал - начальник ысказал... Тоқмолда приказ давай. Мен быполнай, сынок. Басқа нишауа низнаю!Мұраттың досы Шәкір образы жөнді шықпаған. Әр жерде Мұраттың қылықтарын аша түсу үшін көрініс алып қана қояды. Мұрат өзін секцияға алмай қойса да бокспен өзінше айналысады. Ол үшін боксқа қатысып жүрген біреуден үйрену керек. Ол -Шәкір. Садық пен Марат оңаша бокстаспақ болады. Төрешілікке біреу керек. Ол - Шәкір. Шәкір осылай оқиға шылауында елпектеп ұшып жүргені болмаса, өзінше дараланбайды. Бұлыңғыр қалып қояды.

Бала үлкен өмірге ұшар алдында алдымен отбасы аумағынан қаннаттанады. Содан бөлініп өзіндік пайда бола бастайды. Автор мұны да өте орынды көрсеткен. Мұраттың өсу эволюциясы, міне, осыны алақанына салып аялаған қамқор Ұлжан ана мен Батырбай қариядан аулақтанудан басталады. Пионер лагеріне барғанда артынан келгештей берген әке-шешесінің қылықтарын Бердібек әдейі әжулап отыр.

Б.Соқпақбаев «Жекпе-жек» повесіне көп еңбек сіңірген. Идеясын көркем бейнеге келтіруге лайықты тіл тапқан. Повестің тіл мәдениеті өте көркем. Автор тарапынан баяндаулар сирек ушырайды. Адам образдары іс-әрекеті арқылы ашылып отырады. Кейіпкердің характерін ашуда жазушы диалогты шебер пайдаланған.

Повесте ұшырайтын майда детальдардың өзі тым жанды. Кішкене нәрсе арқылы-ақ көп жайды аңғартқыш. Мұраттың Москвада бірінші орын алғанын автор Николай Трофимовичтің жубайы Дусяға жазған тілдей хаты арқылы-ақ білдіреді. Мұрат финалға шыққан шетел газеттерінің сәуегейлік даурықпаларын қалай қисынымен келтірген.

«Жекпе-жек» повесі жеткіншектерді спортты сүюге баулитын аса қызықты шығарма. Біздің елімізде жастардың қай салада Гіолсын, шарықтап өсуіне жол ашық. Ол үшін тек қажырлы еңбек, қызуы басылмас жігер оты керектігін Мұрат Батырбаев жолы арқылы әдемі бейнелеген құнды еңбек бұл.

Жазушының «Алыстағы ауылда» повесі кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде азаматтардың бәрі майданға кетіп, тылдағы ауыртпалықтың бәрі аналар мен белі бүгілген шал-кемпір, буыны қатпаған балаға түскен кезді суреттейтін реалистік шығарма.

Повестің негізгі идеясы - Отанды сүю. Осы негізгі идеялық арқау шығарманың басынан аяғына дейін үзілмейді. Еңбекшілдік, достық, ұжымшылдық сияқты жанама идеялар негізгі идея ағынын толықтырып астасып, әдемі өріліп, жымдасып отырады.

Жазушы ел басына күн туған соң бір ауыр күндердің бір-ақ жағын суреттеу арқылы сол дәуір шындығын елестетер со-вет балалардың патриоттық істерін асқақ бейнелейтін шығарма берді.



Повесті ашып оқи бастаймыз. Геройларымыз жол үстінде. Жұрттың бәрі жолда. Дүрбелең қауырт қимыл. Форма киініп лек-легімен Отан қорғауға тік көтеріліп аттанып бара жатқан халық. Идет война народная - Война священная.

Майданға аттанбақ ағасының үйіне жеңгесіне қолғабыс болуға кетіп бара жатқан Болат. Қаршадайынан әкесінен тірі, шешесінен өлі айрылып, балғын денесін жау оғы жарадар еткен Сережа. Сережаны госпитальдан алып кетуге келген Жұлдыз. Бәр-бәрінің көңілінде бір күйкілжің. Бәрі асығыс.

Повесте біз түрлі кейіпкерлермен танысамыз. Соның ішінде іс-әрекетімен, мінез-құлқымен дараланған төрт кейіпкер бар. Олар - Болат, Сережа, Қожаш, Досан. Бұлардың алғашқы екеуін өмір толқыны айдап келіп отыр, ал соңғы екеуі «жаңаөмірліктер».

Болат қалада өскен. Ауыл өміріне шорқақ. Колхоз жайлы газет-журналдардан ғана оқыған, колхоз келбетін машинамен зулатып үстінен өткенде кергені бар. Түк өмір көрмеген сарыауыз балапанның өзі. Қызыл атты ақ ат деп, қалай жүгендеуді білмей, желген аттың екпініне машинадан ауып түсетін Болатты дүрбелеңді, қайнаған қауырт өмір өзгеше шыңдап, еңбек иесі етіп шығарады.

Сережа жас та болса емір талқысынан өткен. Қан майданға бір сүңгіп шыққан. Өмір оньі мәймеңке, шыбын тимес шыңқ етпе мінездердің баршасын алыс ысырып турашыл, тындырымды нық шеге қылып қатырып тастаған. Темірдей тәртіпке үйренген. Өмір жасына сай емес ересекке тән мінездер еккен. Бұл мінездері сырт көзге дөрекі қара дүрсіндеу көрініп қалатыны бар. Алғаш Болат та жақтырмай қалады. Досан ғой безе қашады. Сауыққой, қызба Досан үнемі жарысып, жеке шауып колхоздың күш атына күн көрсетпейді. Міне, осы Досанның шаба беретін атын алып, шабан «трактор» қараны бермек болғанда Досан былай бәлсінеді.

  • Ендеше, мен машина айдамаймын.

  • Айдамасаң, жалтырат табаныңды! Бұл масылдарды асырайтын орын емес. Қазір соғыс кезі сенің қылтың-сылтыңын мен еркелігіңді көтере алмаймыз...

  • Балалар тезірек аттарыңды ұстаңдар. Біздің бір минутымыз өлгенше, неміс фашистерінің бір солдаты өлсін.

Міне, осы кішкентай үзіндіден-ақ Сережаны қатал, жалқауға ымырасыз еткен не екені айқын көрінеді. Ол кішкентай жүрегімен, сәби жанымен Отанын сүйеді.Қожаш - әр іске тындырымды, колхоз өмірін жетік біледі, повестің ұзына бойында Болаттың ұстазы іспетті.

Повестегі ең сәтті шыққан образ - Досан. Бердібек - Досан сияқты сатиралық геройлар образын жасауға өте ұста жазушы. Оған жеткілікті ойнақы тіл де таба біледі. Лайықты уақиға да табады. Досан - сауықшыл, ерке-бұлан. Өз дегенім болсын дейтін өлірме, мақтан сүйгіш. Керекті жерінде әділ-айласын асыратын өтірігі де бар. Жұмыстан қашып келіп, егіннің шөбін отайтын уақ Балаларға бригадир болдым деп әжесін алдай салады. Досанды құртып жүрген не? Ол дүниеге турашылдықпен қарамау. Бұл жерін Досанның Сережамен тілдесуі арқылы жақсы бейнелейді. Елдің бәрі жұмыста. Досанның іші көгереді. Досан жолаушылап ол аралайды. Барлық жерде қызу еңбек. Жұрт көзіне күйік болады. Өстіп жүріп бір үлкен игі істен шеттеп қалады. Ол - «Жаңа өмір» балаларының барша аудан балаларына үндеуі. Досан бар пәле Сережадан деп ойлайды. Повесть соңында өз кінәсін мойындап, Досан Сережамен дос боп ажырасады. Жазушы Досанды өз қатесін мойындаттырып, бір әдемі сезім ұялатады. Ол батырдың інісі болды. Ағасы Сайран Совет Одағының батыры атағын алады. Осы эпизодты жазушы өте әсерлі баяндайды. Бұл күн колхоз өмірінде дүбірлі той болады.

Жанама кейіпкерлер де бірлі-жарым көрініп-ақ жанды әсер қалдырады. Олар ақын бала Әнуар, күзгі сынға қалған Құрмаш.

Колхозбастығы Жұлдызды, яки бригадир Балабекті, Сережаның өкесі уәкіл Вороновты қашан кермейік, үнемі қймыл үстінде жүреді. Кеңседе қақиып отыру, немесе сен сүйт, сен бүйт деп тақылдау да жоқ. Бірақ, бір кемшілігі бұлардың, яғни үлкендердің іс-әрекеті күңгірт. Тек балалармен қарым-қатынаста ғана көрініс алады.

Кей сыншылар бұл шығармада пионер вожатый жоқ, комсомол басшысы жоқ дейді. Біздіңше, ол - қате пікір. Үлкен-кіші түгелдей ардақты борышқа жұмылып, қауырт қимылдап жатқанда жұрт «көпірдей» бастыққа қат па еді. Жазушы мұны дұрыс көрсеткен. Мәселен, Балабек шабылған шөпті өлшеп, күндік норманың орындалу көрсеткішін іліп отырады. Басқа шаруасы қанша. Неге бұл күндегідей есепші жоқ, бәрін өзі істеп жүр? Адамдарды отанды сүюшілік асқақ қасиеті бір кісідей жұмылдырған жұмысқа. Жазушы мұны тамаша керсеткен. Досан жекжатшылап қыдырғанда алдынан текжұмыс шығады. Қайда барса қызу еңбек. (Қорқыттың алдынан кер шығатынындай).

Шығарманың көркемдік дәрежесін сез етсек, Бердібек еңбек тақырыбын тартымды уақиғамен, қызықты суреттеулермен бала-лар қызығып оқитындай ете білген. Балалар образдары, еңбек картинасы, дала табиғаты - бәрі тартымды, қызықты суреттеледі.

Композициясы да ширақ. Барша тартыс, іс-әрекет бір-ақ нәрсеге бағынып отырады. Ол - Отан алдындағы жауапкершілік.

Шығармада психологизмге көп көңіл аударылған. Жазушы көп жағдайда геройларының толғанысын дәл басып отырады. Диалогтарды да шебер пайдаланады. Пейзажды суреттеуге де төселген. Дегенмен, олақ сөйлемдер ұшырасып қалатыны бар.

Ендігі әңгіме арқауы «Менің атым Қожа» повесі - жазушының оншақты жыл ізденісінің көрсеткіші тәрізді белеңді шығарма.

Повестің үлкен өзегі - ой-арман. Бас кейіпкер Қожа - жазушы болуды арман еткен сотанақ бала. Сотанақ деймін, солай ма өзі? Ақылды бала емес пе? Иә, Қожа әрі ақылды, әрі сотанақ, содыр бала.

Өмірде сықиып қалған жақсы бала, яки жақсылық атаулыдан жұрдай жаман бала болуы мүмкін емес. Адамның өзі жаман емес, қылығы жаман. Қалыптасып бітпеген балаға өмір несін сыйламай-ды. Бәрін сыйлайды: қуаныш пен қайғы, қызғаныш пен достық, масаттану мен азап - бәр-бәрін сыйлайды. Осының бәрін қызықты әрі байсалды баяндап беруге не жетсін!

Міне, осы құбылыстың бәрітүгелдей Қожабасынан өтеді. Соның бәрін өмірдегідей етіп көрсетуге Бердібек қандай әдемі әдістапқан. Кітап оқығандай емес, Қожамен әңгімелесіп отырғандай боласың. Әңгіме айтып, сырын ашып елжіреп отырған адамға сен қоя тұр, кейін айтарсың деу қалай қиын болса, бастап оқыған адамға повесті бітірмей жабу да солай қиын. Қожа повесть беттерінен тұрып кеткендей болады. Бұған себеп, біріншіден, Соқпақбаевтың жазу әдісі десек, екіншіден, шығарманың кереметтей шындығында. Шындық дегенді әдейі айтып отырмыз. Шығарманың шындық дәрежесіне көтерілуі - талант құдыреті. Ойындағысын тура өмірде болған уақиғадай етіп көре біліп, оқушыға көрсете білгенде емес пе талант. Флебердің ауырып қалуы, Л.Н.Толстойдың «геройларыма ие бола алмай қалам» деуі шынтуайттап келгенде осыған саймай ма. Бердібектің Қожасы да жазушыға тәуелді емес, бағынбайды. Бердібек Қожаға еш қылықты әдейі істетпейді. Мәселен, Қожа тентек екен, оған тентектік істету керек, ол қиялшыл, қиялдауы керек, ол ойшыл, ойлауы керек деп күні бұрын әзірлемейді. Қайта бәрі өмір заңдылыктарымен туындап отырады.

Қожа өзін таныстырмақ болды. Бала жатып қиналады. «Менің атым...» - дейді де аржағын айта алмайды. Себебі аты сүйкімсіз, күлкілі. Балаға дұрысырақ ат қою керектігін қандай әдемі әжуалайды.



Қожа - әкесіз жетім. Әкесін соғыс жұтқан. Жазушы мұны да оп-оңай, еш қиындықсыз білдіреді. Себебі Қожа фамилиясын айтады. Сөйтеді де әкесі Қадырдың жоқтығын айтып: «Еһ, қайран әкем. Кім біледі, жер-әлемді шулатып сотқар Қожа атанып жүргенім әкесіз жетім өскендігім де шығар» деп жүрегі қарс айрылады.

Қожа - ойшыл, арманшыл, намысшыл. Сотанақтығының салдарынан көп қағажу көреді. Сол үшін кейде ретсіз қыжыңдайтын үлкендерге наразы болады. Шынында, үлкендердің баланы орын сыз басынатыны бар.«... адам әуелі үлкен болып жаралса, өмірдегі озіне тиісті қызмет мамандығын атқарып болғаннан кейін барып, балаға айналса. Сонда маған Майқанова қалай қарар еді?» деп ойлайды Қожа. Балағатән әдемі аңғал қиял. Қожажайлауға кетпек болды. Көлік жоқ. Неге? «Белсенділердің әрқайсысында бірнеше аттан бар. Үстеріне өздерінен басқа шыбын жорғалатпайды. Жазда жайлауға қоя беріп, семіртеді де, қыстыгүні қаншырдай етіп жа-ратып, қасқыр, түлкі қуып шығады. Сонда олар бұл үшін колхозға төлей ме бірдеңе? Түк те төлемейді. Әкем Қадыр осы колхоз құрылған күннен бастап, ұста болып істеді, мамам - сауыншы. Бір аттың бір күндік терін пайдалануға менің неге қақым жоқ?

Шынында солай. Қожаның орнында кім де болса солай ойлайды. Бастықтардың әкесінің малы ма еді? Мінсін Қожа да. Бұлай ойлауы Қожаның тентектігі емес, дүниеге сын көзбен қараушылығы.

Қожаның бүлдіріп бара жатқан ештеңесі жоқ. Қайта Қожаны қорсыну бүлдіріп бара жатыр. Қожа бұған көнгісі келмейді. Қайсар бала. Қожа ешқандай бұзықтықты істейтін деп істемейді, өзі қалай істеп, бүлдіріп алғанын бір-ақ сезеді. Ол ісінің оң-теріс екенін де біледі. Бірақ кейін өкінеді. Қожаның Сұлтанмен дос болуын автор жайдан жай алмаған.

«Әй Сұлтан, Сұлтан. Сенің бойында кісі қызығарлық өнер-қабілеттер толып жатыр-ау. Асауға шалманы қалай діл тастайсың. Бие сауғанда шөпілдетіп жібересің. Жолдасыңа қоң етіңді ойып бе-руден тартынбайтын батылсың да жомартсың. Бірақ, арамдығың да бар: өтірік айтасың, ұрлық істейсің. Егер оқуды тастамасаң, әлгі айтылған қылықтарыңнан азат болсаң, сенен түбінде жаман азамат шықпас еді» (67 бет).

Бұл - Қожаның Сұлтан жөніндегі пікірі. Иә, мұны ойлап отырған баланы қалай жаман бала дерсің!

Өзін ең болмаса Жантас құрлы көрмегеніне Майқанова апайына ерегісіп, Қожа Сұлтанға ілесіп жайлауға кетіп қалды. Сұлтанмен достығы басталды. Жаздай ұжымнан аулақ болды. Сұлтан өзін оңдырмай масқара етті. Ал, ауылдағы балалар қайткен? Ұйымшылдықпен шөп шабысқа барған, даңқтары республикаға жайылып абырой алған.Осыған Қожаның өкінішін автор қалай әдемі берген. Шөп шабыста болған балалармен бірге газетке суреті шығады. Алғаш мақтанып қап, кейін өкінеді. Бұл өкініш - кепшіліктен шеттеп қалғанының жазасы.

Қожа - Отанын жан-тәнімен сүйтетін патриот. Оны да Қожекең өзі айтып береді. Немене осының бәрін айтып отырып мақтанып кеткен жоқ па? Керек десеңіз Қожа дәл балаға тән аңғалдығымен, романтикалы ұшқыр қиялымен білдіреді. Совет Одағының батыры болуды арман етеді. Өйткені келешекте жақсы адам болудың бәрі Қожаға қазіргі жамандық қылықтарына ара тұрар мият боп отырады.

Ұжым күші, оның адамға творчестволық әсерету күші Қожаға өзі істеген, немесе қатысы болған бұзықтық әрекеттердің бәрін қайта ойлатты. Бұзықтық, жаман болу аяқ астынан екенін аңғартты.

«Әрине, бәріне өзім айыптымын. Осының бәрі тәртіпсіздіктің, мінез-құлқымның нашарлығының кесепаты. Әйтпесе, ана Темір құсап езімді үлгілі ұстап, текжүріп, тектұрсам, мұндай жағдай болар ма еді! Аяулы алтын мамам арып-талып жайлаудан жұмысын тастап келер ме еді? Жоқ, жетеді! Ақымақтықты енді доғаруым керек! Түзелуім керек».

Бірақ ауру қалса да әдет қала ма? Әзіне-әзі осылай үкім айтқанымен, Нүрила кемпірдің қара қаншығын ұрмақ болып жерден тас алады. Бұл - бұрынғы Қожа қылығы. Ал, мына жаңарған, ұятқа піскен Қожа қайтеді? Тесін ұстап тұрып бір ой келді басына: «Япыр-ау, бұл ит маған не істеді? Мен оны неге ұрамын? Сосын иесі шықпай ма жүгіріп. Қарғап, тілдемей ме мені? Тәртіпсіздік деген, міне, осындайдан туады екен ғой». Бұл - Қожаның оңалуға жасаған алғашқы адымы.

Майқанова апай - Қожаның қас жауы. Қожа жегідей жек көреді. Неге жек кереді? Майқанова Қожаны кезексіз қулықпен кітап алғалы тұрған жерінен қуып шыға жаздайды. Қожаға өне бойы ұрсып, күн керсетпейді. Бірақ Майқанова жек кере ме Қожаны? Жоқ. Педсоветтен шығып бара жатып мектеп директоры Ахметовке:

Қадыров - түбінде адам болатын бала, - деді Майқанова.

Майқанованың осы сезі Қожаның бойына нұр жүгіртті. Автор балалар үшін от пен суға түсіп жүрген мұғалім бейнесін орынды керсеткен. Мұғалімнің күйініші мол қиын еңбегін қайта неғұрлым анық жазса, балаларға соғұрлым сүйкімді болмақ.

Жазушы Сұлтан образын тым орынды көрсеткен. Сұлтансыз-ақ содыр бала образын жасауға болушы еді ғой. Бірақ Сұлтан керек. Әне нағыз қисық боп есіп бара жатқан бала - Сұлтан. Қожа

ше? Қожа Сұлтанға астар бола ма, тәйірі.

Соқпақбаев - шындықты бүркемей, батыл жазатын жазушы. Бердібекті кейбіреулер балалар махаббатын жазасың деп жазғырады. Қазақ балалар әдебиетінің кернекті жазушысы С.Бегалин Бердібекке мынадай мін таққан:

«Бердібектің «Балалық шаққа саяхат» деген повесінде өзінің жеңгесінің жат суық жүрісін сөз етіп, оны езі көріп, жас оқушыларына әшкерелеп отырады.Тағы сол повесте өзі қаршадай болып, екі қызға көңілі кетіп, махаббат ұшқынына душар болады. Бердібектің 1960 жылы басылып шыққан «Менің атым Қожа» деген повесінде өзінің шешесіне Қаратай дегеннің сөз айтқанын тындап, Қаратаймен ешігеді. Біз Бердібекке махаббат жайында жазба демейміз, жаз, бірақ жас буынға арналған шығармада, үлкен адамдардың арасында болатын келіссіз, дерекі махаббат жайын сез ету орынсыз деп ойлаймыз. Осы кейінгі повестің 9-бетінде: «Шешеме әкем не үшін керек, білем» дейді. Бұл да жас оқушыларға арналған шығармаға қонымсыз әбес жәйт. Әсіресе, жас буындарға арналған шығармада мұндай сөз ерсі болып тұрады».

«Балалық шаққа саяхат» туралы кейінірек айтармыз. «Менің атым Қожа» туралы Сапарғали ақсақалға айтар дауымыз бар. Қожа повестің үзына бойында Қаратай мен шешесінің ләм-мим деген «дөрекі махаббат» жайлы бір сөзін тыңдап көрді ме? Жоқ. Қожаныкі - тек балалық күдіктен туған қызғаныш. Қаратайдың Миллатта көңілі болып жүргені сезіледі. Мүмкін «дөрекі махаббаттары» да бар шығар. Бірақ ол повесть рамасынан сыртта, көрініс алмаған. Мүмкін Қаратай өзеуреп келіп жүрген шығар.

Отбасында болатын қуаныш яки қайғы - барлық отбасы мүшесіне ортақ. Мұндай құбылыс баланы да шаттандырады, мүңға батырады. «Кейде Миллат мамам әкемнің суреттерін ақтарып қарап отырады да мүңға батып, бір түрлі егіліп кеткендей болады. Кірпігі жасқа шалынады... Мен сол кезде маматайымды керемет аяп кетем. Бірақ аяғанмен не пайда, білем, сезем неге күйзелетінін».

Шешесі тұрмақ Қожаның өзін аяп кетесің. Сапакең соңғы сөйлемді кішкене бұрмалаңқырап отыр. Сөйлем мағынасы екі ұштылау екені рас. Бірақ автордың ойы әкесінен айрылған баланың ерінен айырылған ана трагедиясына ортақтасуы ғой деп ойлаймыз. Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқына сын көзімен қарамау, одан шет жүру балаға еш мүмкін емес. Ал мұның өзі тек Бердібектің ғана жазғаны, соның ғана ашқан жаңалығы емес. Гәп осыны қалай жазуда. Сапарғали Бегалин дұрыс сақтандырып отырған болар, бірақ автор әбес жәйтқа бармаған сияқты. Әбес жәйт деп мынаны айтуға болады. «Қос есігінен сығалаймын. Садыр келген бетте-ақ жантая беріп өгей шешемнің мықынына қол жүгіртті:

Мықыныңның өзі немене, өлген қойдың жамбасына ұқсап шодырайып кетіпті ғой!»

Бұл Сафуан Шаймерденовтың «Мезгіл» повесінен үзінді. Мұны да бала керіп, біліп отыр. Ал, Бердібектің Қожасы ше, мұндайдың бірін де көрген жоқ. Тек қызғанады. Себебі шешесін қатты сүйеді. Повестің кульминациясының өзі жер-дүниені бүлдіріп жүрген Қожаның шешесімен бетпе-бет анық сөйлескенінде емес пе.

Повестің қызықты беттері Қожаның «махаббатына» арналған. Қожа мен Жанар дос, бірақ Қожа осыны махаббатқа саяды. Жанарды сағынып өлең жазады, үйінің маңынан әдейі жүргіштейді, хат та жазбақ болады, қызыл бұзауды әдейі айдап келіп Жанар ауласына кіргізіп жібергені қандай қызық. Бәрі - күлкілі.

Бердібек Соқпақбаев бұл жерде дұрыс жазған. Нағыз баланың басында болатын сезім. Қожаның жәй ойы. Ол ешқандай махаббат емес. Махаббат еді деуден автор да аулақ. Қайта жеңіл юмормен әжулайды. Мұндай сезімді айтуға тіл жоқ. Баланы піспеген сүюшіліктен жеңіл күлкімен сақтандырып отыр.

Қожаның Миллат мамасы - «ақылды тәрбиелі адам». Аудандық советке депутат. Көпшілік алдында беделді, сыйлы. Мамасының осы қасиеттерінің бәрі Қожаның содырлығы арқылы ашылған. Шеше мен бала арасындағы қатынас повесті әдемі, жылы лирикаға белеп тұр.

Повестің тілі көркем. Басынан аяғына дейін желіп отырып оқисың. Қожа сез арасында былай дейді.

«Өзінің тырнақ алды прозалық туындысын шағын повесть түрінде бастап отырғанын автор бір де бір минутке есінен шығармайды. Сондықтан да адамныңбасынан кешетінтұрмыстың ұсақ-түйек құбылыстарына онша жүгіне бермейді».

Қожаның осы сөзін қайталап айтуға тура келеді. Бердібек ұсақ-түйек емес, өмірдің нағыз керектісін теріп жазған да шап-шағын.әдемі повесть еткен.

Жалпы Бердібек повестерінің аумағы 100 беттен әзер асып жығылып жатады. Бұл дегенің - қысқа деген сез. Негізінде осылай жазу керек. Балаларға оқығанда сары тап қып жалықтырып жіберетін сала құлаш кітаптар түкке керек емес.

Диалогтары қандай жанды. Сұлтанның бұзық екені, оқуды тастап кеткені белгілі.

«Тоқта, тоқта, келген жерімді белгілеп қояйын.Мына бір мылтық ұстаған адам ба, албасты ма, осы бетке келіпсің».

Бұл Сұлтанның Қожа «Робинзон Крузоны» оқып жатқанда қолынан жұлып алып, жауып жатып айтқаны. Әкем-ау Сұлтекең бала біткеннің бәріне әйгілі Робинзонды да білмейді. Надан боп қалды-ау бишара бала! Мұны жазушы диалог арқылы ашып отыр.

Қожаға үнемі араша түсетін жарықтық әжесі де тек диалог арқылы тұлғаланбай ма?

«Менің Қожашым тірі болса, ешкімнен кем болмайды. Өсе келе өзі-ақ түзеліп кетеді. Сабырбек нағашысына тартқан. Ол да жас кезінде осы секілді шығаннан шыққан сотанақ еді. Бұл қайта оқу оқып, мұғалімдерінің айтқанын орындап, кейде өтіншік боп жүр ғой».

Жантас қу да тек сөзімен қу. Шақпа ащы тілі қандай жанды. іс-әрекетімен емес, тек диалогпен Жантас боп тұр.

Жазушы портрет жасауға да ұста. Аз сезбен кеп мағына аңғартады «Ахметов - қатал адам. Шынымды айтсам, мен оның алдына барған сайын қалтырап тұрам. Сусылдаған қызыл-күрең шашы желп-желп етіп, қабағы түксиіп шүйлігіп қарағанда, сұп-суық кездері адамның өңменінен етеді». Осы кіп-кішкентай суреттеу мектеп директорының қатал бейнесін жанды елестетеді.

Табиғат суреттері де Қожаның көңіл күйімен байланыста суреттеледі. Қожа кеңілсіз, ит жайлаған күңгірт түн. Қожа бар пәледен құтылды, арылды, бар жиһазын тағынған айлы түн.

Повестің соңғы сейлемдері табиғат суреті мен бас кейіпкер Қожаның көңіл-күйінің астасуымен бітеді. «Ай нұрынан орнаған күміс көпір белдеулеп бет алдымда, ауылдың дәл іргесінде өзен жатыр жарқырап. Мөп-мөлдір мына ғажап дүние «Ұш! Самға! деп, қолтығымнан қанат бітіретін, арман нысанасына қарай алып ұшатын тәрізді. Лаула! Лаула жігер оты! Самға қиял құсы! Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым».

Повесть аяқталды. Қожа оқушымен қалай қоштасты? Қандай әсер қалдырды? Бұл ретте біз П.Косенконың мына пікіріне қосыламыз.

«Читатель верить в счастливое будущее Кожи в то, что он будет думающим и ищущим, беспокойным и страстно любящим жизнь человеком. Во всяком случае идеала умеренности и аккуратности он не примет никогда».

Жазушының «Балалық шаққа саяхат повесі 1960 жылы жарық керді, орыс тіліне аударылып басылды.

Повесть жаңадан мойын серік құрып, қаз тұра бастаған қазақ

ауылын, сол кездегі ауыр өмірдің шындық болмысын, алғаш ашылған совет мектебінің оқушылары өмірін суреттейді.

Повестің бас кейіпкері - Бектас. Бектас кім? Лирикалық герой ма, автордың өзі ме? Автордың өзі. Бұлай деуіміздің себебі повестің узына бойына өткен уақиғаны жік-жігін ажыратып, десте-десте қылып есіне түсіріп, оқушыға баяндап отырған автор позициясы бар. Ол барша болмыстың таразышысы, ой елегінен өткізіп, балалық базарлы күндеріне қайта үңіліп, өткенді қазбалап тауып саяхаттаушы. Әдетте саяхатты таныс емес жат жерге жасамайтын ба еді. Ия, балалық күндер де алыстап, бұлыңғыр, көмескі тартқан. Міне, автор сол ұмытылып бара жатқан еміріне саяхат жасайды. Сонда бұл қандай шығарма? Бұл ретте біз ақын Әбілда Тәжібаевтың автобиографиялық повесть деген пікіріне қосыламыз.

«Повестегі бас геройдың аты Бердібек емес, Бектас. Сондықтан бұл шығарманы автобиографиялық деуге сия ма деушілер де табылуы мүмкін. Бұл әңгіменің формальдық жағьі одан шығарманың табиғаты өзгермейді».

Осы баяндамасында Әбілда Тәжібаев Бердібек туралы былай дейді:

«Бердібек туралы бірінші айтарымыз: ол, сөз жоқ, талантты жазушы. Өмір детальдары мен адам мінездерінің алуан сипаттарын, психологиялық нәзік құбылыстарын аңғартқыштыққа, соларды сипаттарлық сөз табуға келгенде Бердібек балалар прозасындағы ең күшті жазушьі десек, артық айтқан болмаймыз. Юморы қандай жақсы! Оқығанда жортып отырғандай сезінесің».

Бердібектің жазушылық шеберлігіне бұдан артық сөз тауып мақтау да, таңдану да мүмкін емес.

Осы баяндамасында Ә.Тәжібаев повестке әжептеуір сын айтқан. Біз оның көбіне қосыламыз да:

«Дүние қоңыр, адам бишара, жер жұтаң, ән-күй көңілсіз болып сезілді маған...

...Қап-қара түнді жазып отырғанда түннің не бір үрейлерін сипаттауға болады. Бірақ, ертең күн шығатынын да оқушыға сездіріп отырған жөн. Онсыз дұрыстық бұрмаланған болар еді. Бердібек Соқпақбаев жолдастың кітабында осылар жетіспейді».

Ол рас. Жазушы балалығы өткен дәуірге үңілуден гөрі жеке өз басының күйкі жәйттарына кебірек үңілген сияқты. Бектас үйінің тұрмысы ауыр, бірақ барша ел тұрмысы олай боп көрінбейді. Ақ нанды кертіп жеп жүретін Жанбосын үйі, Бектастың жездесі Әлқожа үйі, бір отарлы жан бола түра ішіп-жемге тарықпай, қасық «смирно» тұратын тамаққа бай Қағазбай нағашысының үйі жалғыземес. Олар көп. Бектастың үйі сияқты там-тұм тамақтанатын үйлер де болған. Бұл күндегідей жұрт еңбегінің зейнетін түгел көре қоймаған. Бірақ келешек үшін, жарқын болашақ үшін күресіп жатқан момын шаруа қазақ ауылын көрдік. Біз оқып шыққан соң Әбекең құсап шаршамадық, қайта жігерлендік. Бектастың: «Тірі болсам, осы жыртық-жәутік күйімде тұрып қалмай, түбінде адам болып шығатыныма сенімім кәміл» дегеніне «Иә, оның рас! Сүйтпегенде ше?» - деп сырласқымыз келді.

Арнайы мақала жазған Н.Ғабдуллин де, баяндамасында шолып өткен Ә.Тәжібаев та Бектас психологиясын жете түсінбеген сияқты. Сыншылар Бектасты ештеңе білмейтін көр бала ретінде ғана таниды. Мүлде олай емес. Бектас оқуға келмей тұрып-ақ «жер жүзіне шам шырақ орнатқан» көсеміміз Ленин жөнінде көп естіген, оқуға келген соңелімізде социализм, коммунизм орнайтынын білген, көрші Қытай туралы хабардар көзі ашық жігерлі бала, Отанын сүйетін, болашаққа кәміл сенетін патриот бала. Үй-іші қытайға етпек болғанда заставаға барып хабарлауы, өзімен қас Баймырзалардың жәшік астына төңкеріп кеткенде Отан бақыты үшін жапа шеккен революционер-патриоттарға еліктеп тапжылмай жатуы Бектасты кеп нәрседен хабардар етіп керсетпей ме. Осындай бала неге ғана «ертең күн шығатынына сенбесін». Әбден сезеді. Олай болса, біз Әбекең кішкене артықтау кеткен бе дейміз.

«Мен өз басым ауыр жылдардың ауыр шындығын айтуды қостаймын» дейді Әбділда Тәжібаев. Ендеше, шығарма езегі осы ауыр жылдардың жүрегінде қалдырған күйініш-сүйініші ғой.

«... Жаңылудың себебі, ең алдымен, өмірді қанық білмеуден туады деп тура айта аламыз. Өмірді жіті білмеудің салдарынан тіршілік тұрмыста әр кезде, әр уақытта болып жататын түрлі-түрлі құбылыстар жайында ұшқары қорытындылар жасап қоюымыз әбден ықтимал»-дейді Н.Ғабдуллин.

Н.Ғабдуллиннің бұл пікірі Бердібек Соқпақбаевты емірді жете білмейсің деп кіналауға саяды. Біз бұған мүлде олай емес дейміз. Әбділда сөзімен: «Бердібек - талантты жазушы. Оның білген, түйгендері аз емес, айтуға да шебер, суреттеуге де ұста» дейміз.

Н.Ғабдуллин осы повестен Сағатбай мұғалім мен Әсбет шешейден басқа бірде-бір жағымды кейіпкер кездестіре алмайды. Ол екеуіне де разы емес. Повестің бас геройы Бектасты ру намы-сын жыртқыш, төбелесқой, ұры, өтірікші деп жазғырады.

Осы жерде айта кетейік, Нығымет Ғабдуллин шығарма табиғатына түсінбеген. Автобиографиялық повесть екендігін білмейді. Сөйтеді де Бектасты автордан беліп алып, авторға геройды өиткесің-бүйткесің деп кінә қояды. Бектасты жазғырады. Жоқ, олай емес, ауыр өмірді жазғыру керек. Өмір тақылетіне кез боп жүрсе де ертеңгі болашағына сеніммен қарайтын Бектасты, жасында солай өскен авторды оқушы қауым дәл Ғабдуллинше жазғырмайды. Қайта оқушы Бектаспен сол ауыр кезеңге саяхат жасап шығады. Бұрынғы ағалараның жүріп өткен жолын біледі. Бүгінгі шат өмірлеріне мақгана отырып, өткенге үңілу қандай жақсы. Заман ұлылығын сездіре түспей ме! Бектас ру намысы үшін балалармен төбелесті, осы жерде Бердібек «надандықтан туған осы жексұрын жікшілік, ұрушылық алакөздігінің кеселі балаларға да жұққан» деп ашына айтпай ма. Жоқ, ой біз іштен туа сап қай қылық жақсы, қай қылық жаман, білуші ек демек пе. Бектастың өзі де, үй-іші де қай жылы туғанын білмейді. Бұлардың бәрі - геройдың өсу эволюциясын көрсетер алғашқы өлшемдер.

Сыншының екеуі де автор позициясын мойындамайды. Тіпті Нығымет Ғабдуллиннің аузына іліп алар жағымды кейіпкер таба алмауы осы автор позициясын аңғармағандығынан. Әйтпесе автор аса ілтипатпен еске алып отыратын кейіпкерлер неге ұмыт қалсын. Көршісі Көпесбай балалары туралы:

«Соншама ащы қиындық кешіп жүрсе де, жабырқауды білмейтін, болашаққа ғашық жардай құмар, сайып қыран тас түлек, өршіл арман иелері еді. Шіркін, амал нешік, өмірлерінің қызғалдақтай құлпырып, толықсыған нағыз балғын шағында қаусаған шөптей оталып, бәрі бірдей Отан соғысы майданында мерт болды. Үшеуі де коммунист еді, ерлерше алысып, мәңгі өшпейтін даңққа бөленіп қаза тапты» дейді.

Жағымды герой емессің деп осыларды жазғыру керек пе? Жоқ. Бөтелке шамның жарығына түрегеп тұрып Ленин шығармаларын құныға оқыған Сатылған, тұрмыстың ауыр мойынтырығын қайыспай тартқан, табиғат адамшылық қасиетті үйіп-төгіп берген нағашысы Қағазбай жайлы, аяулы анасы Әсбет, өзі ауруханада азап шегіп жатып «нәпсі тілегін адамгершілік бауырмалдық сезіміне жеңгізген» інісі Тұрдыбек, ілтипатты Әлиман жеңгесі жайлы автор тебіренісін қайда қоямыз.

Н.Ғабдулл иннің сыны алдын алу болғанмен, шығарманы оқушы қауым қауыша қарсы алды. «Өлең жаза білу ақын болғандық емес, бұл ақиқаттың дәлелін іздесеңіз кітап магазиндеріне кіріңіз» деп Белинский айтпақшы, Ғабдуллинге де «Кітап магазині, кітапханаға кіріп көріңіз» дейміз. Оқушылар қолдан қолға тигізбей оқиды. Бұл кітап үшін төбелесіп қалған балалар туралы Ә.Асылбеков «Спорт» газетіне әңгіме жазды. Повестің жетістігін айтып мақтаған сындар да болды. Бірақ біз олар туралы сөз қозғамадық. Жоғарғы екісынға сын көзімізбен қарай отырып пікір таластыруды жөн көрдік.

Повесть кемшіліктен құр-алақан емес. Бұл жәйді Әбділда Тәжібаев айқын ашып керсетті:

«Реализмнен гөрі натурализмі, қорытудан қобыратуы басым» деді. Осы жолдар бізді әжептеуір ойландырды. Шынында, емір фактілерін кеп білетіні жазушыға зиянын тигізген сияқты. Артық эпизодтар еніп, шығарманың сюжеттік линиясын әлсіретіп, қабыратып алатыны бар.

Повестің керкем де, талантты да жазылғаны жайлы жоғарыда Ә.Тәжібаевтың сөзін келтірдік. Оған қосарымызда жоқ. Жазушының бір ерекшелігін айтып қана кетейік. Бердібек еш уақытта оқушысын жалықтырмайтын сергек жазушы. Адам психологиясын авторлық баяндаудан гөрі көбінесе штрихпен ашады. Апайының үйінде жүріп оқығанда қытымыр Әлипа тамаққа жарытпайды. Дүмбілез ашты-тоқты жүреді. Осы күйін қалай береді? Сары қыздың нанын орысша жеймін деп алдап аузын мың құбылтуы, қытайша жемек боп өңешіне конфет тұрып қап қылқылдауы - қандай жанды штрих. Сақылдап күліп отырып жыларман боласың. Осының өзі Бектастың ойнақы, кеңілді, еңсесі түспейтін өнерлі бала екенін керсетпей ме.

Ауылынан әу дем жерде жүріп үйіне хат жазатын бала мінезін айтсаңшы. Хат сездері қандай жанды.

Қысқасы, Бердібек қаз тұра бастаған қазақ ауылындағы жаңа ашылған мектептің оқушысы Бектастың кергендерін бүгінгі пайымдауымен ұштастырып, оқушы сүйіп оқитын тамаша повесть жазған.

«Пишите, пишите для детей, но только так, чтобы вашу книгу с удовольствием прочли и взрослый, и прочтя, перенесся бы легкою мечтью в светлые годы своего младенчества»... деп, Белинский айтқандай, повестке үңілген ересек оқушы да балалық шағының сәулетті жылдарын рахаттанып еске түсіреді. Қызығып, сүйсініп бас алмай оқиды.

Бердібек Соқпақбаевтың «Балдырған» журналында істеп жүріп бөбектерге арнап жазған әңгімелері жайлы жоғарыда айттық. Осы жылдардың сәтті туындысының бірі - «Аяжан» повесі. Повесть «Балдырғанда» 1961 жылы жарық керді. Биыл жеке кітап болып

шықты.

«Аяжан» повесі қазақ әдебиетіндегі бөбектерге арналған тұңғыш повесть. Повесть оқушыларына лайықты шап-шағын. Осы кіп-кішкентай повесте сан-алуан мінезді бала бар: көңілі зерек, әр нәрсеге қызыққыш Аяжан, шаруаға жұғымтал, тындырымды Ораз, шолжаң Нұрдәулет, тазал ыққа үйренбеген Зәуре, кектен түскендей боп оқшауланып жүретін Меліс.

Балалар әрқайсысы мінездеріне тән табиғи қылықтарымен оқушысын еліктіріп әкетеді.

Аяжан автобустан түсті, барлығы жат. Қайда барарын білмей дал. Адам адамға дос. Мейлі танысын, мейлі танымасын адамдар бір-бірінен көмегін аяп көрген бе. Ораз бен Меліс ұшырасты.

Меліс:

- Керек болса, өзің бар, - деп жайына кетті. Оқушы бірден Мелістің бұл қылығына ренжіп қалды. Атасының үйіне Ораз алып келді. Осы алғашқы таныстықтан барып достықтары басталды. Әр нәрсені білуге құмар Аяжан ауыл емірімен біртіндеп танысты.

Повестің қызықтылығы, құндылығы: Аяжанның жат жерге келгендей болмай, ауыл балаларына, ауыл өміріне етене араласып кетуінде. Өзіне дос тауып, сол достықтың титтей де болса бір кәдеге жарауында. Ораз бен Аяжан достығы арқылы автор көзінен айырылып кәріп боп қалған Күлиша шешейге тағдыры шипалық дәрі табады. Бердібектің балалар психологиясын, балалар тілін білетін жазушы екендігін осы титтей повесть мол қырынан керсетеді.

Аяжан келген қазіргі колхозды ауыл Бектастың Қостебесі, Болат келген «Жаңа өмірдің» гүлденген, марқайған шағы. Қаладан келген Аяжанның саяхат кезімен-ақ қазіргі ауыл өмірі сәнді де жанды көрінеді. «Нан жарықтықтың ауыр еңбекпен табылатынын білсін» деп Ораздың папасы айтпақшы, еңбек адамын, еңбекті түсінуге баулиды.

Қазіргі балалар романтикасы, қиялы қандай әдемі. «СССР-10.1. Жер-ай!» ракетасы бүгінгі балалар қиялы емес пе! «Мен космонавт болам. Айға барам. Үйтем-бүйтем» дегізіп баланы қу жақ қылмай-ақ, кіп-кішкентай жанды эпизодпен бүгінгі балалардың ұмтыларын тауып көрсеткен.

Еңбегімен жұрт құрметіне ие болған, қайда барса, сәлем беріп жас-кәрі сыйлайтын Сарыбай атай да жанды.

Повесть тілі сөбилерге түсіндікті, ойнақы. Бүлкілдеген бұлақ суындай мөлдір. Бұл айтқанымыздың бәрі повестің жетістіктері. Енді әттеген-ай дегізетін кемшіліктерін ортаға сап көрелік.

Автор Аяжанның ауыл өміріне шорқақтығын керсету үшіңдеп детальдар тықпалап жіберген. Оларының кейі артықтау. «Сүйікті қошақан» деген тарауда Аяжан қойды керіп:

- Анау сүзейін деп келеді - деп қаша женелетіні бар. Ал негізінде Аяжанның мал туралы, оның қасиеттері туралы түсінігі жоқ. Ол шығармада көрініс алған. Сиыр, қаз, есек жайлы ештеңе білмей, ыңғайсыз күйге душар болады. Олар туралы ештеңе білмей тұрған Аяжан қой сүзеді деп қашпау керек, басқаша жасқанып қашуы керек.Аяжанның Зәуремен қатысында біртүрлі жасандылық бар. Аяжан қазымырлау көрініп қалады. Қымс етсе, мұрныңды сүрт, аяғыңды жу деп дүрсе қоя беріп жүргені. Осы ретте автор Аяжан-ды пысық қылам деп ана тәрбиесінің егініне түсіңкіреп кеткен.

Натурализмге бой алдырып алған «Балалар енеден туған қалпында тыржалаңаш шомылып жүреді. Нұрдәулет те түрсиіне дейін сыпырып тастайды». Осы аралар біртүрлі тұрпайылау. Өмірде осылай болуы мүмкін, бірақ керкем шығармада көрініс алғаны оқушыны ыңғайсыздандырғандай болады. Егер «Аяжанды» бір топ қыз-бала бірігіп оқып отырса, осы жерге келгенде бір-бірінен үялып, қызарып қалар еді.

Осы жалаңаштықтан шығады, өткен жылы «Балдырғанның» 10 санында Оспанхан Әубәкіровтың «Жалаңаштар жиналысы» деген әңгімесі жарық керді. Соны сәбилерге оқып беру тұрмақ журналдың сол бетін ашу ұят. Суретін салған Б.Ненахов та, О.Әубәкіров та тым түрпайы кеткен. Әңгіменің идеясы не екен? Тырдай жалаңаш өзенге ат қоя алмай шуласып жатқан балалар-дан басқа дәнеңе болса бұйырмасын!

Нұрдәулеттің, Ораздың кітаптары ересек балалардың кітапханасы тәрізді. Әрі Аяжанға ол кітаптардың кебі таныс, оқыған кітаптары болуы да нанымсыздау. Бірінші класс баласы қай бір опырып оқып тастасын.

Бұлар үңіліп жіті қарағандағы көргеніміз. Шығарма тұтастығына бұлар нұқсан келтіріп те тұрған жоқ. Өзі жақсы дүниеде осылар болмаса, одан да жарқырай түсер еді дегеніміз ғой.

Жалпы повесть - балдырған оқушыларын тындырымдылыққа, қайырымдылыққа, жинақылыққа, бауырмалдыққа, еңбек иелерін құрметтұтуға баулитын құнды шығарма.

Повестің безендірілуі де біршама жақсы. Бірақ шығарма көркемдігінен төмен жатыр. К.И.Чуковский «Пишущий для них (детей) должен так сказать, мыслить рисунками» демеп пе еді. Мұны Б.Соқпақбаев түсінген, бірақ суретші Б.Талбылдиев не бір әдемі жайларды жіберіп алған. Сөйткен де суреттері статуялық күйде қақиып қалған. Бұл да ептеп нұқсан келтіріп тұрған сияқты. Повесть беттерінің келемі бұдан гөрі аумақты, суреттері түрлі-түсті бояулы болғанда тым жарастықты болған болар еді.

Балдырғанның жеке мінездеріне құрып әңгіме жазудан, заман тынысын сездірер көлемді повесть жазу шеберлікпен қоса жауапкершілік жүктейді жазушыға. Бердібек Соқпақбаев бұл талаптарға сай тағы бір қырын танытқан. Қазақ балалар әдебиетіне тағы бір әдемі туынды әкелген. Жас оқушылары бас алмай оқыр тамаша шығарма бұл.Қорыта айтарымыз: Бердібек Соқпақбаев қазақ балалар әдебиетіндегі ең талантты кәсіпқой жазушы. Бердібек шығармалары өзінің балалық шағы өткен жиырмасыншы ғасырдың 30-жылдарынан кейінгі 50 жыл ішіндегі балалар өмірін, олардың түрлі сезімдерін түгел қамтитын шежіре тәрізді. Осы аралықтағы өмірдің ой-қыры, жақсы-жаманын жасырмай суреттеген реалистік шығармалары қазақ балалар әдебиетін жасауға үлкен ат салысқандығының айғағы.

Балаларға арнап шығарма жазу жазушылардың ең ардақты борышы болса керек. Үлкендерге деп маркалап жазып жатқан шығармаларының келешекоқушысы бүгінгі сәбилерге рухани азық боларлық, эстетикалық сезімін оятар көркем туындылар әбден қажет. Бұл жағын біздің аға жазушыларымыз көп ескермейтін сияқты.

Лев Николаевич Толстой «Соғыс және бейбітшілік» атты асқан кесек шығармасын жазып, даңқы мейлінше шарықтаған кезінде тұтас үш жыл бойы балаларға арнап шығарма жазумен шұғылданған, «Әліппе», есеп кітаптарын, балалар оқитын бірнеше кітапша жазған.

Бір сөз еткен Бердібек Соқпақбаев творчествосы - осындай патриоттық борышын, жауапкершілігін сезген жазушы творчествосы. Бердібек - өзінің жазушылық қабылетін мүлдем дерлік балаларға арнаған жазушы.

«... должно родиться а не сделаться детским писателем, это своего рода призвание. Тут требуется не только талант, но и свое-го рода гений» - деген В.Г.Белинский.

Ұлы сыншының осы сөзін Бердібек Соқпақбаев үшін қайталап айтуға тура келеді. Бердібек шығармаларын балалар қолдан қолға тигізбей оқиды. Ол жазушының мына қасиеттерінен болса керек;

а) Бердібек балалардың психологиясын жетік білген. Геройларын поэтикалық

фантазиямен тірілтіп жібереді.

ә) юморы күшті жазушы. Бұл - балалар жазушысы үшін ең қажетті қасиет;

б) шығармаларын балаларға түсінікті ойнақы тілмен жазады.

в) Бердібек геройлары өмір сүйгіш, сезімтал. Қожа қаншама бұзықтық істесін, Бектас қаншама ауыртпалық көрсін, еңсесі түспейтін, жанайын деп тұрған жігерлі балалар. Геройлары өмірдің ащы-тұшысын қатар көріп жүреді.

г) ең бастысы Бердібек әңгіме жазсын, повесть жазсын жалаң өсиет айту, құрғақ дидактикаға бармаған. Белинский балалар жазушысын осы ақылгөйсуден қатты сактандырған болатын. Біз жазушы шығармаларын балалар әдебиеті тұрғысынан сөзеттік. Жазушының әңгіме, повесть жазудағы ерекшелігі, жетістік, кемістігін толық ашып көрсетуге тырыстық.

Бердібек Соқпақбаев - арынды, адымды жазушы. Ол балалар әдебиетіне талай қызық туындылар берген. Бұл жазғанымыз жазушының сол еңбегінің таралғысы.

ПИОНЕР ЖАЗУШЫСЫ

Сансызбай Сарғасқаев - қазақ балалар әдебиеті ірі классиктерінің бірі. Ол - шын мәнінде өзінің барша шығармашылық талантын жас достарына сарқа арнаған қаламгер, пионер өмірінің жыршысы.

Сансызбай Сарғасқаев - Сұлутөр ауылының түлегі. Осында ауып, осында бал дәурен балалығын өткізген.

Лениншіл жас,

Атта, алға бас!

Кел, аралас еңбекке

Елмен жетіс,

Елге жеміс бермекке, - деп Ілияс ақын ағасының өлеңін айтып, жас достарымен бірге ата-аналарына қолғабыс жасауға барған. Балалар кешке дейін еңбек етіп күркеде тыныстап жатқанда тарамыстай арық, аласа бойлы, шашын тақырлап алдырған, басына оюлы тақия киген қаршадай бала сия қарындаштың ұшын жалап-жалап қойып, түзу жол бетіне: «Бүгін Красногор мектебінің төртінші класында оқитын пионерлер егіс даласына масақжинауға шықты. Алғашқы күні 130 килограмм масақ өткізді. Пионерлер ертке қарсы қарауыл қойды», - деп жазды.

Арада бірнеше күн өткенде оның осы хабары «Октябрь бала-лары» (қазіргі «Ұлан») газетінің бетінде жарияланды.

Міне, он бір жасында он бір жол хабары республикалық газет-те жарық көрген бала қаламгер кейін аты айдай әлемге кеңінен мәшһүр болған үлкен жазушы Сансызбай Сарғасқаев еді.

Шашы бурыл тартып, мосқалданған тұста Сәкең өзі туып-өскен, алғаш мектепке барған, алғаш пионер галстугін таққан ауылдағы Калинин атындағы орта мектеп оқушыларымен кезде-суге келген. Сонда жазушы сөзін осы жайды айтудан бастайды. Атап айтқанда, былай деген:

«Сен неге пионерлер туралы ғана жазасың?» - деп жолдастарым менен жиі сұрайды.

Осы шақты менің көз алдымнан пионер болған күндерім еле-

степ өтеді. Бұл отызыншы жылдардың орта шені еді. Қызыл галстук тағып алған біздер мақтанышпен колхозды аралап жүрміз. Ал, біздің қызықты істеріміз қанша еді десеңізші! Біз кішкентай үгітшілер едік, бригадалар мен фермаларды аралайтынбыз, газеттер мен журналдарды оқып беретінбіз, жауынгерлік листоктар шығаратынбыз, концерттер қоятынбыз. Біз сауатсыздыққа қарсы күрестік, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды жәндіктерін қүртыстық, масақ терістік. Жорыққа шығатынбыз, жас бөбектер мен қарттарға жөрдемдесетінбіз. Мұны ешқашан да ұмыта алмайсың.

Мен пионерлерді инициативасы, тапқырлығы үшін, коллектившілдігі мен шынайы достықтары үшін жақсы көремін. Міне, сондықтан да олар менің шығармаларымның басты кейіпкерлеріне айналды.

Ұзақ жылдар республиканың бас пионер басылымын басқарған Сәкең өзі пионер болған кезінде көрген-білгенін қызметіндегі күнделікті тірлікпен ұштастырып, замана тамырын тап басқан тамаша шығармалар жазған. Оның балаларға арналған барлық шығармалары басқа балалар жазушыларынікінен дәл осысымен - пионерлер өмірін жетік білетіндігімен, олардың өмірін шебер өрнектейтіндігімен ерекшеленеді. Айталық, жазушының 1952 жьілы жарық көрген «Бір отрядта» деген повесінде пионер отрядыныңжарқын істері, коллективизм жайында сөз болады. Повесть кейіпкері Қайраттың мінезі қайнаған еңбекте қалыптасады. Ал, «Достар» атты әңгімелер жинағындағы балалардың бәрі

- өмірдің өзінен ойып алынған кейіпкерлер. Пионер жазушысы өзінің біраз туындыларына қызыл галстуктілер көшбасшысы - вожатыйлар арқау болады. «Сұлутөрдің балалары», «Бір көшенің бойында», «Балалар» атты әңгімелер жинағында жазушы
вожатыйлардың сәтті, сәтсіз істері жайында шынайы баяндайды, балалардың сан алуан мінез-құлқын алға тартады.


Сәкең пионер қатарына 9 жасында 1934 жылдың 1 қыркүйегі күні еткен. Содан өмірінің соңына дейін өзін пионер сапындамын деп санаған.

Біз қазір өткеннің бәрін орынды-орынсыз мансұқтап жүрміз. Пионер жас өскінді коммунизм мұраттарына құлшындыратын. Коммунизм - елес, пионер енді ол елеске ешкімді тастай алмай-ды. Заманына қарай адамы. Сол заманда Сансызбай ағалар сол заманның балаларын - пионерлерін келісті етіп жазса, уақытқа, сезімге қызмет еткені. Пионерлер - сол кездің жас желкені еді, соныбейнеледіжазушы. Комсомол, пионертарады, бірақ балалық

-меңгі. Сансызбай - сол балалар жазушысы.

Жаңа жоғарыда айтып өткен кездесуде Сәкеңе Досан деген гшла (қазір ол үлкен азамат болар):

- «Біз төртеу едік» атты повесіңіздегі Санат Сіздің өзіңіз деседі. Сол рас па? - деген сұрақ қояды.

- Мүмкін мен емес, сенің әкең Дәрмен шығар, - деген Сәкең. Содан соң сөзін салмақпен тұжырымдап: - Менің кітаптарымдағы кейіпкерлердің бәрі өмірден алынғандар. Бәрі де осы өзім туып-өскен Жамбыл облысы Сұлутөр өңірінің Красногор, Қордай, Меркі, Луговой аудандарында бұл күндері оқып жүр, қызмет істеп жүр.

- Сүйікті қарт ұстаз Жамал Төлендиева және «Ұстаз»
романындағы Сәуле де ме?-Иә... Иә...


Сансызбай Сарғасқаев, өзі айтқандай, шығармаларының негізгі арқауы - мектеп, пионер өмірі. Ол бала тәрбиесі мәселесін әңгіме, повестерінде ғана емес, көптеген очерк, көсем сөздерінде де үзбей қозғап отырған. «Баланы жастан...» атты әңгіме, очерк, мақалалар жинағы (..Қазақстан» баспасы, 1980ж.) бұл айтқанымызға толық айғақ.

Жазушы өз замандастары еңбек адамдары жөнінде-өзінің жас достарының ата-ана, аға-әкпелері хақында «Сұлутөр», «Ұстаз» романдарын, «Жердегі жұлдыздар», «Сұлутердің бектерінде» очерктер жинақтарын жарыққа шығарды.

Сәкеңнің «Сөуленің жаңа достары», «Бір отрядта», «Бір көшенің бойында» тәрізді повестері әуелі орыс тіліне, сол арқылы сол кездегі одақтас көптеген республикалардың тілдеріне, шетел тілдеріне аударылған.

Сонымен біз Сансызбай Сарғасқаев - қазактың шоқтығы биік жазушысы, ол ез елімізде ғана емес, өзге елдерге де танымал болған талант дейміз.

Өмірінің 13 жылында республикалық пионер газетін басқарған Сәкең ең әуелі жастар баспасын жағалап, содан кейін үлкен өдебиетке ауысқан көптеген жас жазушылардың ұстазы. С.Сарғасқаев қазақ редакторлар корпусының жаны жайсаң, жақсы командирлерінің бірі болған. Талапшыл, тәртіп сүйгіш басшы болған. «Жақсыдан - сөз, жаманнан - бөз» қалады. Сәкеңнің том-том кітабы қалды. Ол сомдап кеткен жас қауым өсті, алды қартайды, о дүниелік болғаны да бар шығар. Өмір заңы осы, тумақ бар, елмекбар. Өмір- мәңгі. Адам - қонақ.

Сансызбай Сарғасқаев та бұл өмірдің қонағы еді, кетті. Артына өшпес мұра тастап кетті. Сол - медет.

ӨМІР ЖЫРШЫСЫ

Уақыттың жылжуын біреу жылдам, біреу баяу деп жатады. Растау, уақыт ешбір жанға білінбей өте береді. Уақыттың жылдамдығын, шегін білдіретін өлшем жоқ. Ал өзекті жанға өлшеулі өмір берілген. Уақыт жыл, жыл төрт мезгіл болып жылжиды алға. Адам - уақыт қонағы. Адам өмірінің де төрт мезгілі бар.

Мен бүгінгі әңгімеге арқау өткелі отырған Кәрекеңмен - белгілі қазақ жазушысы Кәрім Баялиевпен алғаш кездескенде ол өмірінің жазын жайлап, мен көктемін көктеп жүр едім. Жақсының өзінен бұрын сөзі жүреді. Кәрім Баялиев -жақсы, өзінен бұрын сөзі жеткен. Біз Қазақ ұлттық унивеситетінің студенті болып, әдебиеттің арғы-бергісін жалықпай оқып, үйреніп жүрген жылдары Кәрімнің «Жол үстінде» атты әңгімелер жинағы жарық көргенді. Сол кітап ішіндегі бір шағын әңгіме біздерді, болашақ жазушыларды, Қарауылбек Қазиевті, Ерғали Ахметовты, Өтеген Күмісбаевты керемет тәнті етіп еді. Кәрілік ғаріп еткен шал мен болып-толған баласы арасындағы әңгіме болатын бұл. Шал ескі дуалға қоған құстың қай құс екенін сұрайды баласынан, баласы айтады. Шал тағы сұрайды, баласы айтады. Шал тағы сұрайды, баласы тарс кетеді. Шал жер болып отырып қалады. Сөйтсек, баласы кішкентай кезінде дәл осы дуалға қонған дәл осындай құстың қай құс екенін әкесінен сұрайды екен. Баласы бір, екі, он, жүз, мың рет сұрасын, әке жалықпай жауап береді екен. Сөйткен баланың сыйқы мынау. «Кішкентай ғана қара тас, атан түйе көтере алмастың» өзі еді бұл әңгіме.

Мен өзін көрмей тұрып дүниеде осындай шебер жазушы барын біліп едім.

Кәрекең де мені кермей тұрып шығармам арқылы біліпті.



1965-ші жылдың күзінде тағдыр айдап Жамбылға келдім. Қосағым Жамбылдың қызы болды. Курстасым Жорабай Молдақұловтан басқа жан адамды танымайтын қала тұрағыма айналды. Қалтада диплом, ойда жігер, бойда қуат бар, жұмыс жоқ. Бану - жетім қыз, енем - жесір кемпір, мен жетілмеген, жігіт, бізді елер ешкім болмады.

Мен - университетте оқып жүргенде бір кітабым, әскерде қызмет етіп жүргенде екінші кітабым шыққан жас қаламгермін.

Жұмыс іздеп таба алмай, шаршап келсем, Жорабай: «Әлеке, бүгін сағат 5-те облыстық «Еңбек туы» газетінің жанындағы әдеби бірлестіктің отырысы өтеді. Соған кел» деген тілдей қағаз тастап кетіпті почта жәшігіне. Уақыт 5 болып қалған, екі өкпемді қолыма алып ұштым «Еңбек туына». Сонда мені асықтырған әдебиет деген жалғыз сөз еді. Сөйтсем мен тағдырыма асығыппын. Жамбылдық әдебиетшілер мені жылы қарсы алды.

Әсіресе, Кәрім Баялиев сергектік танытты:

- Түрген жақты жазғанға Алматы облысының баласы екен десем, -

деген сөзі жүрегімді елжіретті.

Кәрекең менің «Қос тентегімді» оқыған болып шықты.

Жас жазушыны біреу шығармасы арқылы танудан асқан бақыт бар ма? Оның үстіне Кәрекең іш тартып, жағдайымды сұрады. Жұмыссыз жүргенімді біліп, облрадиокомитетте бір орын босайтынын, бастығына айтып, қызметке қабылдатуға әрекет ететінін айтты. Бәрі солай болды, мен облыс журналистері мен жазушыларының сапына қосылдым.

Содан бері, міне, табаны күректей 32 жыл өтіпті. Содан бері Кәрекең аға, мен іні болып сыйластығымыздан айнымай өмір кешіп келеміз. Журналистік, жазушылық қызметте де қатар ұшып барамыз.

Кәрім Баялиев - бар бақытын туған жерден, Тараз топырағынан тапқан адам.

Кәрім - ауыл баласы. Билікөл жағасындағы кішкентай ауылда туған, Алматыда оқып заңгер мамандығын алған, содан бергі жердегі барша саналы өмірі туған жерінде өтіп келеді. Мамандығы бойынша біраз қызмет етіп барып журналист болған, қолына қалам алған. Сөйтіп Кәрекеңнің әдеби шығармашылықпен айналысқанына 50 жыл болыпты. Бұл жылдар ішінде ол өз замандастарының тұтас бір шоғырының образын жасап, он үш кітап шығарды. Кәрім Баялиев - әр сөзін орнымен сөйлейтін, әр іс-қимылын біліп жасайтын басалқалы адам. Жоғарыда аталған алғашқы жинағын жас жазушы тектен-тек «Жол үстінде» атамаған. Өмір - жол, адам - жолаушы. Мына жерде жол - әдебиет, жол үстіндегі - Кәрекеңнің езі. Недесекте, Кәрекең алғашқы кітабында меңзеген өмір жолы, әдебиет жолы үстінде ел қатарлы өмір сүріп, қолынан қаламы түспей жемісті еңбек етіп келеді.

Кәрім жазған кітаптардың бастыларын атасақ, «Жол үстінде», «Адам ізі», «Дегелек келді, жаз болды», «Нөсер», «Жер тынысы», «Жасарған Жамбыл жерінде», «Ар жазасы», т.б. болып тізіледі. Ал, егер осы кітаптардың әрқайсысына екі-үштен хикаят, әлденеше әңгімелері енгенін есептесек, жазушының көп-көп көркем дүние туындатқанын аңғарар едік.

Кәрекең бірнеше драмалық шығармалардың да авторы. Жамбыл, Шымкент, Қырғызстанның Ош облыстық драма театрларында оның тиісінше «Оралу», «Атаң келеді артыңда», «Қос дегелек» пьесалары қойылған. «Қайта сайлау» деп аталатын комедия да жазды.Кезінде мен Кәрекеңнің бұл кітаптарын жеке-жеке талдап пікір айтқанмын. Ендігі сөз басқаша. Өмір өзгерді, мұрат басқа болды. Кешегі қызыл империя кезінде асыл деп аспандатқанымыз жасық, жасық пен күстаналағанымыз асыл екен. Әдебиет - өмірмен өзектес өрбитін процесс. Адам - өз заманының перзенті. Заманына адал қызмет еткен перзент абыройлы. Ал, жазушы -заманының ақылды, ойлы перзенті. Ендеше заманына қызмет ету жазушы мұраты болмай қайтпек?... Қазір ғой кейбір көкезулердің: «Мен бәрін білдім, таза әдеби шығарма жаздым», - дейтіні. Ештеңе жоқ, бәрі коммунизм мұраттарына беріліп, соған қызмет етіп жазған. Тіптен, ұлы Әуезов те сөйткен, «Өскен өркенді» жазған.

Осы тұрғыдан келгенде Кәрекең, сөз жоқ, көп іс тындырған.

Республикамыздағы майталман радиожурналистердің бірі атанған Кәрім Баялиев қазақ радиосының біздің облыстағы меншікті тілшісі болған жылдар есімізде. Кәрім Баялиевтің бұл салада қайран боларлық қызмет атқарғанын ерекше атап өткен ләзім. Ол табаны күректей 28 жыл бойы Жамбыл өңірінің тыныс-тіршілігін ертелі-кеш республикалық, ара-тұра Одақтық эфир арқылы жария етіп тұрды. Қазақ журналистері арасында алғашқылардың бірі болып «КСРО-ның құрметті радисі» атағына ие болды. Ұмытылған жоқ, ертелі-кеш радио құлағын бұрасаңыз, әдеп Кәрекең сөйлеп жатар еді. Сонда өң бір келіскен хабарларды жария ететін. Мұның бәрін ол қалай табады, жауабы оңай, облыс өмірінің қан тамырын қолдан шығармай, ұстап отырады.

Осындай сергектікті ол әдеби шығарма жазғанда да танытты. К.Баялиев шығармаларының аты да, заты да өмірмен үндес. Мысалға, «Адам ізі» хикаятын алайық. Жамбыл жерін түлеткен, жаңадан екі қала - Қаратау, Жаңатастың салынуына, Таразды толыстыруға, елімізде астық молшылығын жасауға игі ықпал еткен Қаратау фосфорит кенін игерушілер өмірі арқау болған бұл шығарма тақырыбының актуальділігімен ғана құнды емес, жазу шеберлігі, тіл шұрайлылығымен де ерекше.

Кәрім Баялиев-өмір сырына терең үңілу замандастарымыз-

дың күрделі ой-сезімдерін зерттеп, маңызды әлеуметтік, адамгершілік мәселелерін көтеру жөнінде жемісті еңбек етіп жүрген қаламгер. Мұның жарқын мысалын жазушының «Мейірім» атты кітабына енген шығармаларынан келтіруге болады. Кітаптағы «Тойбастар» хикаятының басты кейіпкерлері - Еркін мен оның жұбайы Несіп біздің замандастарымыз ретінде жақсы бейнеленген. Озық ойлы, ізденгіш құрылысшы жігіт Еркін тойлар мен сауық кештерін басқару талантымен жұрт көзіне түседі. «Белгілі тамада» атанған Еркіннің көзімен адамдардың бір-бірімен аралас-құраластағы тоғышарлық батыл айыпталады. Босдаңғазалық, ысырапшылық, байлықтала-стыру адамгершілікке сыйыса ма? Көңілді, мәдениетті Демалудың орнына өмірін арақпен улайтындардың кездесуі неліктен? Еркін мен Несіпті осы сауалдар толғандырады.

Жазушы шығармасының бұдан көп бұрын жарық көргенін, онда көтерілген мәселелердің қазіргі күнде де өте өткір қойылып отырғанын ескерсек, Кәрекең шығармаларының өміршеңдігіне тәнті боласың. Салуаттылық жолындағы ізгі ойлардың осы шығармаға негіз болғандығы көп нәрсені аңғартады. Жазушы адамдардың жан, тән тазалығының кеміп бара жатқанына сол кезде-ақ қатты қынжылған. Қаламгер өмірден кеш ілгері алда жүру керек дейтін пікір үдесінен шығу деп осыны айтса болар.

Біздің тағы бір байқағанымыз, өмірден көрген-білгені мол жазушы белгілі бір характерлерді сомдауда жанды материалдар-ды шебер пайдаланады. Жазушы - өз заманының жыршысы. Кәрекеңнің туындылары өмірдің өзінен ойып алғандай әсер береді. Өмірде орын алған көріністерді Кәрекең шыншыл суреттейді. Мысалға «Нөсер» повесінің басты геройларының бірі Паңбай Шыныбековті алайық. Оның мамандығы - агроном. Еңбегі жанған маман аудандық ауыл шаруашылығы өндірістік басқармасына бастық болады. Ол қалың қауыммен енді жиындарда ғана көрісіп, биік мінберден тіл қатады. Істің жайын ақпар, рапорт арқылы ғана біліп, сонымен бағалап шешумен тынады. «Басшылық деген мінбеде сейлей білу екен» - деп ой түйеді Паңбай. «Ол мінберге шығып алса, үні ашылып, жігерленіп жүре беретін болады» -дейді автор. Міне, бұл бәріміз қазір де қүтыла алмай отырған кәдімгі бюрократтық, даңғазалық көріністерінің езі емес пе? Жазушының мұны уақытылы кере білгені, бейнелей алғаны қандай жақсы! Ең болмаса, бір бюрократ кеміген шығар.

Ешқандай уақытқа бағынбайтын, қай қоғамның, қай кезқарастың, қай идеологияның адамы болмасын, сүйіп оқитын таза әдеби шығармалар болады. Осындай, коммунизм мұраттарын емес, адамгершіілк атаулыны асқақтататын таза әдеби шығармалар Кәрекеңде де аз емес. Кәрекеңнің бізге өзінен бұрын жеткен Шал мен баласы туралы әңгімесі, «Жылы лебіз», «Дегелек келді, жаз болды» хикаяттары - оқығанды ойландыратын, ізгілікке бастайтын шығармалар. Кәрім Баялиев - үлкен очеркші қаламгер. Бұл ретте жазушының «Жер тынысы», «Жасарған Жамбыл жерінде» атты очерктер кітаптарының орны бөлек. Бұл екі кітапта замандастарымыздың автор жасаған бейнелерінің үлкен шоғыры бар. Олар журналист-жазушы шеберлігінің айшықты бедерін аңғартады.Жазушы соңғы кезде жаңа қырын байқатты. Бұрын өзі заң қызметінде істеген Кәрекең прокуратура тергеушілерінің өмірінен «Ар жазасы», «Бөтен бала» деген хикаяттар жазды. Бұл туындыларында автор біздің қоғамымыздағы адамгершілік мәселелері, кісіні қуаныш пен құрметке бөлейтін адал еңбек төңірегінде ой толғайды. Жазушы адамның рухани саулығы, бақытының бағасы сияқты тақырыптарды қозғайды, енжарлық пен тоғышарлықты шенейді, озбыр, дүниеқұмар, ұсақ мүдделі жандардың қуыс кеуделілігін шегелеп айтады.

Біздіңше, жазушы тақырыбын тауып отыр. Жазушы шығармасы - оның болмысы. Заң қызметін білетін жазушы бізде некен саяқ. Осының өзі-ақ Кәрекең алдынан кең көкжиек ашқан. Бұл шығармалар туынды табиғатын танитындар тарапынан қазақ әдебиетіндегі детективтік жанрда жазылған көркемдік өресі биік дүниелер деп бағаланды.

Юрист-жазушы «Қасапшы» деп аталатын хикаят та жазды. Кәрекең мұнда нақты қылмысты оқиғаларды тергеу барысында жұмбақ түйіндерді шеберлікпен шешетін заңгерлер мен өмірлік мұраттарды теріс ұғынған жандар арасындағы ақыл-ой тартысын шырқау биікке көтереді.

Қазіргі нарықтық қатынастар заманында қылмыстың өсуі, адамдардың қатыгездігінің күшейуі себептеріне барлау жасалынады. Құқық қорғаушылар өмірін жақсы білетін жазушы олардың өмірі жайлы жазуды ерте бастағанда, әлбетте, көп тындыратын еді. Құқық қорғаушылар өмірі жөнінде үнемі ізденіс үстінде жүрген, өмірде болып жатқан құбылыстардың титтейін де елеусіз қалдырмаған қаламгер үш бірдей хикаяттың басты кейіпкері Әбен Ерімбетовті детектив жанрындағы жаңа төртінші хикаятына ауыстырып отыр. Әлем әдебиетіндегі Шерлок Холмс, комиссар Мэгре сынды қылмыс әлемінің білгірлері Ерімбетов бейнесі арқылы қазақ әдебиетінде де пайда болды-ау деп ойлаймын мен. Тек, өкініштісі, оларды оқып, бағалайтын адам аз.

Керекең өз заманының адал, абыройлы азаматы, өсіп-өнген отбасы иесі болып емір кешіп келеді. Дипломды заңгер ретйнде еңбек етіп, облыстық әділет басқармасы бастығының орынбаса-ры деңгейіне дейін көтерілген. Өзінің ең әдемі, қажырлы жылдарын журналистикаға берген. Ал, жазушылықпен елу жыл айналы-сты. Абырой-атақтан да кенде емес, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
ЖАҚСЫ АҒА

Белгілі өнер зерттеушісі, ұлағатты ұстаз, отбасы иесі. Кімдерге арналып айтылмаған бұл сөздер. Бұл сөздерге лайықадам бұрын да болған, қазір де арамызда жүр. Сөйте тұра бұл сөздер Яхаңа, Яхия Шынәсілұлына арналып айтылғанда ерекше реңк алып, шын мағынасына ие болады.

Өмірде бетінен нұры таймайтын, иманымен, ибасымен ерекшеленіп тұратын адамдар болады. Біздің Яхаң - сондай адам. Яхаңды бұлай ететін ұлы күш жоғарыда біз атаған анықтауыштар.

Алдымен ол - белгілі театр сыншысы, зерттеуші. Мұндай болу Яхаңның арманы еді. Сол арманға жету үшін Яхаңа өмірдің небір бұралаң жолдарынан өтугетура келді. Ал, өмір Яхаң құралпыларды еркелеткен жоқ.

Осыдан дәл жетпіс бес жыл бұрын, яғни, 1920 жылы қыркүйек айында қазіргі Байзақ (Свердлов) ауданындағы Теспе ауылын-да дүниеге келген сәби Яхия бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпай жатып әкесінен айырылды. Жеті жетімекпен қалған шешесі оны Қостөбедегі балалар үйіне тапсырды. Бұл кәдімгі Қазақстанда «Кіші Октябрь» орнатушы Голощекиннің «құдіретімен» келген наубет жылдары еді. Жетім бала түгілі жетіскен баланың көбі жер жастанған сол қиямет-қайымнан аман қалғанына өзге тұрмақ өзі де таңданады бүгінде Яхаңның. Көрер күн өшпеген, татар дәм таусылмаған екен, жас өскін өмір өріне қарай өрлей берді. Об-лыс орталығындағы Жамбыл атындағы орта мектепті үздік бітірді. Он құрсақ көтеріп, замана зауалына соның алтауын берген анасы Сапаркүл медет күтіп, қолқалап үйлендіргенде Яхия 19-да, алған жары Райкүл 17-де еді. Әскери комиссариаттағылар сен жаңа үйленгенсің, жар қызығын көр, шешең байғұстың қолын ұзарт, жетім бауырларына пана бол дегенді білуші ме еді, оны әскерге шақырды, Яхияға анасына басу, жарына жалынарлық сөз айтуға тура келді. Ел қатарлы қызмет ету - міндет. Еркек кіндіктің еншісі - осы. Бәрі көнді, құдай ертерек қауышуға жазсын деген тілек-токтам болды. Сөйтсе ер жігітке етігімен су кешу, жарға сарғайып күту еншісі тиген екен.

Жауынгер Яхия Шынәсілов Екінші дүниежүзілік соғыстың алапат майданында болып, өз замандастары көрген қиындықтың бәрінің дәмін татты, әлденеше рет жарақат алды, кеудесіне орден, медальдар тақты.

Соғыс, әлбетте, жерді жүдетті, сонымен бірге оның от-жалынды күндері, небір ауыртпалықтары адамдарды керемет-тей шындықтырды да. Кешегі балаң жігіттер есейіп, атпал аза-мат болып оралды, сағыныш сарғайтқан келіншектердің ақ білегі қайта асылды жар мойнына. Шейіт болғанға амал қайсы, аман қалғандар жапа-тармағай өмір сүруге лап қойды.

Кешегі жауынгердің жалаулаған көңілі жайбарақат тапты. Алда ұзақ өмір жатты. Зерек жігіт оқысам, білсем, мамандық алсам, сөйтіп барып еңбек етсем деген ойға кетті. Сөйтті де Ташкентке жол тартты, мақсаты - тарихшы мамандығын меңгеру еді, бірақ ол жаңа ашылып жатқан өнер институтының театр сыны факультетіне құжатын тапсырды. Институт қабырғасында өткен жылдарда Яхия әдебиет пен енерді мейлінше меңгерді. Институтты үздік бітірді, қазақ драматургиясы жайлы қорғаған диплом жұмысы ерекше бағаланды. Сол кезде бұл жайлы «Правда» газетінде хабар жарияланып, Я.Шынәсіловтің Ташкент театрөнері институтынан театр зерттеушісі мамандығын алып шығып отырған Қазақстанның тұңғыш өкілі екендігі атап жазылды. Ойы анық, жазу бояуы қанық жас маманға Москвадағы А.В.Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтының аспирантурасына жолдама берілді.

Тапшылық кімді табандатпаған. Әкеден ерте айрылған, соғыстың от-жалынынан өткен, үйленген, үбірлі-шүбірлі бола бастаған Яхаңа қызметке араласудан басқа жол жоқ еді. Республикадағы мекен-саяқ мамандық иесін Министрлер кеңесі жанындағы өнер басқармасы, Қазақстан Ғылым академиясы қызметке шақырды. Бәріне рахмет айтуға тура келді. Жамбыл қаласында жаңа ашылып жатқан мәдени ағарту училищесінде эстетика және өнер саласының оқытушысы болып жұмыс істей бастады. Осы жерден енді біздің Яхаңды ұлағатты ұстаз ретінде әңгімелеуі басталуы тиіс еді. Оны сәл қоя тұрып, алғашқы әңгімемізді аяқтап алайық.

Яхия Шынәсілұлы - театр енері, драматургия туралы түрлі газет-журналдарға 200-ден астам сын, зерттеу мақалалар жазған автор. Бұл айтар ауызға оңай, әйтпесе, көзмайын тауысып сан спектакль көріп, пьеса оқып, пікір түйіп, олар жөнінде ұғынықты да түсінікті тілмен төгілтіп жазу, соның бәрінде қара қылды қақ жарған әділдік таныту - қиынның қиыны. Мен осылардың бәрінде де Яхаң ешкімді пір де, кем де тұтпай шын сөзін айтты десем, ешқандай артық кетпеймін. Әдебиет пен өнердің бір пұшпағына үнемі қолымыз тиіп келе жатқандықтан жақсы білемін. Яхаң өзі көркемдік кеңесінің мүшесі болып жүрген театр спектакльдерін қабылдау, қойылатын пьесаларды оқу кезінде шешімді сөзін айтады. Өз басым Яхаңның пікірлерінің талас туғызғанын көрген емеспін. Яхаңның айтқанына автор да, қоюшы да, орындау-шы да тоқтайды. Неге? Аса білікті маман, терең білімдар адам шығарманың да, қойылымның да тамырын дәп басып, тағдырын тануда жаңылыс басып көрген емес. Жалпы бұл Яхаң - өмірден әділдіктің ақтуын ұстап өтетін, адал жолдан айнымайтын, өкінішке орай, қазір шанда бір кездесетін кісі.

Қазақ драматургиясы мен театрына жетік, ал біздің облыстық драма театрын киім ілгішінен, сахнасына дейін бес саусағындай жетік білетін Яхия өзінің жақсы ағасы Қазақстанның халық әртісі Шәріпбай Сәкиевтуралы «Мәртебе» атты повесть-зерттеу жазып, 1993 жылы «Өнер» баспасынан жарқыратып тұрып шығарды. Егер Сіз бұл тамаша кітапты оқып шықсаңыз, тума талант Шәкеңнің бала шағынан бастап, өнегелі өнер өріне көтерілуіне дейінгі жо-лын түгел бағамдар едіңіз. Бұл кітап - сонымен бірге өнердің қара шаңырақтарының бірі - Жамбыл облыстық қазақ драма театрының қаз тұрған күнінен бүгінгі өріне дейінгі тарихының жылнамасы. Шәріпбайдай таланттың өмір сүргені, оның өнер құдіретін осыншама тебірене түсініп жазатын қалам иесінің болғаны қандай жақсы еді. Яхаң бүгінле жамбылдық қаламгерлер жазған драмалық шығармалар, олардың қойылымдары жайлы көлемді еңбек жазып жүр. Көңілдес, пікірлес адамдар ретінде бұл туындының алғашқы тарауларын оқығанымыз бар. Театрдың білгірі оны тереңнен тартып, әдемі өрнектеп жазып жүр екен. Кітап оқырман қолына ерте ме, кеш пе бір тиер. Нарық-парық деп жатпай, игі іс тындыруға бекініп, бұл адамның қолға алғанын аяқтап шығатынына біз кәміл сенеміз. Ол бастағанын жарты жолда қалдыратын адам емес.

Яхия Шынөсілұлының қажыр-қайратын, білімін мейлінше мол жұмсаған қызметі - ұстаздық. Өмірінің отыздан астам жылын арнаған бұл салада Яхаң бар болмысымен жарқырай керінген. Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің оқу ісін меңгерді, болашақ енер қызметкерлеріне дәріс берді. Егер адамның еңбегі марапат қағаздарымен, сыйлықтармен өлшенеді десек, Яхаңа оның сан түрі берілді. Ең бастысы - Яхия Шынәсілұлы мәдени-ағарту училищесі ұстаздар қауьімының аса сыйлы адамы болды. Бұл құрметке ол бір кезде езінің қызметтесі Н.Самороков жазғанындай, ғұлама білімдарлығы мен іскерлігімен, ізеттілігімен, принципшілдігімен ие болған еді. Шынында, Яхаң - осы сипаттамалардың бәріне әбден лайық адам. Шет жағасын өзіміз де көргенбіз, ол ортада. Яхаң айтқан сөз алға озып, пікірлері шешімді нүкте қоюға ұласар еді. Мамандығының қыр-сырына қанық, ойы озық, білімі мол, ісін беріле атқаратын, адамгершілігіне қылпық түсірмейтін, мейлінше әділ, әріптестерінің жақсысына шын жүрегімен қуанып, жаманына жирене білетін адам неден қаймықсын, бәріне қатаң талап қоятын. Ол осы қасиеттерімен тұлғаланатын. Ұстаздар да, шәкірттері де осы бір арлы адамның алдында ұятқа қалмасам дейтін ұлы қасиетке ұмтылатын. Қазір солардың барлығы дерлік Яхаңның талапшылдығы нәтижесінде алға талпынғандығын қуана әңгімелейді.

- О-о, ол кісі - ғажап педагог - дегені бар бізге бірде Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, белгілі күйші-сазгер Әбдімомын Желдібаевтың.

Сахнаның белгілі шеберлері Оразғали Әбділмановтың, Әлібек Әмзеевтің, Гүлбаршын Өскенбаеваның, Аманкелді Сембиннің, Алтынбек Қоразбаевтың, Ерсайын Тәпеновтың және басқалардың да ұстаздары туралы айтары тек осындай алғыс пен ізетке толы сөздер екеніне өз басым еш күмән келтірмеймін. Біз достас болған училищенің сол кездегі ұстаздары Садыхан Әубәкіров, Бағдат Шайкеновтер де Яхаңды әкесіндей сыйлайтын, аяғын ша-лыс басуға қаймығатын.

Ұстаз өмірі шәкіртімен жалғасады. Яхаңның шәкірттері, оның өнер-білім деп төккен терін өтеді. Қазіргі әдебиет пен өнердің барлық саласында жемісті еңбек етіп жүрген сан-сан қызметкерлер тұлғаға айналған азаматтар кезінде тал ант қайнарын Яхаң ашқанын ұмытпайды, жақындағылары амандасып, алыстағылары хат жа-зып, хабарласып тұрады. Өмірдің сан тарау соқпағынан жол табуды сұрайтындары да бар. Ұстазға бұдан артық мерей болған ба!

Яхаң - сүттей ұйыған үлкен отбасының иесі. Анасының айтқан тілін алып үйленген жары Райкүл екеуі алты бала тәрбиелеп өсіріп, олардан жиырмаға тарта немере сүйіп отыр. Солары кәдімгі адамға тән қуаныш, реніш әкеледі. Асқар әке, абыз ата бәріне жөн сілтеп, билеп-төстеп отырады. Адамға бұдан асқан бақыт болған ба?

Біздің бүгінгі әңгімемізге арқау болған сексеннің сеңгіріндегі Яхия Шынәсілұлы әлітың,бауырында-балалары, аузында-тағылымы, қолында - қаламы, Яхаңды нұрландырып, қажырландырып, ша-быттандырып отырған үщ қайнар кез - міне, осылар.

ӨРЕЛІ ӨНЕРШІ

Қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл есімімен аталатын облы-сымыз таланттан кенде болып керген емес. Арғыны айтпағанда, кешегі Кенен, Бауыржан, бүгінгі Шерхан, Әкім, Күләш, Асанәлі, Тұңғышбай - қазақ әдебиетін, енерін бұларсыз кезге елестете ал-майтын тұлғалар.

Талантты енерші қауымның бір топ өкілі қазір де ез туған жерінен табан аудармай еңбек етіп жүр,Солардың бірі - Қазақстанның мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, КСРО киноөнерінің үздігі, театр және кино режиссері, қаламгер Тұрар Дүйсебайұлы.

Түрекең бүгін жетпіске толып отыр. Жетпіс - бұл біз жасап көрмеген жас, дегенде, байқаймыз ғой, жетпіске адам әжептәуір ентігіп жетеді. Ал, біздің Тұрекең жігіттей. Әлбетте, уақыт өз дегенін істемей қоймайды: бір кездегі тұтасқан қара шаш сиреген, гүлдеген, қайрат теуіп тұратын сом тұлға босаң тартқан. Сон-да мен жігіттей деп неге айтып отырмын, ол - Тұрекеңнің ерен еңбек қорлығын, шығармашылық құштарлығын мойындауым, бұл тұрғыда оның өзінен үлкеннен де, кішіден де еш кем соқпайтынын алға тартқаным.

Мен Тұрекеңді соңғы жиырма жылдың бедерінде білемін. Жамбылда біз атжалын тартып мініп, қоғамдық-рухани өмірге белсене араласа бастаған тұста Тұрар Дүйсебайұлы Алматыда жүр екен. Сонда Жамбыл театрында мықты бір режиссер болғаны, оның бозым жігіт екені жайында өң бір әдемі әңгімелер айтылатын. Жүрек түкпірінде сол бір режиссерді көрсем-ау, таныссам-ау дейтін бір ынтазарлық оты маздайтын. Сөйтіп жүргенде Тұрекең өз театры-на директор болып келді. Содан бері біз ағалы-інілі адамдардай сыйласып келеміз. Жеке өмір дейсің бе, өнердегі өмір дейсің бе, аралас-құраласпыз.

Тұрекең сол Жамбылға оралған алғашқы жылдары театрда балаларға арналған спектакль жоқ екенін айтып, сол олқылықтың орнын толтыру үшін маған пьеса жаз деп қолқа салды. Мен құп алып, «Шаншар атай» атты комедия жаздым. Комедиям Тұрекеңе ұнап, министерлікте қабылдату, репертуарға енгізу дейтін мехнаттың бәрін өзі көріп, өзі сахналады. Мен әдебиетті жақсы түсінетін, өнер десе алған бетінен қайтпайтын күрескер адамға кез болдым. Комедиямды өзіме де билетпей, жандырып, жарқыратып қойды. Көрермен керемет қуана қарсы алды, бүкілодақтық, республикалық, жергілікті баспасөз құралдары бірауыздан мақтай жөнелді. Шын мәніндегі өнертуындысы өмірге келгенін тамсана жазды. «Шаншар атай» балалар мен жастарға арналған сахналық қойылымдардың бүкілодақтық байқауында бас бәйгеге ие болды. Үлкен кеңес энциклопедиясының жылдық кітабына шықты. Менің драматург ретіндегі қадамым осылай басталып еді. Қазір осы бір ерен оқиғаны Тұрекең де, мен де аса разылықпен еске алып отырамыз.

«Шаншар атайды» Тұрекеңнің сонша сәтті қоюында үлкен сыр жатыр. Тұрар да менің кейіпкерлерім тәрізді арманшыл, еңбекқор бала болған, Шаншар атай тәрізді ұлағатты қарияның алдынан қия өтпеген, солардыңөнегесімен өскен. Ақыл айтып, жөн сілтерәкесі, асты-үстіне түсіп аялаған шешесі болған. Тұрар ат жалын тартып мінгенде алдында өмірдің тарау-тарау жолы жатқан. Дүйсекең қария баласын інісі Нұрбайдыңжолына салғысы келіп, заң оқуына түс деген, отағасының айтқанына мақұл марқұм шешесі Күлжан мұны құп керген. Әке сөзін екі етуді білмейтін жас Алматыдағы заң оқу орнына түскен де тастап кеткен. Осы тұста Жамбыл театрының директоры болып істейтін немере ағасы Төленді: «Сенің тегі өнерге икемің бар. Ташкентте жаңадан ашылған театр өнері институтының режиссерлық факультетіне бар» - деп кеңес береді. Ағасы директор Тұрар театр спектакльдерінің бірін жібермей көретін. Алдар көсе, Қобыланды батыр тәрізді халықтың аяулы ұлдарының сахналық бейнелері албырт жасты бейтарап қалдырмайтын. Осылардай болсам-ау, осындай алып тұлғаларды өзім де жасап, халық кәдесіне жаратсам-ау дейтін бір арман қылаң беретін. Сол мүмкіндіктің туғаны ғой мынау. Өзі пір тұтатын Шәріпбай, Мұқаметқали, Жомарт, Саралармен өнерлес болады бұл оқып шықса. Балаң жігіт енді Ташкенттегі өнер институтынан бірақ шықты.

Институттан режиссерлық мамандық алып, 1953 жылы Алматыдағы республикалық жасөспірімдер театрында Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы спектакльді қойып, дипломдық жұмысын үздік қорғаған Тұрекең содан бергі 45 жыл бойы қазақ театрында, кино өнерінде, әдебиетінде жемісті еңбек етіп келеді.

Мәдениет министрлігі Тұрар Дүйсебайұл ын сол 1953 жылы Жам-был облыетық қазақ драма театрына бас режиссер етіп жіберді. Осы жерде айта кету керек, Тұрар біздің театрда тұңғыш, ал республикада қазақ жастары арасындағы төртінші дипломды режиссер болды. Жамбыл театрында істеген жылдары білімді де талапшыл режиссер көрермендерге көркемдік дәрежесі биік көптеген спектакльдер ұсынды. «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Ер Тарғын», «Аршын малалан», «Ақан сері - Ақтоты», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Иванов». Тұрар Дүйсебайұлы қойған бұл спектакльдер Жамбыл театрының тарихына алтын әріптермен жазылды.

Тұрекең бұдан кейін бірер жыл Гурьев облыстық драма театрында бас режиссер болды. Мұнан соң ол «Қазақфильм» кино-студиясына қызметке шақырылып, сонда ұзақ жылдар жемісті еңбек етті. Қазақ кино өнерінің көшбасшысы Шәкен Айманов бұл салада білім алған қазақ кадрлары аз болғандықтан, театр мамандарын тартқан еді. Солардың бірі - осы Тұрекең. Шәкен мен Тұрар ағалы-інілі адамдардай сыйластыктан танбай, өнер өріне бірге өрлеген. Қазірде Тұрекең: «Менің ¥лы ұстазым - Шәкен Ай-манов, - деп отырады.

Тұрар Дүйсебайұлы - кино өнеріндегі шағын жанр-құжатты фильмдер шығаруға маманданған режиссер. Құжатты фильм түсіру - көркем фильм түсіруден машақаты бір мысқал да кем емес ауыр тірлік. Ел өмірі, адам тағдыры құжатқа құрылған, шындықтан тұратын фильм жасау режиссердан мол білімдарлықты, жетік кәсіптік шеберлікті талап етеді. Тұрар Дүйсебайұлының «Мұхтар аға» атты құжатты фильмі жөнінде¥лы Әуезовтың тұлғалы шәкірті академик Зейнолла Қабдолов: «Тұрар, мына дүниең үшін саған филология ғылымының кандидаты атағын берсе, артықтық етпес», - деген екен. Тұрекеңнің «Бейімбет Майлин», «Сәкен Сей-фуллин», «Біздің Күләш», Алма Оразбаевыа жайлы «Дәуір үні» атты құжатты фильмдері халқымыздың аяулы ұл-қыздарының кесек тұлғаларын кемел сомдаған шығармалар болса, «Шұбартау Оттары», «Тракторшы қыздар», «Өнерде өскен өмір», «Туған мекенің», тағы басқа туындылары - өз заманына қызмет етудің үлгісі.

Тұрекең - өзі туып өскен Жамбыл облысының киношежіресін жасау жолында көп тер төккен өнерші. Талас ауданындағы «Талас» кеңшары шопандарының, Меркі ауданындағы Киров атындағы ұжымшары қызылшашыларының жасампаз еңбегі Тұрар Дүйсебайұлы түсірген ленталар арқылы сол кезде республика, одақ еңбеккерлеріне үлгі ретінде ұсынылды. Жамбыл қаласы туралы түсірілген фильм Орталық телевизия экранына шықты. Бұларға облыстың атақты адамдары Б.Кейкиев, М.Әшіров, А.Костянкин, Т.Мүсірәлиев, Қ.Шотбақов туралы құжатты фильмдерді қоссақ, Тұрекеңнің қаншалықты игілікті іс атқарғанын аңғару қиындыққа түсе қоймас.

Құжатты киношы Тұрар ағасы жөнінде қазақтың белгілі ақыны Жақсылық Сәтібеков былай дейді: «1963 жылы сол кездегі Оңтүстік өлкесінің орталығы Шымкент қаласында өлкелік ақындар айтысы өтті. Сол айтысты киноға түсіру ұйғарылып, Алматыдан режиссер Тұрар Дүйсебаев бастаған топ келді. Айтыстан кейін режис-сер өзіне қажет деген бір топ ақынды бір ай бойы әуре-сарсаңға салды. Ақыры «Айтыс» атты екі белімді фильм дүниеге келді. Өзімізді өзіміз, дос-жарандарымызды экраннан көргенде төбеміз көкке жете қуандық».

Міне, Тұрар Дүйсебайұлы - осындай, өз өнерімен елге қуаныш сыйлаған өнерші, режиссер.

«Қазақфильм» киностудиясында еңбек еткен жылдары Тұрекең құжатты фильмдер түсірумен ғана шектелмей, көркемсуретті ки-нофильмдер жасауға да белсене атсалысыпты. «Алыстағы тауда», «Менің атым Қожа», «Менің арманым», «Сенің достарың» атты көркемсуретті фильмдерге екінші режиссер болған. Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Меніңатым Қожа» повесі бойынша түсірілген фильмнің Бүкілодақтық, халықаралық фестивальдарда жеңімпаз атануында Тұрекеңнің де қолтаңбасы болғанына мақтансақ керек.Әдебиет пен өнер адамы еш уақыт екі қолын алдына салып қарап отыра алмайды. Ол -жасампаз. Ал, жасампаз өмір бойы іс үстінде болады. Әсте тынымы, тынышы жоқ өмір кешу жазылған пешенесіне бұл жұрттың. Соның айқын бір мысалы - Түрекең өмірі. Түрекең зейнеткерлікке шыққалы он жыл болды. Осы он жыл ішінде осы адам, режиссер, қаламгер атқарған істерді сара-лар болсақ, оның бүрын жасағаны көп пе, кейінгісі көп пе мәре-сәре күй кешер едік. Өйтіп бас қатырып қайтеміз, Тұрағаңның жасампаздығына, үнемі іс-әрекет үстінде жүретіндігіне дәлел ретінде оның соңғы жылдары «Тараз-Тұрарфильм» атты жекеменшік киностудия ашып, фильмдер шығара бастағанын айтсақ та жеткілікті болар. Тұрекең 1990 жылы «Мосфильмнің» тапсыруымен «Қырғызфильм» киностудиясының режиссері Бақыт Қарақұлов түсірген «Ат үстінде мығым бол» фильмінің сценарийін жазды. Енді жекеменшік студиядан сценарийін өзі жазып, өзі түсірген фильмдер шыға бастады. Бұл ретте оның республика, ТМД елдері экрандарын аралап кеткен. «Апиын», «Жыртқыштар» көркемсуретті фильмдерін айтқан ләзім.

Тұрар Дүйсебайұлы жетпісіне дені сау, шығармашылық шабыты шалқар шағында келіп отыр. Дәл осы айтулы күн қарсаңында заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Ұлыммен кездесу» әңгімесі бойынша пьеса жазып, облыстық драма театрының сахнасына өзі қойды. Бес беттік әңгімені елу беттік пьесаға арқау ету - Тұрекеңнің қарымды қаламгер екенінің айқын көрінісі. Бұл Тұрар - кезінде Сәбит Мұқановтың бес жүз беттік «Ботакөз», «Мөлдір махаббат», Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романдарын да елу беттік пьесаға айналдырған драматург. Сонда Сәбең: «Ә, Тұрар, неткен пәлесің сен! Менің көлдей романымды қайтіп қана сыйғыздың кішкентай пьесаға? Дұрыс, бәрі дүрыс, сен кілтін тапқансың шығарманың», - деп таңғалыпты.

Театр заңдылығын жақсы білетін режиссер Тұрар Дүйсебайұлы қазақ қаламгерлерінің бұлардан басқа да біраз туындыларын сахна тілінде сөйлеткен. Ал Шыңғыс Айтматовтың «Бетпе-бет» повесі бойынша жазылған пьесасы әлемнің 86 театрының сахна-сында қойылды, солардың бесеуін Т.Дүйсебайұлының өзі қойған.

Тұрекеңнің бұл жанрдағы өз төлтумалары да жетерлік, проза да жазады. Астанада тұрып еңбек еткен, ой мен өнердің алыптармен аралас-құралас болып, аяулы күндер өткізген Тұрекең қазақ зиялылары жөнінде үлкен эсселер кітабын баспаға тапсырып отыр.

Саңлақ режиссер, қарымды қаламгер, үлкен азамат Тұрар Дүйсебайұлы туған халқымыздың рухани қажеттілігін өтерлік толымды туындылар беріп қарсы алып отыр жетпісін.

Ол - үлкен отбасының иесі. Құдай қосқан қосағы, отандасқандарына елу жыл толған Зиякүл екеуі бес баласын ұяға үшырып, қияға қондырып, олардан он бір немере сүйіп отыр.

Өнерде дәйімі өрге жүзіп, өмірде әмісе оза бер, Тұр-аға!

«КҮМІС ҚОҢЫРАУ» СЫҢҒЫРЫ

Бұл күндері өзінің ойлы да мазмұнды өлендерімен жақсы танымал болып отырған талантты ақынымыз Қадыр Мырзалиев әу баста балалар әдебиетіне қалам тартқан болатын. Бұл салада жемісті, енімді еңбек ете білген ақын жас оқырмандарына 6-7 жылдың көлемінде 8-9 кітап беріп үлгерді. Кейін балалар өдебиетімен қош айтысып, үлкен арнаға түсті. Ол мұнда да жеміссіз болған жоқ. Соңғы он жыл поэзиясындағы Қадыр үнін қазір әрбір оқырман жақсы біледі.

Қадыр балалар әдебиетімен біржола қош айтыспапты. Ба-лалар жазушысы болып туған Қадырдың жуырда ғана кітап сөрелерінен балаларға арналған бір дүниесі - «Күміс қоңырауы» орын алады. Қадыр поэзиясын сыйлайтын үлкен-кіші ол кітапты қызыға оқуда. Кітаптың алғы сезінде былай делінген: «Күміс қоңырау» - сұрыпталған, іріктелген, сегіз-тоғыз кітаптың жаңа одағы, творчестволық он-он бес жылдың мәуелі жемісі. Бұл -жалғыз бөбектерге, балаларға, мектеп оқушыларына ғана емес, тәрбиешілерге, мұғалімдерге, ата-аналарға да арналған еңбек».

Міне, Қадыр Мырзалиевтің «Күміс қоңырауы» осындай кітап. Онан сіз балаларға арналған өрнекті елеңдерді, мысалдар мен жұмбақтарды, жаңылтпаштар мен ертегілерді құныға оқисыз. Олардың тақырыбы сан алуан. Отанды, туған жерді сүю, татулық-достықты құрметтеу, еңбекшіл, епті, шыныққан шымыр, тапқыр болу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену - бәр-бәрі бала үғымына жеңіл, ойнақы тілмен әдемі бейнеленген. Алғашқы өлеңдердің бірін оқып керейік.

Жалбыр-жалбыр жүні ұзын

Жабағыдай

Жөңкіген бұлт көк жүзін

Жабады ұдай.

Тұрамыз,

Өтеді деп

Нұр селдетіп.

Кетеді тек

Құр желдетіп.

Шөлдеткенде алтын күн

Егістікті

Жауа алмаған бұлтыңның

Несі мықты!!!

Бұл «Бұлт» деген өлең. Бұлтты өркім әртүрлі жырлап келеді. Қадыр осылай жырлаған. Әзі сотанақ, өзі қуақы, ақылды бала тақпақтатып соғып тұрған сияқты. Сөзді қастарлейтін балаға жатта демесең де тіліне орала кететін әуезді өлең бұл. Қадыр табиғатты осылай жырлайды. Бәрі бала ұғымына жеңіл, табиғат сол бала болмысымен астасып, кірігіп кетеді.

Кітапта баланың алуан түрлі мінез-құлқын бейнелейтін жырлар өте көп. Оның біреуі баланың аңғалдығын, біреуі жалқаулығын, біреуі салақтығын, біреуі сотқарлығын айтады. Жақсы, ізгі қасиеттерді арқау ететін жырлар да кеп. Бала психологиясын жақсы білетін ақын осылардың қайсысын жырға қосса да: «Қарағым, әйбет бол. Нағыз жігіт болып ес», - деп баланың маңдайынан сыйпап тұратын сияқты. Ешқандай «өйт-бүйт» дерекілігі, тап беруі жоқ әдемі айту ол. Әр елең баланы езінше ойлауға жетелеп, ақынның айтпағын езінше дамытып барып, лайықты қорытынды түюге бастайды.

Бір кенеп ап тамағын,

Бастады ағай сабағын.

Есебімді көрді де,

Шыта қойды қабағын.

Мынауың не?

Қатаңа

Қояйын ба екілік.

Ол «екіні» бұл жолы

Қойыңыз, сіз атама.

Екі-ақ шумақ шағын елең бұл. Үңіліп қарасаңыз кішкентай ғана қаратас, атан түйе кетере алмастың өзі. Сабағын өзі жасай ал-майтын жалқау, үй-ішінің кемегіне сүйенетін әздек, өз мінін шын-дап мойындайтын тоңмойын бала бірден келеді көз алдыңызға. Ақын оны жамандаған да, жақсылаған да жоқ. Бірақ оның кім екені белгілі болды да қалды. Енді ол бала жайлы, «анау-ақ, мынау-ақ»деп жатудың түкке қажеті жоқ. Ал жас оқырмандар үшін осындай қысқа, тұжырымды жазудың қажет екені көптен белгілі жайт. Бірақ сол бақытқа көп ақын-жазушының қолы жете алмай жүр, Ал Қадыр болса оны жақсы меңгерген бақытты ақын.

Төрт түлік мал, хайуанат туралы бұрынғы-соңғы ақынның көбі жазған әлі де жазып жүр. Солардың біразы мысал өлеңдер, біразы сол жан-жануарларды балалар ұғымына түсінікті етіп, лайықтап жырлау болып келеді. Қадырда мұның екеуі де бар. Кадырдың хайуанаттары сондай-ақ ертегіге герой да болып кетеді. Қадыр хайуанаттар туралы көп біледі екен. Сонысын әдемі жыр өтеді. Оның бәрі баланың ой-өрісін кеңейте түсуіне мол мүмкіндік

Қай баланың тілге жүйрік, ойға ұшқыр болғысы келмейді!? Ал оны шынықтыратын жаңылтпаш пен жұмбақ екені мәлім. Ендеше Қадыр «Күміс қоңырауда» мұны да ескерген. Ақын баланың өз түсінігіне жақын етіп жазады, жаңылтпаш етіп сөз ойнатады.

Ызақор бұғып жатыр,

Ашуын тығып жатыр.

Пиязды ақын осылай жұмбақтайды. Әдемі емес пе. Қадырдың жұмбақтарының бәрі осындай ұтқыр да ғажап. Баланың өздері ойлап тапқан жұмбақ дерсің. Осындағы «ызақор» деген сезді тек бала ғана айтпай ма. Ендеше жұмбакты баланың өзі ойлап тапқан демеске лажың қалмайды.

«Күміс қоңыраудағы» жаңылтпаштар - бұрын қазақ поэзиясын-да көп кездестірмеген жаңылтпаштар.

Ісіңе сен кеш кіріссең,

Тындырмайсың ешбір іс сен.

Көбейсін атұстар,

Болмасын атыстар.

Болса мол атыстар.

Қалмайды атұстар.

Біз бұл екі жаңылтпашты тегіннен-тегін мысалға алып отырған жоқпыз. Қадыр жаңылтпашты бұрынғыша «Ей,Тайқарбай, қойыңды көк шағылға жай Тайқарбай» деген сияқты шым-шытырық сез жарысыдеп қарамай, оны ойға бағындырып, құдіретті етеді екен. Оны осы екі жаңылтпаштан жақсы аңғаруға болады.

«Күміс қоңырау» шыққалы бері республикалық газет беттерінде бір қауым рецензия жарияланып үлгерді. Бұл әрине кітаптың құндылығынан деп білетін жәйт. Шынында, қазақ балалары, жалпы қазақ оқырмандары өте бір ақылды кітапқа ие болды. Ол - «Күміс қоңырау». Ол өмірдің сан-салалы тармағында өз үні -«Күміс қоңырау» сылдырын қақты, қаға бермек. Талантты ақын Қадыр Мырзалиевке алдағы уақытта да жас қауымды осындай кұнды дүниелерімен қуанта беруін тілейміз.

ӨМІР - ӨЗЕНДІ ӨРНЕКТЕГЕН

Адам баласының мықтап бір ұстанар кредосын Абай айтып кеткен: «Ақырын жүріп, анық бас».

Белгілі жазушы, марқұм Мейірхан Қуанышбаев - осы талаптан табылған адам еді. Біртоға, асып-тасуға жоқ, беті ақырын ағып, асты буырқанып жататын қуатты өзен іспетті болатын ол. Кеудемсоқтығы, қулығы жоқ, бірақ шаруасына пысық, бас-аяғы жинақы адам болып өмірден кетті Мекең.

1966 жылы «Жазушы» баспасынан Мейірхан Қуанышбаевтың «Жанар» атты повесі жарық көрді. Отыз бес жасында алғашқы кітабын оқырманға ұсынған жазушыны жас дей алмайсың, әрине. Шынында да, Мекең жас емес еді, журналистика саласында әбден ысылған, оқтын-оқтын мерзімді баспасөзде әңгімелері жарияланып жүрген қарымды қаламгер болтын.

Әдебиет сүйер қауым «Жанарды» аса жылы қабылдады. Біз ол кезде қызметтес едік. Мекең облыстық газетте бөлім меңгерушісі, мен әдеби қызметкер болатынмын. Қалай сапарлас болып қалғанымыз есімде жоқ, әйтеуір екеуміз менің туған жерім - Шу ауданында бірге болғанымыз бар. Газеттің Шу ауданындағы сол кездегі меншікті тілшісі Бердібек Атаевтың үйінде қонақта отырғанбыз. Мен дастархан басындағыларға М.Қуанышбаевты «Жанар» повесінің авторы деп таныстырдым... Сол кездегі таңданысты көрсеңіз. Қазіргі классик күйші (мен мұны шын ниетіммен айтып отырмын) «Ерке сылқымның» авторы Әбдімомын Желдібаев та бар еді арамызда. Ойы сергек, тілге шешен Әбекең қатты таңданып келіп:

- Мұндай кітапты күйші-домбырашы ғана жаза алады, - деді.

Мекең мұны растап, домбырашы екенін айтты. Сөйтсек, Мейірхан шебер домбырашы, бірнеше күйдің авторы екен.

Енді екі домбырашы кезек-кезек күй тартып, үй іші кішігірім кон-цертзалына айналып кетіп еді.

Мейірхан Қуанышбаев - сол алғашқы повесімен-ақ әдебиет аталатын қасиетті ғимарат қақпасын жасқанбай қаққан қаламгер. Повестің негізгі идеясы - сол кездегі жастардың рухани әсемдігі, пәк сезімі, мөлдір махаббаты болатын.

Повестің басты геройы - Жанар көзі ашық, көңілі сара қыз. Ол әкеден жастай айрылған. Сөйтіп от басы, ошақ қасында күні өткен, ескі салттан арыла қоймаған шешенің тәрбиесінде өседі. Ұяң қыз шеше ықпалынан шыға алмай, көпшіліктен аулақтанып жүреді, білім алудан да күдерін үзе бастайды. Тіптен шешесі ұйғарған адамға қосылуға көнгендей де болды.

Осындай мәре-сәре халде жүргенде ол Бақыт тартқан өзінің өмірімен өзектес «Жетім бала» күйін тыңдайды. Автор осы жерде күйдің құдіретіне Жанарды ғана емес, оқушысын да елітеді. Күй арқылы түсініскен екі жастың жүрегі бірге дүрсілдейді.

Өз жерінен өнер адамы шыққан ел - бақытты. Ақын-жазушының қаламына ең әуелі сол өзі туып-өскен жер мен ел ілігеді. Бұл тұрғыдан келгенде Мейірхан Қуанышбаевты Аса өзені аймағы елінің өмірін жалықпай жазып келе жатқан жазушы да таныған ләзім.

«Жанардан» кейін жарық көрген «Жалғыз жиде» повесі, біздіңше, өмірбаяндық туынды. Олай болса, кітап геройлары өмірде бар, туған жер табиғаты түнған күйінде қағазға түсірілген.

«Жалғыз жидеге» Ұлы Отан соғысы кезінде Аса бойындағы шағын колхозда өткен өмірді өзек етеді автор. Кітаптың алғашқы бетінде-ақ сол кездің қайғылы көрінісі суреттеледі. Үйіне қарай колхоз бастығы бастаған бір топ ауыл адамдары келе жатқанын көріп «Дәрменнің келіншегі Ұлғаным тұла бойы мүз қарығандай селкілдеп, төсек тартып жатқан әжесінің қасына буыны құрып өрең жетеді».

Отан басына қатер төнген сол қиын шақта алыстағы ауылда жас-кәрі демей түгел еңбекке жұмылған еді. «Жалғыз жиде» ге-ройлары да сондай - соғысқа кеткен боздақтардың, әкелер мен ағалардың орнын жоқтатпай жүргендер. Олар ішсе тамаққа, кисе киімге жарымайтын күй кешкендер. Ішіп отырған быламығы төгіліп қалғандығы кейіпкерлер халін автор былай бейнелейді: «Ұлғаным да, Еркебұлан да төгілген асқа тесіле қарап қалыпты. Екеуі де ауыр күрсінді». Оқырман да ауыр күрсінеді. Сол кездің ащы шындығы - бұл. Нарық экономикасы қыспағына алды деп байбалам салып жүргеніміз жәй бір пендешілік екен-ау дейсің. Кітап геройларының рухы биік, еңсесі көтеріңкі. Қырық бірдің келіншектері Ұлғаным, Күлпарша, жас жігіт Еркебұлан - өмірдің өзінен көшірілген жанды бейнелер. Олардың барлығы да есте қаларлық әрекет-тірлігімен ерекшеленген.

Мейірхан Қуанышбаевтың келесі кітабы «Тайталас» повесінде де Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезіндегі ауылдың ауыр тұрмысы, адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамгершілік пен ар тазалығы, жақсы мен жаманның теке-тіресі суреттелген.Повестің соңғы бетін жапқаныңызда алуан түрлі тағдырлар тай-таласына жете үңіліп, олардың әрқайсысының жеке басындағы қайғы-мұңына, қуанышы мен шаттығына ортақтасасың. Повестің тілі көркем, ойы айқын. Мейірханды мұнда даңғайыр қаламгер ретінде танимыз.

Повесть бір жағынан «Жалғыз жидені» толықтырады, екінші жағынан соның жалғасы іспетті. «Жалғыз жидедегі» геройлар өмір сахнасына қайта шығады. Повестің екінші бөлімінде елуінші жылдардың оқиғасы қамтылған. Аш-жалаңаш, ер-азамат майдан-да қыршынынан қиылып жатқан шерлі заманда да адамдардың бір-біріне деген сенімі, мейірбандығы жоғалмаған еді, ал есжиып, етек жиған бейбіт өмірде қастандықтың, зұлымдықтың тиылмай-тыны қалай? Егер сіз повесті оқысаңыз, тағдырлар тайталасымен бетпе-бет жолығып, бұл сұрақтың нақты жауабына қанығасыз.

Мейірхан -Жамбыл ауданының су аяғындағы «Қызыл Октябрь» колхозындатуып өскен бала. Су тапшылығы, оның халық тұрмысын жақсартуға, әлеуметтік-рухани өсуге тигізер зияны, біздіңше, Мейірханды сол бала кезден көп-көп ойға қалдырған. Содан болар оның шығармаларының денінде өмір өзегі - су проблемасы қабырғасы қайыса отырып суреттеледі. Бүл ретте оньің «Жолайрық» атты кітабының атына ие болып тұрған повесі өте сәтті шыққан дер едім. Жалпы, бұл кітабында М.Қуанышбаев кәдімгі майталман прозашы үрдісін танытады. Байыпты баяндау, адам сезімінің иірімдері, табиғат суреттері шебердің қолынан шыққандығын аңғартады. Ең бастысы - адамдар характерлері «Өркенді» колхо-зына су беруге тиісті Құмтүйін тоспасының жобасынан бастап салынуына дейінгі аралыктағы алуан оқиғаларға оралып ашылады. Кітапта күні кеше ғана өмірде орын алған әкімшіл-әміршіл жүйенің тісін ақситқан жырынды өкілдері де, оларға қарсылық білдірген өркенді өскіндер де жеткілікті. Шолақ белсендіден колхоз бастығы дәрежесіне жетіп алып, енді содан айырылмаудың айласын ойла-удан басқаны білмейтін Құрман, оның өз таяғын соғуға бейім ұлы Қияс елдің көсегесін көгертіп, көрпе-жастығын ұзартуды ойламайды. Оған керісінше, мұраб, дала академигі атанған Нұрбек, оның ұлы Жұмаш - ел қамын жейтін ерлер. Осы екі әулет арасындағы тартыс ескі мен жаңаның, махаббат пен зұлымдықтың, жақсы мен жаманның, ақ пен қараның күресі дәрежесіне көтеріледі. Автор өзі тартқан алтын арқау - тоспа құрылысы төңірегіне түрлі деңгейдегі - қарапайым, лауазымды адамдарды топтастырады да, оларды бар болмысымен жарқырата көрсетеді, қоғамды ілгері апарар игіліктерді, кейін тартар кесепаттарды геройлардың іс-әрекеті, мінез-құлқына бөлеп ашады. Әлбетте, мынандай шағын мақалада бәрін қамтып айта алмайсың, әйтпесе «Жолайырық» - кең толғап
әңгімелейтін туынды.


Мейірхан Қуанышбаевтың «Гүл нәз» хикаясы - оның азаматтық, жазушылық, суреткерлік қарымын анық аңғартатын шығарма. Қазақты «Мың өліп, мың тірілген» дегенде оның ұзақ тарихи жолында Шығыстағы көршісі жоңғарлардың сансыз шапшыншылығынан көрген қорлығы алдымен көзге елестейді. Біздің ата-бабаларымыз халықтың тәуелсіздігі үшін небір қидаласқан соғысты бастан өткеріп, аттарымыз ауыздығымен су ішкен. Сөйтіп жаны жомарт қазақ елін, алып қазақ даласын сақтап қалған. Біздің ұлтымыздың үлы рухын бейнелейтін тарихи шығармалар шоғыры қазір біраз болып қалды. Солардың ішіндегі бірегейінің бірі осы «Гүлнәз» хикаясы дер едім.

Қошауыт тайшысы Ядамсурэннің қанды жорықтарының бірінде мерт болған қазақ мергені Саранжаптың жары Алқаның құрсағында кеткен Гүлнәз қыз кейін бойжеткен соң ұлтын сүюдің ерен үлгісін көрсетеді. Реңіне қызығып Алқаны әйелдікке алған Ядамсурэн жалғыз «қызы» Гүлнәз - Геренгерольдты өлгенше жақсы көреді. Адам қанын судай шашудан ләззат алатын баскесер қызын өз жолын қусын деп қанды жорыққа алып шығады. Аюандық шеңгеліне бүріліп қан құсқан адамдарды көргендегі қыз жанның шырқырағанын көрсеңіз! Ауру анасының бауырына тығылып еңірегенде екі мұңлықтың етегі жасқа толады. Ана бар сырын ақтарып, қызы мен зындандағы қазақ батыры Ақберен екеуінің қашып құтылуына жол нұсқайды.

Ақберен мен Гүлнәз қосылып, үлкен қол жиып, елді жоңғар шапқыншылығынан қорғау қамына кіріседі. Алты бақан ала ауыз біздің халқымыз, оның Қарпы іспетті қара ниет байы Ақберен мен Гүлнәздың бұл тірлігін көре алмай, Жолбарыс ханға жамандап, бастарына қатер бұлтын төндіреді. Олар жалғыз ұлдары Толешті кепілдікке тастап кетіп барып Ядамсурэнді тірідей қолға түсіріп, хан алдына алып, келеді. Өкініштісі, Гүлнәзға оқ тиіп, әлсіреп келіп «Төлеш! Құлыным!..» деген тәрізді төрт-бес сөзге ғана тілі үйіріліп барып, көз жұмады.

Бұл - хикаяның ұзын ырғасы. Оны оқыған адам сол бір жаугершілік замандағы қазақ ауылдарының да, қонтайшы қосындары мен сарайларының да тіршілік-тынысынан мол хабардар болады.

Ең бастысы хикая - өз елін, жерін жаудан қорғауға жанын пида етуге әзір аталарымыз бен аналарымыздың биік рухы алдын-да тағзым етіп, тәуетерлік шығарма деңгейіне көтерілген. Хикая бас алмай оқырлықтай қызық, артық-ауыс ештеңе жоқ, кіл бір мөлдіреген сырлы сурет, автордың айтарына бағынған оқиға. Автор қаламына іліккен жайдың бәрі оның түпкі мақсатына қызмет етеді.

Кезінде Мейірхан Әулиеата жерінен шыққан большевик-тер шоғырындағы жарық жұлдыздардың бірі - Қарымбай Қошмәмбетов жөнінде «Кек қылышы» атты повесть жазған болатын. Кейін «Қазақстан» баспасынан оның «Дала перзенті» атты деректі романы жарық көрді. Бұл екеуі - бір дүние. Жазушының бір жазғанына қайта оралып, оның тақырыбын байытып, кейіпкерлерінің бейнесін сомдап, жетілдіре түсуі - әдебиет та-рихында көп кездесетін қүбылыс. Мейірхан да сөйткен. Жазушы өмірбаяндық деректерге ерекше жауапты қарап, архив мәліметтері мен естеліктерді шебер пайдалана отырып, шыншыл дүние жазған. Әулиеата большевиктік тобы мүшелерінің кезеулі мылтық, жалаң қылыштан тайсалмай жүріп атқарғаң істері нанымды көрініс алған.

Өлкемізде Кеңес өкіметі орнағанымен де, ішкі, сыртқы жау әрекеті тиылмағаны, қайта өршелене түскені тарихтан мәлім. Осындай сын шақтарда Әулиеата гарнизоны біріккен қосынның жетекшісі Қарымбай Қошмамбетовтың әскер басылық танытып, жеке өнегесі ерекше жарқырап көрінеді. Үш жылдай төтенше комиссия сапында ысқырған оқпен күнбе-күн дерлік кездесіп жүрген Қарымбай әрі аштықтпен де, сауатсыздықпен де күрескен.

Романда жиырмасыншы-отызыншы жылдар шындығы айшықты кестеленген. Коллективтендіру кезінде жіберілген кемшіліктер, Голощекиннің халық мүддесінен аулақ әпербақан саясатының салдары да ашық айшықталған. Өлке тарихының от-жалынды бөлігіне, жиырмасыншы-отызыншы жылдардың шытырман оқиғаларына кейіпкерін араластыра отырып көркем суреттеуі, сөз жоқ, жазушының еңбекқорлығының, халық жүріп өткен жолды зерделей алатындығының айқын көрінісі.

Мекең үлкен журналист болатын. Облыстық «Еңбек туы»(қазіргі «Ақжол») газеті редакторының орынбасары болды, облысәдебиетшілерінің жүмысына басшылық жасады.

Қорыта айтқанда, Мейірхан Қуанышбаев жақсы азамат, шебер жазушы-журналист болып, мәнді өмір сүрді.

«КӨКТӨБЕДЕП КЕЗДЕСУ» ЖАМБЫЛ САХНАСЫНДА

Лениндік және мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, қырғыздың халықжазушысы Шыңғыс Айтматов пен белгілі қазақ драматургы Қалтай Мұхамеджановтың драмалық шығармалары біздің облыстық театрының сахнасынан дәйім орын алып, көрермендер игілігіне айналып келеді. Абай атындағы қазақ драма театрының коллективі тамырын тереңнен тартатын өздерінің осы бір тамаша дәстүрін тағы да жалғастырып отыр. Олар жуырда осы екі қаламгердің «Көктөбедегі кездесу» деп аталатын екі бөлімді психологиялық драмасын театр сахнасына шығарды.

«Көктөбедегі кездесу» - дүниені дүрілдете келген туынды. Алғаш орыс тілінде жазылғандықтан ба, авторлар қалауының со-лай болғандығынан ба, әйтеуір әу дегенде Отанымыздың астанасы Москваның талғампаз өнер сүйермендерінің игілігіне айналып, көркемөнердің аса білгір салиқалы сарапшыларының аузына ілікті, солардың жоғары бағасына ие болды. Сөйтіп осыдан екі жылға жуық уақыт бұрын Москваның «Современник» театрында қойылған бұл шығарма өресін кеңге тартып, әлемнің атышулы таңдаулы сахналарынан орын ала бастады.

Бұл драма біздің замандасымыз деп аталатын бүгінгі адамдардың, соның ішінде әсіресе, мынау қазіргі бақытты өмір үшін сан алуан сынға түскен аға ұрпақтың барша болмысын, асқаралы арын, замана алдындағы парызын, жауапкершілігін ке-реметтей шыншыл бейнелейтін кесек туынды.

Драманың әу бастағы аты «Восхождение на Фудзияму». Ал қазақшасы - «Көктөбедегі кездесу». Фудзияма - Жапониядағы заңғар биік тау. Фудзияма - будда дінінің әрбір өкілі өмір бақи армандап өтетін, басына шыға қалған күнде құдайға жақын келіп тұрып, бар сырын ақтаратын, барлық күнәкер тірлігінен баз кешіп, кешірім сұрап жалбарынатын тау.

Спектакльдегі Көктөбеге мына жұрт мүлде бұл ниетпен шыққан жоқ, оларды ойын-сауық қуып келді. Барлығы - Көктөбе баурайындағы совхоздың агрономы Досберген Мұстафаевтың (артист Ж.Шүленбаев) қонағы. Қаршадайынан бірге өсіп, кешегі сұрапыл соғыста қанқұйлы жауға қарсы тұруға жастарына жетпей өздері сұранып аттанған, соның бар ауыртпалығын мойымай көтеріп, туған жерге аман оралған, қазір өмірдің алуан түрлі саласында қызмет атқарып жүрген төрт дос көңілді демалыс құруға қызу әзірленіп жатады. Алатау баурайында, маужыраған табиғат құшағында думанды отырысқа бет бұрған бұл төртеудің өмірге көзқарас топшылауы сан қилы. Шатыр құрып жатқан жігіттердің алғаш аузын ашқан жеңіл қақтығысы, қалжыңдасатын сөздерінің өзі-ақ олардың тірлік деңгейін бірден айқын аңғартады.

Мәмбеттің турашыл, маңғазсынуды сүймейтіндігі, Өсіпбайдың мансапқұмар, атқарған ісінен «тындырдымы» көп даңғазалылығы, Досбергеннің орынсыз оңды-солды бораған пәлсапаны сүймейтін, шаруаға бейім, істің адамы екендігі, Исабектің өз басына шаң жуытпай ақталуға әзір, өзінің қандай да болмасын қылығын жасы-рып, бүркемелеуге келгенде айлакерлігі бірден белең алады.

Енді сахнаға бұлардың әйелдері шығады. Олар да түрлі мінездің адамдары.

Думанды ортаға ақырында мына төрт жігітті оқытқан, бұлардың балалық бал дәуренін, соғысқа аттанған алғашқы азаматтық қадамын жақсы білетін аяулы ұстаз Айша апай келеді.

Төрт құбыласы түгелденіп, көңілдері тасып, арақ-шарап ұрттап, ептеп қызып алған топ енді желігеді. Фудзияма, дін, құдай, ар, адамдық туралы әңгіме желі тарта бастайды. Бәрі Көктөбені Фудзиямаға балап, өздерінің бар құпиясын қалтқысыз алға жайып салмақ болады,

Міне, осы тұста Айша апай (Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі А.Ружева) мына төрт жігіттің досы Сабырды еске алады. «Сен-дерге қарап отырып, есіме Сабыр түседі. Өзі бір ерекше жалын атьіп тұрған жан еді...» - дейді.

Осы сәттен бастап сахнаға сол Сабыр тағдыры шығады. Сабыр - талантты ақын. Ол майдандық газеттің редакторы болып жүргенде қойын дәптеріне жазып жүрген, көп қайнауы өлі де іште жатқан, пісіп жетілмеген «Дабыл үні өшкенде» деген поэмасының кесірінен өмірден біраз көз жазып қалады. Оның мұндай поэма жазғандығын штабқа хабарлап, ушықтырған біреу бар. Тағдыр Са-бырды қазір таланттан, ақындықтан айырып, азғындатып, ішкіш етіп жіберген. Көктөбе басындағы жұрт Сабыр тағдырының осы-лай басқа арнаға ауысып кетуіне себепші болған қанды қол опасыз жанды аласұра іздей бастайды. Ол мына тертеудің біреуі.

Реппродуктордан Сабырдың «Мәңгі талас, мәңгі дау» атты елеңі оқылады.

Мәңгі талас, мәңгі дау -

Қайткенде адам қалады адам болып?

Қан сасыған соғыста да сол сұрау -

Қайткенде адам қалады адам болып?

Ұрандаған жорықта да сол сұрау -

Қайткенде адам қалады адам болып?

Тура ажал кеп, қорыққанда да сол сұрау -

Қайткенде адам қалады адам болып?

Жаудан қашып, жасығанда сол сұрау -

Қайткенде адам қалады адам болып?

Жауды жеңіп, тасығанда сол сұрау -

Қайткенде адам қалады адам болып?

Кім бізді осы дау-таласқа қалдырған,

Қашан болсын шыға келер алдыңнан.

Айтыңдаршы,

Қайткенде адам қалады адам болып?

Сұмдық құдіретгі өлең құйқа тамырыңды шымырлатады.

Бұл өлең- шығарма лейтмотиві.

Адам болып қалу! Күллі адам атаулының биікке асқақтата көтеретін туы, мәңгі таласып, мәңгі талпынып өтетін арайлы алтын аймағы, міне, осы. Жап-жас кезінде дәл осындай ғажайып ой айтқан адамның қайғылы тағдыры жаныңды жегідей жейді.

Сол адамдықты аттап, жат қылыққа барған жан қолымен істегенді мойнымен көтеруге жарамайтын, «Сабырға опасыздық жасаған мен едім» деуге батылы жетпейтін қорқақ болып шығады. Бұлардың біреуі әйтеуір айласын асырып, ұстатпай бара жатқаны аян. Ол кім? Бұл сұрақ өз шешімін Көктебе басындағылардың барлығының өмірдегі бүгінгі ересін алдымызға жайып салып барып табады.

Спектакльдің екінші бөлігінде бұлардың төбе басынан ермек етіп атқылаған тасынан етекте кетіп бара жатқан әйел қаза табады. Милиционердің «Істің анық-қанығына жеткенше төбе басындағылар ешқайда кетіп қалмасын» деген сәлемін орман жұмысшысы (артист А.Омарбеков) айтып келген сәтте төбеден жай түскендей болады. Өсіпбай мен Исабек (артистер Ә.Әбдіманов пен Б.Қапжаппаров) түрлі сылтау тауып жылыстап жөнеп береді. Гүлжан мен Алмагүл (артистер Г.Әскенбаева және Ш.Ақжолова) де кетеді. Төбе басында Мәмбет, Анар (артист Р.Мағпирова), Досберген қалады. Спектакльді көріп отырып, Сабырға жасалған опасыздық үшін Өсіпбай мен Исабекке күдік артуға болатын еді, бірақ шешімді ойға келе алмайтынсың. Енді анық сезінесің. Қанша қиын болғанымен, адам болып қалатын адамдарды көресің. Көресің де ой арқалайсың.

Аса талантты жазушы мен дарынды драматургтың бүгінгі адамдардың өмір тынысын соншама образды, соншама шынайы, шебер бергеніне қайран қаласың. Бұл шығармада совет адамына тән асыл қасиеттің бәрі бар. Олардың әр қимылы мен сөзіне сүйсіне қол соғасың. Мұнда ізгілікке ұмтылған жанға қас, аяққа оралғы болар оңбағандықпен де бетпе-бет келесің. Оларға зығырданың қайнап, лағнет айтасың. Іс мұнымен де бітпейді, адамды арналы ойлар оқтын-оқтын тереңіне тарта береді. Бүгінгі жасампаз еміргө жаңа еткір кезбен жіті, сергек үңілесің.

Бағанадан бері актерлардың орындаушылық деңгейі туралы сөз қозғамай жатуымызда бір себеп бар. Шығарма қимылға емес,ойға құрылған. Мұнда, біздіңше, терең мағына арқаламайтын, ұтқыр ой айтпайтын кейіпкер кемде-кем. Сондықтан артистер ал-дына сөз құдіретіне мейлінше көңіл бөлу міндеті қойылған. Ар-тистер ойынын да осы тұрғыдан бағалауды жөн көрдік. Осылай дер болсақ, артистердің барлығының да өз рольдерін жете түсініп ойнағандығын бірден аңғарамыз. Сонда да болса Гүлжан ролін атқарған Г.Өскенбаеваның, Мәмбет бейнесіндегі Қ.Сатқанбаевтың ойындары өмірге тіптен жақын, жанды болып шыққан.

Ақымақтың ортасына түскен дананың дірмәні қашпақ. Дана өзімен ой жарыстырар ортада ғана ерен жарқылдап шабыттанбақ. Сол тәрізді әрбір артист те өзімен бетпе-бет келетін адам иық тірестірер мықты болғандағана айшықты ойынымен ашыла түспек. Сондықтан мен бұл шығарманың сәтті болуына артистердің бірі қалмай аянбай мол еңбек сіңіргендер едім.

Іс бар жерде, кеміс болады. Мұнда да солай. Бұл жөніндегі кейбір пікірімізді Айша апай ролінен бастайық. Айша апай -өмірде көпті көрген, замана ағымының алдыңғы сапында болып еңбек етіп, соған лайықты құрметке бөленген абзал ана. Бұл рольде театрдың белді артистерінің бірі Алтын Ружева ойнайды. Бұл актрисаның осы театр сахнасында жасаған алуан түрлі сәтті бейнелерін біз жақсы білеміз. Мына Айша апай образын солардың ішіне апарып араластырып жіберсек, еш дараланбай, көптің бірі болып қалатындай екен. Алтын бұл жолы ана образы-на ауадай қажет мол мейір, толғақты толғау беріп ойнай алмады. Айша апайдың жазды күн шілдедегі киімі оны оқыған басалқалы анадан гөрі үстіне жаздық, күздік киімді елеп-екшеп жатпай оңды-солды қабаттап іле беретін кейбіреулерге көбірек ұқсатады.

Енді Мәмбет ролін жақсы шығарды деген К.Сатқанбаевтың ойыны туралы бірер сөз. Жамбыл көрермендеріне кейінгі кездері жүздесіп жүрген бұл артистің үнінде, кейіпкер күйзелісін беруінде ұтқыр сәттер көп-ақ. Алайда, оның жаны қиналған сәтте қайта-қайта маңдайын басып, жер тесіп, шашын жалбыратып отырып қала беретіні біздің ұлттық характерімізге сай келе қояр ма екен?

Исабек рөліндегі жас артист Б.Қапжаппаров көрермендер көңіліне жылы ұялады. Бұл жігіт жай қимылды, кекесіні басым, кемсітуі дайын сатиралық кейіпкерлерге бейім артист екен. Исабек жаман да болса жазушы. Оның жанында Б.Қапжаппаров аша алмаған иірімдер әлі көп-ақ. Өнердің адамы басалқалылау болуы керек.

Басқа артистеріміздің де кей тұстарда дікіңдеп, кіжініп, орын-сыз сөйлейтіні, немесе сөздің соңын жұтып қоятыны, тым сыз-дана бас шұлғуы көңілге қонбайды. Бірақ бұлардың ешқайсысы да драманың адам санасына арқалатар ар-абырой жүгін түк те жеңілдетіп тұрған жоқ. Сауатты, ойлы көрерменмен бетпе-бет келген сайын айшықты сипат алып, ысыла түсетін кемшіліктер.

«Көктөбедегі кездесу» сөйтіп республикамызда тұңғыш рет әрі сәтті болып біздің облысымыз театрының сахнасына шықты. Екінің бірі еркін бара бермейтін бұл күрделі туындыны Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, театрдың бас режиссері Ма-ман Байсеркенов қойған. Оның бұған көп еңбек сіңіргені көрініп-ақ

тұр.

Иә, сонымен Жамбыл сахнасында «Көктөбедегі кездесу» жүріп жатыр. Бүгінгі замандасыңмен, оның барша болмысымен, өзіңнің адамдық арыңмен, бетпе-бет кездескің, абайламай жүріп бойыңа біте бастаған пендешілдігіңнен айырылғың келсе, соны көруге кел, ойлы көрермен.

СӨЙЛЕНБЕГЕН СӨЗ

Жақсылық Сәтібековтің өлеңдерінде, прозалық шығармаларын да ең көп оқыған адам, сірә, мен болармын. Жақаңның жетпіс жылдық тойына ерте қам жасағандардың да бірі мен шығармын. Сондағым - ақынның «Айырөткел» таңдамалы жырлар жинағын тағы бір оқып шықтым. Тағы бір дейтінім - бұл кітаптың редакторы менмін.

Кітап оқу дейтін ғажап қасиет қожырап кеткен қазіргі тұста көз жазуға болмайтын кітаптар бар болса, соның біреуі - осы «Айырөткел».

Адам өлеңді еліп бара жатқан сезімдерін тірілту үшін оқыса керек. Өмірде сондай елең кітаптар бар болса, соның біреуі - осы «Айырөткел».

Жақаңды мен аға тұтам.

Дегенде, Жақаңмен менің жас айырмашылығым анау айтқан алшақ емес, белгілі құрдастыққа балайтын бестен де аз, өз ай-тысында үш, құжат бойынша екі-ақ жас. Өміріміз ұқсас, Жақаң көргенді көріп, сезінгенін сезініп келемін. Содан да оның жырлары маған етене жақын, ерекше түсінікті.

Ақынның елу, алпыс жылдық мерейтойларында негізгі баяндаманы мен жасаған едім, міне, енді жетпіске толғанында кішкентай лебіз білдіру де бұйырмай, денсаулықтың кесірінен тойына қатыса да алмай отырмын. Сол себепті сейленбеген сөзімді қысқа ғана түйіп айтуға тура келіп тұр.

Жақа, сіз аса білімдар азамат, ғажап ақынсыз. Сіз әдебиет сүйер қауым тарапынан әлдеқашан лайықты бағаңызды алған талантсыз, бірақ ол тым-тым аз. Шындығында, Сіз - қазақтың мандай алды ақынысыз. Мұны, әлі-ақ, білмей, білсе де сізге қимай жүргендердің бәрі-ақ айқайлап айтатын болады.

Жақсы жыр жырақта қалмайды.

Сіздікі өте жақсы жырлар.

Сіз аса дарынды ақынсыз, аға!

АЗАМАТ, АҚЫН

Бүгінде ойлап отырсам, біздің курста оқитындардың өлең жазбайтындары жоқ болатын. Тегі бәрі өлең арқалап келген. Солардың көбі бір-бір өлеңімен есте қалыпты.

Тұрар Молдабаевтың курстасымыз Нарбай Ыбыраевты өлеңмен былай әжуалағаны бар:

Жігіт пе десем, ұстамды,

Шешіп тастап штанды,

Көтеріп жатыр штагы,

Мойнына тері үш тамды.

Есенбай Дүйсенбаевтың ғашық қызы Тыныштыққа арнаған «Сенің көзің» деген өлеңі бәрімізді таңдантқан.

Сенің кезің әдеміден әдемі,

Мөлдірейді сұлулықтың әлемі,- деп бастап, жылап отырып оқыр еді Есенбай бұл ұзақ өлеңін.

Жорабай Молдақұлов тырнақалды өлеңін туған жеріне, оның өзіне ыстық өзені Таласқа арнады. Қойнауы бақша құлпырған, Өлкемнің құты - Таласым. Жатырсың жалғап бір туған Қырғыз бен қазақ арасын,- деп түйіндеді Жорабай өлеңін.

Мен курстастарымның ішінен үш жігіттің өл еңдерінен үзінділ ерді неге келтіріп отырмын? Өйткені бұлардың үшеуі де ақын болды. Өлеңді ең көп жазып, бір де кітап шығармаған Тұрар да, қазіргі қазақ әдебиетіндегі көрнекті ақындардың бірі Есенбай да, аз жаз-са да саз жазатын Жорабай да ақын.

Әке-шешесі ерте о дүниелік болған Жорабай Молдақұлв университетке өмірдің біраз мектебінен өтіп келіпті. Кәсіптік-техникалық училищені бітіріп, теміржолда еңбек еткен, коммунистік партияның мүшесі, бір сөзбен айтқанда; заман талабына сай жігіт.

Жорабай біздің топтың старостасы болды, озат оқыды. Оның тірлігінің барлығы орнықты, бірге оқыған қыз-жігіттер арасында беделді болатын.

1963 жылы университетті бітіріп, екеуміз жолдамамен Қызылорда облысының Арал қаласына бардық. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып, ұстаздық жолымызды бастадық. Мені көп ұзамай Кеңес әскері қатарына шақырып әкетті де, Жора-бай Аралда қалып қойды.

Жоғары білімді коммунист жігіт аудандық партия комитетіне жұмысқа шақырылыпты. Ол кезде жолдамамен барған жерде екі жыл істемей, ешкімге диплом берілмейтін. Жөкең ол екі жылдық мерзімді өтеп, Аралдың Бағдагүл аруына үйленіп, дипломын алып туған қаласына, Жамбылына оралды.

Мен де екі жыл әскер қатарында болып, тағдыр айдап Жамбылға келдім. Достық құшағымыз қайта айқасып, өмір деп аталатын алып кемеде бірге жүзіп келеміз.

Жорабай Молдақұловтың ең жақсы жылдары Жамбыл ауда-нында өтті. Аудан алғаш қайта ашылған 1966 жылдан аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі болды. Біраз уақыт аудандық оқу бөлімін басқарды. Одан кейін бірыңғай педагогтік жұмыспен айналысты, бірнеше мектептің директоры, аудандық оқу бөлімінің аға инспекторы қызметін атқарды.

Жокең қай жерде қызмет атқармасын, лайықты бедел мен құрметке ие болды. Мен онымен тікелей қызметтес болмасам да көріп, біліп жүрдім, ол - нағыз ұстаз, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің озық қызметкері. Мен білетін Жорабай еш уақыт асып-тасуды білмейтін біртоға, бір сөзді азамат. Меніңше, Жокеңнің жақсылығын, мейірім-шапағатын көрген адамдар өте көп. Аудан мұғалімдері оны ұстазы тұтады.

Жөкең өзі ерекше сүйетін әдебиеттің ерен білгірі. Әңгімелескен сәттерімізде оның хрестоматиялық шығармалар ғана емес, бүгінгі күнгі қаламгерлер туындыларын да көп оқып, саралап отыраты-нын аңғаратынмын. Сонымен бірге ол сол оқығанынан тоқығанын баспасез бетінде жариялап отырады.

Жокеңнің ақындығы туралы ерекше айтсақ болады.

Сөзімнің басында мен оны «Аз жазса да саз жазатын» - дедім.

Жокеңе бұдан басқа сөз тауып айту қиын.

Сонау студенттік жылдардың өзінде курстағы жігіттердің алды болып, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Балдырған» журналында өлеңдері жарияланып тұрған жігіт том-том кітап шығарса керек, екі-ақ кітабы жарық керді.

Жокеңнің жазғандары менің жұмыс үстелімде жатады, оқтын-оқтын парақтап қоямын, шығармаларының бәрі маған өзіндей ыстық. Табиғат суреттері, махаббат лирикалары, арнаулары, поэмасы - бәр-бәрі тебірентеді мені.

Кербұлақтың торы тобылғысының арасында өскен мені Жокеңнің «Тобылғысы» қалай толқытпасын.

Тасасында шың, құздың,

Құлпырасың сонша сен.

Иілсе де ұл-қызым,

Сынбас сендей болса екен!

- деп жырлаған ақынды табиғатты, оның тау-тасын, шөп-бұтасын «Керемет біледі екен-ау!» демеске әддің қайсы.

Жорабай, заты, табиғат лирикасын жақсы жазады. Ақын табиғат сұлулығын құры қызықтамайды, өз сезімімен астастырып, әдемі ой айтады. Бұл сөзіміздің дәлеліне оның кез келген өлеңін келтіруге болады. Әрине, оны газет мақаласы көтермейді, сонда да «Күз» өлеңін оқып көрелік.

Бозғылт бұлт іркес-тіркес шұбатылған,

Бір тізбек ерді оған қыратымнан.

Алыстан үн келеді тыраулаған,

Талдың басын күзгі ызғар қыраулаған.

Содан кейін тырнаның талады үні, Дала -тыныш, бұл, бәлкім, даналығы, Қарсы алдым мен тағы да ойлы күзді, Алыс қалды ойсыз шақ бала күнгі.

Жорабайдың махаббат жырлары да әдемі-ақ, жүрек лүпілі бар. Өмірдің өзінен ойып өрнектелген өлеңдер оқыған адамды бей-жай қалдырмайды.

Екеуміздің сөзіміз жараса ма.

Рас па Ләйлі-Мәжнүн бары Асада?

Ел құлағын көтеріп не қылайын,

Әміріне жүректің бағынайын.

Жеңіл-желпі сөз емес, бұл - шындығым,

Сырласуға көңілім құлшынды мың.

Дүрсілдеумен жүрегім қажыды әбден,



Құр сүйреумен сезімнің қыл шылбырын.

Жокең осылай қысқа да нұсқа етіп, шымыр ой айтып аяқтайды өлеңдерін. Мұнысы - үйренерлік үрдіе, ұлттық нақыш.

Осыдан бірер жыл бұрын Алматыда кездескенімізде Есен-бай ақынның Жокең жайлы сұрап, «Арнау өлең жазып жүр ме? Жорабайдың арнау өлеңдері әйбат», - дегені бар. .

Үйге келген соң Есенбайдың «сол сөзінің түбіне бір барып қайтайын» деп Жокеңнің «Тектұрмас түлегі» кітабын қолыма алып, арнауларын бас алмай оқып шықтым. Есенбай дүрыс ай-гыпты, Жокеңнің арнаулары бас-аяғы жұп-жұмыр, ғибраты мол шығармалар екеніне тағы бір рет көз жеткіздім. Оқырмандар да ой түйсін деген ниетпен Жокеңнің «Менің әжем» деген арнау өлеңін түгел келтіруді жөн көрдік.

Өзі баптап келтірген есесін де,

Қаймақ қатқан қою шай-кесесінде

Әжем көрші кемпірмен ауыз ашып,

Сәресі ішіп, сырласты кеше осы үйде.

Әлдекімге сөз арнап, ұдайына: «Қүлшылықта етпейді қүдайына», «Ел қатарлы ораза түтпайды» - дер «Сол кәпірді неге тез жұтпайды жер!»

Бұл сөз маған тіпті де дарымайды, Ыстық нанға жағып жеп сары майды, Таңдайына кейде әжем құрт сап қояр, Мейірленіп бал шайын ұрттап қояр.

...Болған сол бір әңгіме сәресіде, Оразада түскенді тағы есіме.

Әне бір жылдары Жамбыл ауданының орталығы Аса ақын-жазушылар ауылы болғаны мәлім. Осы Жорабай Молдақұлов белгілі қазақ ақыны Совет Әлімқұлов, арынды ақын, қаламы жүрдек прозашы Базар Қилыбай, қарымды қаламгер Жорабек Мәмбетәлиев, Болат Жаппаров Асаны дүрілдетіп жататын.

Базар Таразға қоныс аударып, Жорабай құрдасына өлеңмен хат жазуға кірісті. Жорабай да қарап қалмады, өлеңмен жауап қатты. Сол тұста «Егемен Қазақстанда» жарияланып жататын Шерхан Мұртаза мен Камал Смайыловтың хаттары тәріздендіріп мен Базекең мен Жокеңнің өлең-хаттарын «Ақ жолда» жария-ладым. Екі ақын өз хал-қадерінше ауыл, аудан, ел жайын сұрақ-жауап етіп жырға қосты. Бұл өлеңдерде сол кездегі өмірдің ащы шындығы бар еді.

Халі нашар, күйі жоқ,

Отбасылар бар әлі,

Баспанасы, үйі жоқ

Жоқтықтан жан жаралы. Оқымайтын бала да, Табылады ауылдан. Ой түссе бұл салаға Күйіп жаның ауырған.

Күні кеше Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығына арналған салтанатта сөйлеген сөзін тыңдап, оқып отырып, көңілімізді шексіз қуаныш кернеді. Өмір оң жағына өзгерді, өлең де өзгерді енді.

Көрген-білгені мол, білім жеткілікті Жокең эпикалық жанрға да қалам тербей алатынын байқатқан. Оның «Достық» атты ұзақ жыры, «Тектұрмас түлегі» поэмасы - бұл айтқанымыздың жарқын дәлелі. Ең бастысы, оларда оқырманды қызықтыратын адам тағдыры бар. Жақсы оқиға тапқан ақын әдемі жырлай да алған. Бас-аяғы жұп-жұмыр, шымыр шумақтар өрнектеген.

Қорыта айтар сөз мынау: Жокең - ақындықтан азаматтықты жоғары қойған адам. Мен білемін, ол қызметін, бала оқытып, тәрбиелеуді өте жақсы атқарған. Мұғалім өз баласынан гөрі елдің баласына көбірек жұмсайды білім-білігін. Жорабай мен жары ұстаз Бағдагүл де сөйтті, сонымен бірге үш перзенті Жақсылық, Жанар, Жансерікті инабатты, мейірімді, жақсы менен жаманды ажырата алатын етіп өсірді. Үшеуі де жоғары білім алып, абыройлы қызмет атқарып жүр.

Жорабай мен Бағдагүлге ендігі қалғаны - немерелерінің қызьіғын көру. Жокең болса, мұның үстіне көзіне көзілдірігін киіп, қолына қаламын алып, алдына ақ қағазды жайып тастап ойға шомады. Сондағы мақсаты - сөз теру, өлең жазу, із қалдыру.

Шығармашыл адам - осы жарғақ құлағы жастыққа тимейді.

Өлең - өзен өз толқынына түскен талантты жағаға теппейді, айдын көлге апарады.

Менің досым Жорабай Молдақұловты да сөйткей.

АР-АҒА

Соңғы кездері қазақта бір жақсы үрдіс қалыптасты. Ол аса сыйлы, беделді адамның есімінің алғашқы буынына «аға» сөзін қрсып айту. Мысалы, Сер-аға, Шер-аға. Бұл екеуінің алғашқысы - Серке Қожамқұлов, соңғысы - Шерхан Мұртаза. Екеуі де қалың қазақтың арыстары, Біз бұларға Ар-ағаны қосып айтып жүрміз. Ол - Арғынбай Бекбосын. Ар-аға да қазақтың нар жүгін көтеріп жүрген атпал азаматы. Ар-ағаң бір кітабына маған «Қанаттас, қаламдас іні-досқа» деп автограф жазып берген еді. Бұл - шын көңілден шыққан шынайы сөз. Мен еткен ғасырдың жетпісінші жылынан бері Ар-ағаңмен бір арман, бір тілекпен өмірдің сан тарау жолдарынан бірге етіп, қиыр-қияларында бірге ұшып келе жатырмын.

Журналистік қызметте, яғни, «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде бір кезде мен оған бастық, кейін ол маған бастық бол-ды. Екі жағдайда да екеуміз керемет сыйластықпен еңбек еттік. Газеттің ауыр жұмысын екеуміз де қопарып тастайтынбыз. Екеуміз де бұл жұмыстың ұшығына шықтық - бас редактор болдық. «Ақ жол» Ар-ағаның кезінде республикадағы таңдаулы басылымдар қатарына қосылды. Мен оны сол қалпында ұстауға тарыстым.

Мен білетін Арғынбай Бекбосын - феномен, яғни ерекше жаралған, ерен қабілетті адам.

Арғынбайдың феномені - бір оқиғаны санасына құйса, ол өшпестей болып қатып қалатын, яғни ерекше зерек, алғыр адам.

Оқу бар да, оқығанды кеңілге тоқу бар. Ар-ағаң мұның екеуіне дежетік.

Оқыған мен тоқығанды ұстану, жүзеге асыру екінің бірінің қолынан келе бермейді, әрине. Ал, Ар-ағаң бұған кәнігі ұста.

Ар-ағаңмен жұрт бас қосқан жерде әңгіме өрби қалса, оның езі құралпылардан ойы озық, еңсесі биік екені бірден аңғарылады. Ел мен жердің еткені мен бүгіні, келешегі жөніндегі ой толғамдары кісінің кеңілін кеңітіп, өмірге құштарлығын арттырады, түрлі ойға бөлеп, мерейін өсіреді.

Ар-ағаң - қызметтің, халыққа қызмет етудің абыройлы жолы-нан еткен азамат. Он жыл «Ақ жолды» басқарды, Республика Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Мұның екеуінде де айтулы істер атқарды.

Ар-ағаң-соншама қауырт жұмыс атқара жүріп, қолына ақындық, жазушылық қаламын ұстауды ұмытпаған талант. Басқасын былай қойғанда, Омар һайямды аударып, соның жолына түсіп кеткені таңданарлық құбылыс болды. Міне, енді екі мыңнан астам рубаятың басын қайырып тастап отыр. Толстой, Пушкин, Лермонтов, Мольерді аударуы да үлгі аларлық іс. Өзі жазған пьесалары республика, облыс театрларының репертуарынан түспей келеді.

Ар-ағаң - ардың адамы.

Ар ұялар іс қылып кермеген кісі.

Ар-аға, әмісе Осы биігіңнен керіне бер!

Ар-ағаң - көпті көрген кесем, сейлеп кетсе шешен қария;

Біз Ар-ағаңа тек денсаулық, ұзақ ғұмыр тілесек керек. Баскасын Құдай берген талантының арқасында өзі жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет