Кристофер Нолан «Помни» Режиссер Кристофер Ноланның адам түсінігіне сіңуі қиын фильмдер қатары дебюттық фильмі «Преследованиеден»



Дата07.02.2022
өлшемі12,18 Kb.
#83969
Байланысты:
Помни


Кристофер Нолан
«Помни»

Режиссер Кристофер Ноланның адам түсінігіне сіңуі қиын фильмдер қатары дебюттық фильмі «Преследованиеден» басталған. Сол фильмнен кейін әйгілі ғылыми-фантастикалық «Интерстеллар», «Начало» т.б картиналар желісімен ұштаса келе түсірілген «Помни» фильмі көп санды жүлделерге ұсынылған болатын. Сюжет желісіне көп жағдайда көркемдеуіш құрал, әдеміліктен гөрі айшық сахналарды суреттеп, уақыт кеңістігін әрдайым құбылтып көрсететін К.Нолан бұл фильмде қысқа жад ауруымен ауыратын жас жігіттің оқиғасын көрсетеді. Фильмографиясында «Помни» картинасы Ноланның ең үздік туындылары қатарында тұр. Стилистика жағынан алып қарағанда оқиғаны басынан аяғына дейін құбылтпай, қарама-қайшы бағытта соңынан басқы сюжетке алып келуінде болуы мүмкін деп ойлаймын. Драматургиялық бағыт жағынанда алып қарағанда көрерменді басты кейіпкермен бірге түсініксіз қайталана берген оқиғалар желісіне шырмап қояды. Бұл тұста сценарийдің күрделілігі мен сәтті жасалған монтаж жұмысын атап өтуіміз міндетті. "Помни" фильмі жазалау мақсатында құрылған шым-шытырық сюжетке толы картина. Режиссер кейіпкерді жасаған қылмысы үшін түсініксіз күйге түсіріп, әр сюжет сайын оқиғаны шиеленістіріп әр күнді бір оқиғаның аяқталу нүктесі ретінде берген. Алайда фильмде Леонардтың басты қайғысы Дженкинсннің отбасы алдындағы күнәсі сияқты сезім тудырады. Басында өзін «Досыңмын!» деп таныстырған Теддидің уақыт өте келе полиция қызметкері екенін және ол түсініксіз себеппен Леонардтың құрбандарын тауып беріп отырғаны миға қонымсыз. Фильм кейіпкердің әйелін құшақтап, кеудесінде "мен мұны жасадым" татуировкасы пайда болған соңғы кадрмен аяқталады. Кристофер Нолан фильмдерінің негізгі идеясы, айтпақ болған ойын жеткізуі, амбициясы тұрғысынан Дэвид Финчер, Квентина Тарантиноның стилистикасына ұқсас. Бәлкім үш режиссердің көп қозғайтын тақырыбы адам жады, оның өмірінің түсініксіз бұрылыстарына құрылғандықтан шығар...

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет